- •1. Ж.Баласағұни - ғұлама ақын.
- •2. Хіv ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •Хv ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •Нұралы мен Абылай ханның басқару саясатын салыстыр.
- •Оғыздардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
- •Көшпелілердің «аң стилиндегі» өнері.
- •Қ.А.Йасауидің түркі әлемінде алатын орны мен рөлі.
- •Қимақтардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз
- •1.Өтеміс қажының «Шыңғыснама» еңбегі.
- •Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы мен ерекшеліктерін сипатта.
- •3.Қимақ мемлекетінің құлауының себептерін анықтап, кестені толтырыңыз.
- •2. «Отарлау» ұғымына және Қазақстанды Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері қандай болғандығына талдау жасаңыз.
- •Қарахан мемлекеті қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Әбу Райхан әл-Бируни- энциклопидист, ғалым.
- •1960- 1980 Жылдарындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •Найман мемлекеті билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Сақтардың мәдениеті.
- •Қазақстан - 2050 стратегиясының басым бағыттарын анықтап, сипаттама беріңіз.
- •Ж.Баласағұни - ғұлама ақын.
- •Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы Батыс елдерімен қарым-қатынасына талдау жасаңыз.
- •Оңтүстік Қазақстан - Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпасы.
- •1990 Жылдары Қазақстандағы жекешелендіру үрдісі және оның әлеуметтік салдары.
- •Қазақстанның әлемдік бірлестіктеріне кіру мақсаты және оның маңызына сипаттама жасаңыз.(бұұ, Әлемдік Банк, хвф, юнеско)
- •Монғол империясының қоғамдық құрылыс жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
- •Қыпшақтардың этникалық құрамына түсінік беріңіз.
- •Монғол шапқыншылығына қатысты оқиғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •Ботай мәдениеті және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.
- •Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның кіруінің тарихи маңызына талдау жасаңыз.
- •Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •«Түгіскен» кесенесі (ескерткіші) мен «Беғазы-Дәндібай» ескерткіштері.
- •Қазақ кср-ның мемлекеттік егемендігі жөніндегі декларация мазмұнын және маңызын ашып көрсетіңіз.
- •Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Қазақстандағы ежелгі, көне жазулар.
- •Тмд құрылуы және оны құрудағы н.Ә.Назарбаевтың қызметіне талдау жасаңыз.
- •Ақ Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Ортағасырлық Қазақстандағы бейнелеу және мүсін өнері.
- •Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу барысындағы жетістіктер мен қиыншылықтарын сипаттаңыз
- •«Үйсіндердің қоғамдық құрылымы»- кестені толтырыңыз.
- •1.Қарахан мемлекетінің мәдениеті.
- •2.Уақытша үкіметтің қазақ халқына қатысты саясатының жағымды және жағымсыз жақтарын талдау жасаңыз.
- •3.Алғашқы наным-сенімдер кестені толтырыңыз.
- •1.Қазбек бидің тарихта алатын орны мен қызметі.
- •2.1917 Жылғы Қазақстанда болған саяси оқиғаларға талдау жасаңыз.
- •3.Тас дәуірінің кезеңдері мен пайдаланған еңбек құралдарынкестеге толтырыңыз.
- •1.Әйтеке бидің тарихта алатын орны мен қызметі.
- •2.1917 Жылғы ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси жағдай.
- •2.Моңғолиядағы Керулен өзенімен аталған тайпаны анықтап, сипаттаңыз.
- •3.Моғолстан билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •2.Қазақстан экономикасының соғыс жағдайына (1941-1945 жж.) бейімделуі.
- •3.Әмір Темір жорықтары туралы кестені толтырыңыз.
- •1.Сұлу қағанның тарихта алатын орны мен рөлі.
- •2.Ксро-ның ыдырауы. Қр-ның мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануының тарихи маңызы.
- •1.Көне түркілердің жазба мәдениеті.
- •2.1990 Жылдары құрылған «Азат» азаматтық қозғалысының мақсат- міндеттері.
- •3.Қазақстандағы 1867-1868 жж.Реформа бойынша кестені толтырыңыз.
- •1.Әбілғазы шежірелерінің тарихи маңызы
- •2.Е.Бекмахановтың тарих ғылымын дамытудағы үлесіне баға беріңіз.
- •3. Терминдердің мағынасынкесте бойынша толтырыңыз.
- •1.Есім ханның Қазақ хандығын нығайтудағы қызметі
- •2.Невада–Семей антиядролық, экологиялық қозғалысы «5-5» формуласы.
- •1.Қазақ халқының хvі – хvіі ғғ. Шаруашылығы.
- •2.Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы және оның тарихи маңызы.
- •3. Ежелгі адамдардың тұрақтары бойынша кестені толтырыңыз
- •1.Маусымдық көші – қон.
- •2.Қазақстанда Азиялық ойындар өтуінің маңызын анықтаңыз.
- •3.«Ежелгі адамдардың тұрақтары» бойынша кестені толтырыңыз.
- •2.Тәуелсіз Қазақстанның олимпиадалық спорттағы жетістіктері.
- •3.Кестені толтырып, Қаңлылардың басқа елдермен қарым-қатынасына түсінік беріңіз.
- •2.Қазақстанда Ислам ынтымақтастығы ұйымы конференциясының өтуі және оның тарихи маңызы.
- •3.Төменде берілген тарихи құжаттарды басшылыққа алып, кестені толтырыңыз.
- •2.Қазақстанда 1920- 1940жж. Жоғарғы оқу орындарының ашылуы мен білім беру жүйесінің қалыптасуы және дамуы.
- •3. Тарихи оқиғалар және олардың маңызы бойынша берілген кестені толтырыңыз.
- •2.Тәуелсіз Қазақстан республикасының білім беру жүйесіндегі реформалар.
- •3. Неолит дәуіріндегі адамдардың тұрақтары бойынша кестені толтырыңыз.
2.Моңғолиядағы Керулен өзенімен аталған тайпаны анықтап, сипаттаңыз.
Онон, Керулен өзендерінің бойында және Бұйырнұр көлінің жағалауында, яғни Моңғолия аумағында, деп жазады Рашид ад-Дин, керейт тайпасы мекендеді. Алайда, бұл тайпа аталған уақыттан едәуір ертеректе өмір сүрген деп санау керек, өйткені XII ғасырға қарай ол Шыңғысханға қарсы тұрған аса қуатты күш болған. XIII ғасырдағы керейіттер туралы мәліметтерді біз Г. Рубруктің,Плано Карпинидің, одан соң Марко Полоның жазбаларынан табамыз. Бұл арада осы тайпаның саяси тарихын қарастырып жатудың қажеті жоқ, бұл біздің міндетімізге кірмейді. XIII ғасырдың басында керейіттердің Ванханы Тоғырыл қаза тапқаннан кейін керейіттердің Шыңғысхан билігіне көшіп, оның империясы құрамына кіргенін ғана айтып өтпекпіз. Керейіттердің қазіргі Қазақстан аумағына келуі туралы мәселенің айқын еместігі сияқты, бұл тайпаның содан кейінгі тарихы да айқын емес. Біздіңше, керейіттерді Шыңғысхан талқандап, оларды монгол мемлекетінің құрамына енгізгеннен кейін олар монғолдардың батысқа жасаған жаулап алушылық жорықтарына қатысқан да, сонда мекендеп қалған тәрізді. Мұхаммед Хайдардың деректеріне қарағанда, XIV ғасырдан бастап, керейіттердің қайсыбір бөлігі Моғолстан моголдарының құрамына кірген. XV ғасырда керейіттер өзбек тайпалар одағының құрамына, ал кейініректе қазақ халқының құрамына енген. Ш Уәлихановтың мағлұматтарына қарағанда, қазақ халқы құрылғаннан кейін керейіттер Ұлы жүздің құрамына кірген, ал көп үзамай олардың негізгі бұқарасы одаи бөлініп шығып, өзбек туыстарына кеткен.
3.Моғолстан билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
Билеушілер
|
Жүргізген саясаты |
Тоғылық Темір
|
Тоғылық Темір хан 1360 жылға дейін Моғолстанның ішкі саяси істерімен айналысып, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді, салық жүйесін қалпына келтіреді, бүкіл Моғолстанды біріктіреді, ұлыстық жүйені сақтап, ұлысбегі лауазымын дулат тайпасының әмірлеріне қалдырады. Тоғылық Темір хан ислам дінінің таралуына кең қолдау көрсетеді, өзі 24 жасында Аршададин Мәуленнің ықпалымен мұсылмандықты қабылдайды. Ислам Тоғылық Темір хан тұсында Моғолстанда мемлекеттік дінге айналады. Дулатидің мәліметі бойынша, Моғолстанда бір күнде 160 мың адам мұсылмандықты қабылдаған. Сыртқы саясатта Тоғылық Темір хан Шағатай мемлекетін біріктіруге күш салды. Сол мақсатпен ол 1360 және 1361 жылдары екі рет Мауераннахрға жорықтар ұйымдастырады. 1361 жылғы көктемдегі екінші жорығы өте нәтижелі болып, Мауераннахр Моғолстанға қосылады. Тоғылық Темір хан онда ұлы Ілияс Қожаны әкім етіп тағайындайды. |
Ілияс -Қожа
|
Жергілікті әмірлер арасындағы талас-тартыстарды, өзара күрестерді Ілияс Қожа тоқтата алмайды. Керісінше, Ілияс Қожаның жанындағы моғол әмірлері мен әскербасылары тонаушылықтармен айналысады. Тоғылық Қожа әскеріне жергілікті әмірлердің біріккен күші соққы беріп талқандайды. Ілияс Қожаның өзі тұтқынға түседі, бірақ кейін қайтарылады. 1362/63 жылы хан тағына келіп, Ілияс Қожа хан Мауераннахрды толық бағындыру саясатын жалғастырады. 1365 жылы мамырда көп әскермен Мауераннахрға кіреді. Әмір Темір бастаған Мауераннахр мен моғол әскерлері Үинас пен Ташкент аралығындағы Сырдария өзенінің бойында ұрысқа түседі. Ұрыс кезінде қатты жаңбыр жауып, жер лай, батпақ болғандықтан, бұл шайқас тарихта «Батпақ шайқасы» деген атпен қалды. Ілияс Қожа хан жеңіске жетіп, жау әскері 10 мыңдай адамынан айырылады. Ілияс Қожа хан Самарқанға дейін жетіп, қаланы қоршайды. |
Есен-бұға
|
Есенбұға көп ұзамай тұрфандық Темірді өзіне найб етіп аламын деп, қол астындағы әмірлердің карсылығына ұшырайды. Есенбұға билік еткен алғашқы жылдары Моголстанда орталық билік әлсіреп, хан беделі төмендеді. Есенбұға дулат тайпасынан шыққан Әмір Саиид Әлидің көмегімен Шығыс Түркістандағы Ақсу қаласына бекінеді. Өз беделін нығайтып алған соң, алғашында Түркістан, Сайрам, Ташкент аймағына (1450 — 51), кейін Әндіжан өңіріне (1453 — 55) шапқыншылық жорықтар жасайды. Әмір Темір өулетінен шыққан Мауераннахр билеушісі Әбу Саиид мырза Хорасан бағытындағы саясатын жемісті жүргізу үшін және Мауераннахрдың шығыс шекарасын Есенбұғаның жорықтарынан қорғау мақсатында ағасы Жүністі оған қарсы пайдаланды. Жүніске Әндіжан өңірінен жер беріп, Есенбұғаның иелігіндегі жерлерге қауіп туғызады. Есенбұға 1457 — 58 ж.ш. Әбілхайыр ханнан бөлініп, өзіне көшіп келген Керей мен Жәнібек хандарға Шу бойы мен Қозыбасы өңірін беріп, оларды өзіне тосқауыл әрі одақтас етеді. 1458 — 60 ж. Жүніс ханның Есенбұғаға қарсы жасаған жорығы сәтсіз аяқталады |
20-билет
1.ХV – ХVІІ ғғ. қазақ халқының ауыз әдебиеті.
Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңге бөлінеді:Жыраулар кезеңі (XV ғасыр — XVIII ғасырдың бірінші жартысы.Ақындық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы — XIX ғасырдың бірінші жартысы).Айтыс кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басы).Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері — Қазтуған, Асан қайғы (XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау (1465—1560 жылдары), Жиембет жырау, Марқасқа жырау (XVII ғасыр), Ақтамберді жырау (1675—1768 жылдары), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау (1706—1778 жылдары), Бұқар жырау (1693—1787 жылдары), Шал ақын (1748—1778 жылдары), Жанақ ақын (1770—1856 жылдары), т.б. жатады. М.Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылық жасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері деген тұжырым жасайды.Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі — жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты.XVIII—XIX ғасырлардағы жыраулар поэзиясында еліміздің тарихы көрініс тапқан. Тек ауыз әдебиеті шығармаларын тарихи дереккез ретінде қарастырғанда, біз бірінші кезекте әрбір тарихи деректің дәлдігімен қатар тарихи оқиғалардың желісін іздейміз.
