Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих 5 нса.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
452.65 Кб
Скачать
  1. Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.

Билеушілер

Басқарған жылдары

Жүргізген саясаты

Бату

1243-1255 жж,

1229 жылы Үгедейді моңғол империясының ұлы ханы сайлаған Қарақорымдағы Құрылтай жиналысына қатысты. 1236—1242 жылдары біріккен ұлы хандық әскерінің Русь пен Шығыс Еуропаға жорығына қолбасшылық етті (қосымша Батудың Русь пен Шығыс Еуропаға жорығы).[4] Жошы ұлысын Ертістен Дунайға дейінгі байтақ өлкені алып жатқан Алтын Орда мемлекетіне айналдырды. 1251 жылы Онон өзені бойында өткен Құрылтай жиналысында Батудың қолдауымен Мөңке ұлы хан болып сайланды. Батудың 26 әйелі, Сартақ, Тоқан, Әбуқан, Улақшы есімді 4 ұлы болған. Бату Еділдің сағасындағы (Ахтуба алқабы) аралдарының бірінде орналасқан Сарай қаласында жерленген

Берке

1257-1266 жж

Алтын Орда империясының жаңа даму дәуірі басталды. Беркенің Ислам дінін қабылдауына байланысты Алтын Орда мемлекеті Шыңғысхан құрған ұлы қағанаттан еншісін бөлек алып шығып, ғалам тарихында дербес саясат жүргізетін державаға айналды. Берке хан Қарақорымнан сырт айналғаннан кейін тәуелсіз мемлекет ретінде Алтын Орда мемлекетінің ішкі-сыртқы функциясына жаңа өзгерістер жасауға тиісті еді. Өйткені, оның билігі тұсында Шыңғыс ұрпақтары жаулап алған иеліктерді бөлісе алмай өзара қырқыса бастады. Сондай-ақ, Алтын Орда мемлекетінің алғашқы билеушісі Бату хан дін мәселесінде бейтартап ұстанымда болса, ал, Берке ханның Ислам дінін қабылдауына байланысты, Жошы ұлысының ішкі-сыртқы саясатында діни мүдде негізгі рөл атқарды.

Берке хан таққа отырғаннан кейін Алтын Орда мемлекетінің ішкі әкімшілік түзімін және сыртқы саяси арналарын жаңа бағытта өрбітуге күш жұмсады. Ішкі әкімшілік жүйеге өзгерістер енгізу барысында Берке хан чингизидтердің билігін мүлде шектемесе де, олардың қатаң түрде орталық билікке мойынсұнуын қолға алды. Мемлекеттің милитаристік қуатын одан арықарай арттырып, әкімшілік жүйедегі ондық, жүздік, мыңдық, түмендік әскери тәртіпті одан әрі нығайта түсті. Мемлекеттік басқарудағы диван қызметіне Ислам орталықтарынан арнайы шақыртылған діни оқымыстылар тартылып, Алтын Орда қалаларының сипаты мұсылмандық нақышта өріле бастады. Империяның мұсылмандар қоныстанған қалаларында жаппай мешіт-медіреселер салынып, исламдану үдерісі қарқын түрде жүзеге асырылды.

Берке хан Алтын Орда халқының тек діни сенімін ғана емес, мемлекеттің қоғамдық құрылысына да өзгерістер жасағысы келді. Мемлекеттік қызметке тегі араб және парсы мұсылман құқықтанушыларын әкелді. Олардың ішінен уәзір лауазымына ие болғандар да шықты. Алайда, Берке ханның діни реформасы әлі Исламды қабылдамаған Шыңғыс ұрпақтарының наразылығын туғызған кездері де болды. Тіпті, тарихшы Егоров Шыңғыс ұрпақтарының бұл наразылығы көтеріліске ұласа жаздағанын айтады.

Меңгу Темір

1266-1280 жж

Оның билігі кезінде Алтын Орда өмірінде ешбір саяси эәне мәден өзгеріс болмаған. Меңгу Темірдің орыс князьдерімен арасындағы қарым - қатынасы Берке хан саясатын жалғастырады. Египеттік араб тілінде жазатын жылнамашылардың айтуынша, Меңгу Темір тамағына шыққан белгісіз бір жарадан қайтыс болған. Меңгу Темір кезінде Алтын Орда тарихында бірнеше маңызды оқиғалар болды. Бұл бір жағынан Қырымның болашақтағы тағдыры үлкен рөл атқарған Кафедегі (Феодосия) генуялық сауда колониясының пайда болуы болса, екінші жағынан саяси сахнада Ноғай секілді танымал тұлғаның қалыптасуы еді.

13-билет