Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ортодонт.5 курс Тжірибелік сабаа нсаулар 2016-2017жж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

6. Әдебиеттер

Негізгі:

  1. Аболмасов Н.Г., Аболмасов Н.Н. «Ортодонтия». Учебное пособие. М.,МЕДпресс-информ,

2008, б. 351-395;

2. Дистель В.А., Сунцов В.Г., Вагнер В.Д. «Пособие по ортодонтии», Н.Новгород, 2000, б. 65-77;

3. Образцов Ю.Л., С.Н. Ларионов «Пропедевтическая ортодонтия». Учебное пособие. –

СпецЛит, 2007;

4. Персин Л.С. Ортодонтия. Москва, «Медицина», 2004, б.100-120;

5. Хорошилкина Ф.Я «Руководство по ортодонтии». М., «Медицина», 1999, б.257-311;

Қосымша:

1.Хорошилкиной Ф.Я. «Дефекты зубов, зубных рядов, аномалии прикуса, миофункциональное

нарушение челюстно-лицевой области и их комплексное лечение». МИА Москва. 2006;

2.Уильям Р. Проффит «Современная ортодонтия» Москва: Медпресс-информ. 2006.б.236-304,

409-463;

3.Телебаева Г.Т. «Новые и усовершенствованные ортодонтические аппараты, протезы,

приспособления» Алматы, 2001, б. 25-35.

7.Бақылау (сұрақтар, тест формасындағы тапсырмалар)

7.1 Когнитивтік құзіреттілігін бағалау

Сұрақтар:

  1. Жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің модельдерінде механикалық әсер ететін ортодонтиялық аппараттар элементтерінің орналасуы.

  2. Кіреберістегі, тілдік доғаларды, итеретін серіппелерді, иірімділі серіппелерді ию техникасы және инструменттері, модельдерге оларды қою, өсіндіні базиста орналастыру.

  3. «Ортодонтиялық аппараттарды суреттеп жазу алгоритмін» толтыру үшін Хорошилкина-Малыгин топтастыруын қолдану: ілмектері бар ортодонтиялық сауыттар, Коффиннің серіппесі бар жоғарғы жақ сүйегіне жасалатын табақша, бұрандасы, кіреберістегі доғасы, Адамстың кламмерлері бар төменгі жақ сүйегіне жасалатын табақша, Энгльдің экспансивті доғасы.

  4. Тістерді жылжыту үшін тал сымнан жасалған элементтері бар механикалық әсер ететін ортодонтиялық аппараттар, аттарын атаңыз, дәлелдеңіз.

  5. Тістер қатарларын жылжыту үшін тал сымнан жасалған элементтері бар механикалық әсер ететін ортодонтиялық аппараттар, аттарын атаңыз, дәлелдеңіз.

  6. Тістерді жылжыту үшін бұрандаладың түрлері: тістер топтарын, жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің тістер қатарларын қалыптастыру.

  7. Механикалық әсер ететін ортодонтиялық аппараттардағы тістерді жылжытатын, тістер қатарларын қалыптастыратын биомеханикалық принциптер.

  8. Ортодонтиялық аппараттардың базистерін полимеризация жасау әдістері.

  9. Полимердегі мономердің көптігін тексеру.

  10. Пациенттер ортодонтиялық табақша аппараттарды пайдаланғандағы ауыз қуысының аллергиялық қабынуы (стоматит). Алдын алу әдістері, анықтау, жою.

  11. Ортодонтиялық аппараттарды пайдаланғандағы ауыз қуысының шырышты қабығының, тістердің зақымдануы. Алдын алу әдістері, анықтау, жою.

  12. Ауыз қуысының шырышты қабығының зақымдануларын дәрі-дәрмектермен және онсыз емдеу.

Тест түріндегі тапсырмалар:

  1. Ортодонтиялық аппараттарға орналасу жеріне байланысты төмендегі аты аталған аппараттардың біреуінен басқа қайсылары жатады?

а) Ауыздың ішіндегі

б) Таңдайдағы

в) Тіл жағындағы

г) Кіреберістегі

д)+ Қызылиектің үстіндегі

  1. Ортодонтиялық аппараттарға орналасу жеріне байланысты төмендегі аты аталған аппараттардың біреуінен басқа қайсылары жатады?

а) Ауыздың сыртындағы

б) +Таңдай-желкедегі

в) Маңдай-желкедегі

г) Төбе-желкедегі

д) Мойындағы

  1. Ортодонтиялық аппараттарға орналасу жеріне байланысты төмендегі аты аталған аппараттардың біреуінен басқа қайсылары жатады?

а)Ауыздың ішіндегі

б) Ауыздың сыртындағы

в) Мойындағы

г) Жақ сүйектеріндегі

д) +Самайдағы

  1. Ортодонтиялық аппараттарға орналасу жеріне байланысты төмендегі аты аталған аппараттардың біреуінен басқа қайсылары жатады?

а) Біріктірілген

б) Жоғарғы еріндегі

в) Иектегі

г) Жақ сүйегінің астындағы

д) +Ең төбесіндегі

  1. Ортодонтиялық аппараттарға орналасу жеріне байланысты төмендегі аты аталған аппараттардың біреуінен басқа қайсылары жатады?

а) Төменгі жақ сүйегінің бұрыштарында

б) Төмендегі еріндегі

в) Иектегі

г) Ауыздың кіреберісіндегі

д) +Көздің астындағы

  1. Ауыздың ішіндегі ортодонтиялық аппараттарға орналасу жеріне байланысты төмендегі аты аталған аппараттардың біреуінен басқа қайсылары жатады?

а) Таңдайдағы

б) Тіл жағындағы

в) +Кішкене тіл жағындағы

г) Ауыздың кіреберісіндегі

д) Тістердегі

  1. Ауыздың ішіндегі ортодонтиялық аппараттарға орналасу жеріне байланысты төмендегі аты аталған аппараттардың біреуінен басқа қайсылары жатады?

а) +Самайдағы

б) Маңдай-желкедегі

в)Төбе-желкедегі

г) Біріктірілген

д) Мойындағы

  1. Әсер ету орнына және тәсіліне байланысты төмендегі аты аталған аппараттардың біреуінен басқа қайсылары жатады?

а) Бір жақ сүйегіндегі

б) Екі жақ сүйектеріндегі

в) Жақ аралық әсері бар бір жақ сүйегіндегі

г) Ауыздың сыртындағы

д) +Бастағы

  1. Әсер ету орнына және тәсіліне байланысты төмендегі аты аталған аппараттардың біреуінен басқа қайсылары жатады?

а) Бір жақ сүйегіндегі

б) Екі жақ сүйектеріндегі

в) Ауыздың сыртындағы

г)+Көздің астындағы

д) Аралас ететін

  1. Әсер ету орнына және тәсіліне байланысты төмендегі аты аталған аппараттардың біреуінен басқа қайсылары жатады?

а) Бір жақ сүйегіндегі

б) Екі жақ сүйектеріндегі

в) Ауыздың сыртындағы

г) +Ұрттардағы

д) Жақ аралық әсері бар бір жақ сүйегіндегі

  1. Ортодонтиялық аппараттарға бекіту тәсіліне байланысты төмендегі аты аталған аппараттардың біреуінен басқа қайсылары жатады?

а) Алынбайтын

б) Алынатын

в) Біріктірілген

г) Қосылған, үйлескен

д) +Каппалы

12. Ортодонтиялық аппараттарға әсер ету принципі бойынша төмендегі аты аталған аппараттар топтарының біреуінен басқа бәрі жатпайды:

а) 4 топтағы

б) 5топтағы

в) 6топтағы

г) 3 топтағы

д) 2топтағы

13. Малыгиннің топтастыруында әсер ету принципі бойынша ортодонтиялық аппараттардың қанша тобы келтірілген?

а)+4 тобы

б) 5 тобы

в) 6 тобы

г) 3 тобы

д) 2тобы

14. Тістерді жылжытатын тал сымнан жасалған төмендегі аты аталған конструкциялардың біреуінен басқа қайсылары жатады?

а) Кіреберістегі доға

б) Итеретін серіппелер

в) Қол тәріздес серіппелер

г) Иілістері бар серіппелер

д) +Коффиннің серіппелері

15. Тістерді жылжытатын тал сымнан жасалған төмендегі аты аталған конструкциялардың біреуінен басқа қайсылары жатады?

а) Тілді доға

б) Жылан тәріздес серіппе

в) Иілісі бар серіппелер

г) Сопақша серіппелер

д) +Сүйір тіске арналған аспалы ілмек

16. Тістерді жылжытатын тал сымнан жасалған төмендегі аты аталған конструкциялардың біреуінен басқа қайсылары жатады?

а) Итеретін доға

б) Артқа жылжытатын доға

в) Стационарлы доға

г) Жылжымалы доға

д) +Тістерді жақ сүйегінің ішіне кіргізетін доға

17. Тістер доғаларын нормаға келтіретін тал сымнан жасалған төмендегі аты аталған конструкциялардың біреуінен басқа қайсылары жатады?

а) Коффиннің серіппелері

б) Коллердің серіппелері

в) Стационарлы доға

г) +Таңдайлық бюгель

д) Тілдік доға

18. Алынатын ортодонтиялық аппараттарды бекіту үшін төмендегі аты аталған тал сымнан жасалған конструкциялардың біреуінен басқа қайсылары жатады?

а) Кламмерлер

б) Аспалы ілмектер

в)+Таңдайлық бюгель

г) Кіреберістегі доға

д)Кіреберістегі жапсырма