Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих 5 нса.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
452.65 Кб
Скачать

1.Әйтеке бидің тарихта алатын орны мен қызметі.

 Қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсыөзбекқырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан Ақша бабасынан елшілік, ел басқару жолдарын үйренеді. Ал Жалаңтөс әскери қолбасшылық дағдыларына үйреткен.Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды. 21 жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал жиырма бес жасында Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. 1680 жылы Салқам Жәңгірдің ұлы Тәукені хан етіп сайлауға айрықша ат салысады. Кейін Тәуке хан құқықты "Хан кеңесін" сайлап, Әйтеке Кіші жүз атынан осы кеңестің мүшесі болып сайланған. Осы тұста елге жаңа заң үлгілерін жасау керек болды. Тәуке хан, Әнет бабаСоқыр АбызМайлыТөлеҚазыбек т.б. билердің қатысуымен 1684 жылы "Жеті жарғы" қабылданды. Бұл заңдар жинағы қазақ қоғамындағы феодализмді нығайту бағытында маңызды рөл атқарды.Әйтеке ресми түрде хан кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене ат салысты. Төле және Қазыбек билермен бірге Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттігінің эстафетасын алып өткен секілді. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі жөне халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді.

2.1917 Жылғы ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси жағдай.

Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда да қоғамдық саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары әсіресе олардың жергілікті ұйымдары мен топтары өз әсерін тигізді.Тарихта «Алаш» партиясының саяси ұйым болып құрылуының бастауын 1917 ж. 21-28 шілде аралығында өткен I Бүкіл қазақ съезі айқындап берді. Съезд жұмысына сол кезде Қазақ даласының алты облысын Ақмола, Семей,Торғай Орал, Жетісу, Ферғана, Бөкей ордасынан делегаттар қатысты.Съезде 14 мәселе күн тәртібіне қойылды: Мемлекеттік басқару жүйесі, Қазақ облының автономиялылығы туралы, жер мәселесі, халық милициясын ұйымдастыру, земства туралы, халық ағарту ісі сот ісі, дін мәселесі,әйелдер мәселесі, қазақтар обд.да құрылтай жиналысына делегаттар сайлау, мұсылман съезі туралы, қазақ саяси партиясын құру туралы, т.б .Осылардың ішінде саяси мазмұны жағынан ұлттық автономия, жер мәсімен Құрылтай жиналысына дайындық мәселелері бірінше кезекте, өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды. Съезд Қазақстанның барлық аймақтары мен бұхара, Ферғана, Хиуадағы қазақтар қауымдастығынан Құрылтай жиынына ұсынылған 81 кандидаттың 78-ін депутат етіп сайлады.Олардың арасында «Қазақ» газетінің жетекшілері, қазақ ұлттық либералдық қозғалысының көсемдері Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов,аймақтардан А.Ермеков, Х.Ғаббасов,Ж.Х. Асфендияров болды. Съезде қаралған барлық мәселелер талқыланып, шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болып отырды. Сонымен съездің қарарында «Қазақ обл.ы аумақтық ұлттық автономия құқығын алуы тиіс» деп жазды. Бірінші бүкілқазақтық съезд 1917 ж 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей мекендеген аудандарының өкілдері қатысты. Съезде Байтұрсынов пен Дулатов «автономиялы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру» идеясын ұсынды, ал Бөкейханов «демократиялық, федеративтік және парламенттік Россия республикасының құрамындағы» қазақтың ұлттық - территориялық автономиясы болуын қолдады. Съезде құрылтай жиналысына сайлау туралы мәселені талқылап, оның депутаттығына кандидаттыққа әр облыстан ұсынылған 81 адамның тізімін бекітті және съезд қарарларында Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары мен Закаспий облысын мекендейтін қазақтар үшін жеке муфтиат құру қажеттілігі айтылды. Бірінші жалпықазақ съезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі - қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды.Партияның ұйытқысы болған қайраткерлер қазақ елінің Алаш Автономиясы атанған ұлттық мемлекетінің өмірге келгенін жария еткен Екінші Жалпықазақ съезін (1917,желтоқсан)дайындап өткізді.Осы съезде Алашорда-ұлттық кеңес үкіметі өмірге келгені мәлім.Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін « Алаш» партиясының мүшесі санағаны күмән тудырмады .Сонымен бірге Дулатовтың 1917ж желтоқсанда болып өткен Екінші Жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі құрылған соң , « Алаш» партиясы екінші дәрежеде қалып қойды деген пікірінде де тарихи шындықтың табы бар екені даусыз . Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметінің басқада шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ең өзекті ұлт өміріне қатысты мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия ,зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді.

3.Төмендегі мәтіндердің авторларын табыңыз және бұл айтылған сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.1.«Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз, күлкіден айрылды» 1916 жылғы 25 маусымдағы Жарғы бойынша патша үкіметі көптеген орыс солдаттары мен жұмысшыларын көнбіс және арзан жұмыс күші ретінде “реквизицияланған бұратаналармен” ауыстырып, оларды қорғаныс құрылыстары мен тыл жұмыстарынан босатқысы келді. Бұл жағдай қазақ даласында үлкен қобалжу туғызды. М.Дулатұлы: “Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды” - деп жаздыҚазақ халқын бұдан бұрын әскери қызметке мұндай көлемде және күштеп алмаған еді.

2.«Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті, қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз» Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы бастаған либерал-демократиялық зиялылар қазақтарды “Ресей мемлекетінің бодандары, Отанның перзенті” деп санады. Ахмет Байтұрсынұлы: “Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз” – деп жазды.

3«Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайдасы жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін сорлы халық болар.»1914 жыл 1 тамызда 38 мемлекет қатысқан I дүниежүзілік соғыс басталды. Соғысты бастаушы бәсекелес әскери-саяси блоктар: үштік одақ(Германия, Австро-Венгрия) және Антанта (Англия, Франция, Ресей). “Қазақ” газетінде Ə.Бөкейхановтың “Тағы соғыс” мақаласы жарияланды

19-билет

1.ХV –ХVІІ ғғ. қазақ халқының аспан жұлдыздарына қарап болжауы.

XVI-XVII ғғ. қазақ халқының мәдениеті – қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы. Ол жаңа заманға сай дамып отырды. Қазақ халқының мәдениеті – өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті де дамып, жетіліп отырды.Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатты белгілері орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары т.б. ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық. Халық бұқарасы материалдық мәдениет, рухани мәдениет жетістіктерінің жасаушылары болды. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбесі қалып­тасты. Қазақ халқы ас­пан әлемін бақылау арқылы «құс жо­лы», «құй­рықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайын­да ұғымын кеңей­тті.XVI-XVII ғасыр­ларда қазақтар ара­сын­да ис­лам діні кеңінен та­рады. Оны та­рату­да Сығанақ, Түркістан, Хо­резм, Бұха­ра, Са­марқанд сияқты қала­лар ай­рықша рөл атқар­ды. Ис­лам діні көшпелі ха­лық ара­сын­да те­рең та­мыр жайған жоқ. Оған се­беп қақтығыс­тар, соғыс­тар және түрлі са­яси қара­ма-қай­шы­лықтар еді. Сон­дықтан ха­лықтың әсіре­се көшпелі бөлігі ис­лам дінін көпке дейін қабыл­да­май, тәңірге, күнге, ас­панға, жер­ге, суға та­бынуға негіздел­ген на­ным­ды ұста­ды. Қазақтар өмірінде от­ты қаси­ет­теу үлкен рөл атқарды