Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ортодонт.5 курс Тжірибелік сабаа нсаулар 2016-2017жж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Алматы 2016 ж

Құрастырғандар: профессор Мамеков а.д.

ассистент Дурумбетова М.М.

ассистент Оспан О.Б.

Модуль мәжілісінде талқыланды

Хаттама № « 1 » _____________31.08_________ 2016ж.

Бекітемін:

Балалар стоматологиясы кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.д.,профессор ___________________ Ермуханова Г.Т.

1.Тақырып №9: Механикалық әсер ететін ортодонтиялық құрылымдар. Қолдануға көрсеткіштер және жұмыс істеу қағидасы. Эджуайс-техниканың қарапайым негізі.

2.Мақсаты:

1.Білімін тұжырымды етіп қалыптастыру:

  • Ортодонтия клиникасында ортодонтиялық аппараттарды топтастыру бойынша;

  • Механикалық әсер ететін ортодонтиялық аппараттардың құрамындағы элементтері

бойынша;

  • Наряд-тапсырысты толтыру ережесі бойынша;

  • Тістердің қатты тіндерінің, пародонттың, бұлшық еттердің, буындардың жағдайларын

және пациенттің жасын ескере отырып, тісжақ ауытқуларының клиникалық біліну

дәрежесіне байланысты ортодонтиялық аппараттардың құрамын дұрыс таңдау бойынша.

2.Операционалды дағдыларын анықтауды тұжырымды етіп қалыптастыру:

  • Ортодонтиялық аппараттардың құрамын таңдау бойынша;

  • Міндеті (қызметі) бойынша;

  • Әсер ету принципі бойынша;

  • Конструкциясы (құрамы) бойынша;

  • Бекіту әдісі бойынша;

  • Орналасу орны бойынша;

  • Модельде (үлгіде) ортодонтиялық аппараттың элементтерін сызып көрсету бойынша;

  • Ортодонтиялық аппаратты дайындау үшін қажет материалдар мен инструменттерді

таңдау бойынша;

  • Дұрыс технологиялық дайындалған аппаратқа баға беру бойынша;

  • Ортодонтиялық аппаратты ауруға тапсыру, түзету (коррекция), белсендіру және базисін қайта жасау бойынша;

  • Ауыз қуысын және ортодонтиялық аппаратты таза күту бойынша.

3.Коммуникативті дағдыларын дамыту:

  • Жаңа терминдерді кіргізу арқылы: «Ортодонтиялық аппарат, конструкциясы (құрамы)», «Ортодонтиялық аппаратты топтастыру», «Ортодонтиялық аппараттарды суреттеп жазу алгоритмі», «Диагностикалық модельді суреттеп жазу алгоритмі», «Механикалық әсер ететін ортодонтиялық аппараттардың құрамындағы элементтері», «Наряд-тапсырыс», «Ортодонтиялық бұрандалар», «Ортодонтиялық тал сымдық элементтер», «Кіреберістегі доға», «Ретракциондық (артқа жылжытатын) доға», «Ортодонтиялық кламмер (ұстауыш)», «Ортодонтиялық базис», «Коффиннің серіппесі», «Коллердің серіппесі», «Энгльдің доғасы», «Эйнсворттың аппараты», «Мершонның аппараты», «Калвелистің қол тәріздес серіппелері», «Телебаеваның модификациясы (өзгертуі)», «Ортодонтиялық сауыттар».

4.Заң құзіреттілігін тұжырымды етіп қалыптастыру

Зерттеу арқылы:

  • Ортодонтиялық аппараттарды дайындау кезіндегі материалдарды қолдану нұсқауын;

  • Ортодонтиялық аппараттарды дайындау кезіндегі инструменттерді қолдану нұсқауын;

  • Ортодонтиялық аппараттарды дайындау кезіндегі технологиялық сақтау бойынша

нұсқауын;

  • Кесетін, тілетін материалдармен, инструменттермен, агрессивті ерітінділермен,

аппараттармен жұмыс істегенде және қалдықтарды пайдаға асыру кезінде қауіпсіздік

техникасын сақтау бойынша.

5)Тақырыпты оқып білуге студенттердің ынталануын дамыту: «Механикалық әсер ететін ортодонтиялық аппараттар. Қолдану шарттары, әсер ету принципі».