- •Визуалды зерттеу әдістері:
- •Асқазан-ішек жолы мүшелерінің рентгенологиялық зерттемесінің ерекшеліктері:
- •Бүйрек үсті безін зерттеу
- •Гипофиз аденомасы.
- •Қалқанша безінің аденомасы
- •Бүйрек үсті безінің рагі мен аденомасы.
- •Гематология
- •Абцесс:
- •Рентгенологическое обследование
- •Ультразвуковое исследование (узи) вилочковой железы (тимуса)
Бүйрек үсті безін зерттеу
Бүйрек үсті безін визуализациялау үшін КТ және МРТ қолданылады. Бүйрек үсті безі ауруларын диагностикалауда аталған екі аспаптық зерттеу әдісінің ақпараттылығы бірдей. КТ-нің артықшылығы- бағасының арзандылығында. Бүйрек үсті безінің жоғары полюсі томографиялық кесіндіде XI-XII кеуде омыртқасына сәйкес келеді, жиі төменгі қуыс көктамырының артында үлкен емес жолақ ретінде көрінеді. Оның сол жағында диафрагманыңы оң жақ аяқшасы мен қолқаның құрсақтық бөлімінің диафрагмаішілік бөлігі жатыр. Оң жағында бауырдың оң жақ бөлігі орналасқан. Сол жақ бүйрек үсті безі «Y» әріпі немесе үшбұрыш пішіні түрінде көрініп, сол жақ бүйректің жоғарғы полюсінен медиальды, алға қарай орналасады. Сол жақ бүйрек үсті безінің алдында, ұйқыбезі құйрығының артында көкбауыр артериясы жатыр. КТ мен МРТ кезінде бүйрек үсті безінің қыртысты және милы заты ажыратылмайды. Екі әдіс те бүйрек үсті безінің көлемін, онда дамыған патологиялық түзілістерді анықтауға, олардың көлемі мен пішінін бағалауға мүмкіндік береді.
Ең бірінші бүйрек үсті безінің визуализациясы гиперкортицизммен сипатталатын ауруларға қажет. Бүйрек үсті безінің қатерлі ісіктерінің дамуына күмән туғанда, бүйрек үсті безінің көрші тіндермен қарым-қатынасын бағалауға мүмкіндік беретін МРТ зерттеу әдісін жүргізген орынды. УДЗ барысында диаметрі 3 см болатын ірі ісіктерден басқа жағдайда, бүйрек үсті безі нашар визуализацияланады.
Феохромоцитоманың топикалық диагностикасында аса маңызды ақпаратты 123I-метайодбензилгуанидинмен (13II-МЙБГ) сцинтиграфия береді. Біріншілік гиперальдостеронизмнің диагностикасында бірқатар жағдайларда зақымдануды латерализациялау мақсатында бүйрек үсті безі көктамырынан селективті қан алумен ангиографиялық зерттеу жүргізу қажет.
Сурак 5.
Гипофиз аденомасы.
Гипофиздің интраселлярлы ісіктерінің рентгендиагностикасы түрік ершігінің өлшемдерін анықтауға негізделеді. Қалыпты жағдайда түрік ершігінің өлшемдері тең: сагиттальды — 12–15 мм, вертикальды— 8–9 мм.
Гипофиздің үлкен аденомалары түрік ершігі өлшемдерінің үлғаюына, кіреберісінің кеңеюіне, сына тәрізді сүйек өсінділерінің жіңішкеріп, қысқаруына, түбінің тереңдеуіне, ершік арқасының бұзылуына, екі контурлы болуына (бір немесе екі кескіннің нақты болмауы) әкеледі, дегенмен бұл ешқандай диагностикалық қиындықтар тудырмайды . Түрік ершігінің шекарасынан аспайтын гипофиз микроаденомаларының рентгенограммаларында ешқандай өзгерістер анықталмайды.
Сурак 6.
Қалқанша безінің аденомасы
УДЗ .Негізгісі УДЗ
Формасын размерін анықтауға болады
Капсуласы анық
Капсуласы ішінде түйін болады
КТ,МРТ
УДЗ да табылмаса жасалады
Стандартты емес жерде орналасса
Сирек қолданылады.
Р жасалмайды
Сурак 7.
Кушинг синдромы: гипофиз ісігі немесе гиперплазиясы нәтижесінде АКТГ секрециясының жоғарылауына байланысты дамитын, бүйрек үсті безі гормондарының гиперпродукциясымен көрінеді.
Краниограммада:
бассүйек сүйектерінің остеопорозы;
түрік ершігі өзгемеген
түрік ершігі арқасының остеопорозы
Р.
Омыртқа денесінің остеопорозы
Балық омыртқасы.
Ең негізгі әдіс КТ.
Гипофиздің үлкен аденомалары түрік ершігі өлшемдерінің үлғаюына, кіреберісінің кеңеюіне, сына тәрізді сүйек өсінділерінің жіңішкеріп, қысқаруына, түбінің тереңдеуіне, ершік арқасының бұзылуына, екі контурлы болуына (бір немесе екі кескіннің нақты болмауы) әкеледі, дегенмен бұл ешқандай диагностикалық қиындықтар тудырмайды . Түрік ершігінің шекарасынан аспайтын гипофиз микроаденомаларының рентгенограммаларында ешқандай өзгерістер анықталмайды.
Сурак 8.
