Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ортодонт.5 курс Тжірибелік сабаа нсаулар 2016-2017жж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

7.2. Операциональді компетенцияны бағалау жұмысты орындау нәтижесіне байланысты:

  1. Прогениялық тістемнің этиологиялық факторларын анықтау

  2. Прогениялық тістемнің әр түрлі түрлерін диагностикалау

  3. Прогениялық тістемнің тісальвеолярлық формасын емдеу жоспарын құру кезіндегі әрекет алгоритмін құру

  4. Прогениялық тістемнің гнатикалық формасын емдеу жоспарын құру кезіндегі әрекет алгоритмін құру

  5. Кіші топтарда жұмыс. Студенттер жұптасып жұмыс істейді (дәрігер- науқас)

  6. Күнделікті толтыру, есептік форма №039-3/У, №037- 1/У, №043/У.

  1. Аксиологиялық компетенцияны бағалау (коммуникативті дағдылар)- тікелей бақылау

  1. Құқықтық компетенцияны бағалау

Сұрақтар:

1. Дәрігер- стоматолог- ортодонттың есеп қисап құжаттары

2. Есеп қисап құжаттарын жүргізу, сақтау ережелері

7.5.Студенттің портфолиосы бойынша дағдылардың өздігінен жақсаруын бағалау

Кафедра – Балалар стоматологиясы

Пән - Ортодонтия және балалар жасындағы протездеу -ПДО-04

Мамандығы - 5В130200 «Стоматология»

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқама

ТАҚЫРЫП №17: Ашық тістемнің этиологиясы, патогенезі, диагностикасы және емдеу қағидалары

Академиялық сағат: 6,5

КУРС: 5

СЕМЕСТР 9-10

Алматы 2016 ж

Құрастырғандар: профессор Мамеков а.д.

ассистент Дурумбетова М.М.

ассистент Оспан О.Б.

Модуль мәжілісінде талқыланды

Хаттама № « 1 » _____________31.08_________ 2016ж.

Бекітемін:

Балалар стоматологиясы кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.д.,профессор ___________________ Ермуханова Г.Т.

1. Тақырып №17: Ашық тістемнің этиологиясы, патогенезі, диагностикасы және емдеу қағидалары

2.Мақсаты:

1.Білімін тұжырымды етіп қалыптастыру:

  • Ашық тістесудің қалыптасуына алып келетін этиологиялық факторлар бойынша;

  • Уақытша, алмасу және тұрақты тістесулер кезеңдеріндегі ашық тістесудің клиникалық белгілері бойынша;

  • Уақытша тістесу кезеңінде емдеу әдістері бойынша;

  • Алмасу тістесуінің бастапқы кезеңінде емдеу әдістері бойынша;

  • Алмасу тістесуінің екінші жартысында және тұрақты тістесуінің бастапқы кезеңінде емдеу әдістері бойынша;

  • Тұрақты тістесу кезеңінде емдеу әдістері бойынша;

  • Ашық тістесуін емдеген кездегі дәрігерлердің қателері.

2.Операциональды дағдыларын тұжырымды етіп қалыптастыру:

  • Ашық тістесудің этиологиялық факторларын табуды;

  • Ашық тістесудің әртүрлі клиникалық формаларын диагностика жасауды;

  • Ашық тістесудің тісальвеолалық формасының емдеу жоспарын жасауды;

  • Ашық тістесудің гнатикалық формасының емдеу жоспарын жасауды.

3.Коммуникативті дағдыларын дамыту:

  • Жаңа терминдерді кіргізу арқылы: «Ашық тістесу», «Тісальвеолалық форма», «Гнатикалық форма», «Андрезен-Гойпль активаторы», «Френкельдің қызметті реттеуші аппараты», «Хербст-Кожакару аппараты», «Компактостеотомия», «Миогимнастика», «Тік резеңке тартуы бар иек асты сақпан таңғышы бар»

  • Ортодонтиялық науқасты тексеріп қарау кезіндегі ауызша және ауызша емес коммуникацияларын (қатынасын) дамыту;

  • Әріптестерімен, науқастарымен және ата-аналарымен коммуникативті (қарым-қатынас) дағдыларын дамыту.

4.Заң құзіреттілігін тұжырымды етіп қалыптастыру

Зерттеу арқылы:

  • Ортодонтиялық науқасты тексеріп қарау хаттамасын;

  • Стоматолог-ортодонт дәрігердің есеп-қисап құжаттарын.

5.Тақырыпты оқып білуге студенттердің ынталануын дамыту: «Ашық тістесудің себептері, пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері».