Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ортодонт.5 курс Тжірибелік сабаа нсаулар 2016-2017жж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

1.Аболмасов Н.Г.,Аболмасов Н.Н. Ортодонтия. М., «МЕДпресс-информ», 2008, б. 380-394;

2.Хорошилкина Ф.Я. Руководство по ортодонтии. М., «Медицина», 1999, б. 376-403.

Қосымша:

Флис П.С. Ортодонтия. Киев, «Медицина», 2008, б. 280-296.

7.Бақылау (сұрақтар, тест формасындағы тапсырмалар)

7.1 Когнитивті құзіреттілігін бағалау:

Сұрақтар:

1.Алдыңғы тістердің медиальды орналасуы. Себептері, пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері;

2.Орталық күрек тістердің латеральды орналасуы (диастема)

а) Диастеманың бірінші түрінің себептері,пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері;

б) Диастеманың екінші түрінің себептері,пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері;

в) Диастеманың үшінші түрінің себептері,пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері;

3. Бүйірдегі тістердің ауыздың кіреберісінде орналасуы. Себептері, пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері;

4. Бүйірдегі тістердің ауыздың ішінде орналасуы. Себептері, пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері;

5. Алдыңғы тістердің протрузиясы. Себептері, пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері;

6. Алдыңғы тістердің таңдай жақта орналасуы. Себептері, пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері;

7. Бүйірдегі тістердің мезиальды орналасуы. Себептері, пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері;

8. Бүйірдегі тістердің дистальды орналасуы. Себептері, пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері;

9. Тістердің толық жарып шықпауы. Себептері, пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері;

10. Тістердің тісальвеолалық ұзаруы. Себептері, пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері;

11. Тістердің тортоаномалиясы және транспозициясы. Себептері, пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері.

Тест формасындағы тапсырмалар:

1.Тістердің орналасу ауытқуын көрсетіңіз:

  1. +Транспозиция

  2. Прогнатия

  3. Бипрогнатия

  4. Протракция

  5. Тік тістесу

2.Сагиттальды жазықтықтағы алдыңғы тістердің орналасу ауытқуын көрсетіңіз:

  1. Транспозиция

  2. Трема (бостық)

  3. Супраокклюзия

  4. +Протрузия және ретрузия

  5. Тортоаномалия

3.Сагиттальды жазықтықтағы бүйірдегі тістердің орналасу ауытқуын көрсетіңіз:

  1. Протрузия, ретрузия

  2. Вестибулярлы, оральды

  3. +Мезиальды, дистальды

  4. Протракция, ретракция

  5. Супраокклюзия,инфраокклюзия

4.Трасверзальды жазықтықтағы алдыңғы тістердің орналасу ауытқуын көрсетіңіз:

  1. + Медиальды және латеральды

  2. Вестибулярлы және оральды

  3. Мезиальды және дистальды

  4. Супраокклюзия және инфраокклюзия

  5. Протрузия және ретрузия

5.Трасверзальды жазықтықтағы бүйірдегі тістердің орналасу ауытқуын көрсетіңіз:

  1. Мезиальды және дистальды

  2. Медиальды және латеральды

  3. Протрузия және ретрузия

  4. +Вестибулярлы және оральды

  5. Супраокклюзия және инфраокклюзия

6.Окклюзиялық бетке жетпей тұрған тістің орналасу ауытқуын көрсетіңіз:

  1. +Жоғарғы тістердің супрапозициясы және төменгі тістердің инфрапозициясы

  2. Жоғарғы тістердің инфрапозициясы және төменгі тістердің супрапозициясы

  3. Жоғарғы тістердің транспозициясы

  4. Төменгі тістердің транспозициясы

  5. Тортоаномалия

7.Трансверзальды жазықтықтағы тістің орналасу ауытқуын көрсетіңіз:

  1. Транспозиция

  2. Тортоаномалия

  3. Гиперодентия

  4. Дистопия

  5. +Диастема

8.Өзінің өсіне қарап бұрылатын тістің орналасу ауытқуын көрсетіңіз:

  1. Трема

  2. Диастема

  3. +Тортоаномалия

  4. Протрузия

  5. Ретенция

9.Вертикальды жазықтықтағы тістің орналасу ауытқуын көрсетіңіз:

  1. Протрузия

  2. Диастема

  3. Ретрузия

  4. Вестибулярлы

  5. +Супраокклюзия

10.Баланың 13 тісі ауыздың кіреберісінде және окклюзиялық жазықтықтан жоғары орналасқан. Қайсы жазықтық бойынша тістің орналасуы бұзылған?

  1. Трансверзальды

  2. +Вертикальды және сагиттальды

  3. Сагиттальды

  4. Ветикальды және трансверзальды

  5. Сагиттальды және трансверзальды

11. 17 16 15 14 12 13 11 21 22 23 24 25 26 27

Тіс формуласында қандай ауытқу көрсетілген?

  1. Диастема

  2. +Транспозиция

  3. Тортоаномалия

  4. Ретенция

  5. Адентия

12.Тіс формуласы:

55 54 53 52 51 61 62 63 64 65

85 84 83 82 41 31 72 73 74 75

5,5 жастағы баланың 41,31 тістері тіліне қарай жарып шыққаны байқалады. Балада қандай ауытқу байқалады?

  1. Ретенция және тістердің жарып шығуының ауытқуы

  2. Тістердің орналасу ауытқуы

  3. +Тістердің жарып шығу реттілігінің және орналасуының ауытқулары

  4. Күрек тістердің уақытынан бұрын жарып шығуы

  5. Тістердің жарып шығуы мерзімдерінің және орналасу ауытқулары

13. 11,12 тістердің макродентиясы қандай ауытқуға алып келеді?

  1. Бірінші адентияға

  2. Толық адентияға

  3. Тістердің орналасу ауытқуларына

  4. +Тістердің формасының ауытқуларына

  5. Гиперодентияға

14.Диастеманың себебін атаңыз:

  1. Макродентия

  2. Транспозиция

  3. +12 және 22 тістердің толық адентиясы

  4. Уақытша тістердің ерте жұлынуы

  5. Төменгі ернін тістеп отыруы

15.Орталық – сагиттальды сызыққа қарағанда күрек тістердің латеральды орналасуы қандай ауытқуға алып келеді?

  1. +Диастема, трема

  2. Тістердің тығыз орналасуы

  3. Транспозиция

  4. Тортоаномалия

  5. Ретенция

16.Төмендегі аты аталған ортодонтиялық аппараттардың қайсысы диастеманы емдеу үшін қолданылады?

  1. Кіреберістегі доғасының екі жартылай бүгілгісі (иілісі) бар алынатын табақша

  2. Брюкльдің аппараты

  3. Башарованың аппараты

  4. +Қол тәріздес серіппесі бар Калвелистің табақшасы

  5. Бұрандасы бар табақша

17.Төмендегі аты аталған тексеріп қарау әдістерінің қайсысы диастеманы диагностика жасау үшін қолданылады?

  1. Биометриялық әдіс

  2. Зертханалықәдіс

  3. +Рентгенологиялықәдіс

  4. Телерентгенография

  5. Арнайы әдіс

18.Төмендегі аты аталған ортодонтиялық аппараттардың қайсысы алдыңғы тістердің протрузиясын емдеу үшін қолданылады?

  1. Итеретін серіппесі бар табақша

  2. Хорошилкина бойынша бұрамасы бар табақша

  3. +Кіреберістегі доғасының екі жартылай бүгілгісі бар табақша

  4. Бұрандасы бар табақша

  5. Калвелистің табақшасы