- •Одонтогенді синусит. Клиника, Диагностика, Емі, Профилактика
- •Жедел ринит клиникалық көрінісі:
- •Жедел ринит емі
- •Лор мүшелерінің ісіктерін профилактикалау және ерте диагностикалау
- •Бадамша бездерінің анатомиясы, физиологиясы
- •Жұтқыншақтың клиникалық анатомиясы
- •Вазомотрлық және аллергиялық ринит, клиника, емі
- •Жедел және жоспарлы трахеостомия
- •Мұрын қуысының анатомиясы мен топографиясы
- •Емдеу жолдары
- •Алдын алу[өңдеу]
- •Паратонзиллярлы абсцесс. Клиника Емі
- •Сера/құлық/ тығыны. Алудың әдістері
- •Көмейдің стенозы.Этиология, патогенез, клиника. Стенозды жоюдың принциптері мен әдістері
- •1.1 Жіктелуі
- •1.2 Объективті белгілері
- •1.3 Созылмалы одонтогенді гайморит
- •1.4 Клиникалық көрінісін рентгенографиялық зерттеу дәлелдейді
- •Көмейдің клиникалық анатомиясы
- •Созылмалы тонзиллит патогенез, классификациясы, клиника, диагностика
- •ТОрлы лабиринттің анатомиясы мен топографиясы
- •Сепсистің жіктелуі
- •Ми және мишықтың отогенді абсцесі Клиника. Диф.Диагностикасы, емі
- •Паратонзиллярлы абсцесс. Клиника. Диф.Диагностикасы, емі, абсцесстерді ашудың әдістері
Емдеу жолдары
Суды көбірек ішіңіз.
Мұрын арқылы аздап тұзды су сорыңыз немесе бумен дем алыңыз.
Бетке ыстық компресс қойыңыз.
Мұрынға фенолефрин түріндегі деконгестанттар тамызыңыз.
Антибиотиктер қабылдаңыз: тетрациклин , ампициллин немесе пенициллин.
Егер жағдай жақсармаса, дәрігерге барыңыз.
Алдын алу[өңдеу]
Салқын тиген және мұрын біткен кезде мұрынды тазартыңыз.
Паратонзиллярлы абсцесс. Клиника Емі
Перифириялық бет нервінің зақымдалуы. Этиология, диагностика, емі Перифериялық жүйке зақымдалулары. Хирургиялық емі Жабық перифериялық нервтер зақымдалу себептері: Босану кезіндегі жарақаттар, акушерлік манипуляциялар кезінде зақымдалуы иық өрімі басылып жоғарғы Эрб параличі дамиды. Бұғана сынығында иық өрімі зақымдалуы мүмкін. Төменгі Клюмпке-Дежерин параличі иық өрімінің иық сүйегінің басы шыққан жағдайда немесе орнына дұрыс салынбағанда жаншылып қалуында дамиды. Қолдың перифериялық салдануы хирургиялық операция, терең ұйқы жиі мастық жағдайда, нервтың басылып қалуынан. Иық өрімінің ісікпен, гематома, аневризма, сүйек сынықтары немесе мозольмен , тыртықтармен сынықтар кезінде басылуы, Ашық перифериялық нервтер зақымдалу себептері: Кесуші заттар пышақ, шыны т.б., тесуші біз, ине, шеге т.б. заттар. Бұндай зақымдалулар тек нервтің қана емес, тері, бұлшықет, сіңір, буын, сүйектің де зақымдануына әкеледі. Нервтер (жүйкелердің) зақымдалу патоморфологиясы: Зақымданған нервтегі патоморфологиялық өзгерістер тереңдігі көптеген факторларға байланысты: соққы күшіне, зақымдаушы зат түріне. Патоморфологиялық өзгерістер тек жарақат аймағында ғана емес, оның жоғары және төменгі аймақтарда да дамитыны анықталған. Гости Евровидения в шоке смотрели на украинский позор Доход для сайтов Зақымдалған аймақта: нерв шоғырлары мен олардың қабықшалары қоса жыртылуы, қан құйылулар, нерв клеткалар өлуі, дәнекер тіндер зақымдалу. Өлген жасушалар мен қан құйылу аймақтарында дәнекер тін түзіліп, бағанаішілік тыртықтар түзіледі. Инфекциямен жарақат асқанса, тытртықтар үлкен болады. Бағанаішілік тыртықтар нерв элементтер ирритациясына әкеледі, нервта микроциркуляциясын тудырып, бағанаішілік гипертензия, ісік дамиды, клиникасында ол ауырсынумен қөрінеді. Зақымдалған жерден төмен аймақта: Перифериялық ісік аймағы, валлеров жаңаруы Зақымдалған жерден жоғары аймақта: нервтің орталық кесіндісінде, түйіндерінде және оған сәйкес жұлын сегменттерінде ретроградты патоморфологиялық өзгерістер дамиды. Жарақат кезінде нерв зақымдалу дәрежелері: І — өткізгіштіктің функционалды бұзылысы ІІ – жеке аксондардың анатомиялық бүтіндігі бұзылуы ІІІ – Нервтің толық анатомиялық құрылымын бұзылуы Емі Консервативті: шайқалу, соққы, жаншылу немесе созылу жағдайында Хирургиялық: анатомиялық құрылымдары бұзылғанда Консервативті ем: дегенерация және регенерацияны жылдамдату мақсатында: анальгезирлеуші, қабынуға қарсы және инфекцияға қарсы В тобы витаминдері: иамина хлорид, пангамов қышқылы + никотин қышқылы; нерв жүйесі стимуляторлары (стрихнин, алоэ, ФиБС, плазмол и др.); антихолинэстеразды препараттар (прозерин, галантамин, нивалин); көрсеткіш және қарсы көрсеткіштерін ескере отырып, физиотерапевтикалық әдісер Нерв зақымдалуының жедел көріністері жоғалғаннан кейін бальнеотерапия Хирургиялық емі: Нейроррафия Невролиз Нейроэктомия Нейроррафия. Зақымдалған нервтің эпиневриіне орталық және перифериялық кесіндісінің соңы мен соңын тігу.Бұндай тігістер жараны біріншілік өңдеуде салынады, ерте немесе бріншілік тігіс деп аталады. Ауыр жарақатты инфекция кезінде біріншілік тігіс салуға болмайды.Тігіс тек инфекциялық процесс басылған соң салынады, ол тігіс кеш немесе екіншілік тігіс деп аталады. Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/1745 Материал көшіргенде, KazMedic.kz сайтына сілтеме міндетті
Құлақта бұлақтың бөлінуі физиологиялық норма. Оны адам жуынған уақыттан соң,мақталы таяқшамен сүртіп алып тазаласа жеткілікті . Ал егер бұлақ шамадан тыс көп бөлінетін болса, онда онда ол ортаңғы құлаққа жиналып қатып, құлақтың есту қабілетін төмендетеді. Бұндай жағдайда құлақты жоғарыда айтқандай қарапайым күнделікті тазалау көмектеспейді. Сондықтан дәрігерге барып жуғызған дұрыс.Оларда осыған арналған бұлақты тез жібітетін ерітінділері бар. Осы ерітіндіні тамызып , белгілі бір уақыт өткен фурациллин ерітіндісімен , немесе марганцовка ерітінділерінің біріменг щприц Жаненің көмегімен, ұлкен қысыммен сұықты айдап ортаңғы құлақты жуады.Қатты қысыммен айдалған сұйық құлақтаға бұлақтың бәрін сыртқа алып шығады. Егер ондай мүмкіншілік жоқ болса,онда халық емін пайдалануға тура келеді. Қандай жағдай болмасын ең бірінші ескеретін нәрсе құлақтағы қатқан бұлақты жібіту.Жібімеген бұлақты шығарамын деп әрекеттенсе ортаңғы құлақтың каналын және одан ары құлақ пердешесін зақымдап алу қаупі бар . Зақымданған жерге инфекция түссе,тіпті асқынып кетуі мүмкін.Негізі бұлақты жібіту үшін,құлаққа жылы ас содасының ерітіндісін куніне бірнеше рет тамызып, немесе сутегі асқын тотығының ерітіндісін бір екі күн құйып,содан соң мақталы таяқшамен бірінші беткі жағын тазартып,біртіндеп тереңдете тазартады.Мақталы таяқшаны аса терең тығуға болмайды,себебі бұлақты кері итеріп қуысты бітеп ,немесе құлақ пердешесіне зақым келуі мүмкін.Дәріханаларда құлақ тазалауға арналған арнайы балауызды шырақшалар бар.(Ушные свечи) соны алып нұсқаулығын мұқият оқып,пайдалануыңа болады.Бірақ қасыңда көмектесетін сенімді адам болу керек.
