Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ортодонт.5 курс Тжірибелік сабаа нсаулар 2016-2017жж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

3.Оқыту міндеттері:

1.Осы тақырыптың тарихын зерттеу;

2.Периодонттың, пародонттың, сүйектердің, шықшыт буындарының тіндерінің, тістесудің физиологиялық жағдайларын және тісжақ жүйесінің қызметтерін зерттеу;

3.Жазықтықтар бойынша тістерді жылжытқанда гистологиялық көрінісін зерттеу;

4.Тістерді жылжыту үшін қолданылатын дозаланған күштерді зерттеу;

5.Кеңейткенде және қысқанда сүйек тіндерінің, жақ сүйектерінің қайта құрылу үрдістерін зерттеу;

6.Ортодонтиялық аппаратпен емдегенде шықшыт буындарындағы құрылымдардың қайта құрылу үрдістерін зерттеу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Периодонттың, пародонттың, тістің, жақ сүйектерінің анатомиялық және физиологиялық құрылысы;

2.Жақ сүйектерінің өсу зоналары;

3.Тістердің алмасу кезеңінде, тұрақты тістесуде шықшыт буындарының физиологиялық құрылысы;

4.Бас сүйегімен жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің қосылатын жерлері;

5.Бет қаңқасының сүйектері;

6.Жазықтықтар бойынша тстерді жылжытқанда гистологиялық препараттардағы өзгерістер;

7.Кеңейткенде және қысқанда болатын сүйектердің, таңдай жігінің, сүйектер қосылатын жерлердің гистологиялық препараттарындағы өзгерістер;

8.Төменгі жақ сүйегін жазықтықтар бойынша жылжытқанда шықшыт буындарындағы, рентгенограммалардағы, томография жасағандағы өзгерістер.

Сабақты жүргізу сценарийі

п/п

Сабақ кезеңі

Сабақ кезеңінің мазмұны

оқыту түрі

Бақыдау әдістері (мұғаліснің таңдауы бойынша)

Уақыты

(мин

1.

Кіріспе бөлімі

студенттер тізімін тексеру, сыртқы келбетке назар аудару, мотивация, мақсаттар мен тапсырмаларды жариялау

-

-

10 минут

2.

Бастапқы білім деңгейін бақылау

Бастапқы білім деңгейін бақылау.

-

1.ауызша сұрау

2.Жазбаша

3.Блиц-сұрау

5.Тест

90 минут

3.

Негізгі кезең:

1. тісжақ ауытқулары бар науқастарды қабылдауды көрсету, емдеу жоспарын және ортодонтиялық аппараттардың конструкциясын анықтау. Окклюзияның клиникалық талдауын жасау 2. Тісжақ ауытқулары бар науқастардың ортопантомограммаларында және гипстен құйылған модельдерде тістердің бойлық осьтерін анықтау, ортодонтиялық аппараттардың белсенді элементтерінің орналасуын анықтау

Оқытушының жұмысына қарау

Амбулаторлық картаны толтыру, ортодонтиялық аппараттың белсенді элементтерінің конструкцияларын жоспарлац туралы

Ортодонтиялық емдеуді қабылдап жүрген науқасты көрсету, амбулаторлы карталар, диагностикалық модельдер, R- суреттер

Белгілеу үшін қолданылатын инструменттер гипстен жасалған тістерге жәен рентгенограммаларға сызықтарды түсіру, гипстен құйылған модельдер және емдеуге дейінге рентген суреттер.

Рентгенге түсірілген суреттерде белгі түсіру үшін инструменттер, шайнау аппаратының элементтерінің сызықтық, бұрыштық қатынастарын анықтау, ОПТГ, томограммалар.

100 минут

Үзіліс

30 минут

4.

Сапаны тексеру кезеңі

1. Қорытынды бақылау

1.ауызша сұрау

2.Жазбаша

3.Блиц-сұрау

4.Тест

5. Ситуациялық есептерді шығару

15 минут

2.Кері байланыс

30 минут

3. Бағалау қағаздарын толтыру (чек-парақтар),

20 минут

4. қорытынды бағаларды қою және жариялау, жүрналға баға қою

10 минут

5. Келесі үй тапсырмасы бойынша комментарии жасау

10 минут

Қорытынды

320 минут (3 академических сағат 100 минуттан = 300 минут, 2 үзіліс 10 минуттан = 20 минут).