- •1. Ж.Баласағұни - ғұлама ақын.
- •2. Хіv ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •Хv ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •Нұралы мен Абылай ханның басқару саясатын салыстыр.
- •Оғыздардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
- •Көшпелілердің «аң стилиндегі» өнері.
- •Қ.А.Йасауидің түркі әлемінде алатын орны мен рөлі.
- •Қимақтардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз
- •1.Өтеміс қажының «Шыңғыснама» еңбегі.
- •Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы мен ерекшеліктерін сипатта.
- •3.Қимақ мемлекетінің құлауының себептерін анықтап, кестені толтырыңыз.
- •2. «Отарлау» ұғымына және Қазақстанды Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері қандай болғандығына талдау жасаңыз.
- •Қарахан мемлекеті қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Әбу Райхан әл-Бируни- энциклопидист, ғалым.
- •1960- 1980 Жылдарындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •Найман мемлекеті билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Сақтардың мәдениеті.
- •Қазақстан - 2050 стратегиясының басым бағыттарын анықтап, сипаттама беріңіз.
- •Ж.Баласағұни - ғұлама ақын.
- •Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы Батыс елдерімен қарым-қатынасына талдау жасаңыз.
- •Оңтүстік Қазақстан - Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпасы.
- •1990 Жылдары Қазақстандағы жекешелендіру үрдісі және оның әлеуметтік салдары.
- •Қазақстанның әлемдік бірлестіктеріне кіру мақсаты және оның маңызына сипаттама жасаңыз.(бұұ, Әлемдік Банк, хвф, юнеско)
- •Монғол империясының қоғамдық құрылыс жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
- •Қыпшақтардың этникалық құрамына түсінік беріңіз.
- •Монғол шапқыншылығына қатысты оқиғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •Ботай мәдениеті және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.
- •Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның кіруінің тарихи маңызына талдау жасаңыз.
- •Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •«Түгіскен» кесенесі (ескерткіші) мен «Беғазы-Дәндібай» ескерткіштері.
- •Қазақ кср-ның мемлекеттік егемендігі жөніндегі декларация мазмұнын және маңызын ашып көрсетіңіз.
- •Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Қазақстандағы ежелгі, көне жазулар.
- •Тмд құрылуы және оны құрудағы н.Ә.Назарбаевтың қызметіне талдау жасаңыз.
- •Ақ Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Ортағасырлық Қазақстандағы бейнелеу және мүсін өнері.
- •Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу барысындағы жетістіктер мен қиыншылықтарын сипаттаңыз
- •«Үйсіндердің қоғамдық құрылымы»- кестені толтырыңыз.
- •1.Қарахан мемлекетінің мәдениеті.
- •2.Уақытша үкіметтің қазақ халқына қатысты саясатының жағымды және жағымсыз жақтарын талдау жасаңыз.
- •3.Алғашқы наным-сенімдер кестені толтырыңыз.
- •1.Қазбек бидің тарихта алатын орны мен қызметі.
- •2.1917 Жылғы Қазақстанда болған саяси оқиғаларға талдау жасаңыз.
- •3.Тас дәуірінің кезеңдері мен пайдаланған еңбек құралдарынкестеге толтырыңыз.
- •1.Әйтеке бидің тарихта алатын орны мен қызметі.
- •2.1917 Жылғы ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси жағдай.
- •2.Моңғолиядағы Керулен өзенімен аталған тайпаны анықтап, сипаттаңыз.
- •3.Моғолстан билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •2.Қазақстан экономикасының соғыс жағдайына (1941-1945 жж.) бейімделуі.
- •3.Әмір Темір жорықтары туралы кестені толтырыңыз.
- •1.Сұлу қағанның тарихта алатын орны мен рөлі.
- •2.Ксро-ның ыдырауы. Қр-ның мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануының тарихи маңызы.
- •1.Көне түркілердің жазба мәдениеті.
- •2.1990 Жылдары құрылған «Азат» азаматтық қозғалысының мақсат- міндеттері.
- •3.Қазақстандағы 1867-1868 жж.Реформа бойынша кестені толтырыңыз.
- •1.Әбілғазы шежірелерінің тарихи маңызы
- •2.Е.Бекмахановтың тарих ғылымын дамытудағы үлесіне баға беріңіз.
- •3. Терминдердің мағынасынкесте бойынша толтырыңыз.
- •1.Есім ханның Қазақ хандығын нығайтудағы қызметі
- •2.Невада–Семей антиядролық, экологиялық қозғалысы «5-5» формуласы.
- •1.Қазақ халқының хvі – хvіі ғғ. Шаруашылығы.
- •2.Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы және оның тарихи маңызы.
- •3. Ежелгі адамдардың тұрақтары бойынша кестені толтырыңыз
- •1.Маусымдық көші – қон.
- •2.Қазақстанда Азиялық ойындар өтуінің маңызын анықтаңыз.
- •3.«Ежелгі адамдардың тұрақтары» бойынша кестені толтырыңыз.
- •2.Тәуелсіз Қазақстанның олимпиадалық спорттағы жетістіктері.
- •3.Кестені толтырып, Қаңлылардың басқа елдермен қарым-қатынасына түсінік беріңіз.
- •2.Қазақстанда Ислам ынтымақтастығы ұйымы конференциясының өтуі және оның тарихи маңызы.
- •3.Төменде берілген тарихи құжаттарды басшылыққа алып, кестені толтырыңыз.
- •2.Қазақстанда 1920- 1940жж. Жоғарғы оқу орындарының ашылуы мен білім беру жүйесінің қалыптасуы және дамуы.
- •3. Тарихи оқиғалар және олардың маңызы бойынша берілген кестені толтырыңыз.
- •2.Тәуелсіз Қазақстан республикасының білім беру жүйесіндегі реформалар.
- •3. Неолит дәуіріндегі адамдардың тұрақтары бойынша кестені толтырыңыз.
3.Тас дәуірінің кезеңдері мен пайдаланған еңбек құралдарынкестеге толтырыңыз.
Кезеңдер
|
Еңбек құралдары |
Палеолит |
Бұл кезде тас бұйымдардың негізгі бөлігін жаңқалар құраған, ал құралдардан сол кезең мәдениетіне сәйкес чопперлер мен чопингтер болған. Ағылшын тілінде чоппер және чопинг «шабатын құрал», «балта», «кесу механизмі» дегенді білдіреді. Чоппер - бұл тақыр тас кесінділерінен (өзен жұмыр тасы немесе домалак тастар), немесе жуан тастың жаңқасынан жасалған, кесетін жағы дөңес немесе жазық, тек бір беті (жағы) ғана өңделген, дөрекілеу келген кескіш сайман. Чоппингте - соған ұқсас, бірақ екі беті де өңделген дөрекі құрал. Жаңқалар деп негізінен тастарды өңдегенде алынатын қалдық түрлерін айтады, бірақ еңбек және аңшылық құралдары және кесуші тас бұйымдар солардан жасалады деу қате болады. Дайын бұйымдарды жасау үшін тасты қашауға шой балға пайдаланылды. Палеолит жайлы әдебиеттерде «қол шапқыш» терминінің орнына екі беті де өңделген құралды білдіретін «бифас» термині жиі қолданылып жүр. Бірақ «бифас» термині «қол шапқыштан» гөрі кеңірек ұғым. Олар орта, кейінгі ашельге және мустьеге тән және сонда кездеседі, сонымен қатар, шабуға емес, кесуге, қырқуға арналған және сүңгінің ұштығы есебінде қолданылды. Одан басқа осы кездері тас бұйымдарды шабатын құрал - кливер пайда болады. Шапқыш сияқты, ол да екі жағынан да қашалған құралға, яғни бифасқа жатады. Палеолит туралы әдебиеттерде кливерлерді кейде көлденең жүзді шапқыш, кескіш деп те атаған. Ертедегі палеолит үшін леваллуа техникасының таралуы ірі техникалык төңкеріс болды. Орта және соңғы ашель тас жинақтарында өткен дәуірде-ақ пайда болған майда құралдар - қырғыш, жонғыш, бұрғы т.б. болды. Бұл кезеңнің ескерткіштерінде тас шоқпарлар, найзалар т.б. кездеседі. Ұзақ уақыттар бойы мустьелік дәуірде тас құралдарының тек қана үш түрі - мустьелік үшкір ұшты құрал, мустьелік қырғыш және соңғы ашельдік түрдегі екі беті де өңделген кішкене шаппа болды деп жалпы мойындалып келді. Бірақ ғалымдардың көп жылдар бойғы зерттеулері мустьеде бірнеше ондаған түрлі бұйымдардың болғанын дәлелдейді, олардың ішінде негізгілерінен ойықты және тісті құралдар, қырғыш, кескіш, жарықшық және басқалары бар.
|
Мезолит |
Әртүрлі микролиттерді дайындау, оның ішінде геометриялық бейнелі құралдар - сегменттер, трапециялар, үшбұрыштар, тікбұрыштар, параллелограммдар өндірісі кеңінен дами бастайды. Микролиттер дайындауда қолданылатын микроқиятын техника дамиды. Балта, шот балта, қашау сияқты кесу құралдарын, макролиттік арнаулы құралдар - кетпен, қайла жасау кең таралады. Кейбір мезолиттік мәдениеттерде тас қаруларды тегістеу техникасы, бұрғылау мен аралау техникалары пайда болады. Палеолитпен салыстырғанда түрлі сүйек индустриясы қалыптасады. Мезолиттік уақыттың тұрақтарында әртүрлі сүйек және мүйізден жасалған гарпундар, садақтар мен сүнгілердің ұштары, пышақтар, қанжарлар, балта мен шот және оларға муфталар, т.б. көптеп кездеседі. Осы құралдардың кейбір түрлері мезолитте ғана жасалынған. Өнердің сипаттарында да өзгерістер болды. Соңғы палеолитке тән жартастарға жазу біршама азайды. Өнерде шартты-тұспалды сипаттағы бағыт ұлғаяды. Геометриялық оюлар кеңінен таралады. Оюдың негізгі элементтері түрлі сызықтар, нүктелер, штрихтер, "шыршалар", иректер, торлар, т.б. болды. Оюды жүргізуде көбіне ойып түсіру және бұрғылау техникасы пайдаланылды. Зооморфты және антропоморфты бейнелерден тұратын ұсақ пластика кеңінен таралды. Соңғы палеолитпен салыстырғанда қоныстану түрақтары да өзгеріп отырған. Көптеген мезолиттік қоныстар көбіне кедей бұйымдарымен, жұқа мәдени қабатымен ерекшеленетін уақытша, маусымдық тұрақтарда тұрды. Ірі қоныстар өте аз кездеседі. Қазба кезінде табылған үйлер қалдығы әдетте қарапайым күрке тәріздес құрылыс болып келеді, ал соңғы палеолитке тән жертөле немесе жартылай жертөлелер тек солтүстіктегі суық аймақтарда кездеседі.
|
Неолит |
Еңбек құралдарынан қыспа түзету техникасын жетілдірумен қатар тас өңдеудің жалтырата тегістеу, бұрғылау, аралау сияқты жаңа технол. әдістері қалыптасты. Аңшылықтан мал өсіруге, терімшіліктен егіншілікке көшу орын ала бастады. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің шығуы адам баласын осы салаларға қатысты жаңа еңбек құралдарын (дәнүккіш, келі, келсап, кетпен, т.б.) жасауға, оның сипатын сапа жағынан жетілдіруге итермеледі. Бұрынғыдай тастан және сүйектен жасалған құралдар кеңінен пайдаланылды және қыш ыдыстар кеңінен тарады. Қыш ыдыстардың шығуы дәнді дақылдарды сақтауға, пайдалануға көп мүмкіндік берді. Мәдени-шаруашылық белгілері жөнінен Неолит мәдениеттері екі топқа бөлінеді: 1) егіншілік пен малшылық; 2) аңшылық пен балық аулау. Соңғы топтағылар табиғаттан дайын өнімді алып пайдаланса, алдыңғы топтағылар өнімді тікелей өндіру арқылы алды. Әлеуметтік жағынан алғанда Неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды. Тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылғанын Еуразиядағы Неолит заманына жататын көптеген археол. мәдениеттер де айғақтайды. Кейінгі Н-те жіп иіру мен тоқымашылық шықты. Егіншілік дамыған аймақтарда ежелгі мемлекеттер қалыптаса бастады. Микролиттік индустрия кеңінен өрістеді. Микролиттер жебе ұштары мен қыстырма құралдар жасауға жұмсалды: сүйек немесе ағаш саптың ұзына бойындағы қуыстарға ондаған ұсақ микролиттер тау балауызы, қара май, битум арқылы бекітілді. Мұндай құралдар әсіресе тері өңдеуге, егін оруға пайдаланылды. Халық саны артып, қоғамда демогр. ахуал жақсара түсті. Қатынас құралдары дамыды. Адамдардың отырықшылыққа көшкенін көлемі әр түрлі баспаналар да айғақтайды. Баспаналардың бүкіл ұжымға не жеке отбасына арнап салынуы адамдардың қауым болып өмір сүргендігін аңғартады. Этнол. мағлұматтар Неолиттік тайпаларда аналық-рулық құрылыс үстем болғандығын көрсетеді. Сондай-ақ мәдени-тұрмыстық жаңалықтар адамның дүниеге деген көзқарастарын түбірімен өзгертті. Табиғат күштеріне, анаға табыну орын алды. Бұған Неолит заманындағы өнерден хабар беретін тасқа түскен бедерлер, әйелдердің мүсіндері дәлел болады. Неолитте адамзат өмірінде болған өзгерістерді саралай келе, Г.Чайльд осы дәуірге қатысты “неолиттік төңкеріс” терминін енгізді. Қазақстан аумағынан, негізінен алғанда Солтүстік Қазақстаннан әзірше неолиттік бірнеше қабір табылды. Кабірлердің бірде-біреуінің жер бетінде сыртқы белгілері жоқ. Барлык молаларда сүйектермен бірге жебелердің табылуы бабаларымыздың аң аулаумен айналысып қана қоймай, соғыс жанжалдарына жиі түсіп тұрғанын да көрсетеді. Қабірлерде керамика өте аз, ал кейбіреулерінде ол мүлде жоқ. Железинка ауылы жанындағы қабір бойынша (Пеньки түрағынан 100 шақырым) неолит дәуіріндегі жерлеу ғұрпы туралы мейлінше толық пікір айтуға болады10. Мола, сірә, рулық ұйымдағы ерекше дәрежелі әйелдікі болса керек. Сәндік заттардың, еңбек құралдарының көптігі, оның үстіне жерлеудің күнге табынуға байланысты ерекше ғұрпы осыны көрсетеді. Ондай әдет бойынша өлік кремацияланатын болған. Бұл жолы өлік толық өртелмеген; денесінің қалған мүрдесі өлген адамның заттарымен бірге молаға көмілген; ол заттардың ішінде бас киімге тағылған, шеті ұсақ кертпешелермен сәнделген, орақ тәрізді сүйек каптырма, жыртқыш андардың тістері, қауашақтан жасалған ірі моншактар тізілген алқа бар. Мейлінше сәнделген киіммен бірге молаға еңбек құралдары (шот, сүйек біз), аңшылық құралдары (найзалардың, жебелердің тастан және сүйектен жасалған ұштары) және балшыктан жасалған, құты тәріздес, түбі домалақ, кішкене үш ыдыс салыныпты. Сол жерден құланның екі топайы табылды; бұлар қызыл жосамен боялған, бұл түс ежелгі адамдардың ұғымынша өртеу, отқа табыну рәсімін білдірген.
|
Энеолит |
Қоныстан тас, сүйек, сазбалшыктан жасалған заттар мен құралдар көп табылды. Мысалы, тас пышақтар, қанжарлар, жебенің, найзаның ұштары. Әр түрлі ағаш өңдейтін құралдар: шот, балта, қашау, тері өңдейтін қырғыштар тастан жасалса, біздер, инелер сүйектен жасалған. Бұл тұрақтардан ірі шақпақтас құралдар, оның ішінде тері өңдеуге көп пайдаланылған бүйірлі қырғыштар, қашау тәрізді құралдар, бір жүзді пышақтар, иінді бұрғылар табылды. Қыш ыдыстары саз балшыктан қолдан жасалған. Ыдыстардың көбінің түбі дөңгелек конус тәріздес, тұрқы жұмырткаға ұксас келеді. Ыдыстардың ернеуіне жаға тәріздес қалың жиекпен қатар тарақ жүзді өрнек салынған. Шебер тұрағынан кішкене металл біз табылды. Мұндай жекелеген металл заттар хвалын мәдениетіне жататын зираттардан да табылған. |
18-билет
