- •II топ мүгедегі
- •12 Елі ішекте қысымның жоғарылауы
- •50 Жастағы әйелде созылмалы вирусты с гепатиті репликация фазасы анықталды.
- •18 Жасар жасөспірімде суықтап ауырғаннан соң : шөлдеу, полиурия, жалпы әлсіздік пайда болды, қандағы қант мөлшері 20ммоль/л, зәрде 5% ацетон оң мәнді.
- •24 Гр дозада басты сәулелендіру
- •2 Аптада 1 рет
50 Жастағы әйелде созылмалы вирусты с гепатиті репликация фазасы анықталды.
Аталғандардың ішінде қайсы дәрілік затты тағайындау қажет?
Ацикловир
Циклоферон
Преднизолон
Пегинтерферон
Эссенциале форте
#103
Созылмалы холециститтің өршуі кезінде тағайындауға көрсетілген:
Аналгетиктер
Антибиотиктер
Антиагреганттар
Глюкокортикоидтар
Гиполипидемиялық препараттар
#104
Холеретиктер - бұл:
Холангит кезінде тағайындалатын заттар
Өт түзілуін ынталандыратын заттар
Өт қабының гипомотрлы дискинезияда тағайындалатын заттар
Өт қабында және өт жолдарда қабыну үрдісі кезінде тағайындалатын заттар
Өт қабының бұлшықет жиырылуын күшейтетін заттар, және ішекке өттің бөлінуін қамтамасыз ететін заттар
#105
51 жастағы науқаста ұзақ уақыттан бері оң жақ қабырға астында көбіне қуырылған, майлы тағам жегеннен кейін пайда болатын ауру сезімі байқалады, 39С дейін дене қызымының жоғарлауы. Об-ті: пальпация кезінде өт қабы проекциясы нүктесінде ауру сезімі күшейеді. Өт қабы УДЗ: қабырғасының қалыңдауы, өт қабы қуысында өлшемі 2,5 ж»не 3,0 см конкременттер бар. Қандай емдеу әдісі ЕҢ дұрыс?
антибиотиктер
холеретиктер
холекинетиктер
холецистоэктомия
пероралды литолитикалық терапия
#106
Ер кісі 29 жаста созылмалы гастритпен ауырады.ФЭГДС зерттеуінде: асқазанның антральді бөлігінің шырышты қабатының гиперемиясы. Биопсиялық материалдың ПТР-нда хеликобактерлік инфекция анықталды.
Осы жағдайда аталған терапияның қайсысы негізгі болып табылады?
Эрадикациялық
Вирусқа қарсы
Спазмолитикалық
Гастропротективті
Дезинтоксикациялық
#107
Фуникулярлы миелоздың қандай анемия кезінде дамуы ең ықтимал?
талассемиялар
гемолитикалық
В12-тапшылықты
гипопластикалық
теміртапшылықты
#108
Терінің құрғауымен, тырнақтың сыңғыштығымен, шаштардың түсуі мен ерте ағаруымен, дәмнің және иістің бұрмалауымен жүретін синдром?
геморрагиялық
гиперпластикалық
интоксикациялық
сидеропениялық
циркуляторлы-гипоксиялық
#109
Ревматоидты артриттің рентгенологиялық диагнозы төмендегілердің болуымен қойылады:
Тофустар
Остеофиттер
Сүйек тінінің тығыздалуы
Эпифизарлы остеопороз
Буын саңылауының кеңеюі
#110
Ревматикалық қызба кезінде теріде қандай зақымдану болады?
Терінің атрофиясы
Тері индурациясы
Түйінді эритема
Сақина тәрізді эритема
Бетте «көбелек» тәрізді эритематозды бөртпелер
#111
Ревматоидты артритке алақандағы келесідегідей өзгерістері тән:
Тофустар
Бушар түйіндері
Геберден түйіндері
Ульнарлы девиация
Буынның осьтік зақымдануы
#112
Ревматоидты артрит – бұл ненің дамуымен сипатталатын ауру:
Терінің тығыздануы
Параорбитальді ісіну
Жүрек жеткіліксіздігі
Бірінші плюсне-фалангалық буынның жедел моноартриті
Ішкі органдардың жүйелі қабыну зақымдалуы
#113
Қандай аталған жағдайлар гипотиреозға ең тән ?
Ісіну
Арықтау
Ыстықтау сезімі
Жүрек соғуы
Тынымсыздық сезімі
#114
Гипертиреоздың клиникалық көріністерінің бірі болып табылады?
Тремор
Салмақ қосу
Шөлдеу және аузының құрғауы
бетінің және балтырының ісінуі
Тәбетінің болмауы, іш кебуі
#115
Глюкозамен(75г) пероральды жүктемеден кейін 2 сағаттан соң гликемияның қандай шекаралық мәндері Қант Диабетін (ДДҰ критерий ) диагностикалайды:
6 ммоль/л
8 ммоль/л
8,4 ммоль/л
9,7 ммоль/л
11,1 ммоль/л
#116
Әйел 28жаста, әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуына, соңғы жарты жылда меноррагияларға шағымданады. Қарағанда: тері және көзге көрінетін шырыштар бозарған, тырнақтарда көлденең сызықтар. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эритр - 3,2 млн, Нв – 86 г/л, лейк.-4,0мың, СОЭ-15 мм/сағ, анизоцитоз , пойкилоцитоз. Миелограммада сидеробласттар-12%. Сарысулық темір-7,0 мкмоль/л.
Сіздің ең тән диагнозыңыз қандай?
В12-тапшылықты анемия
гипопластикалық анемия
теміртапшылықты анемия
орақжасушалы анемия
аутоиммунды гемолитикалық анемия
#117
Студент қыз 25 жаста, есептегі дәрігерге ентігуге, жүрек қағуына, бас айналуына, құлақтың шуылдауына, тәбеттің бұрмалауына (борды, ұнды жейді), тәбеттің жоғалуына, әлсіздікке шағымданып келді. 2 жылдай ауырады, соңғы 1,5 жылда гиперполименоррея. Қарағанда: арық, тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары боз, тырнақтары деформацияланған, ішке қарай майысқан. Өкпе және жүрек – айырмашылығы жоқ, бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Қанның анализі: эр-2,9 млн, Нв-72 г/л, ЦП-0,7, лейк- 4.0мың, ЭТЖ-26мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз.
Диагнозды дәлелдеу үшін зерттеу әдістің қайсысы ең ақпаратты болады?
Хем сынамасы
Кумбс сынамасы
иммунограмма
қанның протеинограммасы
сарысулық темірге қан
#118
Әйел 78 жаста, есептегі дәрігерге жалпы әлсіздікке, ентігуге, тамақ ішкеннен кейін пайда болатын эпигастрийдегі ауырлығына, сасық иісті кекіруге, оң аяқтағы «құмырсқа» жүргендей сезімдерге шағымданып келді. Қан анализінде: эрит-2,5 млн, Нв – 80 г/л, ТК-1,3, лейк.-3,5 мың, тромбоцит- 150 мың, жалпы билирубин-45 мкмоль/л.
Қандай диагноз ең ықтимал?
вирусты гепатит
гемолитикалық анемия
В12-жетіспеушілік анемия
гипопластикалық анемия
темір жетіспеушілік анемия
#119
Плеторалық синдромға ең тән симптом қандай?
миалгия
артралгия
тершендік
«көк шел (көздің ағы)» симптом
«қоян көз» симптомы
#120
16 жасар қыз тізе буындағы ауру сезімі мен ісінуіне, терідегі бөртпелердің болуына, қызбаға, тамақтағы жыбырлауына шағымданады. Объективті қарағанда: тізе буындары ісінген; дене терісінде – сақина тәрізді эритема. Жүрек тондары бәсеңдеген, жүрек ұшында систолалық шуыл, тахикардия. Артериалды қысым 110/70 мм с.б.
Диагнозды нақтылау үшін науқасқа қандай анализді тағайындауға ең дұрыс болады?
Ревматоидты фактор
Антистрептолизин -О
Антинуклеарлы фактор
Райт-Хеддльсон реакциясы
Антиденелер нативті ДНК-ға
#121
Ер 28 жаста, клиникаға ентігуге және құрғақ жөтелге, кейде қан аралас; жүрек тұсындағы айқын ауру сезіміне; физикалық жүктеме кезінде жүрек қағуына шағымданып келді. Анамнезде – созылмалы тонзиллит. Объективті: тері жамылғылары бозарған; еріндері мен тырнақтары цианозды; бетте қызыл рең. Пальпацияда жүрек тұсында диастолалық дірілі митралды тесіктің проекциясында. Науқаста митралды стеноз анықталды.
Төменде көрсетілген критерийлердің ішінде қайсысы осы ақауға ЕҢ тән?
Жүрек ұшында шапалақтайтын І тон
Жүрек ұшында систолалық шуыл
Төстің сол қырындағы І тонның әлсізденуі
Сан артерияда екіеселінген тон Траубе
ІV қабырғааралықтағы систолалық шуыл
#122
Жедел ревматикалық қызба диагнозы нақты болады:
Төрт кіші критерий болса
Екі үлкен және екі кіші критерий болса
Бір үлкен және үш кіші критерий болса
Бір үлкен, бір кіші критерия және алдында болған стрептококкты инфекцияны растайтын мәліметтер
Бір үлкен, екі кіші критерий және алдында болған стрептококкты инфекцияны растайтын мәліметтер
#123
Қыз 18 жаста жүрек тұсындағы тұйық ауру сезіміне; тізе буындардың ауруына және ісінуіне, субфебрилді тепмператураға. 20 күн бұрын іріңді ангина. Объективті: жүректің сол жақ шекарасы солға қарай 1,5 смге ығысқан. Жүрек тондары бәсеңдеген, жүрек ұшында систолалық шуыл. Қанда: лейкоциттер–15,0×109/л, ЭТЖ–34 мм/сағ, фибриноген–6,8 г/л, антистрептолизин-О 1:625 Б. ЭКГ: ритм синусты, ЖСЖ–60 рет минутына, АВ бөгеті I дәрежесі.
Төменде көрсетілген диагноздардың ішінде ЕҢ нақтысы қандай?
Ревматоидты артрит
Ревматикалық емес миокардит, жеделдеу ағымы
Жүйелі қызыл жегі, полиартрит, кардит
Жедел ревматикалық қызба, кардит, ҚАЖ I, полиартрит
Қайталмалы ревматикалық қызба. ЖСРА, митралды қақпақшаның жеткіліксіздігі. ҚАЖ 1
#124
Әйелдер кеңесіне келген 29 жастағы жүкті әйелде, жүктілік 25-26 апта, қандағы қант мөлшерін екі рет анықтады – 8,2 ммоль/л
Қандай аталған болжама диагноздар ең ықтимал болуы мүмкін?
Гестационды ҚД
Қант диабеті 1 тип
Қант диабеті 2 тип
Қанттың қалыпты деңгейі
Глюкозаға төзімділігі бұзылған
#125
Қандай ырғақ бұзылысы тиреотоксикозбен ауыратын науқастар үшін ең ықтимал ?
блокадалар
брадикардия
жыпылықтаушы аритмия
қарыншалық тахикардия
синус түйінінің әлсіздік синдромы
#126
Әйел 44 жаста. Жүрегінің қағуына, діріліне, ыстық сезіну, мазасыздыққа, шаршағыштыққа, тершеңдікке, азып кетуіне, ашуланшақтыққа шағымданады. 2 айдан бері ауырады. Объективті: терісі ылғалды. Жүрек тондары қатаң, ырғағы дұрыс. Пульсі 112 рет минутына. Артериальды қан қысымы 150/80 мм.с.б.б. Нәжісі- іш өтуге бейім.
Қандай төмендегі көрсетілген диагноз ең ықтимал болуы мүмкін?
Эндемиялық жемсау
Феохромацитома
Артериальды гипертензия
Диффузды токсикалық жемсау
Нейроциркуляторлы дистония
#127
