Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ортодонт.5 курс Тжірибелік сабаа нсаулар 2016-2017жж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Аболмасов Н.Г.,Аболмасов Н.Н. Ортодонтия. М., «МЕДпресс-информ», 2008, б. 318-330;

2. Персин Л.С. Ортодонтия. М., «Медицина», 2004, б. 190-223.

3.Хорошилкина Ф.Я. Руководство по ортодонтии. М., «Медицина», 2006.

Қосымша:

    1. Флис П.С. Ортодонтия. Киев, «Медицина», 2008, б. 335-346.

    2. Трезубов В.Н., Щербаков А.С., Фадеев Р.А. Ортодонтия. М., «Медицинская книга», 2005, б.

127-130.

    1. Хорошилкина Ф.Я. Ортодонтия. М., «Медицина», 1999, б. 551-563.

2. Дистель В.А.,Сунцов В.Г., Вагнер В.А. Пособие по ортодонтии. Н.Новгород, 2000, б. 16-64

7.Бақылау (сұрақтар, тест формасындағы тапсырмалар)

7.1 Когнитивті құзіреттілігін бағалау:

Сұрақтар:

1.Ашық тістесудің қалыптасуына алып келетін этиологиялық факторлар;

2.Ашық тістесудің клиникалық формалары;

3.Уақытша тістесу кезеңінде ашық тістесуді емдеу әдістері;

4.Алмасу тістесуінің бастапқы кезеңінде ашық тістесуді емдеу әдістері;

5.Алмасу тістесуінің екінші жартысында және тұрақты тістесуінің бастапқы кезеңінде емдеу әдістері;

6.Тұрақты тістесу кезеңінде ашық тістесуді емдеу әдістері;

7.Ашық тістесуін емдеген кездегі дәрігерлердің қателері.

Тест формасындағы тапсырмалар:

1.Ашық тістесу кезінде тістер қатарларының қатынасы қайсы жазықтықта бұзылады?

  1. Сагиттальды

  2. Трансверзальды

  3. +Вертикальды

  4. Туберальды

  5. Окклюзиялық

2. Ашық тістесуге сипаттама беріңіз:

  1. Мезиодистальды бағытта тістердің аралығында саңылау болғанда ашық тістесу деп атаймыз

  2. + Вертикальды бағытта жоғарғы және төменгі жақ сүйектері тістерінің анықталған топтары түйіспегенде және вертикальды саңылау болғанда ашық тістесу деп атаймыз

  3. Сагиттальды бағытта жоғарғы және төменгі жақ сүйектері тістерінің анықталған топтары түйіспегенде және сагиттальды саңылау болғанда ашық тістесу деп атаймыз

  4. Трансверзальды бағытта жоғарғы және төменгі жақ сүйектері тістерінің анықталған топтары түйіспегенде және саңылау болғанда ашық тістесу деп атаймыз

  5. Бүйірдегі тістердің аралығында саңылау пайда болғанда ашық тістесу деп атаймыз

3.Ашық тістесудің этиологиялық факторын атаңыз:

  1. Іштен туа пайда болған адентия

  2. Жоғарғы ерін жүгеншесінің дүрыс емес жабыстырылуы

  3. Ауыз қуысының саяз кіреберісі

  4. +Тілін, ұрттарын тістеуі

  5. Уақытша азу тістерін ерте жұлдыру

4.Ашық тістесудің этиологиялық факторын атаңыз:

  1. +Мешел

  2. Патологиялық қажалу

  3. Физиологиялық қажалу

  4. Макродентия

  5. Артық шыққан тістер

5.Тістердің қандай даму ауытқулары ашық тістесуге алып келеді?

  1. Макродентия

  2. Артық шыққан тістер

  3. +Алдыңғы тістердің толық шықпауы

  4. Адентия

  5. Диастема

6.Ашық тістесудің беттік белгілерін атаңыз:

  1. Беттің төменгі бөлігі қысқарған, мұрын-еріндер арасындағы қатпарлар тереңдеген, иек кесілген сияқты, төменгі жақ сүйегінің бұрыштары кішірейген

  2. +Беттің төменгі бөлігі ұзарған, мұрын-еріндер арасындағы қатпарлар білінбейді, еріндері түйіспейді немесе қиындықпен түйіседі, жоғарғы ерін қысқарған, тілі көрініп тұр, ол тістер қатарларының арасында орналасқан, төменгі жақ сүйегінің бұрыштары үлкейген

  3. Беттің төменгі бөлігі өзгермеген, еріндері ширығып түйіседі, иегі кесілген сияқты

  4. Жоғарғы ерні қысқарған, жоғарғы тістері төменгі еріннің үстінде орналасқан

  5. Беттің төменгі бөлігі үлкейген, иегі кесілген сияқты, мұрын-еріндер арасындағы, иектің үстіндегі қатпарлар тереңдеген, төменгі жақ сүйегінің бұрыштары кішірейген

7.Ашық тістесуді емдеу үшін төменде аты аталған аппараттардың қайсысы қолданылады?

  1. Хорошилкинаның аппараты

  2. Калвелистың табақшасы

  3. Катцтың табақшасы

  4. +Гербст-Кожокарудың аппараты

  5. Энгльдың жылжымалы доғасы

8.Уақытша тістесу кезеңінде ашық тістесуді емдеу принциптері:

  1. Протезбен емдеу және миогимнастика

  2. Миогимнастика, орынды протез жасау

  3. +Зиянды әдеттерді жою, тісжақ жүйесінің қызметтерін нормаға келтіру

  4. Алынбайтын ортодонтиялық аппараттар және массаж

  5. Тістерді жұлу

9.Алмасу тістесу кезеңінде ашық тістесуді емдеу принциптері:

  1. Миогимнастика

  2. Тістерді жұлу

  3. Массаж және физиоемдеу

  4. Компактостеотомия

  5. +Аппараттармен емдеу және миогимнастика

10.Тұрақты тістесу кезеңінде ашық тістесуді емдеу принциптері:

  1. Миогимнастика

  2. Массаж

  3. Кешенді және ұтымды емдеу

  4. + Аппараттармен емдеу және протез жасау

  5. Компактостеотомия

11. Алмасу тістесу кезеңінде ашық тістесуді емдеу үшін қандай ортодонтиялық аппарат қолданылады?

  1. Шонхердің кіреберістегі табақшасы

  2. +Андрезен-Гойпльдың активаторы

  3. Ылди жазықтығы бар Катцтың сауыты

  4. Кербицтің кіреберістегі табақшасы

  5. Гуляеваның аппараты

12. Тұрақты тістесу кезеңінде ашық тістесуді емдеу үшін қолданылады:

  1. Крауздың ауыздың ішіндегі және кіреберісінде орналасатын табақшасы

  2. Окклюзиялық жапсырмалары бар табақша

  3. Энгльдың жылжымалы доғасы

  4. + Гербст-Кожокарудың аппараты

  5. Хургинаның табақшасы

13. Ашық тістесу жиі үйлеседі:

  1. Терең тістесумен

  2. Прогнатиялық тістесумен

  3. Прогениялық тістесумен

  4. +Прогнатиялық және прогениялық тістесумен

  5. Айқасқан тістесумен

14. -дәрежедегі ашық тістесу болғанда вертикальды саңылау қанша болады?

  1. 5 мм дейін

  2. 9 мм көп

  3. +5-тен 9 мм дейін

  4. 9-дан 15 мм дейін

  5. 10 мм-ден көп

15.Алдыңғы учаскедегі ашық тістесу сипатталады:

  1. Алдыңғы тістер орналасқан жердегі тісальвеолалық ұзаруымен

  2. +Бір немесе екі жақ сүйектерінің алдыңғы бөлігіндегі тісальвеолалық қысқаруымен

  3. Жоғарғы жақ сүйегінің бүйірдегі учаскесіндегі тісальвеолалық қысқаруымен

  4. Төменгі жақ сүйегінің бүйірдегі учаскесіндегі тісальвеолалық қысқаруымен

  5. Төменгі жақ сүйегінің алға жылжуымен

16.Нағыз (мешелдік) ашық тістесу сипатталады:

  1. Макрогнатиямен, жоғарғы жақ сүйегі алдыңғы бөлігінің төмен түсруімен және артқы бөлігінің көтерілуімен

  2. Ретрогениямен, самай төменгі жақ сүйегі буындарының (СТЖБ) төмен орналасуымен

  3. +Жоғарғы жақ сүйегі өсуінің кідіруімен, төменгі жақ сүйегімен бұрышының үлкеюімен 140-1500 дейін

  4. Микрогнатиямен, төменгі жақ сүйегі бұтақтарының үлкеюімен

  5. Тістер түбірлері ұзындығының және альвеола өсіндісінің үлкеюімен

17.Ашық тістесудің -дәрежесіне вертикальды саңылау сәйкес келеді:

  1. 1 мм дейін

  2. +5мм дейін

  3. 5-тен 9 мм дейін

  4. 9 мм

  5. 9 мм көп

18.Қандай беттік белгілер ашық тістесуге тән?

  1. Беттің төменгі бөлігінің қысқаруы, иек қатпарларының тереңдеуі

  2. Беттің төменгі бөлігінің үлкеюі, иектің алға шығуы

  3. + Беттің төменгі бөлігінің үлкеюі, мұрын-еріндер арасындағы және иек қатпарларының білінбеуі

  4. Беттің орталық бөлігінің кішіреюі, мұрын-еріндер арасындағы қатпарлардың тереңдеуі

  5. Беттің жоғарғы бөлігінің үлкеюі, иек қатпарларының тереңдеуі

19.Қандай функциональды бұзылыстар ашық тістесуге тән?

  1. +Тамақты тістеп алуы, жұтуы, дыбыстарды айтуының қиындауы

  2. Таңдайдың шырышты қабығының төменгі күрек тістермен зақымдануы

  3. Тамақты тістеп алуының қиындауы, таңдайдың шырышты қабығының төменгі күрек тістермен зақымдануы

  4. Бүйірдегі тістермен тамақты шайнап жеуінің қиындауы

  5. Функциональды бұзылыстар жоқ

20.Тұрақты тістесу кезеңінде ашық тістесуді емдеу үшін қандай аппараттарды қолданады?

  1. Брюкльдың аппараты

  2. Андрезен-Гойпльдың активаторы

  3. Преортодонтиялық трейнер

  4. Ылди жазықтығы бар Катцтың табақшасы

  5. +Брекет жүйесі