Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ортодонт.5 курс Тжірибелік сабаа нсаулар 2016-2017жж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқама

ТАҚЫРЫП №19: Балаларда уақытша және тұрақты тістем кезіндегі тісжақ аймағы ауытқуларды емдеу әдістері. Балалардағы тісжақ аймағы ауытқуларының алдын алу.

Академиялық сағат: 6,5

КУРС: 5

СЕМЕСТР 9-10

Алматы 2016 ж

Құрастырғандар: профессор Мамеков а.д.

ассистент Дурумбетова М.М.

ассистент Оспан О.Б.

Модуль мәжілісінде талқыланды

Хаттама № « 1 » _____________31.08_________ 2016ж.

Бекітемін:

Балалар стоматологиясы кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.д.,профессор ___________________ Ермуханова Г.Т.

1.Тақырып №19. Балаларда уақытша және тұрақты тістем кезіндегі тісжақ аймағы ауытқуларды емдеу әдістері. Балалардағы тісжақ аймағы ауытқуларының алдын алу.

2.Мақсаты:

1.Білімін тұжырымды етіп қалыптастыру:

- ауытқуды түзетуге көрсеткіштерді анықтау;

- ауытқуды түзетуге қарсы көрсеткіштерді анықтау;

- тіс-жақ ауытқуларын емдеудің негізгі принциптері;

- негізгі емдеудің кезектілігін анықтау;

- тіс-жақ ауытқуларын емдеу әдістері;

-ортодонтиялық емнің психологиялық аспектілері.

2.Операционалды дағдыларын анықтауды тұжырымды етіп қалыптастыру:

- ауытқуды түзетуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштерді анықтау;

- негізгі емдеудің кезектілігін анықтау;

- ортодонтиялық аппараттарды шақтап көру және тапсыру;

- аппараттарды қолдану және оларды дұрыс күту нұсқаулары;

- ортодонтиялық ем кезінде науқастарды гигиеникалық үйрету.

3.Коммуникативті дағдыларды дамыту:

- жаңа терминдер мен түсініктерді енгізу арқылы: «Ауытқуды түзету көрсеткіші», «Абсолютті қарсы көрсеткіш», «Біршама қарсы көрсеткіш», «Емдеудің негізгі қағидалары», «Аппаратты әдіс», «Хирургиялық әдіс», «Протетикалық әдіс», «Миотерапиялық әдіс», «Физиотерапиялық әдіс», «Психодайындық және психотерапия», «Комплексті әдіс» «Ортодонтиялық аппаратты гигиеникалық қарау».

4.Оқып білу арқылы құқықтық компетенцияны қалыптастыру:

- ортодонтиялық емнің психологиялық аспектілері;

5. Тақырыпты оқып білуге студенттердің ынталануын дамыту: «Балалардағы тіс-жақ

ауытқуларын уақытша, аралас, тұрақты тістесу кезінде емдеу әдістері».

3. Оқыту тапсырмалары:

  1. Тіс-жақ ауытқуларын негізгі емдеу қағидаларымен таныстыру.

  2. Тіс-жақ ауытқуларын негізгі емдеу әдістерімен таныстыру.

  3. Емдеудің кезеңділігін сақтауды үйрету.

  4. Ортодонтиялық ем әдісінің маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру.

  5. Уақытша, аралас, тұрақты тістесу кезінде негізгі емдеу әдістері таныстыру.

  6. Дәрігер мен науқас арасындағы қатынаспен ортодонтиялық емді жоспарлауды үйрету.

  7. Жаңа терминдер мен түсініктерді енгізу арқылы: «Ауытқуды түзету көрсеткіші», «Абсолютті қарсы көрсеткіш», «Біршама қарсы көрсеткіш», «Емдеудің негізгі қағидалары», «Аппаратты әдіс», «Хирургиялық әдіс», «Протетикалық әдіс», «Миотерапиялық әдіс», «Физиотерапиялық әдіс», «Психодайындық және психотерапия», «Комплексті әдіс» «Ортодонтиялық аппаратты гигиеникалық қарау».

  8. Алмалы ортодонтиялық аппаратарды шақтап көру, тапсыру және гигиеналық таза сақтауды көрсету.