- •1. Ж.Баласағұни - ғұлама ақын.
- •2. Хіv ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •Хv ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •Нұралы мен Абылай ханның басқару саясатын салыстыр.
- •Оғыздардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
- •Көшпелілердің «аң стилиндегі» өнері.
- •Қ.А.Йасауидің түркі әлемінде алатын орны мен рөлі.
- •Қимақтардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз
- •1.Өтеміс қажының «Шыңғыснама» еңбегі.
- •Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы мен ерекшеліктерін сипатта.
- •3.Қимақ мемлекетінің құлауының себептерін анықтап, кестені толтырыңыз.
- •2. «Отарлау» ұғымына және Қазақстанды Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері қандай болғандығына талдау жасаңыз.
- •Қарахан мемлекеті қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Әбу Райхан әл-Бируни- энциклопидист, ғалым.
- •1960- 1980 Жылдарындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •Найман мемлекеті билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Сақтардың мәдениеті.
- •Қазақстан - 2050 стратегиясының басым бағыттарын анықтап, сипаттама беріңіз.
- •Ж.Баласағұни - ғұлама ақын.
- •Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы Батыс елдерімен қарым-қатынасына талдау жасаңыз.
- •Оңтүстік Қазақстан - Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпасы.
- •1990 Жылдары Қазақстандағы жекешелендіру үрдісі және оның әлеуметтік салдары.
- •Қазақстанның әлемдік бірлестіктеріне кіру мақсаты және оның маңызына сипаттама жасаңыз.(бұұ, Әлемдік Банк, хвф, юнеско)
- •Монғол империясының қоғамдық құрылыс жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
- •Қыпшақтардың этникалық құрамына түсінік беріңіз.
- •Монғол шапқыншылығына қатысты оқиғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •Ботай мәдениеті және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.
- •Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның кіруінің тарихи маңызына талдау жасаңыз.
- •Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •«Түгіскен» кесенесі (ескерткіші) мен «Беғазы-Дәндібай» ескерткіштері.
- •Қазақ кср-ның мемлекеттік егемендігі жөніндегі декларация мазмұнын және маңызын ашып көрсетіңіз.
- •Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Қазақстандағы ежелгі, көне жазулар.
- •Тмд құрылуы және оны құрудағы н.Ә.Назарбаевтың қызметіне талдау жасаңыз.
- •Ақ Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Ортағасырлық Қазақстандағы бейнелеу және мүсін өнері.
- •Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу барысындағы жетістіктер мен қиыншылықтарын сипаттаңыз
- •«Үйсіндердің қоғамдық құрылымы»- кестені толтырыңыз.
- •1.Қарахан мемлекетінің мәдениеті.
- •2.Уақытша үкіметтің қазақ халқына қатысты саясатының жағымды және жағымсыз жақтарын талдау жасаңыз.
- •3.Алғашқы наным-сенімдер кестені толтырыңыз.
- •1.Қазбек бидің тарихта алатын орны мен қызметі.
- •2.1917 Жылғы Қазақстанда болған саяси оқиғаларға талдау жасаңыз.
- •3.Тас дәуірінің кезеңдері мен пайдаланған еңбек құралдарынкестеге толтырыңыз.
- •1.Әйтеке бидің тарихта алатын орны мен қызметі.
- •2.1917 Жылғы ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси жағдай.
- •2.Моңғолиядағы Керулен өзенімен аталған тайпаны анықтап, сипаттаңыз.
- •3.Моғолстан билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •2.Қазақстан экономикасының соғыс жағдайына (1941-1945 жж.) бейімделуі.
- •3.Әмір Темір жорықтары туралы кестені толтырыңыз.
- •1.Сұлу қағанның тарихта алатын орны мен рөлі.
- •2.Ксро-ның ыдырауы. Қр-ның мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануының тарихи маңызы.
- •1.Көне түркілердің жазба мәдениеті.
- •2.1990 Жылдары құрылған «Азат» азаматтық қозғалысының мақсат- міндеттері.
- •3.Қазақстандағы 1867-1868 жж.Реформа бойынша кестені толтырыңыз.
- •1.Әбілғазы шежірелерінің тарихи маңызы
- •2.Е.Бекмахановтың тарих ғылымын дамытудағы үлесіне баға беріңіз.
- •3. Терминдердің мағынасынкесте бойынша толтырыңыз.
- •1.Есім ханның Қазақ хандығын нығайтудағы қызметі
- •2.Невада–Семей антиядролық, экологиялық қозғалысы «5-5» формуласы.
- •1.Қазақ халқының хvі – хvіі ғғ. Шаруашылығы.
- •2.Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы және оның тарихи маңызы.
- •3. Ежелгі адамдардың тұрақтары бойынша кестені толтырыңыз
- •1.Маусымдық көші – қон.
- •2.Қазақстанда Азиялық ойындар өтуінің маңызын анықтаңыз.
- •3.«Ежелгі адамдардың тұрақтары» бойынша кестені толтырыңыз.
- •2.Тәуелсіз Қазақстанның олимпиадалық спорттағы жетістіктері.
- •3.Кестені толтырып, Қаңлылардың басқа елдермен қарым-қатынасына түсінік беріңіз.
- •2.Қазақстанда Ислам ынтымақтастығы ұйымы конференциясының өтуі және оның тарихи маңызы.
- •3.Төменде берілген тарихи құжаттарды басшылыққа алып, кестені толтырыңыз.
- •2.Қазақстанда 1920- 1940жж. Жоғарғы оқу орындарының ашылуы мен білім беру жүйесінің қалыптасуы және дамуы.
- •3. Тарихи оқиғалар және олардың маңызы бойынша берілген кестені толтырыңыз.
- •2.Тәуелсіз Қазақстан республикасының білім беру жүйесіндегі реформалар.
- •3. Неолит дәуіріндегі адамдардың тұрақтары бойынша кестені толтырыңыз.
«Үйсіндердің қоғамдық құрылымы»- кестені толтырыңыз.
16-билет
1.Қарахан мемлекетінің мәдениеті.
Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын берді. Мұндай салық «икта» деп аталады, ал оны жинаушыны «мукта», немесе «иктадар» деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды. Мемлекеттік дін ретінде — Ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұни есімі кең мәлім болды . Қарахан мемлекеті (942–1210 жж.)Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекетінің Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген.Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадыр ханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашғар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Мемлекеттің күшеюіне қарлұқ, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астанасы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң, Қарахан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан ханға көшті. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Испиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бұхараны басып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне соққы берді. Қарахан хандығы ұзақ соғыстардан кейін 1004–1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті XI-ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді
2.Уақытша үкіметтің қазақ халқына қатысты саясатының жағымды және жағымсыз жақтарын талдау жасаңыз.
Уақытша үкімет дегеніміз қайшылықтары шиеленіскен әлжуаз билік екендігін, ал қайсыбір қоғамдық мәселелерді шешуге келгенде оның патша үкіметінің тікелей мұрагері болып табылатынын, әсіресе, Қазақстандағы жер саясаты анық көрсетіп берді. Жеңіп шыққанша соғысу саясатын жүргізе отырып, ол ақыры өзі де екі бірдей оттың ортасында қалды: бір жағынан үкімет соғыс жағдайында әскерді және ішкі сұранысты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін шаруалардың талап-тілегімен аз да болса санасуға мәжбүр болса, екінші жағынан ол орыс буржуазиясы мен билеуші топтарының үкіметі бола тұрып, жер мәселесін демократиялық негізде біржола шешуді Құрылтай жиналысына қалдырды. Министрлер кеңесінің төрағасы князь Львов 1917 жылғы 15 сәуірде барлық облыстарға жіберген өзінің №722228 циркулярында «Шаруаларға өздерінің тиісті жерге егін салуға кедергі жасалынбасын, жерге байланысты мәселелерді әркім өз бетінше шешпейтін болсын, елді азық-түлікпен қамтамасыз етуге қажет жағдай қалыптастырылсын» деп атап көрсетіп, ал жерге байланысты дауларды шешіп отыру үшін болыстық және уездік комитеттер жанынан егіншілер мен жер иеленушілерден тұратын татуластыру комиссияларын құруды ұсынды.Бұған қосымша Егіншілік министрлігі «жері аз яки жерсіз шаруалар, жерге мұқтаж шаруалар жер жыртып, егін егу үшін бос жерлердің бәрін биылша барынша пайдалансын» деген нұсқау берді. Осыдан-ақ бұл шаруалар, біріншіден, шаруалардың белгілі бір бөлігінің таптық наразылығының бәсеңдеуіне ықпалын тигізсе, екіншіден, өз еңбектерімен азық-түлік тапшылығын аз да болса шешуге жағдай туғызды. Қазақ облыстарында жер мәселесіне байланысты орыс-қазақ арасында көптеген талас-тартыс, дау-жанжалдар болып тұрды. Қапал уезінің комиссары өзінің Түркістан уақытша үкіметінің комиссарына жолдаған телеграммасында уездің көптеген жерлерінде жайылымға, суға және шабындық жерлерге таласудың орын алып, ұлттық қақтығыстардың болғанын айтты. Осы деректе, әсіресе, Покатиловка болысында шаруалар мен қазақтар төбелеске шейін барып және шаруалардың мылтық қолданғаны хабарланды . Мұндай қақтығыстардың сонымен қатар Сарқандта да болып, онда орыс шаруаларының қазақтарға қажетті нан басқа да азық-түлік заттарын сатпай қойғаны белгілі. Қазақ облыстарындағы осы тәрізді ұлтаралық шиеленісті бәсеңдету мақсатында 3 сәуірде Егіншілік министрінің орынбасары Волков Ақмола, Семей, Орал, Торғай, Жетісу, Сырдария және Томскі облыстық переселен мекемелеріне 1038-ші нөмірлі жеделхат жіберіп, онда «жер мәселесін құрылтай жиналысы шешкенге дейін қазақ пайдасында тұрған жерлерден екі жақ ынтымақтасып, ризашылықпен келіскен орындарды ғана пайдалану болмаса, жер кесу тоқталады. Заманның осындай ауыр шағында қазақтың мал шаруасының құтын қашырмау үшін бұрын алынған, бүгінгі күнге дейін мұжық орналаспаған hәм есепке алынбаған учаскелер қазақ ауылдық қоғамдарының пайдалануына биылша тегін берілсін», – деп көрсетілген еді . Жерге байланысты өз мүдделерін қорғаған кейбір облыстарда қазақтардың белсенді әрекетке көшкендігі байқалды. Мәселен, Қостанай уезінде болыстық комитеттер жергілікті переселен мекемелері қызметкерлерінің іс-қағаздарын, құжаттарын және ақшаларын тартып алып, өздерін жұмысқа жібермей қойды. Осы оқиға ISS N 1563-0269 KazNU Bulletin. History series. №1 . 2015 137 Мекебаев Т.Қ. туралы хабар алған ішкі істер министрлігі тез арада облыстық комиссар Бөкейхановқа жеделхат жолдап, мұндай «бұзақылықты» болдырмау, тез арада заңды тәртіпті орнату және мұндайға келешекте жол бермеу шараларын қолдануды талап етті. Сонымен қатар осы нұсқауда переселен мекемелерін сақтап, олардың жұмыс істеуіне жағдай жасау сұралды Уақытша үкіметтің негізгі мақсаты қалай болғанда да переселен мекемелерін сақтау болғаны осы жеделхаттан айқын байқалды . Жаңа үкімет жер мәселесін шешуге байланысты амалдар жасауды Егіншілік министріне тапсырды. Сондықтан да министрліктің жанынан жер мәселесін шешуді Құрылтай жиналысына дайындайтын арнайы комиссия құрылып, оның жұмысын басқару IV Мемлекеттік Дума мүшесі, «Русские ведомости» газетінің редакторы, профессор А.С. Посниковқа жүктелді. Өз кезегінде А.С. Песниковтың комиссиясы бұл мәселені түбегейлі шешу үшін жер комитеттері жүйесін құру туралы ереже жобасын ұсынып, оны мамыр айының басында уақытша үкімет бекітті . Бұл ереже бойынша, жергілікті (облыстық, уездік, болыстық) және бас (Петроградта) жер комитеттері құрылып, оларға негізінен екі міндет жүктелетін болды. Олардың бірі жер мәселесін Құрылтай жиналысына даярлау үшін империяның барлық аудандарының қажет материалдар жинау болса, екіншісі, бұл мәселені Құрылтай жиналысы біржола шешкенге дейін ел ішінде күнделікті дау-жанжалдарды асқындырмай шешіп отыру еді. Сонымен, мамыр айында бүкіл империя көлеміндегідей қазақ облыстарында да жер комитеттерін сайлау науқаны басталып кетті. Торғай облысында 1917 жылы 15 мамырда Ткаченконың төрағалығымен Атқару комитеттің мәжілісі болды. Бұл мәжіліске белгілі қазақ қайраткерлері облыстық комиссар Ә. Бөкейханов қатысты. Бұл жиынның күн тәртібіндегі негізгі мәселе облыстық жер комитетін құру еді. Мәжіліс бұрынғы Атқару комитетіндегі жерге байланысты істің бәрі енді осы облыстық жер комитетіне өткізілсін деп шешті. Жаңа облыстық комитет құрамына мынандай мүшелер сайланды: Матвеев, Бөкейханов, Байтұрсынов, Гребнев, Сириус Торғай облысы тәрізді осындай жер комитеттері басқа облыстарда да біртіндеп құрылды Ал енді осы уақытта Уақытша үкіметтің жергілікті орындарында жер саясаты қалай жүргізілді, бұл ретте ең алдымен көзге ұратын жағдай – Уақытша үкіметтің өзінен бұрынғы ескі үкіметтің қазақ облыстарындағы жер саясатын кішкене болса өзгерістерге құлықсыздық танытатындығы дер едік. Анығырақ айтқанда, Уақытша үкіметте бұл салада бұрынғы патшалық биліктің мұрагері болып қалды. Мұны неден байқауға болады? Уақытша үкімет Ақпан революциясына дейінгі қазақ облыстарындағы жер мәселесінен жақсы хабардар бола отырып және революциядан кейін шақырылған облыстық қазақ съездерінің талаптарынан хабардар бола тұра ішкі Ресейден орыс шаруаларының қазақ жеріне қоныс аударылуына шек қою, переселен мекемелерін жою, сөйтіп, жер мәселесін белгілі бір жүйеге келтіру туралы өтініштерге құлақ аспады. Осының нақты мысалы мамыр айының орта тұсына қарай облыстық комиссарлар атына нұсқау түрінде мынадай мазмұндағы жеделхаттың таратылуы: «Атқару комитеттеріне, қоғамдық ұйымдарға қоныстандырудың әртүрлі мұқтаждықтарын қанағаттандыру және орныға қоймаған қоныстанушы соғысқа қатысушыларды қолдау үшін қоныстандырушы ұйымдардың және олардың тоқтаусыз қызметін қаз-қалпында сақтау қажет. Қоныстандыру қажетіне босатылатын барлық сметалар және қарыздар оларды дұрыс жұмсауға жауапты аудандар меңгерушілері арқылы ғана заң бойынша шығындалуы тиіс. Егіншілік министрі үшін Волков, Қоныстандыру басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі чиновнигі Гедыман»Мұндай сипаттағы саясатты жүргізудегі мақсат бұрынғы патша үкіметінің Қазақстан сияқты шет аймақтардағы отарлау саясатында қол жеткен жетістіктерді біржолата бекіте түсу, сол арқылы империялық үстемдіктің жаңа түрін қамтамасыз ету еді. Уақытша үкіметтің переселен мекемелері жүйесін сақтап қалудағы тағы бір мақсаты: Ақпан революциясынан кейінгі айларда шаруалар арасында ішкі Ресейге қайта көшу туралы қозғалыс бас көтере бастағандықтан, соған жол бермеу еді. Сондықтан да Егіншілік министрлігі мен Қоныстандыру басқармасы 1917 жылдың маусымында жергілікті билік орындарына жолдаған №367 ресми хатында «Оралдан әрі жақында орналасқан қоныстанушылар арасында соңғы кезде помещиктік жерлер жедел бөлінетін шығар деген үміттен кейін Отанына қайту көңіл күйі байқала бастады. Қоныстанушылардың кейбіреулері тіптен өздерінің жаңа жерде еңбекпен жинаған өнімдерін асығып сатуға, Оралдың арғы жағындағы өңделген шабындықтарын тастап, еуропалық Ресейдегі помещиктік жерді бөліске салудан кешігіп қалудан қорқуда», – деп көрсетіп, жергілікті әкімшіліктерден бұл қозғалысты өріс алдырмай тоқтатуға қажет шаралар 138 ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. №1 2015 Қазақстанда уақытша үкіметтің жүргізген жер саясаты ды іске асыруды талап етті осыдан соң кейбір жергілікті әкімшілік орындары қоныстанушылардың кейін қайту процесін тоқтатуға жан-жақты атсалысы. Осының нақты көрінісі Семей облыстық атқару комитетінің переселендерге арнайы үндеу жолдап, онда «немістермен соғыс жеңіспен аяқталып, майданда жүргендер үйлеріне оралмай Құрылтай жиналысының жер туралы заң шығаруды тіптен мүмкін еместігін» түсіндірді. Онда осыған байланысты барлық переселендерді шаруашылықтарын бұзбай, темір- жол және басқа транспорт жүйелерінің жұмысына кедергі жасамай, бұрынғы орындарынан көшпей қалуға шақырды. Мұндай сарындағы үндеулер Жетісу облысында қоныстанушыларға да таратылды. Сонымен, қорыта келгенде айтарымыз, Уақытша үкімет және оның жергілікті мекемелері жер мәселесін Құрылтай жиналысының шешуіне қалдырғанымен, шын мәнінде ұлттық аймақтарды, оның ішінде қазақ жерін ашықтан – ашық отарлау саясатын ұстанды, ол Орталық қоныстандыру басқармасы бастаған және жаңа үкіметте қысым көрмеген ескі патша чиновниктері бұрынғы билік тұсында жүзеге асырып жатқан отаршыл пиғылдарын, істерін алда келе жатқан құрылтайға дейін орындап алуға тырысты. Бірақ мұның бәріне большевиктердің 1917 жылы Қазан айында төңкеріс жасап, үкімет басына келуі кедергі жасады. Жаңа үкіметтің де Қазақстанға толық тәуелсіздік беру ойында жоқ еді. Саясат өзгергенімен орталыққа тәуелділік өзгермеген бұл жаңа дәуір жеке әңгіме етуге лайық.
