Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ортодонт.5 курс Тжірибелік сабаа нсаулар 2016-2017жж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

3.Оқыту міндеттері:

  1. Ортодонтиялық аппараттарды Хорошилкина-Малыгин бойынша топтастыруды қарау;

  2. Ортодонтиялық аппараттарды пациенттің жасына қарап дайындау шарттарын анықтау;

  3. Тісжақ ауытқуларын емдегендегі механикалық әсер ететін ортодонтиялық аппараттардың рөлі туралы түсінікті тұжырымдау;

  4. Ортодонтиялық аппараттарды дайындау әдістерімен және технологияларымен таныстыру;

  5. Ортодонтиялық аппараттарды дайындау инструменттерімен және материалдарымен таныстыру;

  6. Ортодонтиялық аппараттардың базисын дайындау кезіндегі технологиялық процестермен (үрдістермен) таныстыру;

  7. Ортодонтиялық аппараттардың тал сымнан жасалатын элементтерін ию ережесін көрсету;

  8. Тістерді жылжыту, тістер қатарларын қалыптастыру үшін қолданылатын тал сымнан жасалатын элементтердің конструкцияларының түрлерімен таныстыру;

  9. Ортодонтиялық бұрандалардың конструкцияларының түрлерімен таныстыру;

  10. Ортодонтиялық аппараттарды дайындау кезіндегі қолданылатын балауыздардың түрлерімен таныстыру;

  11. Ортодонтиялық аппараттарды дайындау үшін қолданылатын пластмассалардың түрлерімен таныстыру;

  12. Жақ-бет аппаратының биомеханика заңдары бойынша білімдерін тұжырымдау;

  13. Ортодонтиялық аппараттарды биомеханикалық құрастырудың принциптерімен таныстыру;

  14. Ортодонтиялық аппараттарды құрастыру негізі бойынша білімін тұжырымдау;

  15. Механикалық әсер ететін ортодонтиялық аппараттардың тізімін тұжырымдау;

  16. Механикалық әсер ететін ортодонтиялық аппараттардың түрлерімен таныстыру;

  17. Ортодонтиялық аппараттарды дәрі-дәрмекпен тазалауды таныстыру;

  18. Алгоритмдерді толтырумен таныстыру: «Ортодонтиялық аппараттарды суреттеп жазу алгоритмі».

4.Тақырыптың негізгісұрақтары:

  1. Механикалық әсер ететін ортодонтиялық аппараттарды пациенттің жасына қарап қолдану шарттары;

  2. Ортодонтиялық аппараттарды Хорошилкина-Малыгин бойынша топтастыру;

  3. Тістердің орналасу ауытқуларын емдеу үшін қолданылатын ортодонтиялық аппараттар, олардың аттарын атаңыз, тістерді жылжытуға арналған элементтерін;

  4. Жоғарғы жіне төменгі жақ сүйектерінің тістерін жылжыту және тістер қатарларын қалыптастыру үшін қолданылатын тал сымнан жасалатын элементтер;

  5. Тістерді жылжыту және тістер қатарларын қалыптастыру үшін қолданылатын ортодонтиялық аппараттардағы бұрандалар;

  6. Механикалық әсер ететін ортодонтиялық аппараттардың тірегі мен бекітілуі;

  7. Механикалық әсер ететін ортодонтиялық аппараттардың әсер ету принципі;

  8. Ортодонтиялық аппараттарды дайындаған кездегі пайдаланылатын технологиялық процестер (үрдістер);

  9. Ортодонтиялық аппараттарды түзету және белсендіру әдістері;

  10. Ортодонтиялық аппараттарды пайдаланған кездегі асқынулар;

  11. Кеңейтетін бұрандасы, сүйір тістер орналасқан жерде екі жартылай дөңгелек иілісі бар кіреберістегі доға, аспалы ұстап тұратын кламмерлері үлкен тұрақты азу тістерге арналаған табақша;

  12. Стационарлы, жылжымалы, кеңейтетін Энгльдің доғасы;

  13. Коффиннің серіппесі бартабақша;

  14. Коллердің серіппесі бартабақша;

  15. Қол тәріздес серіппелері бар Калвелистің табақшасы, Телебаеваның модификациясы;

  16. Әртүрлі ілмектері бар ортодонтиялық сауыттар;

  17. Эйнсворттың, Мершонның аппараттары.

5. Оқыту әдістері:көрсету, оқытушының жұмысына қарау, студенттердің операциональдық және коммуникативтік дағдыларын тікелей бақылау, қарама-қарсы байланыс.

Оқыту құралдары:ортодонтиялық кабинеттің жабдықтары мен инструменттері, есеп-қисап құжаттар: стоматологиялық аурудың медициналық картасы (форма№043/У), стоматолог дәрігердің жұмысын есепке алатын бірлескен ведомость (№039-2/У-88), стоматолог-ортодонт дәрігердің жұмысын есепке алатын күнделігі (№039-4/У), жұмысты орындау үшін берілетін наряд, дәрігерлік және тістехникалық жұмыстардың бағасы берілген прейскурант, материалдардың нормадағы жаратылуы, фантомдар, модельдер, ортодонтиялық аппараттар.

Сабақты жүргізу сценарийі

п/п

Сабақ кезеңі

Сабақ кезеңінің мазмұны

оқыту түрі

Бақыдау әдістері (мұғаліснің таңдауы бойынша)

Уақыты

(мин

1.

Кіріспе бөлімі

студенттер тізімін тексеру, сыртқы келбетке назар аудару, мотивация, мақсаттар мен тапсырмаларды жариялау

-

-

10 минут

2.

Бастапқы білім деңгейін бақылау

Бастапқы білім деңгейін бақылау.

-

1.ауызша сұрау

2.Жазбаша

3.Блиц-сұрау

5.Тест

90 минут

Үзіліс

10 минут

3.

Негізгі кезең:

тісжақ ауытқулары бар науқастарды қабылдау. Ортодонтиялық құрылғыны шақтап көру және тапсыру. Ауыз қуысын гигиеналық күту және ортодонтиялық құрылғыларды қолдану режимі туралы ақыл-кеңес беру. Диагностикалық модельдерде жұмыс істеу.

Ортодонтиялық ем қабылдау кезеңіндегі, науқас амбулаторлы карта, фото суреттер, бақылау- диагностикалық мүсіндер, емге дейінгі рентген суреттер.

Операциональды дағдыларын көрсету (жоғарғы және төменгі жақтартан қалып алу, ортодонтиялық құрылғыны дайындау, ортодонтиялық құрылғыны шақтап көру және тапсыру, ауыз қуысын гигиеналық күту және ортодонтиялық құрылғыларды қолдану режимі туралы ақыл-кеңес беру.

100 минут

Үзіліс

10 минут

4.

Сапаны тексеру кезеңі

1. Қорытынды бақылау

1.ауызша сұрау

2.Жазбаша

3.Блиц-сұрау

4.Тест

5. Ситуациялық есептерді шығару

15 минут

2.Кері байланыс

30 минут

3. Бағалау қағаздарын толтыру (чек-парақтар),

20 минут

4. қорытынды бағаларды қою және жариялау, жүрналға баға қою

10 минут

5. Келесі үй тапсырмасы бойынша комментарии жасау

10 минут

Қорытынды

320 минут (3 академических сағат 100 минуттан = 300 минут, 2 үзіліс 10 минуттан = 20 минут).