Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих 5 нса.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
452.65 Кб
Скачать
  1. Ақ Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.

Билеушілер

Жүргізген саясаты

Ерзен хан

Стэнли Лэн-Пульдің дерегі бойынша, Ерзен хан 1315—1320 жылдары хандық құрған, Натанзидің мәліметтеріне сүйенген Гаффари, Хайдар Разилер оны 1320 — 1344 жылдары 25 жыл билік еткен деп көрсетеді. Ерзен хан Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің ұрпағы. Орда Ежен — Сартақтай— Қоныша — Баян — Сасы Бұқа — Ерзен хан. Сасы Бұқа қайтыс болғаннан кейін Алтын Орда ханы Өзбектің жарлығымен Ерзен хан әкесінің орнына отырады. Натанзи Ерзен хан жөнінде былай деп жазады: “Ақылды, турашыл, діншіл және білімге құштар болды. Азғана жылда беделі Өзбек ханның дәрежесіне дейін жетті, бірақ оған бағыныштылығын сақтады. Отырар, Сауран, Жент, Баршынкенттегі көптеген медреселерді, ханакаларды, мешіттерді, т.б. қайырымдылық үйлерін салдырды. Әділдігі мен мейірімділігі арқасында ол бүкіл Түркістан өңірін гүлдендірді. Әлділер әлсіздерге қысымшылық жасамады, жастар жасы ұлғайғандарға сый-құрмет көрсетуден ауытқымады. Ерзен хан билік еткен тұстағы ұлт қауіпсіздігі мен гүлденуін ешкім түсінде де көрмеді”. Ерзен хан бір деректер бойынша, 1320 жылы, ал басқа бір мәліметтерде 1345 жылы қайтыс болған деп көрсетіледі. Ол Сығанақ қаласында жерленген. Хайдар Рази Ерзен ханның Мүбәрак қожа мен Шымтай атты екі ұлы болғанын айтады. Ерзен ханнан соң таққа Мүбәрак қожа отырды

Мүбәрак

Ол Ақ Орда хандарының ішінде бірінші болып өз иелігін Алтын Орда хандарынан тәуелсіз деп жариялап, 1337–38 жылы Сығанақта өз атынан күміс ақша соқтырды. Мүбәрәк Қожаның дербестікке ұмтылуы Алтын Орда билеушілері тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады. Алтын Орда ханы Өзбектің (1312 – 42) Ақ Орданы қайтадан өзіне қарату әрекетінің нәтижесінде ол ордадан кетуге мәжбүр болды. Мұсылман авторларының айтуынша ол Алтай мен қырғыздар арасында қашып жүріп, қазаға ұшыраған. Көп ұзамай Алтын Орда ханы Өзбек қайтыс болып, мұрагері Жәнібектің (1342 – 57) жарлығымен 1344 жылы Мүбәрәк Қожа орнына оның інісі Шымтай хан болды. Ал Мүбәрәк Қожа аңсаған дербестікке Ақ Орда билеушілері Ұрыс және Тоқтамыс хандар жетті.

Ұрыс

Ол ең алдымен Ақ Орданың саяси тәуелсіздігін нығайтуға мейлінше күш жұмсады. Оның сыртқы саясаты негізінен Әмір Темірдің шапқыншылық жорығына тойтарыс беруге бағытталды. Ал ішкі саясаты Ақ Орданың экономикасын өркендетіп, мемлекеттік қуатын арттыруды көздеді, ол ең алдымен Сырдария алқабындағы отырықшы егінші аймақтардың егін шаруашылығын өркендетуге және осы өңірдегі шаруашылық, мәдениет орталығы болған қалаларды көркейтуге баса мән берді. Орыс хан Алтын Орда тағы жолындағы күреске белсене қатысты. Ол хан болып нығайып алған соң ішкі феодалдық қырқысты жойып, Алтын Орданы өзіне бағындыруға әрекет етті. Бұл мақсатын жүзеге асыру үшін 1368 жылы Еділ бойына жорық жасайды. 1374-1375 жылдары Сарай-Беркені, Қажы-Тарханды (Астрахань) алып, Кама бұлғарларын бағындырады.

Барақ

1416 жылы Дешті-Қыпшақтың билеушілері мен Темірдің немересі Ұлықбектің арасында Сырдарияның төменгі ағысындағы жерлер үшін күрес басталды. Бұл күрес бүтіндей жүз жылға созылды. Ұлықбектің соғысқа араласуына Барақ ханның одан көмек сұрауы себеп болды. Бұл 1419 жылы мамыр айында Самарканда болған еді. Ұлықбек Барақ ханға қонақжайлылық көрсетіп, оған көмектесуге бел байлады. Барақ хан өз қарсыластарын жеңіп, билігін бірте-бірте нығайта берді. 1422 жылы өзінің ең негізгі қарсыласы — Мухаммед ханның Ордасын бағындырғаннан кейін, Барақ хан Дешті-Қыпшақ аумағының үлкен бөлігін жаулап алды. Оның аумағы Сырдарияның төменгі ағысынан Арал теңізіне дейінгі аралықта, солтүстікте Жайық өзенінен Тобыл өзеніне дейін, солтүстік-шығыста Ертіс өзеніне дейін созылып жатты. 1423 жылы хандық билікке қол жеткізген Барақ хан Мауренахрға қарсы бағытталған саясатты жүргізе бастады. 1425 жылы Ұлықбек мемлекеті мен Сығанақ арасындағы шекараға ішкерілей жақындаған Барақ хан бұрын атасы Орыс ханның қол астында болған, одан Темір жаулап алған Сырдария өзенінің бойындағы Ақ Орданың ежелгі жерлерін қайтаруды талап етті. 1427 жылдың басында Сығанақ түбінде Ұлықбек пен Барақ хан әскерлері арасында кескілескен ұрыс болды. Жеңіліске ұшыраған Ұлықбек әскерлері Самарқан қаласына дейін ығыстырылды. Тек 1427 жылдың мамыр айында соғысқа Шахрух бастаған Ғират әскерінің араласуымен Барақ хан Дешті-Қыпшаққа кері оралуға мәжбүр болды. Сығанақ қайтадан Орыс хан тұқымдарының ордасына айналды. 1428 жылы Моңғолстан сұлтаны Махмуд оғланға қарсы шайқаста Барақ хан қаза болды. Сол 1428 жылы Дешті-Қыпшақты Әбілқайыр хан (1428-1468) жаулап алған еді.

15-билет