- •II топ мүгедегі
- •12 Елі ішекте қысымның жоғарылауы
- •50 Жастағы әйелде созылмалы вирусты с гепатиті репликация фазасы анықталды.
- •18 Жасар жасөспірімде суықтап ауырғаннан соң : шөлдеу, полиурия, жалпы әлсіздік пайда болды, қандағы қант мөлшері 20ммоль/л, зәрде 5% ацетон оң мәнді.
- •24 Гр дозада басты сәулелендіру
- •2 Аптада 1 рет
18 Жасар жасөспірімде суықтап ауырғаннан соң : шөлдеу, полиурия, жалпы әлсіздік пайда болды, қандағы қант мөлшері 20ммоль/л, зәрде 5% ацетон оң мәнді.
Қандай төмендегі көрсетілген диагноз ең ықтимал болуы мүмкін?
ҚД 1типі
ҚД 2 типі
Стероидты ҚД
MODY-Диабет
Аутоиммунды ҚД
#128
Әйел 37 жаста, бойы 165 см, салмағы 84 кг, кездейсоқ диспансерлік тексеру барысында ашқарынға гликемия 10 ммоль/л, зәр анализінде глюкозурия 3 %, ацетон теріс мәнді болғаны анықталды. Туған ағасы қант диабетімен ауырады.
Қандай көрсетілген болжама диагноз ең ықтимал болуы мүмкін ?
MODY-диабет
Аутоиммунды ҚД
Стероидты ҚД
Қант диабеті 1 тип
Қант диабеті 2 тип
#129
Әйел 45 жаста, абдоминальды семіздік, артериальды гипертензия және дислипидемиямен зардап шегеді.
Диагнозды қою үшін қандай аталған зерттеулер ең маңызды болып табылады?
қандағы қантты анықтау
глюкозотөзімділік тесті
қандағы холестеринді анықтау
қандағы липопротеидтерді анықтау
қандағы креатининді анықтау
#130
Глюкозаға толеранттылықтың бұзылысын диагностикалауда қандай көрсетілген зерттеу әдістері ең ықтимал болып табылады ?
инсулинмен тамырішілік тест
глюкагонмен тамырішілік тест
тәуліктік гликемиялық профиль
толбутамидпен тамырішілік жүктеме
пероральды глюкозаға толеранттылық тесті
#131
Қандай аталған жағдайлар қант диабеті кезінде жүктілікті үзу үшін көрсеткіш болып табылады
Кетацидоз
Көп судың болуы
Бүйректік глюкозурия
Артериялық гипотония
Прогрессирлеуші нефропатия
#132
Жедел лейкоз кезіндегі нейролейкемияны алдын алу және емдеу кезіндегі қандай емдеу тактикасы ең ықтимал?
плазмаферез
форсирленген диурез
антибактериалды терапия
24 Гр дозада басты сәулелендіру
жаңа тыңғылықты қанды құю
#133
Ер, 53 жаста есептік терапевтке қаралды, шағымы сол жақ қабырға астындағы ауру сезімі.Зерттегенде - айқын спленомегалия. Анализ қанның: эр- 4,1 х1012 /л , Нв-120 г/л, лейк.-130х109 /л, промиелоциттер – 3%, миелоциттер – 5%, жас жасушалар – 9%. п/я-17%, с/я-48%, эоз.7%, баз.-3%, лимф.-8%, тр-350х109/л,ЭТЖ-28мм/сағ Қандай диагноз ең ықтимал?
эритремия
жедел лейкоз
остеомиелосклероз
созылмалы лимфолейкоз
созылмалы миелолейкоз
#134
ТТА кезінде диспансерлік бақылау кезінде қашан және қандай зерттеулер жасалады?
жылына 1 рет, стерналды пункция
жылына 2 рет, ішкі ағзаларды УДЗ
жылына 2 рет, биохимиялық анализ (бауыр сынамалары)
жылына 2 рет, ЖҚА және стерналды пункция
жылына 2 рет, ЖҚА және сарысулық темірдің құрамы
#135
Миелодиспласттық синдромы кезінде емдеудің радикалды әдістері?
дифференциалайтын препараттар
цитостатикалық химиотерапия
колоний ынталандырушы факторлар
аллогенді сүйек кемігінің трансплантациясы
эритроцитарлы массаны және тромбоконцентраттарды құюлар
#136
Қанның қандай ауруында сүйек рентгенографиялық зерттеуде остеодеструкция ошақтар анықталады?
эритремияда
жедел лейкозда
миеломды ауруында
созылмалы миелолейкозда
созылмалы лимфолейкозда
#137
Әйел 50 жаста, жүрген кезде күшейетін тізе буындарындағы ауру сезіміне, жарты сағаттық таңертеңгі сіресуге шағымданады. Қарап тексергенде: тізе буындары дефигурацияланған, периартикулярлы тіңдердің тығыздануы, оң жақта гипертермияның болуы. Зерттеу кезінде: тексерген адамның қол астында крепитацияның сезілуі, буындарда қозғалыс көлемі сақталған. Буындардың дистальді фалангааралық аймақтарында тығыз түйіндер және саусақтарының шығып кетуі байқалады. ЖҚА: эр-4,2 млн., л-5,6 мың. ЭТЖ-15 мм/сағ. СРБ, ревматоидты фактор теріс.
Осы патология кезінде қандай базистік дәрілік заттар тағайындалады?
СЕҚҚП
Антибиотиктер
Глюкокортикоидтар
Иммунодепрессанттар
Хондропротекторлар
#138
68 жастағы әйел, суға толы шелекті көтергеннен кейін арқасындағы қатты ауырсынуы(омыртқаның кеуде бөлігі) салдарынан қаралды. Ауырсыну белдеме тәрізді сипатқа ие, кішігірім қозғалыста, дене қалпын өзгерткенде ақ ауырсыну күшейеді. Алдын ала диагноз: остеопороз.
Диагностикалық ізденуді қай зерртеуден бастау керек?
омыртқа денситометриясы
остеокальцин деңгейін зерттеу
қан сары суында кальцийді зерттеу
омыртқа компьютерлі томографиясы
омыртқаның кеуде бөлігінің рентгенографиясы
#139
Ревматоидты артрит кезінде қабыну белсенділігін бағалау үшін белсенділік индексін - DAS 28 қолданады.
DAS 28 параметрлеріне не жатады?
Буын айналымы
Гемоглобин деңгейі
Лейкоциттер саны
Таңертеңгелік құрысудың ұзақтығы
Ауру сезімді және ісінген буындардың саны
#140
Ер кісіде 50 жаста 1 табанфалангалық буынның артриті, полиартралгиялар.
Қандай қосымша симптомы диагноз қоюға көмектеседі?
Туберкулез
Жиі баспалар
Таңертеңгілік құрысулар
Калькулезді нефропатия
Қосарланған сакроилеит
#141
Реактивті артриттің диагностикасына болуы қажет:
Буын крепитациясы
Ревматикалық түйіндер
Псориатикалық түйіндер
Асимметриялық олигоартрит
Симметриялық артрит майда буындардың
#142
42 жастағы әйел. Тамақтанғаннан соң 2 сағат өткеннен кейін денесінің дірілі, тершеңдік, көру өткірлігінің төмендеуі пайда болды. Анамнезінде: ҚД 1 типімен 3 жыл көлемінде ауырады. Объективті: тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Қойылған сұрақтарға жауап беруден бас тартады, агрессивті. Өкпеде - везикулярлы тыныс, пульс 98 рет/мин. АҚҚ – 90/50 мм с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Тілі ылғалды. Іші қалыпты. Қандағы глюкоза деңгейі – 2,8 ммоль/л.
Мына клиникалық жағдайда қандай емдеу тактикасы қолданылады?
калий тұзын т/і.
норадреналинді т/і
строфантин ерітіндісін т/і
инсулин дозасын жоғарылату
глюкоза 40%-40-60мл т/і
#143
Қандай аталған препараттар артериальды қан қысымы жоғарылау фонында метоболикалық синдромда ең қолайлы болып табылады ?
АПФ ингибиторлары
а-адреноблокаторлар
Тиазидтік диуретиктер
Селективті b-блокаторлар
кальций каналдарының блокаторлары
#144
Қандай аталған препараттар гипотиреоз кезінде тағайындауға ең тән ?
тироксин
мерказолил
анаприлин
метилурацил
операциялық ем
#145
Әйел 43 жаста, дене салмағының ұлғаюын, терісінің құрғауын, бетінің ісінуін, ішінің кебуін байқайды. Объективті: бойы -168 см, салмағы - 92 кг. Шынтақ және өкшелерінің айқын гиперкератозы байқалады. Беті ісіңкі, көз саңылаулары тарылған. ЖСЖ-46 рет мин. АҚҚ - 90/60 мм с.б.б.
Қандай аталған диагноздар ең ықтимал болуы мүмкін?
гипотиреоз
тиреотоксикоз
эндемиялық жемсау
Пиквик синдромы
созылмалы пиелонефрит
#146
Әйел 58 жаста, қант диабеті 2 типімен есепте тұрады. Қарағанда : салмағы 96 кг, бойы 168 см. Өкпеде везикулярлы тыныс, ТЖ 18 рет мин. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 78 рет мин., АҚҚ 140/90 мм с.б.б. Қандағы қант – 8,9 ммоль/л
Мына клиникалық жағдайда аталған препараттар тобының қайсысы ең тиімді ?
Бигуанидтер тобы
Сульфанилмочевина тобы
Қысқа әсерлі инсулиндер
Орташа әсерлі инсулин
Ұзақ әсерлі инсулин
#147
Әйел 29 жаста, іштегі ауру сезіміне, жүрек айнуға, құсу, аузының құрғауына, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде -10 күн ішінде шөлдеу сезімі ұлғайған және полиурия. Кенеттен жүрегі айнып, кешірек құсу, іштегі ауру сезімі қосылған. Науқас ессіз, қойылған сұрақтарға кешігіп жауап береді. Терісі құрғақ, бозғылт. Аузынан ацетонның иісі шығады. Пульс-97 рет минутына. АҚҚ- 100/70 мм.с.б.б. Эпигастрий аймағында ауырсынады, іштің тітіркену синдромы әлсіз оң мәнді. Қанда : лейк. – 12,8 мың., қандағы қант– 28 ммоль/л.
Кандай төменде көрсетілген терапия патогенетикалық болып табылады?
оксигенотерапия
40 % глюкоза
метформин
қарапайым инсулиндерді қолдану
пероральды қантты түсіретін дәрмектерді беру
#148
32 жастағы әйел. Шағымы жүрегінің соғуына, ентігуге, әлсіздікке, ашуланшақ, тершеңдік, азып кетуі. Өзін 1 жыл көлемінде ауру санайды, өте ауыр күйзеліс алған. Объективті: тынымсыз, көздері жанып тұрады, қол саусақтарының треморы, Ромберг позасында тұрақсыз, гипергидроз. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары қатаң, тахикардия. ЖСЖ 110 рет минутына. АҚҚ 150/30, 160/40 мм.с.б.б. Нәжісі іш өтуге бейім.
Диагноз қою үшін қандай аталған зерттеулер ең маңызды?
глюкозаны анықтау
электрокардиография
Қалқанша безінің УДЗ
кардиологтың кеңесі
қалқанша безінің гормондарын анықтау
#149
Хирург қолы С-4 (первомур) ерітіндісінде қанша уақыт өңделеді:
1 минуты
2 минут
3 минут
10 минут
5 минут
#150
Жараны жуу үшін қолданылатын калий перманганатының концентрациясы:
0.1%
1%
5%
20%
30%
#151
Паронихия-бұл қабыну:
фаланг аралық саусақтың буын аймағындағы тіннің ;
саусақтың тырнақ тіндерінің асты қабынуы;
тырнақ маңының сызаты
тырнақ маңы тінінің қабынуы;
саусақтардың барлық тіндерінің
#152
Жергілікті анестезия әдісін детальды қарастырып жүзеге асырды?
Кохер
Бакулев
Бурденко
Виноградов
Вишневский
#153
Жедел аппендициттің ең жиі көрінісі
Нәжістің шықпауы
Пульстің жиіленуі
Гектикалық температура
Жиі жеңілдік әкелмейтін құсық
Оң жақ мықын аймағының пальпациялағанда ауырсынуы
#154
Іштің жарақаты кезіндегі перитониттің жиі себебі:
бүйректің соғылуы
бауыр жарақаты
кіші жамбас қуысындағы гематомагематома малого таза
іш пердеартылық гематома
қуысты органның жарылуы
#155
Өңештің варикозды тамырларынан массивті және жедел қан кетуінің себебі:
асқазан рагы
асқазан полипі
тік ішек жарасы
тік ішектің шырышты қабатының сызаты
бауыр циррозы, портальды гипертензия
#156
Тілмеге тән арнайы асқыну?
Эритема
Сепсис
Лимфостаз
Лимфаденит
Тромбофлебит
#157
Флегмона кезінде терінің гиперемиясы интенсивті көрінеді?
Ошақтың ортасында
Ошақтың шет жағында
Гиперемия болмауы мүмкін
Ошақтың шеткі жағы қарайған
Ошақтың барлық беткейі біркелкі интенсивті
#158
Тілмеде интоксикация симптомы?
интоксикация болмайды
кез келген түрінде ауру басталғанда қосарланады
тілменің тек ауыр түрінде болады
ауру басталғаннан 3-4 тәулікте байқалады
ауру басталғаннан 5-7 тәулікте байқалады
#159
Емханалық жағдайда сүйек күбірткесін анықтауда қандай зерттеу әдісі нақты мәлімет береді?
КТ
МРТ
Пункция
Термография
Рентгенография пальцев кисти
#160
Мұрын фурункулезының асқынуына ЕҢ тән:
жедел ринитОстрый ринит
кавернозды синустың тромбозы
мұрын қалқасының деформациясы
беттің жұмсақ тіндерінің флегмонасы
венозды синустың тромбозы
#161
Аппендэктомияға қарсы көрсеткіш болып табылады?
аппендикулярлы инфильтрат
жүктіліктің екінші жартысы
геморрагиялық диатез
жайылған перитонит
миокард инфаркты
#162
Геморрой үшін ЕҢ тән?
артқы өтістің жырығы
тік ішектің қабырғаларының ісінуі
тік ішектің шырышты қабатының ісінуі
тік ішектің кавернозды денешіктерінің кеңеюі
параректальды клетчатканың созылмалы қабынуы
#163
«Ал қызыл» қан аралас нәжіс қандай ауруда жиі анықталады ?
тоқ ішектің ісіктері
тік ішектің полипі
анустың стенозында
парапроктитте
геморройда
#164
Созылмалы парапроктитті анықтауда ЕҢ ақпаратты зерттеу әдісі болып табылады?
Сфинктердің тонусын анықтау
ректоромоноскопия
фиброколоноскопия
ректальды зерттеу
ФГДС
#165
Тік ішектің түсуін қандай аурулармен ажырату қажет?
тік ішектің қатерлі ісігімен
созылмалы парапроктитпен
анальды канал полипімен
геморроидальды түйін тромбозымен
жіңішке ішек инвагинатының түсуімен
#166
Іш қабырғасының қысылған жарығының ерте белгілері:
біртіндеп басталады
жоғары температура
түзелмейтін жарық
бұлтиған жарықтың ауруы
жарық аймағындағы кенеттен ауыру сезімі
#167
Жарықтың түзелмеуіне әкелетін болуы мүмкін себептер?
жарық қақпасының тарылуынан
сырғымалы жарықтың болуы
жарық қабындағы үлкен шарбы майдың болуы
жарық қабының айналасындағы тіндермен жабысуынан
жарық қабының оның ішіндегі ағзалармен жабысуынан
#168
Операция алды кезеңіндегі уақыт аталады?
дәрігерлік конференцияда аурудың тарихын баяндама жасағанда талқылау барысында
емдеу мекемесіне науқас түскеннен бастап
оперция жасауға науқастан келісімін алғаннан бастап
диагноз анықталғаннан бастап
операцияға бір тәулік қалғанда
#169
Медициналық реабилитацияның негізгі міндеттері:
реабилитациялық шаралардың кеш басталуы
реабилитациялық шаралардың ерте басталуы
реабилитациялық шаралардың үздіксіздігі
реабилитациялық шаралардың ылғи жүргізілуі
жекелей көңіл бөлу (индивидуальный подход)
#170
Науқастарды белсенді иммунизациялау үшін қолданылатын препарат?
сіреспеге қарсы сарысу
сіреспеге қарсы анатоксин
полиомиелитке қарсы егу
антирабиялық сарысу
стафилококқа қарсы гамма-глобулин
#171
Қандай ауру өңештен қан кетуге жиі әкеледі?
Каролли синдромы
қысқа ілмек синдромы
портальды гипертензия синдромы
Золлингер-Эллисон синдромы
тітіркенген асқазан синдромы
#172
Қысылған жарықтың өздігінен қалпына келуі кезіндегі жалпы тәжірибелі дәрігерінің тактикасы:?
жылы ванна тағайындау
тазартушы клизма тағайынадау
күндізгі стационарға госпитализация
науқасты қайта қарап үйіне жіберу
хирургиялық стационар жағдайында бақылау және госпитализациялау
#173
Гемороидалды түйіндердің тромбозы кезінде амбулаторлы жағдайда тиімді шаралар:
іш жүргізетін препарат беру
түйіндерді қалпына келтіру
склеротерапия
амбулаторияда емдеу
госпитализация аноректальды блокада
#174
Абсцесстің оперативті емі:
пункция жасау
абсцессті ашу
блокадамен шектелу
абсцессті ашу және дренаждау
сау тін аймағында абсцесті кесу
#175
Ит тістегенде құтырудың алдын алу үшін емдік шаралар қолданылады:
жараның жергілікті санациясы
антибактериальды терапия
құтыруға қарсы сарысу қолдану
антирабиялық иммуноглобулиндерді бір уақытта қолдану және вакцина
Сіреспеге қарсы адамның иммуноглобулинін қолдану
#176
Операциядан кейінгі кезеңде тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу үшін, қажетті:
төсектік режим
анальгетиктерді енгізу
емдік гимнастика
ағзаның сусызданумен күресу
протромбинді индексті бақылау
#177
Іріңді күбірткенің емханадағы негізгі емдеу әдісі:
жалпы антибиотикотерапия;
іріңдікті ашу
жақпалы танғыш;
Рентгенотерапия
Физиотерапия
#178
Егер науқаста флегмонаны ащқаннан кейін 3-4 күндей жоғары температура және қалтырау сақталса, не жасау қажет:
Ыстықты түсіретін препараттарды тағайындау
Қанды егу және жараны тексеру
Рентгенотерапия тағайындау
Жергілікті мұз қолдану
Динамикада бақылау
#179
Жедел аппендицитке тән симптомдар:
іштегі ауру сезімі жок
қасаға үсті аймағындағы периодикалық ауыру сезімі
Ортнер симптомы оң
Ровзинг симптомы оң
эпигастрий аймағындағы бұлшықеттік дефанс.
#180
Жедел панкреатитте тағайындайды:
жедел операция
кальций препараттарын енгізу
холецистостомия
спазмолитиктер
Апиын препараттары
#181
Жедел іш синдромының ең маңызды клиникалық симптомы:
іштің бұлшықетінің әлсіздігі
ішек перистальтикасының күшеюі
іштің қызыуы
бұлшықеттік дефанс
іштің шұрылдауы
#182
Шап ұма жарығы мен аталық без қабаттарында су жиналуымен диф. Диагностика жүргізу кезінде қажет?
пункция жасау
перкуссия және пальпация
аускультация және перкуссия
трансиллюминация мен пальпация
тік ішекті саусақпен тексерупальцевое исследование прямой кишки.
#183
Шаптың сырғымалы жарығы және несеп қуықтың жарық ішіне шығуына тән:
ауыру сезімінің иық белдеуіне таралуы
қасағаның жоғары аймағында ауру сезімі
үзіліспен жиі зәр шығару
шап аймағында жарықтық бұлтиюдың көрінуі
жарықты пальпациялағанда кіші дәретке бару
#184
Іш қуысына енетін жара егер зақымдалу болса аталады:
бұлшықет
апоневроза
париетальды іш қуысы
бұлшықетаралық тамырлардың қиылысуы
іштің алдыңғы клетчаткасы
#185
ЖКК жеңіл сатысында консервативті емі:
гемостатиктер
гемотрансфузия
антибиотиктер
цитостатиктер
анальгетиктер
#186
Асқазан- ішектен қан кетудің жергілікті объективті белгілері:
құлақтағы шу
суық тер
қан қысымының көтерілуі
дене қызуының түсу
« кофе » тірізді құсық
#187
ҚР Денсаулық сақтау министiрлiгi бекiткен стандарттары бойынша қай жиiлiкпен жүктi әйел әйелдер консультациясына бару керек:
5 рет
6 рет
12 рет
7 рет
9 рет
#188
Босанғаннан кейін жатыр өзінің қалыпты мөлшеріне қашан келеді:
8 апта
10 апта
16 апта
20 апта
22 апта
#189
«Босанғаннан кейінгі мерзім» терминінің мәні:
босанғаннан кейінгі бірінші ай
босанғаннан кейінгі екі апта мерзімі
босанғаннан кейінгі 2 ай мерзімі
босанғаннан кейінгі аменорея мерзімі
нәрестені емізуден шығарғанға дейінгі мерзім
#190
Норплант капсуласы контрацептивтің қандай түріне жатады:
спермицид
имплантант
инъекциялық гестаген (ДМПА - депо-медроксипрогестеронацетаты )
Таза ауыз арқылы қабылдайтын прогестиндік контрацептив
Құрамында гестоген бар жатырішілік контрацептив
#191
ЖІС-ке қарсы көрсеткіш:
артериалді гипертензия
ревматикалық қызба
сальпингоофорит
қант диабеті
варикоз ауруы
#192
Қандай ағзаның қатерлі ісігін алдын алу үшін пероралді контрацептивті тағайындауға болады:
қынаптың
жатыр мойынының
эндометридің
жатыр түтіктерінің
тік ішектің
#193
Кеңес беру (консультирование ) деген:
пациентті медициналық қолдау
құқықтық қолдау түрі
пациентке нұсқау берудің түрі
психологиялық және медициналық жәрдем беру
зардаптар туралы хабар бермей ақпараттық бағдарламалар беру
#194
Ювенилді жатырдан қан кетудің ең жиі кездесетін патогенезі:
гиполютеинизм
фолликулдар атрезиясы
гиперпролактинемия
фолликулдердің персистенциясы
қан жүйесінде болатын ұю үрдесінің бұзылуы
#195
Леопольда-Левицкийдiң 3-шi әдiсi қандай мақсатпен жүргiзiледi:
нәрестенiң кiшi жамбасқа орналасқан мүшесiн анықтау үшiн
нәрестенiң болжам салмағын анықтау үшiн
нәрестенiң кiшi жамбасқа қараған мүшесiнiң орналасу деңгейiн анықтау
нәрестенiң жатқан түрiн, арқасының және ұсақ мүшелерiнiң орналасуын анықтау үшiн
жатыр түбiнiң деңгейiн және нәрестенiң iрi мүшелерiн анықтау үшiн
#196
Даун ауруын анықтау үшiн қандай скрининг әдiсiн қолдану керек. Төменгi тiзiмнен көрсетiңiз:
кордография
хорион биопсиясы
жүктiлiктiң ерте мерзiмiнде УДЗ жүргiзу
жүктiлiктiң ерте мерзiмiнде Адам хориогоникалық гормонынын (АХГ) деңгейiн анықтау
жүктiлiктiң 19-20 аптасында УДЗ жүргiзу
#197
Жүктiлiктiң 9 - 10 аптасында әйел келесi шағымдармен дәрiгерге келдi: сүйектер, бел, бұлшықеттерiнiң ауыруы. Ауыру себебiнен жүрiсi өзгердi, қасаға сүйектерi ауыра бастады, парестезия байқалды. Сiздiң диагнозыңыз:
радикулит
симфизит
жүктiлер остеопатиясы
қалыпты жағдай
жүктiлiктiң үзiлуiне қауiптi жағдай
#198
Ауыр преэклампсияның белгiлерi:
АҚҚ 160/110 мм.б.с.және жоғары протеинурия >3,0 г/л
АҚҚ >140/90 мм.рт.ст. протеинурия 1,0 г/л
бiркелкi iсiктер протеинурия 1,0 г/л
АҚҚ 160/110 және жоғары мм.б.с
протеинурия >3,0 г/л
#199
Физиологиялық жүрiп жатқан жүктiлiк кезiнде әйелге УДЗ-ны неше рет тағайындау керек:
2 рет
3 рет
4 рет
6 рет
10 ретке дейiн
#200
Төменде көрсетiлген жағдайлардың қайсында нәрестенiң допплерометриясы және кардиотокографиясы қажет:
екi нәрестелi жүктiлiк
үш нәрестелi жүктiлiк
ірi нәресте
құрсақiшiлiк жүрек ақауы
нәресте құрсақiшiлiк дамуының кiдiруi
#201
Медико-генетикалық консультацияға көрсеткiш болып, анамнезiнде жүктiлiктiң қай мерзiмiнде болған өздiгiнен аборттар табылады:
5-6 апта
10-12 апта
14-16 апта
18-22 апта
24-25 апта
#202
Қасаға сүйектері ажырап кеткендегі дәрігердің тактикасы қандай:
инфузиондық терапия
оперативтік емдеу
симптоматикалық ем тағайындау
антибактериалдық терапия
төсек тартып жату, кіші жамбасты қысып байлап тастау
#203
Кішкентай салмақпен туған нәресте емінің нәтижелі болып, перзентханадан шығаруға болатынын қалай білеміз:
нәжістің түсінің қалыпты болуы
салмақ динамиканың оң болуы
нәресте кіндігінің қалыпты болуы
конъюгациялық сарғаюының кетуі
лабораторлық зерттеу мәліметтерінің қалыптылығы
#204
Әйел перзентханадан босанғаннан 3 күннен кейін үйіне шығарылды. Жатыр түбі қай жерде орналасу керек:
кіндіктен 5-6 см төмен
кіндіктен 7-8 см төмен
кіндіктен 3 см төмен
қасағаның бойында
қасағадан төмен
#205
Жедел контрацепция қолдану тәртібі бойынша таблеткаларды 2 рет қабылдау керек: біріншісін - 72 сағаттан кешікпей, екіншісін - 12 сағаттан кейін. «Стандартты дозалы» ҚАК-ты дұрыс тағайындаңыз:
1-ші рет - 4 таблетка, 2-ші рет – тағы 2 таблетка
1- ші рет - 2 таблетка, 2- ші рет – еще 2 таблетка
1- ші рет - 2 таблетка, 2- ші рет – еще 4 таблетка
1- ші рет - 4 таблетка, 2- ші рет – еще 4 таблетка
1- ші рет - 1 таблетка, 2- ші рет – еще 1 таблетка
#206
Күйеуі бар, бір балалы, қант диабетімен ауыратын әйелге контрацептив тағайындаңыз:
монофазды гормоналді контрацепция
әйелдің хирургиялық стерилизация
үш фазалық гормоналді контрацепция
күйеуін хирургиялық стерилизация
жатырішілік контрацепция
#207
Біріншілік аналық без генезді аменорея диагнозын анықтау үшін қандай зерттеу жүргізу керек:
гистероскопия
кольпоскопия
кариотипті анықтау
гормон деңгейлерін анықтау
функционалдық диагностикалық тесттер
#208
Климактерикалық синдромының ерте белгілері:
Жүрек-қан тамырлық жүйе жұмысының бұзылуы (ЖИА, инсульт)
Ыстық құйылуы, тершеңдік, жүрек соғуы, ашуланшақтық
Терінің құрғауы, шаштың түсуі, тырнақтарының сыңғыш болуы
Зәр ұстай алмау, қынаптың құрғақтығы
Остеопороз, Альцгеймер ауруы
#209
Климактериялық синдромның ең тиімді терапиясы :
Психопрофилактикалық сөйлесу
Санаторлық емдеу
Витаминотерапия
фитотерапия
Орынбасушы гормоналді терапия
#210
Әйел 2 апта бойы етеккiрiнің кiдiруi, таңертеңгiлiкте жүрек айну, iшiнiң төменгi бөлiгiнде ауыру сезiмiне (көбiне сол жағында) шағымданады. Дәрiгер арнайы гинекологиялық зерттеу жүргiзiп, УДЗ-дан кейiн "үдемелi жатырдан тыс жүктiлiк" деген диагноз қойды. Диагнозы дәлелдеу үшiн қандай қосымша зерттеу жүргiзу керек:
қайталап УДЗ жүргiзу
динамикада УДЗ жүргiзу
адамның хориогоникалық гормонының (АХГ) деңгейiн бір рет тексеру
динамикада АХГ деңгейiн анықтау
стационарға диагностикалық лапароскопияға бағыттау
#211
Әйел 20 жаста. Осы бiрiншi жүктiлiгi. әелдер консультациясына келгенде келесi диагноз қойылды: Жүктiлiкiтiң 37 аптасы. Преэклампсияның жеңiл дәрежесi. Жүктi әйел қандай перзентханаға жатқызылу керек. Әйел Алматы қаласының тұрғыны:
2-шi деңгейлiк перзентзанаға
кез келген 1-шi деңгейлiк перзентханаға
әйелдiң қалаған кез келген перзентханаға
перинаталды орталығына (3-шi деңгей)
акушерия, гинекология және перинатологиялық ғылыми орталығына (3-шi деңгей)
#212
Қайта жүктiлiктi әйелдiң осы жүктiлiгiнiң 28 аптасында балтыр және iшiнде iсiк пайда болды. АҚҚ - 160/110 мм с.б., 170/110 мм с.б., зәрiндегi протеин деңгейi 3,0г/л. Диагноз:
бүйрек ауру фонындағы артериалдi гипертензия
преэклампсияның орташа дәрежесi
преэклампсияның ауыр дәрежесi
преэклампсияның жеңiл дәрежесi
гестационды гипертензия
#213
Қайта жүктiлiктi әйелдiң осы жүктiлiгiнiң 28 аптасында балтыр және iшiнде iсiк пайда болды. АҚҚ - 160/110 мм с.б., 170/110 мм с.б., зәрiндегi протеин деңгейi 3,0г/л. Әйелдер консультациясындағы дәрiгердiң тактикасы:
диуретик тағайындау
антигипертензивтi терапия жүргiзу
күндiзгi стационарда емдеу
магнезиалдi терапия жүргiзiп емдеу
жедел жәрдеммен перзентханаға жеткiзу
#214
Әйледiң жүктiлiк мерзiмi 38-39 апта. iш шеңберi - 99 см, Жатыр денесiнiң биiктiгi - 36см. Жорданиа бойынша нәрестенiң болжам салмағын көрсетiңiз:
3375,0 гр
4000,0 гр
3564,0 гр
3000, гр
3200,0 гр
#215
Гинеколог дәрiгерге мерзiмi 9-10 апталық жүктiлiгi бар әйел келдi. әйел инфекциялық ауруханадан қызылшаның ауыр дәрежесiмен ауырып емделiп шықты. Дәрiгердiң тактикасы:
жүктiлiктi үзу керек
витаминотерапия жүргiзу керек
жүктiлiктi жалғастыруға болады
гормонотерапияны тағайындап диспансерлiк бақылау керек
жүкті әйелдің дене шынықтыратын шаралар жүргiзу керек
#216
Әйел 42 жаста. Бұл жүктiлiк - бiрiншi. Бедеулiктiң 10 жылынан кейiн жүктi болды. Жүктiлiк мерзiмi 39-40 апта. Бұл науқас қай мекемеде босану қажет:
әйелдiң қалауы бойынша перзентханада
перинатальды орталықта (3 деңгей)
2-шi деңгейдегi перзентханада (аудан орталығы)
тұрғылықты жерi бойынша перзентханада (1 деңгей)
акушерия, гинекология және перинаталогия ұлттық Орталығы (3 деңгей)
#217
Дәрiгер нәрестенi тексергенде көзiнiң iсiнуiн, қызарғанын және аз мөлшер серозды iрiңдi бөлiндiлерiн байқады. Конъюнктивиттiң этиологиясын анықтау үшiн қандай зерттеу жүргiзу керек:
жалпы қан зерттеуi
жалпы зәр зерттеуi
копрограмма
нәжiсiн бактериологиялық зерттеу
көз бөлiндiлерiн бактериологиялық зерттеу
#218
Әйел 20 жаста. Жағдай ауыр, адинамия. Дене қызуы 40-410 С, қалтырау. Лимфобездері ұлғайған. Сүт бездері қызарып, қатайып, көлемі үлкейген. Диагноз:
лактостаз
іріңді мастит
сероздық мастит
инфильтративтік мастит
флегманоздық мастит
#219
Босанған әйел баласы дұрыс еме алмайтынын, емізгенде тез шаршап қалатынын шағымданып келді. Қандай кеңес бересіз:
қосымша сүт сатып алып беру керек
бұрынғы тәртібімен емізе беру керек
жиі емізу керек
екі емізу арасында сауып алған сүтті беру керек
екі емізу арасында 5% глюкоза сұйықтығын беру керек
#220
Босанғаннан 3 ай өткен соң әйел жүктіліктен сақтану туралы қандай кеңес бересіз:
Депо-Провера инъекциясын жасау керек
тері астына «Норплант» имплантты енгізу керек
құрамында левоноргестрел бар «Мирена» ЖІС енгізу керек
мини-пили типтес құрамында таза гестагены бар таблеткаларды қолдануға болады
екі емізудің арасы 6 сағаттан аспау керек. 6 айға дейін контрацептивті қолданбауға да болады
#221
Акушерия және гинекология мекемелерінің жұмысы сапасының негізгі көрсеткіші:
кесар тілігінің саны
перинаталді және аналық өлім деңгейі
медициналық және өзіндік аборттардың саны
контрацептив қолданатын әйелдердің саны
жүкті және босанған әйелдердің жалпы саны
#222
Әйел 37 жаста дәрігерге келгендегі клиникалық симптомдары: метроррагия типті етеккірінің келуі. Дәрігердің тактикасы:
гинекологиялық стационарда диагностикалық қыру жүргізу
гормоналді гемостаз тағайындау
гормондардың деңгейін анықтау
антибактериалді терапия
симптоматикалық терапия
#223
Төменгі келтірілген аурулардың біреуін дәлелдеу үшін цитогенетикалық зерттеу жүргізу керек. Ол ауру:
изосексуалді типті ерте жыныстық даму
гетеросексуалді ерте жыныстық даму
жыныстық даму кідіруінің церебралді түрі
жыныстық даму кідіруінің аналық бездік түрі
жыныстық дамудың болмауы
#224
18 жасар қыз бала гинекологиялық бөлімшесіне келесі шағымдармен түсті: басы айналады, 2 аптадан бері жыныс жолдарынан қанды бөлінділер байқалады. Етеккірі 16 жасынан, ретсіз, көп мөлшерде, ауыру сезімді. Жыныстық қатынаста болмаған. Объективті: тері жабындысы боз, Hb-85г/л, t-26%. Гинекологиялық зерттеу жүргізгенде өзгеріс байқалмайды. УДЗ – эндометрийдің
функционалді қабаты - 0.4 см. Дәрігерлік тактика:
гистероскопия
гормоналді гемостаз
медикаментозды гемостаз
жатыр қуысын қыру
артқы күмбез арқылы құрсақ қуысын пункциялау
#225
Шала туған балалар қандай топқа жатқызылады?
дені сау балаларға
орташа қатер тобына
төменгі қатер тобына
жоғары қатер тобына
туғаннан мүгедек қатер тобына
#226
Баланың денсаулық тобы қайсы үлгіде белгіленеді:
059/у
038/у
112/у
063/у
039/у
#227
Нәрестеде біріншілік микробты колонизация жағдайында резистенттілікті жоғарылататын емшек сүтінің компоненті:
b-глюкоза
Иммуноглобулин
Ca және P қалыпты ара қатынаста
Ауыстырылмайтын амин қышқылдары
Липаза және басқада ас қорыту ферменттері
#228
Бала 3 айлық. Анасы емшек сүтінің азайғанына мазасызданады,ештеңемен байланыстырмайды. Қай компоненттің ана сүтіне қарағанда сиыр сүтінде мөлшері аса жоғары:
Липаза
Казеин
b-лактоза
Бифидум-фактор
Иммуноглобулиндер
#229
Ерте жастағы балаларда обструктивті синдромның жиі себебі болатын қайсысы?
бөгдезат вирустар бактериялар
қарапайымдылар
саңырауқұлақтар
#230
1 жас пен 5 жасқа дейінгі балаларда ауруханадан тыс (үйдегі) пневмонияның этиологиясында жетекші орын алатын қайсысы?
клебсиелла
стафилококк
пневмококк
ішек таяқшасы
пиогенді стрептококк
#231
Асқазан мен 12 елі ішек ойық жарасы бар балаларды диспансерлік бақылау қанша уақытқа созылады?
2 жыл
3 жыл
4 жыл
5 жыл
өмір бойы
#232
Билиарлы жолдың дисфункциональды бұзылысы бар балаларды диспансерлік бақылау қанша уақытқа созылады?
5 жыл
3 жыл
2,5 жыл
1,5 жыл
Жасөспірімдердің кабинетіне ауыстырылғанша
#233
Екіншілік босануға дейінгі патранаждың жүргізілу мерзімі қашан?
10-12 аптада
12-14 аптада
20-28 аптада
30-31 аптада
32-34 аптада
#234
Жетіліп туылған нәрестеге перзентханадан шыққаннан кейін біріншілік патронаж қашан жасалынады?
алғашқы 2 күнде
алғашқы 3 күнде
алғашқы 4 күнде
алғашқы 5 күнде
алғашқы 7 күнде
#235
Қай жастағы балаларға ең көп егу жасалады?
ерте жастағы
емшек жасындағы
мектеп жасындағы
неонатальды кезеңде
мектепке дейінгі жастағы
#236
Қандай құжат балалардағы профилактикалық егулердің есеп картасы болып табылады?
№ 26/у формаcы
№ 058/у формаcы
№ 063/у формаcы
№ 112/у формаcы
№ 030/у формаcы
#237
Аздап сусызданған бала қайда емделу керек
А жоспары бойынша оральді регидрация пунктінде
Б жоспары бойынша оральді регидрация пунктінде
В жоспары бойынша оральді регидрация пунктінде
Б жоспары бойынша оральді парентаральды регидрация пунктінде
В жоспары бойынша оральді парентаральды регидрация пунктінде
#238
Қай жас топ балалар теміртапшылықты анемияға ЕҢ бейім?
кіші оқушылар
жаңа туылғандар
ерте жастағы балалар
мектеп жасына дейінгі балалар
пре- және пубертатты жастағы балалар
#239
Анемияның қай түрі ЕҢ кең тараған?
гемолитикалық
гипопластикалық
теміртапшылықты
белок тапшылықты
постгеморрагиялық
#240
Қандай темір тапшылығы теміртапшылықты анемияға ЕҢ тән?
постнатальды
прелатентті
латентті
жанама
айқын
#241
Көп балалы 30 жастағы ана, гестациялық мерзімі 38-40 апталық бала туды,салмағы 3500 г, бойы 52 см, Апгар шкаласы бойынша бағалау 8-9 балл, тез айғайлады ,емшек сүтімен тамақтанады, сүт шығуы жеткілікті. Осы бала қандай қауіп тобына жатады?
әлеуметтік қауіп тобына
құрсақ ішілік инфекция даму қаупі
орталық жүйке жүйесінің патологиясы қаупі
эндокринопатиялар және трофикалық бұзылыстар қаупі
тұқым қуалайтын аурулар және даму ақаулары пайда болу қаупі
#242
Емханаға 6 жасар бала, әлеуметтік қамтамасыз етілген отбасынан мектепке дайындалу үшін жолықты. Бала бұрын мектепке дейінгі мекемеге бармаған.3 жасында жедел пневмониямен,бірақ асқыну болмаған,5 жасында- жедел ішек инфекциясымен ауырған. Тексеру кезінде ЖПД және дене дамуы жасына сай. Календарлық жоспарға сай егілген. Осы баланың денсаулық жағдайы көбінесе қаңдай медициналық құжатта жазылады?
ф. 026/у
ф.030/у
ф. 063/у
ф. 059/у
ф. 112/у
#243
Емханаға 6 жасар бала, әлеуметтік қамтамасыз етілген отбасынан мектепке дайындалу үшін жолықты. Бала бұрын мектепке дейінгі мекемеге бармаған.3 жасында жедел пневмониямен, бірақ асқыну болмаған,5 жасында- жедел ішек инфекциясымен ауырған. Тексеру кезінде ЖПД және дене дамуы жасына сай. Календарлық жоспарға сай егілген. Мектепке көбінесе қаңдай біріншілік медициналық құжат өткізіледі?
ф. 026/у
ф.030/у
ф. 112/у
ф. 059/у
ф. 063/у
#244
Бірінші қосымша тағамды балаға 6 айда береді. Ол өсіп жатқан организмге қажетті витаминдерге, минералды заттарға, пектинге, талшықтарға бай. Осы талаптарға аса сәйкес келетін қосымша тағам қайсысы:
Сүзбе
Жеміс езбесі
Көкөніс езбесі
Жеміс шырындары
Тауық жұмыртқасының сарысы
#245
Екінші қосымша тағамды балаға 7 айда береді. Оның құрамында өсімдік нәруызы, крахмал, В тобының витаминдері, минералды заттар, талшықтар бар. Қай қосымша тағам минералды заттар мен микроэлементтерге аса бай:
Сұлы ботқасы
Тары ботқасы
Күріш ботқасы
Жүгері ботқасы
Қарақұмық ботқасы
#246
Бала рационына 8 айда енгізілетін үшінші қосымша тағам, баланың асқазан –ішек жолының барлық бөлімдерінің қалыпты функциясы үшін қажет, ішектерде бифидумфлоралардың жиналуына ықпал ететін өнім болып табылады. Қай өнім осы айтылған ең ықтимал қосымша тағамға жатады:
Ет
Балық
Айран
Сүзбе
Жұмыртқа сарысы
#247
Бала 3,5 айлық, анасының айтуынша, шағымдары: мазасыздық, тершеңдік. Бала І жүктіліктен,жүктіліктің ІІ триместрі гестозбен өткен, анасы жүктілік кезінде поливитаминдік кешенді қабылдамаған, І жедел босану. Туған кездегі салмағы- 3300 г.,бойы - 50 см., Апгар шкаласы бойынша 8/9 балл. Бала қыркүйек айында дүниеге келген. Жасанды бейімделген сүт қоспалармен тамақтанады. Қазіргі уақыттағы дене салмағы - 5500 гр., бойы - 59 см. Қарау кезінде краниотабес, шүйде аймағында шашының түсуі анықталды. Ішкі ағзаларында патологиялық өзгерістер жоқ. Қандай зат алмасу бұзылысы осы аурудың негізінде ЕҢ сәйкес келеді?
зәр қышқылдық
липопротеиндік
калий-натрийлік
фосфорлы-кальцийлік
фенилаланингидроксилаздық
#248
Ер бала 12 жас, емханаға шаршағыштыққа,шыдамсыздыққа шағымданып келді. Анамнезінде цитрусы бар тағамдарға пайда болатын сирек терілік бөртпелердің пайда болуы, жүйке-психикалық даму жағынан қатарластарының алдында, мектепте барлық пәндерден үздік екені анықталды. Диагнозды нақтылау үшін балаға қандай зерттеу әдістері ЕҢ сәйкес?
қан мен зәрден гюкозаны анықтау
қан мен зәрден амилазаны анықтау
қан мен зәрден диастазаны анықтау
қан мен зәрден протеиндерді анықтау
қан мен зәрден зәр қышқылын анықтау
#249
Ер балаға 3 жас. Шағымдары: солғындық, аз қимылдау,артық салмақ,ұйықтағанда қорылдайды, мыңқылдап сөйлейді.Анасының анамнезінде мезгілдік поллиноз, ал баласында - жиі тұмаулық аурулар. Қарап-тексергенде: бала гиперстениялық дене бітімді және жоғары тамақтану, мойыны қысқа, кеуде торы кең, салмағы– 18 кг, бойы - 98 см. Тері қабаты таза. Ауыз-жұтқыншақ қалыпты. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр, көкбауыр пальпацияланбайды. Үлкен дәреті мен зәр шығаруы бұзылмаған. Қандай диагноз ЕҢ сәйкес?
аллергиялық диатез
геморрагиялық диатез
жүйке-артритикалық диатез
экссудативті-катаральды диатез
лимфатико-гипопластикалық диатез
#250
Пневмонияны емдеу кезінде бастапқы эмпериялық емге қолданылатын препарат қайсысы?
бензилпенициллиннің натрий тұзы
феноксиметилпенициллин
бициллин 5
цефазолин
аугментин
#251
Деструкциялы пневмониядан кейін, балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығы қаңдай?
6 ай
1 жыл
3 жыл
5 жыл
тіркеуден шығарылмайды
#252
Созылмалы бронхитпен тіркеуде тұрған баланы бөлімшелік педиатрдың бақылау жиілігі қаңдай?
ай сайын
2 айда 1 рет
тоқсан сайын
жылына 1 рет
жылына 2 рет
#253
Қыз бала 14 жаста, тамақтан соң 1 сағаттан кейін эпигастрий аймағында тұйықталған ауру мерзіміне,қышқылмен кекіру, жүрек айнуға шағымданады. Тәбеті төмендеген. Ауырғанына 1 жылдай болған. Сіздің диагноз?
Созылмалы гастрит
Созылмалы дуоденит
Созылмалы панкреатит
Созылмалы холецистит
Билиарлы жолдың дисфункциясы
#254
Ұл бала 11 жаста, тамақтан соң 1,5 сағаттан кейін пайда болатын қыжыл, іш кебуі, эпигастрий аймағы ауру сезіміне шағымданады. Ауырғанына 6 ай болған. Қандай тексеру анағұрлым тиімді?
фиброгастродуоденоскопия
Асқазан ішілік рН-метрия
Құрсақ қауымы созылады УЗД
Асқазанды франциялық зондтау
Контрастты жеткен рентгеноскопия
#255
Бала 10 айлық, 8 айдан бастап қосымша тамақтар беріледі. Дене салмағы 6 кг. Тәбеті жоғары, жиі іш кебуі, үлкен дәреті көп мөлшерде. Болжамды диагноз: муковисцидоз. Диагнозды нақтылауға мүмкіндік беретін тексеру қаңдай?
қаннан белок анықтау
Қаннан липидтер анықтау
Зәрден көмірсуларды анықтау
Терлік сынамадан сульфаттар анықтау
Терілік сынамадан хлоридтер анықтау
#256
Қыз бала7 күндік. Біріншілік патронаж перзентханадан шығарғаннан кейін 3-ші күні жүргізілді. Анасының айтуынша шағымдары жоқ. Анамнезінде: нәресте бірінші жүктіліктің 39 аптасында туған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тері жабындылары мен склера сарғыштау, шартсыз рефлекстері анықталады, мүшелері патологиясыз. Туғаннан кейін сарғаюдың қай мерзімде пайда болуы осы нәрестеде ЕҢ ықтимал?
1-2 күнде
2-3 күнде
3-4 күнде
4-5 күнде
5-6 күнде
#257
Ұл бала 6 күндік. Біріншілік патронаж перзентханадан шығарғаннан кейін 3-ші күні жүргізілді. Анамнезінде: нәресте екінші жүктіліктің 40 аптасында туылған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, негізгі шартсыз рефлекстері анықталады, мүшелері патологиясыз.Осы жаңа туған нәрестеге неонатальды кезеңде неше рет патронаж жасау ЕҢ тиімді?
айына 1 рет
айына 2 рет
айына 3 рет
айына 4 рет
айына 5 рет
#258
10 күндік қыз бала. Участкелік дәрігермен екінші рет қаралуда. Анамнезінде: нәресте бірінші жетілген жүктіліктен туылған, жүктіліктің І және ІІ жартысы токсикозбен өткен, босану стимуляциясы іске асырылған және нәресте мойынына бір қайтара кіндік бауы оралып туылған. Анасы 18 жаста, темекі тартады, үйленбеген және әлеуметтік жағдайы қанағаттанарлық. Тұқым қулайтын аурулары жоқ. Қандай маманның кеңесі осы нәресте үшін ЕҢ тиімді?
неонатолог
стоматолог
офтальмолог
невропатолог
отоларинголог
#259
Қыз бала 4 айлық. Балаға ұлттық күнтізбеге сай профилактикалық вакцина жүргізілген, вакцинадан кейінгі асқынулар байқалмады. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, организм мүшелері патологиясыз, сол жақ иықтың сыртқы жағында (БЦЖ егілген жер) беткей тыртық анықталды. Осы нәрестеге тыртықтың қандай өлшемі ЕҢ ықтимал?
1-7 мм
3-10 мм
5-12 мм
7-14 мм
9-16 мм
#260
Қыз бала 2 айлық. Ана баласымен аймақтық дәрігерге жоспарлық қарап тексерілу және профилактикалық екпе алу үшін емханаға қаралды. Қарап тексергенде: жағдайы қанағаттанарлық, психо-физикалық дамуы жасына сай, организм мүшелері патологиясыз.
Қандай жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау осы нәрестеге ЕҢ ықтимал?
қызамық, қызылша, паротит, сал, пневмония
полиомиелит, күл, сіреспе, гемофильді инфекция
полиомиелит, гемофильді инфекция, қызамық, қызылша
туберкулез, гепатит В, полиомиелит, гемофильді инфекция
гепатит В, полиомиелит, көкжөтел, күл, сіреспе, гемофильді инфекция, пневмония
#261
Ұл бала 1 жаста. Ана баласымен аймақтық дәрігерге жоспарлық қарап тексерілу және профилактикалық екпе алу үшін емханаға қаралды. Қарап тексергенде: жағдайы қанағаттанарлық, психо-физикалық дамуы жасына сай, организм мүшелері патологиясыз.
Қандай жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау осы нәрестеге ЕҢ ықтимал?
қызамық, қызылша, паротит, сал, пневмония
полиомиелит, күл, сіреспе, гемофильді инфекция
полиомиелит, гемофильді инфекция, қызамық, қызылша
туберкулез, гепатит В, полиомиелит, гемофильді инфекция
гепатит В, полиомиелит, көкжөтел, күл, сіреспе, гемофильді инфекция, пневмония
#262
Бала1 жас 6 айлық- кеудесінің төменгі бөлігінің қабысуы, тыныс алу жиілігі 40. БЖАБЖ бағдарламасы бойынша қандай классификация ЕҢ ықтимал
Стридор
Пневмония
Астмалық тыныс
Пневмония жоқ, жөтел немесе суық тию
Ауыр пневмония немесе өте ауыр сырқат
#263
Қыз бала стационарға дене температурасы 37,8°С, конъюнктивит, тұмау және дымқыл жөтелмен түсті. Аускультация: қатты тыныс және сырыл. БЖАБЖ бойынша қандай классификация ЕҢ ықтимал
Қызылша
Созылмалы қызба
Ауыр асқынған қызылша
Қызылша асқынуларымен
Ықтимал бактериялық инфекция
#264
Қыз бала 2-ші күн ауырып жатыр, суық тиген, жөтел, дене температурасы 37,5°С дейін көтерілген. Дене қызуы парацитамолды қолданғаннан кейін төмендейді. Жақсы ұйықтайды. Антибиотиктер қабылдаған жоқ. БЖАБЖ бағдарламасы бойынша қандай классификация ЕҢ ықтимал
Менингит
Созылмалы қызба
Асқынбаған қызба
Өте ауыр фебрильді ауру
Белгісіз этиологиялық қызба
#265
Ұл бала 4 жаста. Бала «Жедел гломерулонефрит» диагнозына қатысты стационарлык емнен кейінгі амбулаторлық емдеу курсын аяқтаған соң «Д» есепке алынған.
Осы балаға қандай диспансерлік бақылау мерзімі ЕҢ тиімді?
5 жыл
1 жыл
2 жыл
3 жыл
өмір бойы
#266
Ұл бала 4 жаста. Бала «Жедел гломерулонефрит» диагнозына қатысты стационарлык емнен кейінгі амбулаторлық емдеу курсын аяқтаған соң «Д» есепке алынған. Диспансерлік бақылаудың бірінші жылына тоқсан сайын жүргізілетін лабораториялық зерттеулер жоспарланған. Осы балаға қандай лабораториялық зерттеулер ЕҢ тиімді?
ЖҚА, ЖЗА, зәрдің стерильділігін талдау
ЖҚА, қанның биохимиялық анализі, ЖЗА
ЖҚА, ЖЗА, креатининді анықтау, ШФЖ анықтау
ЖҚА, креатининді анықтау, Зимницкий сынамасы
қанның биохимиялық анализі, ЖЗА, Реберг сынамасы
#267
Ұл бала7 жаста. Ата-анасы баланың шаршағыштығына, бетіндегі ісінулеріне дәрігерге шағымданып келді. Анамнезінде: бала бір жыл бұрын зәршығару жүйесінің ауруына байланысты стационарда ем қабылдап, кейін диспансерлік бақылауға алынған. Бақылау кезінде екі рет ЖРВИ мен ауырған. Бұл асқынуы суықтаумен байланысты. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, бетінің домбығуы. АҚ - 100/70 мм рт.ст. Зәр талдауында: белок 0,9 г/л, лейкоциттер бірен саран, эритроциттер көп мөлшерде, цилиндрурия. Осы ауруда келтірілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
Жедел цистит
Жедел пиелонефрит
Жедел гломерулонефрит
Созылмалы пиелонефрит
Созылмалы гломерулонефрит
#268
Анасы баласы 1 жас 3 айлық, дәрігерге баланың тәбетінің төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінен: бала І жүктіліктен, екінші жартысы анемиямен өткен. Табиғи ана сүтімен 5 айға дейін тамақтанған. Обьективті: бала мазасыз, активті. Тері жабындылары бозғылт, таза. Аңқасы таза. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары айқын, ритмді. Нервтік-психологиялық жетілуі жасна сай. ЖҚА: гемоглобин (НЬ) - 105 г/л, эритроцит - 3,9х1012/л, ТК - 0,81; ретикулоциты - 2,9%, лейкоциты - 7,5х109/л, таяқшаядролы- 2%, сегментоядорлы - 20%, эозинофил - 3%, лимфоцит - 68%, моноцит - 7%, ЭТЖ - 5 мм/сағ. ЕҢ сейкес диагноз?
фолитапшылықты анемия І дәрежелі
теміртапшылықты анемия І дәрежелі
теміртапшылықты анемия ІІ дәрежелі
теміртапшылықты анемия ІІІ дәрежелі
витамин В12-тапшылықты анемия ІІ дәрежелі
#269
Ұл бала жасы 1 жас 2ай, анасы баланың тәбетінің төмендеуіне, әлсіздігне, тіс пастасын, шикі қамыр, бор жейтіндігіне шағымданып келді. Анамнезінен анықталды:бала ІІ жүктіліктен, жүктіліктің екінші жартысы анемиямен өтті. 2айға дейін табиғи ана сүтімен тамақтанды. Обьективті: Тері жабындылары бозғылт, таза, шаштары сынғыш. Бала мазасыз, бозғылт. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары айқын, ритмді, жүрек ұшында фуниональды шуыл естіледі. Нервтік-психологиялық жетілуі жасына сай емес - 1 айға кеш. ЖҚА: гемоглобин - 85 г/л, эритроцит - 3,0х1012/л, ТК - 0,71; ретикулоцит - 1,9%, лейкоцит - 7,2х109/л, таяқша ядролы - 2%, сегментоядролы - 20%, эозинофил - 4%, лимфоцит - 64%, моноцит - 10%, ЭТЖ - 6 мм/сағ.Қай ЕҢ сәйкес лабораториялық зерттеу әдісі диагнозды нақтылайды?
десфералды тест
сарысулық темір
сарысу ферритині
жалпы қан анализі
трансферриннің қанығу коэффициенті
#270
Ұл бала 1 жас 2 айлық, анасы баланың тәбетінің төмендеуіне,әлсіздігне, тіс пастасын, шикі қамыр, бор жейтіндігіне шағымданып келді. Анамнезінен: бала ІІ жүктіліктен, жүктіліктің екінші жартысы анемиямен өтті. 2айға дейін табиғи ана сүтімен тамақтанды. Обьективті: тері жабындылары бозғылт, таза, шаштары сынғыш. Бала мазасыз, бозғылт. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары айқын, ритмді, жүрек ұшында фуниональды шуыл естіледі. Нервтік-психологиялық жетілуі жасына сай емес - 1 айға кеш. ЖҚА: гемоглобин - 85 г/л, эритроцит - 3,0х1012/л, ТК - 0,71; ретикулоцит - 1,9%, лейкоцит - 7,2х109/л, таяқша ядролы - 2%, сегментоядролы - 20%, эозинофил - 4%, лимфоцит - 64%, моноцит - 10%, ЭТЖ - 6 мм/сағ. Биохимиялық қан анализі: сарысулық темір 9,1 мкмоль/л.
Берілген ауруда жиі бұлшықетті синдром өзгерістеріне ЕҢ жатады?
әлсіздік
гипотония
шаш сынғыштығы
жүрек ұшындағы шуыл
шаштарының көмескіленуі
#271
Қыз бала 6 айлық ,туғандағы салмағы 3200 г, бой ұзындығы 50 см. 1,5 айынан жасанды тамақтанады. Алдын алу егулерін жасына сай қабылдауда. ЖПД және дене дамуы жасына сай. 6 айға дейін ауырмаған. ЖТД-дің мақсатты қарау жиілігі көбінесе қаңдай?
ай сайын
күнделікті
апта сайын
айына 2 рет
аптасына 2 рет
#272
Емханаға 6 жасар бала, әлеуметтік қамтамасыз етілген отбасынан мектепкедайындалу үшін жолықты. Бала бұрын мектепке дейінгі мекемеге бармаған.3 жасында жедел пневмониямен,бірақ асқыну болмаған,5 жасында- жедел ішек инфекциясымен ауырған. Тексеру кезінде ЖПД және дене дамуы жасына сай. Календарлық жоспарға сай егілген. Осы бала қаңдай денсаулық тобына жатады?
I
IIА
IIБ
III
IV
#273
Емханаға 9 айлық қыз баланы алдын алу қарауына әкелді. 6 айға дейін неврологта ОЖЖ-нің перинаталды энцефалопатия диагнозымен диспансерлік тіркеуде тұрды. Тексеру кезінде бала соматикалық дені сау, жүйке-психикалық дамуы жасына сай, емшек сүтімен тамақтанады. ЖТД-дің баланы мақсатты қарау жиілігі көбінесе қаңдай?
ай сайын
күнделікті
апта сайын
айына 2 рет
аптасына 2 рет
#274
«Сау балалар күні» анасы 1 айлық қызымен емханаға учаскелік дәрігердің қабылдауына келді. Анасының айтуынша, баланың шағымдары жоқ. Бала І жүктілік, І жедел босанудан. Жүктілік пен босану еш өзгеріссіз болды. Қыздың туғандағы салмағы- 3200 г.,бойы - 50 см., Апгар шкаласы бойынша 8/9 балл. Қыз қазан айында дүниеге келді. Тамақтануы табиғи жолмен. Қарау кезінде терісінің түсі қызғылт, таза. Ауыз-жұтқыншақ қалыпты. Ішкі ағзалары өзгеріссіз. Үлкен дәреті мен зәр шығаруы қалыпты. Балаға Д3 витаминінің қандай күнделікті профилактикалық мөлшері ЕҢ сәйкес келеді?
500 МЕ
800 МЕ
1250 МЕ
1500 МЕ
5000 МЕ
#275
Бала 1 жаста, анасымен емханаға профилактикалық қабылдауға шақырылды. Анамнезінен: бала І жүктіліктен,жүктіліктің ІІ триместрі гестозбен өткен, анасы жүктілік кезінде поливитаминдік кешенді қабылдамаған, І жедел босану. Туған кездегі салмағы- 3300 г.,бойы - 50 см., Апгар шкаласы бойынша 8/9 балл. Бала қазан айында дүниеге келген. 1 айына дейін ана сүтімен, анасындағы гипогалактиядан кейін жасанды тамақтануға көшті. Қарап-тексергенде: тері қабаты бозғылт. Маңдай мен төбе төмпекшіктері айқын шығыңқы. Кеуде торы: төменгі саңылау жазылған, қабырғаларда «тасбиық», білекте «білезіктер», аяқ-қолдары ішке варусты деформацияланған. Бұлшықеттік гипотония. Іші ұлғайған, бауыр қабырға доғасынан 1,5 см шығып пальпацияланады, іш қатулар кездеседі. Биохимиялық қан анализінде : кальций - 1,4 ммоль/л, фосфор - 0,96 ммоль/л, сілтілік фосфатаза – 1863 нмоль/л.
Балаға диспансерлік бақылаудың қандай мерзімі ЕҢ сәйкес келеді?
6 ай
1 жыл
3 жыл
4 жыл
5 жыл
#276
Анасы 10 айлық баласымен аяқтарының қисаю шағымымен дәрігерге қаралды.Анамнезінен белгілі болғаны: бала І жүктіліктен,жүктіліктің ІІ триместрі гестозбен өткен, анасы жүктілік кезінде поливитаминдік кешенді қабылдамаған, І жедел босану. Туған кездегі салмағы- 3300 г.,бойы - 50 см., Апгар шкаласы бойынша 8/9 балл. Бала қазан айында дүниеге келген. 1 айына дейін ана сүтімен, анасындағы гипогалактиядан кейін жасанды тамақтануға көшті. Қарап-тексергенде: тері қабаты бозғылт,таза. Ауыз-жұтқыншақ қалыпты. Маңдай мен төбе төмпекшіктері айқын шығыңқы. Кеуде торы: төменгі саңылау жазылған, қабырғаларда «тасбиық», білекте «білезіктер», аяқ-қолдары варусты деформацияланған. Бұлшықеттік гипотония анықталды, тері тургоры сақталған. Жүрек пен өкпе патологиясыз.Іші кепкен, бауыр қабырға доғасынан 1,5 см шығып пальпацияланады,шеттері жұмсақ, эластикалық. Үлкен дәреті 2-3 күнде 1 рет, зәр шығару бұзылмаған.Биохимиялық қан анализінде : кальций - 1,4 ммоль/л, фосфор - 0,96 ммоль/л, сілтілік фосфатаза – 1863 нмоль/л. Қандай емдеу тактикасы науқасқа ЕҢ тиімді?
видехол 500 МЕ мөлшерде 40 күнге тағайындау
аквадетрим 5000 МЕ мөлшерде 1 айға тағайындау
рокальтрол 0,25 мкг мөлшерде 1,5 айға тағайындау
вигантол 20 000 МЕ мөлшерде 1 жылға тағайындау
эргокальциферол 20 000 МЕ жарты жылға 1 рет тағайындау
#277
Анасы 3,5 айлық баласымен дәрігерге қаралды, анасының айтуынша, шағымдары: мазасыздық, тершеңдік. Анамнезінен: бала І жүктіліктен,жүктіліктің ІІ триместрі гестозбен өткен, анасы жүктілік кезінде поливитаминдік кешенді қабылдамаған, І жедел босану. Туған кездегі салмағы- 3300 г.,бойы - 50 см., Апгар шкаласы бойынша 8/9 балл. Бала қыркүйек айында дүниеге келген. Жасанды бейімделген сүт қоспалармен тамақтанады. Қазіргі уақыттағы дене салмағы - 5700 гр., бойы - 60 см. Қарау кезінде гнейс, шүйде аймағында шашының түсуі анықталды. Ішкі ағзаларында өзгерістер жоқ. Осы кезеңде учаскелік дәрігердің диспансерлік бақылаудың қандай жиілігі ЕҢ сәйкес келеді?
айына 1 рет
жылына 1 рет
