Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ортодонт.5 курс Тжірибелік сабаа нсаулар 2016-2017жж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

БАЛАЛАР ЖАСЫНДАҒЫ СТОМАТОЛОГИЯ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ ЖӘНЕ ОРТОДОНТИЯ МОДУЛІ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАМА

Кафедра – Балалар стоматологиясы

Пән –Ортодонтия және балалар жасындағы протездеу -ПДО-02

Мамандығы - 051302 «Стоматология»

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқама

1 ТАҚЫРЫП: Ортодонтиялық көметің ұйымдастырудың қағидалары. Ортодонтия бөлімінің жұмысын ұйымдастыру. Балалардағы тісжақ аймағы ауытқуларын және құрылымдық бұзылыстарын клиникалық диагностикалаудың әдістері. Статистикалық және динамикалық бақылау жүргізу.

Академиялық сағат – 6.5

Курс: 5

Семестр 7-8

Алматы, 2016ж.

Құрастырғандар: профессор Мамеков а.д.

ассистент Дурумбетова М.М.

ассистент Оспан О.Б.

Модуль мәжілісінде талқыланды

Хаттама № « 1 » _____________31.08_________ 2016ж.

Бекітемін:

Балалар стоматологиясы кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.д.,профессор ___________________ Ермуханова Г.Т.

Тақырып №1. Ортодонтиялық көметің ұйымдастырудың қағидалары. Ортодонтия бөлімінің жұмысын ұйымдастыру. Балалардағы тісжақ аймағы ауытқуларын және құрылымдық бұзылыстарын клиникалық диагностикалаудың әдістері. Статистикалық және динамикалық бақылау жүргізу.

Мақсат:

1) Білімді қалыптастыру:

- ортодонт-дәрігердің нормативті құжаттары бойынша

- ортодонтия бөлімінің жұмысын ұйымдастыру бойынша

-ортодонтия бөлімінің құрылғылары мен аспаптары бойынша

- ортодонтиялық қабылдаудағы асептиканың қағидалары бойынша

- ортодонт дәрігердің жұмысын ұйымдастыру бойынша

- тісжақ ауытқуларының қарқындылығының анықтау бойынша

- ортодонтиялық зертхананың жұмысын ұйымдастыру бойынша

- медициналық есеп құжаттарын енгізу ережелері бойынша

-ортодонт дәрігердің жұмысының негізгі сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша.

2) Операциональды дағдыларды қалыптастыру:

- ортодонтиялық емнің қиындылық дәрежесін анықтау

- есеп беру құжаттарын толтыру

3)Коммуникативті дағдыларды дамыту:

-жаңа терминдер мен түсініктерді енгізу арқылы: «ортодонт дәрігердің жұмысы жайлы нормативті құжаттар», «медициналық ұжымның штатты нормативі», «құрылғылар мен аспаптардың тізімі», «ортодонтиялық емнің ұзақтылығы мен қиындылығының дәрежесін анықтау».

4) Оқып білу арқылы құқықтық компетенцияны қалыптастыру:

-санитарлы-гигиеналық талаптар, техникалық қауіпсіздік ережелері

- ортодонтиялық емнің қиындылығының дәрежесін анықтау

- ортодонтиялық емнің ұзақтылығын анықтау

- ортодонтиялық қабылдаудағы асептиканың ережелері

- есеп беру құжаттарын толтыру және оларды енгізу мен сақтау ережелері

5) Студенттердің тақырыпты түсіну қабілеттерін дамыту: «Ортодонтиялық көмекті ұйымдастырудың қағидалары. Ортодонтия бөлімінің жұмысын ұйымдастыру».

3. Оқыту тапсырмалары:

1.Ортодонт дәрігердің жұмысы жайлы нормативті құжаттармен таныстыру

2. Ортодонтия бөлімінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын түсіндіру және үйрету

3. Ортодонтия бөлімінің құрылғылары мен аспаптары және асептика ережелерімен таныстыру

4.Тісжақ ауытқуларының алдын алуда емдеу қиындылығын, құрылымын, штатын үйрету

5. Ортодонтиялық емнің қиындылығының дәрежесін анықтаудағы білімді қалыптастыру

6. Есеп беру құжаттарын енгізу ережелерімен таныстыру

7. Медициналық тұлғамен, әріптестермен коммуникативті сұқбаттасуды дамыту

8. Профессиональды әдебиеттерді оқып білуге студентті ынталандыру