Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ортодонт.5 курс Тжірибелік сабаа нсаулар 2016-2017жж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

7.2. Операциональды құзыреттілігін бағалау тапсырмаларды орындау нәтижелеріне байланысты жасалады:

1.Ортодонтиялық аппараттарды топтастырудың үлгісін жасаңыз;

2.Диагностикалық үлгілерді суреттеп жазудың алгоритмін толтырыңыз;

3.Ортодонтиялық аппараттарды суреттеп жазудың алгоритмін толтырыңыз;

4.Модельде ортодонтиялық аппараттардың элементтерін сызып көрсетіңіз;

5.Наряд-тапсырысты толтырыңыз;

6.Ауызда конструктивті тістесуді анықтаңыз;

7.Пациентке ортодонтиялық аппаратты кигізіп көріп, түзетіп тапсырыңыз;

8.Ауыз қуысын, аппаратты күту туралы естелікті беріңіз;

9.Ортодонтиялық аппаратты түзетіңіз, белсендіріңіз, базисын қайтадан жасаңыз (перебазировка).

7.3. Аксиологиялық құзыреттілігін (коммуникативті дағдыларын) бағалау - коммуникативті дағдыларын тікелей бақылау

7.4. Заң құзыреттілігін бағалау

Сұрақтар:

1.Ортодонтиялық аппараттарды дайындау кезіндегі материалдарды қолдану нұсқаулары;

2.Ортодонтиялық аппараттарды дайындау кезіндегі инструменттерді қолдану нұсқаулары;

4.Наряд-тапсырысты толтыру;

5.Медициналық амбулаторлы картаны толтыру.

7.5. Өздігінен жетілу дағдыларын бағалау – тақырып бойынша сөж презентациясы: «Ортодонтиялық аппараттардың құрылымының биомеханикалық принциптері».

Кафедра – Балалар стоматологиясы

Пән - Ортодонтия және балалар жасындағы протездеу -ПДО-04

Мамандығы - 5В130200 «Стоматология»

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқама

ТАҚЫРЫП №12: Трансверзальды, сагитальды және вертикальды бағытта тістердің орналасуының ауытқулары. Тістердің дамуының ауытқулары (жарып шығуының, қатты тіндер құрылымының, пішінінің, мөлшерінің, сандарының). Этиологиясы, патогенезі, диагностикасы және емдеу әдістері.

Академиялық сағат: 6,5

КУРС: 5

СЕМЕСТР 9-10

Алматы 2016 ж

Құрастырғандар: профессор Мамеков а.д.

ассистент Дурумбетова М.М.

ассистент Оспан О.Б.

Модуль мәжілісінде талқыланды

Хаттама № « 1 » _____________31.08_________ 2016ж.

Бекітемін:

Балалар стоматологиясы кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.д.,профессор ___________________ Ермуханова Г.Т.

1. Тақырып №12: Трансверзальды, сагитальды және вертикальды бағытта тістердің орналасуының ауытқулары. Тістердің дамуының ауытқулары (жарып шығуының, қатты тіндер құрылымының, пішінінің, мөлшерінің, сандарының). Этиологиясы, патогенезі, диагностикасы және емдеу әдістері.

2.Мақсаты:

1.Білімін тұжырымды етіп қалыптастыру:

  • Алдыңғы тістердің медиальды және латеральды орналасуы. Себептері, пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері бойынша;

  • Бүйірдегі тістердің ауыздың кіреберісінде және ішінде орналасуы. Себептері, пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері бойынша;

  • Алдыңғы тістердің протрузиясы мен ретрузиясы. Себептері, пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері бойынша;

  • Бүйірдегі тістердің мезиальды және дистальды орналасуы. Себептері, пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері бойынша;

  • Жоғарғы тістердің супрапозициясы және төменгі тістердің инфрапозициясы. Себептері, пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері бойынша;

  • Жоғарғы тістердің инфрапозициясы және төменгі тістердің супрапозициясы. Себептері, пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері бойынша;

  • Тістердің тортоаномалиясы және транспозициясы. Себептері, пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері бойынша.

2.Операциональды дағдыларын тұжырымды етіп қалыптастыру:

  • Алдыңғы тістердің медиальды және латеральды орналасуын диагностика жасау мен емдеу әдістері бойынша;

  • Бүйірдегі тістердің ауыздың кіреберісінде және ішінде орналасуын диагностика жасау мен емдеу әдістері бойынша;

  • Алдыңғы тістердің протрузиясы мен ретрузиясын диагностика жасау мен емдеу әдістері бойынша;

  • Бүйірдегі тістердің мезиальды және дистальды орналасуын диагностика жасау мен емдеу әдістері бойынша;

  • Жоғарғы тістердің супрапозициясы және төменгі тістердің инфрапозициясын диагностика жасау мен емдеу әдістері бойынша;

  • Жоғарғы тістердің инфрапозициясы және төменгі тістердің супрапозициясын диагностика жасау мен емдеу әдістері бойынша;

  • Тістердің тортоаномалиясы және транспозициясын диагностика жасау мен емдеу әдістері бойынша.

3.Коммуникативті дағдыларын дамыту:

  • Жаңа терминдерді кіргізу арқылы: «Алдыңғы тістердің медиальды және латеральды орналасуы», «Бүйірдегі тістердің ауыздың кіреберісінде және ішінде орналасуы», «Алдыңғы тістердің протрузиясы мен ретрузиясы», «Бүйірдегі тістердің мезиальды және дистальды орналасуы», «Жоғарғы тістердің супрапозициясы және төменгі тістердің инфрапозициясы», «Жоғарғы тістердің инфрапозициясы және төменгі тістердің супрапозициясы», «Тортоаномалия», «Тістердің транспозициясы».

  • Ортодонтиялық науқасты тексеріп қарау кезіндегі ауызша және ауызша емес коммуникацияларын (қатынасын) дамыту.

4.Заң құзіреттілігін тұжырымды етіп қалыптастыру

Зерттеу арқылы:

-Ортодонтиялық науқасты тексеріп қарау хаттамасын;

-Стоматолог-ортодонт дәрігердің есеп-қисап құжаттарын, оны жүргізу және сақтау ережелерін.

5.Тақырыпты оқып білуге студенттердің ынталануын дамыту: «Трансверзальды, сагиттальды және вертикальды бағыттардағы тістердің орналасу ауытқулары. Себептері, пайда болуы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері».