Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ортодонт.5 курс Тжірибелік сабаа нсаулар 2016-2017жж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Аболмасов Н.Г.,Аболмасов Н.Н. Ортодонтия. М., «МЕДпресс-информ», 2008, б. 380-394;

2.Хорошилкина Ф.Я. Руководство по ортодонтии. М., «Медицина», 1999, б. 376-403.

Қосымша:

Флис П.С. Ортодонтия. Киев, «Медицина», 2008, б. 280-296.

7.Бақылау (сұрақтар, тест формасындағы тапсырмалар)

7.1 Когнитивті құзіреттілігін бағалау:

Сұрақтар:

1. Тіс доғасының ауытқулары трансверзалді ауытқулардың түрлері. Себептері, пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері;

2. Тіс доғасының ауытқулары сагиталді ауытқулардың түрлері. Себептері, пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері;

3. Тіс доғасының ауытқулары горизонтальді ауытқулардың түрлері. Себептері, пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері;

Тест формасындағы тапсырмалар:

1. Тістесуінің қандай ауытқуы жоғарғы жақ тіс қатарының бір жақты тарылуына алып келуі мүмкін?

екі жақты ұрттық айқасқан тістесу

В. екі жақты тілдік айқасқан тістесу

С. + бір жақты ұрттық айқасқан тістесу

Д. бір жақты тілдік айқасқан тістесу

Е. латерогнатикалық тістесу

2. Жоғарғы жағының тіс қатарының тарылуы қандай ауытқуға алып келуі мүмкін?

мезиальды

В. +дистальды

С. терең

Д. ашық

Е. айқасқан

3. Төменгі жақ тіс қатарының кеңеюі қандай ауытқуға алып келуі мүмкін?

дистальды

В. +мезиальды

С. айқасқан

Д. ашық

Е. терең

4. Жоғарғы тіс доғасының қалыңдауына алып келеді?

ауызбен тынысалу

В. + жоғарғы ерінді сору

С. кеудені дұрыс ұстамау

Д. төменгі ерінді тістеу

Е. тілді тістеу

5 Боз бала 20 жаста. Дәрігер стоматологқа косметикалық ақауға шағымданып келген. Қарап тексергенде: бет әлпеті сәл ғана асимметриялы. Ауыз қуысында: орталық күрек тітер арасындағы сызығы ығыспаған, 4.3, 4.4, 4.5, 4.6, 4.7, тістер жоғарғы тістерді жабады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы сай келеді?

+ жоғарғы жақтың оң жаққа тарылуы

В. жоғарғы жақтың сол жаққа тарылуы

С. төменгі жақтың екі жақты тарылуы

Д. жоғарғы жақтың екі жақты тарылуы

Е. жоғарғы жақтың екі жақты кеңеюі

6. Бала 12 жаста. Қарап тексергенде, V тәрізді жоғары жақ, терең және тар таңдай анықталды. Тістерін түйістіргенде 4мм сагиттальды саңылау бар, бірақ күрек тістердің кесу қырлары таңдайға тимейді, ал вертикальды жазықтықта күрек тістік жабылу қалыпты жағдайда. Бүйір тістерді сагиттальды жазықтықтағы қатынасы қалыпты.

Тіс қатарының аномалиясының қайсысы сәйкес келуі мүмкін?

+жоғарғы жағының тарылуы

В. жоғарғы жағының кеңеюі

С. төменгі жағының тарылуы

Д. төменгі жағының кеңеюі

Е. төменгі жағының ұзаруы

7. Жасөспірім 12 жаста. Алдын алу мақсатында қарап тексергенде анықталды: бірінші үлкен азу тістері Энгльдың ІІ классы бойынша түйіседі, жоғарғы сүйір тістер вестибулярлы орналасқан. Сагиттальды саңылау жоқ. Анамнезінде: 6,5 жасында жоғарғы жақтың екі жағынан да сүт тісітің бірінші үлкен азу тістері жұлынған.

Төменде көрсетілген аномалиялияларың қайсысы сәйкес келуі мүмкін?

+жоғарғы жағының қысқаруы

В. жоғарғы жағының ұзаруы

С. төменгі жағының қысқаруы

Д. төменгі жағының тарылуы

Е. төменгі жағының кеңею

8. Бала 12 жаста. Ата-анасы тістерінің дұрыс емес орналасуына шағымданып келді. Қарап текергенде: бет әлпетінің аутқулары байқалмайды. Ауыз қуысында: 1.5 тісі тіс доғасынан тыс орналасқан, 1.6 тісі мен 1.4 тіс арасындағы саңылауы 2мм.

Төменде көрсетілген аномалиялардың қайсысы сәйкес келуі мүмкін?

екі жақты тарылу

В. бір жақты тарылу

С. екі жақты қысқару

Д. +бір жақты қысқару

Е. асимметриялы тарылу

9. Жасөспірім 15 жаста.Эстетикалық бұзылыстарға шағымданып келген. Ауыз қусында: жоғарғы жақ күрек тістері сауыттарының пішіні мен мөлшері қалыпты, орталық және бүйір күрек тістер арасындағы аралық 2мм, күрек тістік сауыттар вестибулярлы бағытта иілген, алдыңғы жоғарғы және төменгі тістер арасындағы сагиттальды саңылау 5мм, кіші азу тістер аймағында тіс доғалары тарылмаған, бірінші тұрақты үлкен азу тістерінің түйісуі Энгль жіктеу бойынша І классқа тең.

Алдын ала қойылған диагноздардың қайсысы сәйкес келуі мүмкін?

+ жоғарғы күрек тістердің протрузиясы

В. жоғарғы күрек тістер ретрузиясы

С. жоғарғы күрек тістердің тортоаномалиясы

Д. жоғарғы күрек тістерінің вестибулярлы орналасуы

Е. жоғарғы күрек тістерінің дистопиясы

10. Бала 9 жаста. Ата-анасы эстетикалық ақауға шағымданып келген. Қарап тексергенде: алдыңғы жоғарғы тістер вестибулярлы шығыңқы, төменгі алдыңғы тістер арасы 5мм.

Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы тіс доғасының алдыңғы бөлігнің ұзындығын анықтау үшін қолданылады?

Понн

В. Тонн

С. + Коргхауз

Д. Нансе

Е. Снагина

11. Бала 11 жаста. Ата-анасы эстетикалық ақауға шағымданып келген. Қарап тексергенде: алдыңғы жоғарғы тістер тіс доғасы бойында орналасқан, ал төменгі жақтың алдыңғы тістері тік сызық бойымен орналасқан, алдыңғы тістер арасындағы аралық 5мм.

Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы тіс доғасының алдыңғы бөлігінің ұзындығын өлшеудің ЕҢ ақпараттысы болып табылады?

Понн

В. Тонн

С. + Коргхауз

Д. Хауз

Е. Снагина

12. Бала 14 жаста.Ата-анасы эстетикалық ақауға шағымданып келген. Бет әлпетін қарап тексергенде: бүйірінен қарағанда беті шығыңқы, супраментальды қатпар терең, иек тырысқан. Ауыз қуысында: 4.2 және 3.2 тістері тілдік бағытта орналасқан, 4.1 және 3.1 тістері өз осі бойымен айнала орналасқан, альвеолярлы өсіндісінің базальды доғаға өту аймағында ойық байқалады.

Төменде көрсетілген тіс доғаларының қайсысы сай келеді?

асимметриялы

В. жартылай овальді

С. артылау шеңберлі

Д. жартылай парабола

Е. + трапеция тәрізді

13. Жасөспірім 12 жаста.Ата-анасы эстетикалық ақауға шағымданады. Анамнезінен: жоғарғы оң жақтағы сүйір тісі альвеолды өсіндісінен вестибулярлы бағытта жарып шығуына байланысты, жұлынған, тіс қатарында орын болмаған. Бет әлпетінде ауытқу белгілері байқалмайды.Ауыз қуысында: 1.3 жоқ, түйісу кезінде: тіс қатары сол жақта сайлы-төмепешікті жанасу, оң жағында төмпешіктік. 1.3 тісі жұлынғаннан кейін қандай аномалиясы пайда болған?

А.+ жоғарғы тіс қатарының қысқаруы

В. төменгі тіс қатарының қысқаруы

С. жоғарғы тіс қатарының ұзаруы

Д. төменгі тіс қатарының ұзаруы

Е. тіс қатарының асимметриясы

14. Бала 13 жаста. Тістерінің алдыңғы бөлігіндегі тарылуына шағымданады. Қарап тексергенде: алдыңғы бөлігінде қатты тарылу мен алға қарай иілгені байқалады. Алдыңғы тістер тығыз орналасқан, 2.1 тіс өз осі бойымен айнала орналасқан.

Клиникалық көрініс қай тіс қатарының пішініне ЕҢ сәйкес келуі мүмкін?

А. + V тәрізді

В. U тәрізді

С. трапеция тәрізді

Д. квадрат тәрізді

Е. Асимметрия

15. Жігіт 22 жаста.Клиникаға эстетикалық кемшілікке шағымданып келеген. Қарап тексергенде: беті асимметриялы, ауыз қуысында 1.3, 1.4 тістер арасында ені 4мм трема, ал сол жақта 2.2, 2.3, 2.4 тістерінің тарылуы байқалады. Жоғарғы жақтың екі бөлігі дебіркелкі емес дамыған.

Клиникалық көріністе қай тіс қатарының пішініне ЕҢ сәйкес келуі мүмкін?

А. V тәрізді

В. U тәрізді

С. трапеция тәрізді

Д. үшбұрыш тәрізді

Е. +асимметрия

16. Бала 10 жаста. Анасы эстетикалық кемшілікке шағымданады. Жоғарғы жақта күрек тістер мен сүйір тістер арасында аралықтар бар. Қарап тексергенде: күрек тістер мен сүйір тістер арасында аралықтар шамамен 1,0мм, тістер аздап ерін жаққа иілген.

Тремалар мен диастеманы жою үшін, қандай ортодонттық құрылым ЕҢ тиімді?

А. + жоғарғы жаққа вестибулярлы доғасы бар табақша

В. Төменгі жаққа Брюккель аппараты

С. жоғарғы жаққа Каламкаров аппараты

Д. жоғарғы жаққа Персин аппараты

Е. Бынин каппасы