Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ортодонт.5 курс Тжірибелік сабаа нсаулар 2016-2017жж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

7.2. Операциональды құзыреттілігін бағалау тапсырмаларды орындау нәтижелеріне байланысты жасалады:

  1. Ортодонтиялық аппараттарды топтастырудың үлгісін жасаңыз;

  2. Диагностикалық үлгілерді суреттеп жазуға арналған алгоритмді толтырыңыз;

  3. Модельде ортодонтиялық аппараттардың элементтерін сызып көрсетіңіз;

  4. Наряд-тапсырысты толтырыңыз;

  5. Ауыз қуысын күтуге қажет естелікті балаға, жасөспірімге беру.

7.3. Аксиологиялық құзыреттілігін (коммуникативті дағдыларын) бағалау - коммуникативті дағдыларын тікелей бақылау

7.4. Заң құзыреттілігін бағалау

Сұрақтар:

1.Ортодонтиялық аппараттарды дайындау кезіндегі материалдарды қолдану нұсқаулары;

2.Ортодонтиялық аппараттарды дайындау кезіндегі инструменттерді қолдану нұсқаулары;

3.Ортодонтиялық аппараттарды дайындау кезіндегі технологияларды қолдану нұсқаулары;

4.Наряд-тапсырысты толтыру;

5.Кесетін, тілетін материалдармен, инструменттермен, агрессивты ертінділермен,

аппараттармен жұмыс істегенде және қалдықтарды пайдаға асыру кезінде қауіпсіздік

техникасын сақтау бойынша;

7.5. Өздігінен жетілу дағдыларын бағалау – тақырып бойынша СӨЖ презентациясы: «Ортодонтиялық аппараттардағы тістеу алаңдар, ылди жазықтықтар, пелоттар, қалқандарды жасаудың биомеханикалық принциптері».

Кафедра – Балалар стоматологиясы

Пән - Ортодонтия және балалар жасындағы протездеу -ПДО-04

Мамандығы - 5В130200 «Стоматология»

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқама

ТАҚЫРЫП №11: Қосарланған әсер ететін ортодонтиялық құрылымдар. Қолдануға көрсеткіштер және жұмыс істеу қағидасы

Академиялық сағат: 6,5

КУРС: 5

СЕМЕСТР 9-10

Алматы 2016 ж

Құрастырғандар: профессор Мамеков а.д.

ассистент Дурумбетова М.М.

ассистент Оспан О.Б.

Модуль мәжілісінде талқыланды

Хаттама № « 1 » _____________31.08_________ 2016ж.

Бекітемін:

Балалар стоматологиясы кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.д.,профессор ___________________ Ермуханова Г.Т.

1. Тақырып №11: Қосарланған әсер ететін ортодонтиялық құрылымдар. Қолдануға көрсеткіштер және жұмыс істеу қағидасы

2.Мақсаты:

1. Білімін тұжырымды етіп қалыптастыру:

  • Ортодонтия клиникасында ортодонтиялық аппараттарды топтастыру бойынша;

  • «Ортодонтиялық аппараттарды суреттеп жазу алгоритмін» толтыру бойынша;

  • Аралас әсер ететін ортодонтиялық аппараттардың құрамындағы элементтер бойынша;

  • Наряд-тапсырысты толтыру ережесі бойынша;

  • Тістердің қатты тіндерінің, пародонттың, бұлшық еттердің және буындардың жағдайларын және пациенттің жасын ескере отырып, тісжақ ауытқуларының клиникалық біліну дәрежесіне байланысты ортодонтиялық аппараттардың құрамын дұрыс таңдау бойынша.

2.Операциональды дағдыларын тұжырымды етіп қалыптастыру:

  • Ортодонтиялық аппараттардың құрамын таңдау бойынша;

  • Міндеті (қызметі) бойынша;

  • Әсер ету принципі бойынша;

  • Конструкциясы (құрамы) бойынша;

  • Бекіту әдісі бойынша;

  • Орналасу орны бойынша;

  • Модельде (үлгіде) ортодонтиялық аппараттың элементтерін сызып көрсету бойынша;

  • Ортодонтиялық аппаратты дайындау үшін қажет материалдар мен инструменттерді

таңдау бойынша;

  • Дұрыс технологиялық дайындалған аппаратқа баға беру бойынша;

  • Ортодонтиялық аппаратты ауруға тапсыру, түзету (коррекция), белсендіру және базисін

қайта жасау бойынша;

  • Ауыз қуысын және ортодонтиялық аппаратты таза күту бойынша.

3.Коммуникативті дағдыларын дамыту:

  • Жаңа терминдерді кіргізу арқылы: «Ортодонтиялық аппарат, конструкциясы (құрамы)», «Ортодонтиялық аппаратты топтастыру», «Ортодонтиялық аппараттарды суреттеп жазу алгоритмі», «Диагностикалық модельді суреттеп жазу алгоритмі», «Аралас әсер ететін ортодонтиялық аппараттардың құрамындағы элементтері», «Наряд-тапсырыс», «Ортодонтиялық бұрандалар», «Ортодонтиялық тал сымдық элементтер», «Окклюзиялық жапсырмалар», «Кіреберістегі қалқандар», «Кіреберістегі пелоттар», «Тілге арналған жапқыштар», «Хургинаның аппараты», «Брюкльдың аппараты», «Кіреберістегі доға», «Андрезен-Гойпльдың моноблогы», «Френкельдың қызметті реттеуші аппараты», «Персинның аппараты».

4.Заң құзіреттілігін тұжырымды етіп қалыптастыру:

Зерттеу арқылы:

  • Ортодонтиялық аппараттарды дайындау кезіндегі материалдарды қолдану нұсқауын;

  • Ортодонтиялық аппараттарды дайындау кезіндегі инструменттерді қолдану нұсқауын;

  • Ортодонтиялық аппараттарды дайындау кезіндегі технологияларды сақтау бойынша

нұсқауын;

  • Кесетін, тілетін материалдармен, инструменттермен, агрессивті ерітінділермен,

аппараттармен жұмыс істегенде және қалдықтарды пайдаға асыру кезінде қауіпсіздік

техникасын сақтау бойынша.

5.Тақырыпты оқып білуге студенттердің ынталануын дамыту: «Аралас әсер ететін ортодонтиялық аппараттар. Қолдану шарттары, әсер ету принципі».