Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KR_kons_ekzamen_zhauaptary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69.68 Кб
Скачать

1-билет

1).Конституциялық құқық — ҚР құқық жүйесінің жетекші саларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.

Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар құрайды. Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.

Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ тәжірибелік мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық қүқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. ¤йткені, нақты құқықтық әрекеттерді таңдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу.

Конституциялық құқықнормаларымен реттелетін қатынас мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқықнормалары аталған салалардың барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметгік, діни байланыстардың негізін қалайды.

Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталады, белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялык-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей:

1. Міндеттеу әдісі;

2. Тыйым салу әдісі;

3. Рұқсат ету әдісі;

4. Тану әдістерді қолданылады.

Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да катысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады.

Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілетгігін белгілеу кезінде де қолданылады.

Құқықтық реттеудің тағы бір әдісі — тану әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқықжөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс обьективті фактордан — адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды.

2.) ҚР Конституциялық құрылысының негіздері

3.) Үкіметтің сыртқы қызметі.

2-билет

1). 1. Саяси партиялардың қызметi ерiктiлiк, тең құқықтылық, өзiн-өзi басқару, заңдылық және жариялылық принциптерiне негiзделедi. Осы Заңмен белгiленген шектеулердi қоспағанда, саяси партиялар iшкi құрылымын, мақсаттарын, қызмет нысандары мен әдiстерiн еркiн анықтайды.

      2. Саяси партиялардың қызметi адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиiс.

      3. Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси партияға мүше болып табылатын азаматтарына саяси партиялардың басшы органдарында, депутаттыққа және мемлекеттiк билiк органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарындағы өзге де сайланбалы қызметтерге кандидаттардың тiзiмiнде өкiлдiк етуi үшiн бiрдей мүмкiндiктер жасауға тиiс.

      4. Саяси партиялардың ұйымдық құрылымы аумақтық принцип бойынша құрылады.

      5. Саяси партиялар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшы органдары Қазақстан Республикасының аумағында болуға тиiс.

      6. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң саяси партияларының қызметiне жол берiлмейдi.

      7. Мақсаттары немесе iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауiпсiздігiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, Ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты тұтатуға бағытталған саяси партияларды құру мен олардың қызметiне тыйым салынады.

      8. Азаматтардың кәсiби, нәсiлдiк, ұлттық, этникалық және дiни белгiлерi бойынша саяси партиялар құруға, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында саяси партиялардың бастауыш партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi.

      9. Әскерилендiрiлген саяси партиялар, сондай-ақ саяси партиялар жанынан әскерилендiрiлген құралымдар құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.

      10. Бiлiм беру ұйымдарының оқу процесiнде саяси партиялардың бағдарламалық, жарғылық талаптарын насихаттауға жол берiлмейдi.

2). 3-бап. Сайлау құқығы принциптерi

      1. Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

      2. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

      3. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.

4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы

      1. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.

      2. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы.

      3. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

      4. Мыналар:

      1) сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;

      2) сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидат бола алмайды.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерiс енгізілді - ҚР 1998.05.08 N 222, 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44, 2009.02.09 N 124-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңдарымен.

5-бап. Тең сайлау құқығы

      1. Сайлаушылар Республика Президентi, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламенті Мәжілісінің депутаттары және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болады.

      2. Сайлаушылар Республиканың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады.

      3. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына кепiлдiк берiледi.

      Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545, 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңдарымен.

6-бап. Төте сайлау құқығы

      Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтар тiкелей сайлайды.

7-бап. Жанама сайлау құқығы

      1. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар - мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады.

      2. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бiр дауысы болады.

      3. Алып тасталды - ҚР 1998.05.08 N 222 Конституциялық заңымен.

      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.05.08 N 222 Конституциялық заңымен.

8-бап. Жасырын дауыс беру

      Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.

9-бап. Сайлау жүйелерi

      1. Президентті, Парламент Сенаты депутаттарын, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады:

      1) алып тасталды - ҚР 1998.11.06 N 285 Конституциялық заңымен;

      2) мыналар:

      - дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентiнен астамының дауысын алған;

      - қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшiлiгiн алған.

      1-1. Саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдермен сайланады.

      2. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады.

      3. Өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезiнде дауыс санаудың мынадай жүйесi қолданылады:

      1) алып тасталды - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен;

      2) басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.

3).      31-бап. Конституциялық Кеңес шешiмдерiнiң түрлерi

      1. Конституциялық Кеңестiң отырысында қабылданатын кез келген акт оның шешiмi болып табылады.

      2. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi Конституциялық Кеңестiң конституциялық өкiлеттiгiн жүзеге асыратын қорытынды шешiмдер және Конституциялық Кеңестiң өзге де өкiлеттiгiн жүзеге асыратын басқа да шешiмдер болып бөлiнедi.

      32-бап. Конституциялық Кеңес шешiмдерiнiң нысаны

      Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi мынадай нысанда қабылданады:

      1) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген құқығының құрамдас бөлiгi болып табылатын қаулылар, соның iшiнде нормативтiк қаулылар;

      2) қорытындылар;

      3) жолдаулар.

      33-бап. Конституциялық Кеңестiң шешiмдер қабылдауы

      1. Конституциялық Кеңес шешiмдердi алқалы түрде қабылдайды.

      2. Конституциялық Кеңес шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы, ал Конституциялық Кеңестiң тiптi бiр мүшесi талап етсе де - жасырын дауыс беру арқылы қабылдайды.

      3. Егер шешiм қабылдау кезiнде Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң дауыстары тепе-тең бөлiнген болса, Конституциялық Кеңес Төрағасының даусы шешушi дауыс болып табылады, ол барлық жағдайларда өз даусын ең соңында бередi. Конституциялық Кеңес Төрағасының орнын оның уәкiлдiк беруi бойынша Конституциялық Кеңестiң тиiстi мүшесi ауыстырған жағдайда бұл ереже қолданылмайды. Бұл жағдайда Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе бастапқы дауыс беруге қатыспаған мүшесiнiң қатысуымен қайтадан дауыс беру өткiзiледi.

      4. Конституциялық Кеңестiң мәжiлiсi кезiнде оның отырысқа қатысқан мүшелерiнiң ешқайсысының да қалыс қалуға немесе дауыс беруге қатыспауға хақы жоқ.

      5. Конституциялық Кеңес қабылдаған шешiмдер оларға Төраға қол қойғанға дейiн дауыс беруге қатысқан Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң қолдарымен алдын ала расталады.

      34-бап. Конституциялық Кеңес мүшесiнiң ерекше пiкiрi

      Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiмен келiспеген оның мүшесi өз пiкiрiн жазбаша түрде бiлдiруге хақылы.

      35-бап. Конституциялық Кеңестiң қосымша шешiмi

      1. Конституциялық Кеңес мына жағдайларда қосымша шешімдер қабылдайды, егер:

      1) Конституциялық Кеңестің шешіміне түсіндірме беру туралы мәселе қойылса. Мұндай жағдайда қосымша шешім конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың не Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімін орындауға міндетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өтініштері бойынша қабылданады;

      2) Конституциялық Кеңестің шешімінде жіберілген редакциялық сипаттағы дәлсіздіктер мен қателерді түзету қажет болса. Мұндай жағдайда Конституциялық Кеңес қосымша шешімді өз бастамасы бойынша қабылдайды.

      2. Қосымша шешiм Конституциялық Кеңес шешiмiнiң шынайы мазмұнына, мағынасы мен мақсатына қайшы келмеуге тиiс.

      3. Қосымша шешiмдi Конституциялық Кеңес отырысында қабылдайды, отырысты өткiзу тәртiбi Конституциялық Кеңестiң регламентiмен белгiленедi.       Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.06.17 N 41-IV Конституциялық заңымен.

      36-бап. Конституциялық Кеңестiң шешiмiн қайта қарау

      1. Конституциялық Кеңестің шешімін ол Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша немесе өз бастамасы бойынша мына жағдайларда, егер:

      1) қабылданған шешімге негіз болған Конституция нормасы өзгерсе;

      2) өтініштің мәні үшін жаңа елеулі мән-жайлар ашылса, қайта қарауы мүмкін.

      2. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде Конституциялық Кеңестің шешімін ол Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша қайта қарауы мүмкін.

      3. Шешімді қайта қарау туралы Конституциялық Кеңес қаулы шығарып, ол арқылы осы шешімнің күшін жояды.

      4. Қорытынды шешім қайта қаралған жағдайда Конституциялық Кеңестің Төрағасы өз өкімімен осы мәселе бойынша жаңа отырыс өткізудің күні мен тәртібін белгілейді.       Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.06.17 N 41-IV Конституциялық заңымен.

      37-бап. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiнiң                мазмұны

      Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiнде:

      1) оның атауы, шығарылған күнi мен орны;

      2) оны шығарған Конституциялық Кеңестiң құрамы;

      3) өтiнiш жасаушы субъектiлер мен олардың өкiлдерi;

      4) өтiнiштiң мәнi;

      5) Конституция мен осы Конституциялық заңның Конституциялық Кеңестiң iс жүргiзуге қабылданған өтiнiштi қарау құқығын белгiлейтiн нормалары;

      6) Конституциялық Кеңес анықтаған мән-жайлар;

      7) жарияланған немесе алынған көздерi көрсетiле отырып, конституциялылығы тексерiлген актiнiң атауы;

      8) лауазымды адамдардың конституциялылығы тексерiлген шешiмдерi;

      9) Президент сайлауын, Парламент депутаттары сайлауын немесе республикалық референдум өткiзудiң дұрыстығы тексерiлген учаскелер, округтер, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер;

      10) ресми түсiндiрме беруге ұшыраған Конституция нормасының (нормаларының) мазмұны;

      11) Конституцияның 47-бабының 1, 2 тармақтарында белгiленген, сақталуы тексерiлген рәсiмдер;

      12) Конституциялық Кеңес ұйғарған шешiм пайдасына келтiрiлген дәлелдер;

      13) Конституциялық Кеңес басшылыққа алған Конституция нормалары;

      14) шешiмнiң тұжырымы;

      15) шешiмнiң орындалу және жариялану тәртiбi мен мерзiмi;

      16) шешiмнiң түпкiлiктiлiгi көрсетiлуге тиiс.

      38-бап. Конституциялық Кеңес шешiмiнiң заңдық күшi

      1. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмi ол қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және шағым жасауға жатпайды. Өзге шешiмдердiң күшiне ену тәртiбiн Конституциялық Кеңес белгiлейдi.

      2. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiне тұтастай немесе белгiлi бiр бөлiгiнде Республика Президентiнiң қарсылықтары енгiзiлуi мүмкiн, олар:

      1) Президент шешiмiнiң мәтiнiн алған күннен бастап бір ай мерзiмнен кешiктiрiлмей енгiзiледi;

      2) Конституциялық Кеңес мүшелерi жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен еңсерiледi.

      3. Республика Президентiнiң қарсылығы еңсерiлмеген жағдайда, Конституциялық Кеңестiң шешiмi қабылданбады деп есептеледi және конституциялық iс жүргiзу тоқтатылады.

3-билет

1.) .  1. Саяси партиялардың қызметi ерiктiлiк, тең құқықтылық, өзiн-өзi басқару, заңдылық және жариялылық принциптерiне негiзделедi. Осы Заңмен белгiленген шектеулердi қоспағанда, саяси партиялар iшкi құрылымын, мақсаттарын, қызмет нысандары мен әдiстерiн еркiн анықтайды.

      2. Саяси партиялардың қызметi адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиiс.

      3. Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси партияға мүше болып табылатын азаматтарына саяси партиялардың басшы органдарында, депутаттыққа және мемлекеттiк билiк органдары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарындағы өзге де сайланбалы қызметтерге кандидаттардың тiзiмiнде өкiлдiк етуi үшiн бiрдей мүмкiндiктер жасауға тиiс.

      4. Саяси партиялардың ұйымдық құрылымы аумақтық принцип бойынша құрылады.

      5. Саяси партиялар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшы органдары Қазақстан Республикасының аумағында болуға тиiс.

      6. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң саяси партияларының қызметiне жол берiлмейдi.

      7. Мақсаттары немесе iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауiпсiздігiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, Ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты тұтатуға бағытталған саяси партияларды құру мен олардың қызметiне тыйым салынады.

      8. Азаматтардың кәсiби, нәсiлдiк, ұлттық, этникалық және дiни белгiлерi бойынша саяси партиялар құруға, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында саяси партиялардың бастауыш партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi.

      9. Әскерилендiрiлген саяси партиялар, сондай-ақ саяси партиялар жанынан әскерилендiрiлген құралымдар құруға және олардың қызметiне тыйым салынады.

      10. Бiлiм беру ұйымдарының оқу процесiнде саяси партиялардың бағдарламалық, жарғылық талаптарын насихаттауға жол берiлмейдi.

2). Конституция нормаларына сәйкестігін тексеру

      Конституцияның 4-бабының 2-тармағына сәйкес Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Сондықтан заң жобасын ең алдымен Конституцияның нормаларына сәйестігіне тексеру керек.

      Практика көрсетіп отырғанындай, заң жобаларында көбінесе Конституцияның азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты ережелеріне қайшылықтар кездеседі.

      Мәселен, құқық тәртібі және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі заң жобаларын дайындау кезінде Конституцияның Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деген 1-бабының 1-тармағының ережесі кейде еленбейді.

      Жобаларды әзірлеушілер қылмысқа қарсы күрес бойынша шаралардың тиімділігін арттыруды мақсат етіп қоя отырып, көбінесе азаматтардың құқықтарын негізсіз шектеуді ұсынады, ал бұдан қылмыскерлер емес, бірінші кезекте заңға бағынатын азаматтар зардап шегеді. Жобалардың кейбір авторлары әлеуметтік бағдарламаларға жұмсалатын мемлекеттік шығыстарды барынша азайтуға тырыса отырып, Конституцияның жоғарыда аталған нормасын ұмытып кетеді, оған сәйкес біздің мемлекетіміздегі ең қымбат қазына адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, демек мемлекеттің басты міндеті – бюджет қаражатын үнемдеу емес, оларды қамтамасыз ету.

      Заң сараптамасын жасауға ұсынылатын жобаларда шаруашылық қызметі саласында мемлекеттік ұйымдарға мемлекеттік емес ұйымдарға қарағанда көбірек негізсіз басымдықтар беруге бағытталған ережелер жиі кездеседі, ал бұл Конституцияның 6-бабының 1-тармағына қайшы келеді, онда Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады делінген.

      Конституцияның 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының тізбесі Конституцияның ІІ бөлімінде көрсетілген.

      Конституцияның 39-бабының 1-тармағына сәйкес адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін екендігін атап өту маңызды. Бұл ретте Констиуцияның 10, 11, 13-15-баптарында, 16-бабының 1-тармағында, 17-бабында, 19-бабында, 22-бабында, 26-бабының 2-тармағында көзделген құқықтар мен бостандықтар ешқандай жағдайда да шектеуге болмайды. Ал практикада заң жобаларын әзірлеушілер Конституцияда көзделген адам құқықтары мен бостандықтарын экономикалық мақсаттар үшін шектеуді ұсынады, бұл Конституцияға сәйкес келмейді.

      Заң сараптамасын жүргізу кезінде заң жобасы ережелерінің Конституция мен басқа да заңнамалық актілер нормаларының мазмұны мен мағынасын бұрмалайтындығына назар аудару қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]