Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих 5 нса.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
452.65 Кб
Скачать

V-НҰСҚА

1-билет

1. Ж.Баласағұни - ғұлама ақын.

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (шамамен 1017/1021–1075) – ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Туған жері- Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы. Бұрын бұл қаланы «Күз Орда» деп атаған.

Жүсіптің әкесі де ақын, өнерпаз кісі болған. Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Кейін ол іске баласын да тартып, Жүсіп әкесімен бірге хан сарайында қызмет еткен. Онда жүріп қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарынан білім алады. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға дарынды ақын ғана емес, ғалым ретінде де танымал болған. Философия, математика, медицина, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, т. б. ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидың есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құдадғу біліг» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды. Ол бұл дастанды хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Дастанды «хандардың ханы» — Қарахандар әулеті мемлекетінің негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұнға «хас хажиб» — «бас уәзір» немесе «ұлы кеңесші» деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш көшірме нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласында 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14-ғасырдың бірінші жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманган қаласынан табылған үшінші нұсқасы 12-ғасырларда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсқаның әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, «Құтты білік» дастанының ғылыми негізделген толық мәтінін жасап шықты. Дастанның көне қолжазбасы табылғанын әлемге тұңғыш рет хабарлап, 1823 жылы «Азия» журналында (Париж) Вена нұсқасынан үзінді жариялаған француз ғалымы Жауберт Амадес еді. Венгер ғалымы Германи Вамбери «Құтты біліктің» бірнеше тарауын неміс тіліне тәржіма жасап, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылыми мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В. Радлов жиырма жыл бойы үзбей айналысты. «Құтты білік» дастанын К. Каримов өзбек тіліне, Н. Гребнев пен С. Иванов орыс тіліне, А. Егеубаев қазақ тіліне, бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғылыми мәні ерекше. Бұл шығарма бертін келе қазақ халқының этникалық құрамын қалыптастырған ру-тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, сөз өнерін, тілін зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра. Құтты білік” дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. «Құтты білік» дастаны, негізінен, мемлекетті басқару мәселесіне арналған шығарма екенін растай түседі. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. «Құтты білік» поэмасы түркі тіліндегі энциклопедиялық шығарма. Оны жазуда автор саяси сарынды басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол Қарахандар жоғары дамыған Мәуреннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге Баласағұни философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда да болды. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Шығармада шамандық түсініктер көрініс тауып, исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Романов пен С. Иванов: «Жүсіп Баласағұнидің „Құтты білік“ поэмасы ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма», — деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері де енген. Қазақ ғалымдары Б. Кенжебаев, Ә. Дербісәлиев, Ғ. Айдаров, Ә. Қоңыратбаев, М. Мырзахметов еңбектерінде бұл көне жәдігер әдеби, тілдік, стильдік, философиялық, педагогикалық, текстологиялық, әлеуметтік, тарихи, саяси, мәдени тұрғыдан зерттелді.

Ой өсиеті.Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: "Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік"