Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ортодонт.5 курс Тжірибелік сабаа нсаулар 2016-2017жж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

7.4. Құқықтық компетенцияны бағалау

Сұрақтар:

1.Тісдәрігерлік рентген суреттерін дайындау кезіндегі сәуле қысымының биіктігін анықтап,

рентген құрылғыларымен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

2.Телерентгенографияның техникалық белгілері.

3.Тісдәрігерлік рентген суреттерін дайындау кезіндегі сәуле қысымының биіктігі.

4.Науқасқа сәуле энергиясының теріс әсерін төмендететін қоғаныс шаралары.

7.5.Білімін жетілдіру дағдыларын бағалау:

- презентация және СӨЖ қоғау тақырып бойынша: «Телерентгенография (ТРГ әдісі, Шварц бойынша ТРГ анализі)».

Кафедра – Балалар стоматологиясы

Пән - Ортодонтия және балалар жасындағы протездеу -ПДО-04

Мамандығы - 5В130200 «Стоматология»

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқама

ТАҚЫРЫБЫ: Тісжақ аймағының ортодонтиялық жұмыстарынан кейінгі құрылымдық және қызметтік өзгерістері (пародонт және сүйек тінінің қайта өзгеруі, СТЖБ-ның өзгерістері)

Академиялық сағат: 7,0

КУРС: 5

СЕМЕСТР 9-10

Алматы 2016 ж

Құрастырғандар: профессор Мамеков а.д.

ассистент Дурумбетова М.М.

ассистент Оспан О.Б.

Модуль мәжілісінде талқыланды

Хаттама № « 1 » _____________31.08_________ 2016ж.

Бекітемін:

Балалар стоматологиясы кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.д.,профессор ___________________ Ермуханова Г.Т.

1. Тақырып №8: Тісжақ аймағының ортодонтиялық жұмыстарынан кейінгі құрылымдық және қызметтік өзгерістері (пародонт және сүйек тінінің қайта өзгеруі, СТЖБ-ның өзгерістері)

2.Мақсаты:

1)Білімін тұжырымды етіп қалыптастыру:

-Ауруларды ортодонтиялықемдеу кезіндегі тіндердің қайта құрылулары туралы сұрақтар бойынша (пародонттың және сүйек тінінің қайта құрылуы, шықшыт буынындағы өзгерістер);

- Тістерді ортодонтиялық жылжыту биомеханикасы бойынша, еңсітіп-айналдыру (Калвелис бойынша) және дене бойымен;

- Механикалық және функциональдық аппараттармен әсер еткендегі тіндердің қайта құрылуы;

-Тістерді горизонтальды жылжытқанда пародонт тіндерінің қайта құрылуы;

-Тістерді вертикальды жылжытқанда пародонт тіндерінің қайта құрылуы;

-Тістесудің ауытқуларын ортодонтия лық емдеу кезіндегі шықшыт буынындағы тіндердің қайта құрылуы;

-Жақ сүйектерін кеңейткенде және қысқанда сүйек тінінің қайта құрылуы.

2)Операциональды дағдыларын тұжырымды етіп қалыптастыру:

-Белсенді ортодонтиялық элементтің күшінің әсер ететін нүктесін анықтау;

-Ортодонтиялық аппараттың әсер ету күшінің шамасын анықтау;

-Ортодонтиялық аппараттың анкораж жүйесін құрастыру.

3)Коммуникативті дағдыларын дамыту:

– жаңа терминдерді кіргізу арқылы: тарту зонасы, созу зонасы, күштің әсер ету нүктесі, тісті еңсітіп-айналдырып жылжытқанда пародонттың биоморфологиясы, ортодонтиялық салмақ түскенде сүйек тінінің қайта құрылуы, ортодонтиялық аппараттың күшінің шамасы, қысым күші иен тарту күшін өлшейтін құралдар, тістерді ортодонтиялық жылжытқанда пародонт тіндеріне қысым жасалу.

4)Заң құзіреттілігін тұжырымды етіп қалыптастыру зерттеу арқылы:

-Тісжақ ауытқулары бар ауруларды ортодонтиялық емдегенде ортодонтиялық салмақтың әсерінен пайда болатын асқынуларды;

-Түбірлері қалыптаспаға, қатты тіндерінің ауытқулары бар және ұлпасы алынған тістерді ортодонтиялық жылжыту мүмкіншіліктері;

-Аз мөлшердегі күштерді қолданудың мақсатқа сәйкестігін, олар пародонтқа теріс әсерін төмендетуге мүмкіндік береді;

-Денсаулық сақтау жүйесінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау сұрақтары бойынша заңдық білімдері мен дағдыларын қалыптастыру.

5) Тақырыпты зерттеуге студенттердің ынталануын дамыту: «Ортодонтиялық емдеу кезіндегі тісжақ жүйесіндегі морфологиялық өзгерістер (пародонттың және сүйек тінінің қайта құрылуы, шықшыт буынындағы өзгерістер)».