Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
farm_emtikhan_toly_1179.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116.07 Кб
Скачать

50 Балл

1-билет

1.Қазіргі кезде Циметидин дәрісі медицина тәжірибесінде жиі қолданылмайды. Себебі неде?Циметидин әсер механизмі және қай топтың дәрісі? Ранитидиннің 20 түймедәрісіне(таблетка)рецепт жазыңыз. Анықтаңыз, 0,02% – ерітіндінің 5миллилитрінде неше грамм зат еріген?

Циметидин- H2 гистамидік рецепторларды тежейтін зат тобына жатады. Асқазанның хлорлы сүтек қышқылының экскрециясын төмендететін негізгі заттар.

Циметидин-таңдамалылығы белсенділігі және әсер ету механизмі ұзақтығы бойынша 5-10есе ранитидиннен төмен. Әсері 6 сағ. жуық сақталады. Антиандрогендік әсері бар. (Андрогендік гармондардың рецепторларын тежейді) Соған байланысты еркектерде жыныстық қызметіның бұзылуы және гинекомастияны(сүт безінің ұлғаюы)шақырады. Бауырдың микросамалды энзилдер жүйесіне тежегіш әсер көрсетеді.Аралас функциялы оксидазаларға жататын цитохром р-450 рецепторларымен байланысады сондықтан бірқатар дәрілік заттардың-диазепамның, анаприлиннің,теофелиннің ж.е т.б әсерін күшейтуі мн.

Циметидинді ұзақ қолданғанда шетки қан құрамын бақылап тұрған жөн себебі ол лейкопения тудыруы мн.

Қазіргі кезде медицинада жиі қолданылмауының ең бастысы андрогенді рецепторды тежеуі болып саналады.Бауыр макросамалды ферментін тежеуі болып саналады.

Ранитидин-20 таблеткасына рецепт жазыңыз.

Recipe.: Ranitidini 0,15

Da tales doses №20 in tabulettis

Signa. Ішке күніне 1 таблеткадан 1рет қабылдау үшін.

Тәуліктік дозасы-0.15

Шығарылу түрі-0.15, 0.2, 0.3

Анықтаңыз; 0.02% -5миллитринде неше грам зат еріген. 0.02% -100мл

Х - 5мл

Х = 0.001гр

2-билет

2.Нитроглицерин дәрілерінің қолданылуы әсер механизмі негізгі жағымсыз әсерлері қолданылуына қарсы көрсетпелері нитроглицериннің 50 түймедәрісіне таблетка рецепт жазыңыз. Нитроглицериннің бір түймедәрісінде неше мг нитроглицерин бар?

Нитроглицерин- нитраттар тобының (азот қышқылы ж.е глицериннің әсерлері) өкілі болып табылыды.

Нитроглицериннің антиангиналдың әсері көп дәрежеде оның экстрокардиалдық ықпалына байланысты. Стенокардия ұстамасын жоюдың негізгі себебі нитроглицеринмен веноздың санымен қатар артериялық қысымды сәйкесінше веноздық қанның қатуын төмендету мен қан ағымына кедергіні азайту және нәтижесинде жүрекке дейінгі және кейінгі жүктемені төмендету болып табылады. Бұл жүрек жұмысының және оның оттегіге қажеттілігінің азаюна әкеледі. Бұл жағдайда бар қанмен қамтамассыз етілу деңгейі ж.е оксигенация ағза үшін адекватты болады ж.е гипоксия жойылады.

Миокартық ишнмияға ұшыраған аймағының нитроглицерин қанмен қамтамассыз етілуін жақсартатыны маңызды. Қарынша қабырғасының диасталалық кернеуінің азаюынан миокарттың субэндокрдиалдық бөлігінің қанмен қамтамассыз етілуін жақсартады.

Жағымсыз әсерлері- рефлекторлы тахикардия(артериялық қысымның түсуімен байл компенсаторлық р-я) бастың ауруы бастың айналуы. Әсерлі преп. 1-ші рет енгізгенде байқ. Үлкен дозада коллапс болуы мн.

Қолдануға қарсы көрсетпелер айқын гипотензия, коллапс, геморрагиялық инсульт,гипетиреоз,анемия,ми қан бұзылыстары,бүйрек жетиспеушілігі кезінде қолданылмайды.

Recipe.:Nitroglycerini 0.0005

Da tales doses №50 in tabulettis

Signa.тіл астына 1-2 таблеткадан күніне 1-2 ретке қабылдау үшін.

Флакон 5мл-1% Таблетка 0.0005г

1% майлы ерітінді

Капсулада 0.0005г ж.е 0.001

Нитроглицериннің 1 таблеткасында неше мг нитроглицерин бар. 1 таблетка 0.0005гр 0.0005*1000=0.5мг зат бар.

3 Вариант

Мына келтірілген дәрілердің ішінен жүрек жұмысының созылмалы жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілерді, таңдап алыңыз.Дәрілер: Дигитоксин,дигоксин,эфедрин гидрохлорид,изадрин, каптоприл, индометацин, фуросемид,верошпирон,кандесартан,ацетилсалицил қышқылы,атропин сульфаты,бисопролол. 5ампуладағы Дигоксин ерітіндісіне рецепт жазыңыз.0,00005г грамм затты миллиграмға айналдырыңыз,қанша мг болады?

Дигоксин Фуросемид Верошпирон Каптоприл дәрілері болады.

Қосымша.Жүрек созылмалы жетіспеушілігінде

ААФ вазопептидаза тежегіштері, кардиотониктер, диуретиктер, спиронолоктон, вазодилататорлар қолданылады

Recipe.: Solutionis Digoxini 0, 025 %/ml

Da tales doses. №5 in ampullis

Signa. Күніне 1реттен көк тамырға енгізу үшін.

0,025% - 100мл

Х – 1мл

Х=0,00025

0,00005 грамм – Х мг

0,00005 гр * 1000= 0,05

.

4Вариант

Құрамы күрделі Пилорид дәрісінің құрамында қандай дәрілер бар? Құрамына кіретін дәрілердің жеке-жеке әсер механизмін жазыңыз. Пилорид дәрісінің қолданылуы.Осы дәріге рецепт жазыңыз.Натрий хлоридінің 10 мл изотоникалық (0,9%) ерітіндісінде неше мг Натрий хлорид еріген?

Пилорид- Асқазан ойық жарасы дамуында Helicobacter pylori маңызын ескеріп, өзіне H2- гистаминдік рецепторларды тежейтін қасиеін Helicobacter pylori жөнінде жоғары бактерицидтік әсермен біріктірілген ранитидин, висмут, цитрат(пилорид), препараты алынған. Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасын емдеуде препараттың емдік тиімділігі жоғары. Мұндай препараттар лорлысутек қышқылы және пепсиннің эрозиялық әсерімен гастродуоденальді шырышты қабаттың қорғаныс механизмі арасындағы баланстың бұзылуынан дамитын, асқазанның жане он екі елі ішек шырышты қабатының ойық жаралы зақымдалуында қолдананды.

Сондықтан, мұндай патологияны емдеу, негізгі тактикасы асқазан бездерінің секреторлық белсенділігін төмендету жане цитопротекторлық механизмдерді күшейту болып табылады. Бұл препарат H2- гистаминдік рецепторлар аденилатциклазамен байланысқан. Н2-РЕЦЕПТОРЛАР гистаминмен қозғанда жасуша ішінде ЦАМФ деңгейі артады. Бұл кезде асқазанның париетальды жасушаларының секреторлық белсенділігі жоғарылайды. H2- гистаминдік рецепторлардың тежелуі гистаминнің бәсекелес антогонистері болып табылды. Оның өте айқын тиімділігі асқазанның шырышты қабаты бездерінің секрециясына әсерімен байланысты. Аз дарежеде пепсиноген жане ішкі касл факторы секрециясы тежеледі. Асқазан сөлінің мөлшері азаяды.

Осы дәріге рецепт жазыңыз.

Recipe.: Pyloridі 0,4

Da tales doses N10

Signa. 1 таблеткадан, кунине 2 рет ішке қабылдау үшін.

NaCL 10 мл изотоникалық (0,9) ерітіндісінде неше мг NaCL еріген

0,9= 100мл 0,09грамм 0,0009 мг болады

Х= 10мл

Х= 0,09 жауабы: 0,0009 мг натрий хлоры еріген.

5Вариант

Панкреатиннің құрамы,қолдану қөрсетпелері.Әсер механизмі. Панкреатиннің 30 түймедәрісіне (таблетка)рецепт жазыңыз.5%- глюкоза ерітіндісінің 50миллилитрінде неше грамм глюкоза еріген?Есептеп шығарыңыз.

Ұйқы безінің жетіспеушілігінде орын басушы ем үшін панкреатинді (ірі қара малдың ептірілген ұйқы безінен алынған ұнтақ) қолдануға болады. Ол трипсин мен амилазадан тұратын ферментті препарат болыып табылады. ПАнкреатинді созылмалы панкреатитте, энтероколитте қолданылады. Оны тамақтың алдында ішке тағайындайды. Панкреатин ферментті препарат құрамында ұйқы безінің ферметті амилаза, липаза, протеаза бар. Олар майлардың, ақуыздардың, көмірсулардың қорытылуына ықпал етеді. Ұйқы безінің сыртқы сөлінісі жеткіліксіздігінің орнын толықтырады. Асқазан ішек жолынан сіңбейді, нәжіс арқылы шығарылады.

Панкреатинді қолданылуы:

Ұйқы безінің сөлініс бөлінуінің жеткіліксіздігінде

Асқазан ішектің, бауырдың, өт қабының созылмалы қабынуы, дистрофиялық ауруында

Асқазан ішек жолдарыныың қызметі қалыпты адамдарда тамақтануда ақау болғанда, ас қорытылуын жақсарту үшін.

Recipe.: Pancreatini 0,5

Da tales doses N30 in tabulettis

Signa. 1таблеткадан күніне 1-2 рет ішке қабылдайды.

5% глюкоза ерітіндісі = 50 мл неше гр глюкоза еріген

5% - 100мл

Х – 50мл

Х=2,5 Жауабы: 2,5 гр зат еріген.

6-билет

. және адреномиметик дәрілердің ішінен бронх демикпесңн басатын дәріні таңдап алыңыз.оның әсер механизмін жазыңыз. Негізгі жағымсыз әсерлерін жазыңыз. Таңдап алған дәріге рецепт жазыңыз. Сигнатурасын көрсетіңіз.анықтаңыз 0.0006г затқа неше мг зат сәйкес келеді.

Сальбутамол, фенотерол қолданылады.

Сальбутамол β2 адренорецепторларды айрықша қоздырады.

Бронхтарда симпатикалық жүйкелену жоқ. Бірақ бронхтарда айналымдагы адреналин ж.е сырттан енгизилнтін адренотропты дәрілер әсер ететин жүйкеленбейтін β2-анреноблакаторлар бар β2- адренорецепторлардың қуатттандыруы бронхтардың кеңеюіне әкеледі. Бронхтардың шырышта қабатының ісінуін шақырады,қан тамырларының өткізгіштігін жоғарылатады, шырышты қабаттардың лейкоциттермен сүзілуіне ықпал етеді., шырыштың жоғары сөлденісін шақырады. Осының бәрі бронх түйілуінің өтуін ауырлатады сондықтан оларды емдеудің аналгетик оның дамуын қуаттандырып ыкпалдарды жою ж.е бронхилитикалық емдеу ғана емес қабыну урдісінде басу кк.

β2-адреномиметиктер жылдам әсер ететін бронходилататорлар болып табылады. Қақырық бөлінуіне ықпал етеді.

Жағымсыз әсерлері- тремор, тахикардия,мазасыздық,аритмия ж.е аккомодация бұзылуын ж.е т.б тұдырады.

Recipe.: Aerozoli Solbutamoli 10ml- №1

Da.Signa.Ауызға ингаляция түрінде күніне 4-5 рет 5-10мин сайын қайталау арқылы бронх демікпесі кезінде қабылдау үшін.

Есептеңіз:

0.0006г зат-0.6мг болады.

7-билет

7. Мына келтірілген дәрілердің ішінен (Сустак форте,триметазидин, нитроглицериннің спиртті ерітіндісі) стенокардия ұстамасының басатын дәріні таңдаңыз.Оның әсер механизмі,негізгі жағымсыз әсерлері. Таңдаған дәріге рецепт жазыңыз.Сигнатурасын көрсетіңіз.Анықтаңыз.Адреналиннің 0.5мл-0,1% ерітіндісінде неше мг адреналин гидрохлориді еріген?

Нитроглицериннің-спиртті ерітіндісі қан тамырны кеңейтетін ж.е антиагрегатты қасиеттерге ие простациклин өндірілуін қуаттандырады. Миокардтық жиырылуын жақсартады, эпикардтағы ірі тәж қан тамырларын кеңейтеді тәж артерияларының түйілуін жояды.

Жалпы шеткерлік кедергінің төмендеуі артерияның кеңеюі артериялды қысымның төмендеуі. Миокардтың оттегіге қажеттілігі төмендейді.

Жағымсыз әсерлері-жанама әсері организмнің гемодинамикалық ж.е метоболиттікәсерімен байл іші қысымын жоғарылатады. Бұл ми қабықшасының көк тамырының кеңеюімен ж.е оның өткізгіштігінің жоғарылауымен байл.

Recipe.:Solutionis Nitroglucerini 1%-5ml (1ml)

Da tales doses №10 in ampullis

Signa.Тіл астына күніне 1-2 тамшыдан 1-2 рет қабылдау үшін.

0.1-100мл

Х-0.5мл

Х =0.0005мг еріген

8-билет

6.Артериялды гиперт. Емдеу кезінде өте жақсы нәтіже беретін дәрілер қатарынан жоғары орын алатын зәр айдайтын дәрілер тобының дәрісін атаңыз. Дәрінің әсер мех жаз, организмнен оң зарятталған қай ионды шығарады. Осы дәріге рец жаз. 12.5мг зат неше граммға сәйкес келеді.

Гидрохлортиазид – біріншілік зәрдің ағымымен ол дистальды иір өзекшелерінің бастапқы бөліктеріне жетеді. Олардың апикальды мембранасында Na -Cl импортын төмендетеді. Сүйтіп ақуыз симпорлардың Cl байланысатын бөлігіне бірігеді. Карбоангидразаны проксемальді иір өзекшелерінде тежеп бүйрек имоэнергетикасын бұзып май қышқылдарының қайнап нефроциттерге тасымалдануын тежейді.

Артериялық гипертензия кезінде АҚ төмендетеді артерияны кеңейтеді.

Гидрохлортиазид әсерінен Na,K,H,Mg,Cl шығарылуы жоғарлап HCl ж.е фосфаттар шығуы аздап көтеріледі Ca қанда сақталады.

Ca Кері сіңірілуі Na,Ca алмасу механизмі бойынша пираксимальды иір өзекшелерде ж.е нефрон көмегінде жоғарылайды.

Recipe.:Hydrochlorthazidi 0,1

Da tales doses №10 in tabulettis

Signa. Ішке күніне 1таблеткадан 1рет қабылдау үшін.

Recipe.:Hydrochlorthazidi 0,25

Da tales dases №10 in tabulettis

Signa.Ішке күніне 1-2 таблеткадан 1-2рет қабылдау үшін.

Тәу.доза. 0.1, 0.25, 0.05

Есептеңіз 12.5мг:1000=0.0125г болады.

9 Вариант

Мына дәрілердің ішінен (гигронии,натрий гидрокарбонаты және пирензепин) асқазан сөліндегі тұз қышқылының секрециясын төмендететін,дәріні таңдап алыңыз.Таңдап алынған дәрінің әсер механизмін түсіндіріңіз,негізгі жағымсыз әсерлері.Таңдаған дәріге рецепт сәйкес келеді?

Пирензепин-әсері базальдық және әр түрлі тітіркендіргіштермен шақырылған хлорлы сутек қышқылымен пепсиногеннің сөлденісі тежелуімен көрінеді.Пирензипин тағамға тітіркенуге жауап ретінде гастриннің босап шығуын төмендетеді және тітіркенуді тудырады.Пирензипин белгілі дәрежеге дейін асқазанның шырышты қабатының зақымдануға тұраұтылығын жоғарылатады.Бұл асқазан сөлінің төменедеуіне байланысты емес гастопротекторлық әсер деп аталады.Осындай мәліметтерде бар.Простагландиндерге ұқсас әсер көрсетеді.Бірақ пирензепиннің гастропротекторлық әсеріне простогландиндер қатыспайды Пирензепин аз дәрежеде сілекей бездерінің сөлденісін төмендетеді.Ол асқазан-ішек жолынан толық сорылмайды.Сорылған бөлігі бүйрекпен және өзгерілмеген түрінде өт арқылы шығарылады.

Негізгі жағымсыз әсері ауыздың құрғауы,диарея,аллергия реакциялар,аккомадация.

Recipe.:Solutionis Pirenzepini 0.5%-2 мл

Da tales doses №5 in ampullis

Signa.Көктамырға 8-12 сағат сайын изотониялық NaCl ерітіндісімен бірге 1 рет енгізу үшін

10 Вариант

Тиментин дәрісінің құрамын,әсер ету механизмін,қолдану көрсетпесін жазыңыз.Осы дәріге рецепт жазыңыз.Дәріні парентеральді түрде енгізу үшін,ол стерильді флаконда ерігіш құрғақ зат ретінде шығарылады.200 миллилитр өсімдік тұндырмасын(infusum),науқас адам 1ас қасықпен күніне 3рет ішкенде, 200мл тұндырма неше күнге жетеді?

Тиментин комбинирленген препарат құрамында тикорцилин, натрии тұзы калий тұзы. Тикорцилин жартылай синтетикалық пеницилиндер тобына жатады.Бактерицидтік әсер көрсетеді.Ұзақ әсер ететін антимикробтық қасиетт ие.Грам оң грам теріс бактерияларға ықпал жасайды.

Клавулан қышқылда бар құрамында.

Қолданылады бактериялық инфекциялар,бронхит,пневмония,несеп жолдары инфекциясы,сепсис,абдеминальдық,кіші жамбас инфекция сүйек және қантамыр инфекция кезінде қолданылады.

Тикарциллин 3,0+клавулан қышқылы0,1г=3.1

Recipe.:Timentini 3.1

Da tales doses №1

Signa.Күре тамырға тәулігіне 4-6 рет құюға

1 ас қасық-15мл

Күніне 3 рет=15*3=45мл

45*4күн мл ішсе=180 мл болады.4күнге жетеді

11 Вариант

Сульфаниламид дәрілерін атаңыз,әсер механизмі.Аугментин (Амоксиклав) дәрісінің 30 түймедәрісіне (таблетка)рецепт жазыңыз.1,0грамм дәрілік затты миллиграмға айналдырғанда,ол неше миллиграмм болады?

Сулфаниламид-этазол.Уросульфан,сульфазин,фталозол,сулфадиметоксин.

1.Әсерлері ұзақ этазол, уросулфан,сулфазин.

2.Әсерлері қысқа-суфаперидазин,сулфадиметоксин

3.Ішектер саңылауында әсер ететін фталозел

4.Жергілікті қолданылатын –сульфацил,сульфадиазин-күміс.

Сульфаниламидтердің антимикробтық әсерлерінің механизмі олардың параминобензой қышқылымен бәсекелесті антогонизміне байланысты болады.Пневмококтар менингококктар гонококктар гемолитикалық стрептококқа айрықша белсенді.Сульфаниламидтердің параминобензой қышқылымен химиялық тұрғыдан ұқсастығы нәтижесінде оның дегидрофомид қышқылына қосылуына кедергі болады.бұдан бөлек олар бәскелестікпен дегидроптероантисинтезіне қысым жасайды.Дегидрофамид қышқылы синтезінің бұзылуы одан тетрагидрофомид қышқылының құрылуын азайтады.Ал олар пуриндік және пиримидиндік синтезі үшін керек.Оның нәтижесінде нуклейн қышқылының синтезін төмендетеді.Соның салдарынан микроорганизмдердің өсуі мен көбеюі тоқтатылып бактериостатикалық әсер етеді.

Recipe.:Augmentini 0.25

Da tales doses №10 in tabulettis

Signa.Ішке тәулігіне 1 таблеткадан 3 рет тағайындау үшін

Шығу түрі:0,25;0,5г

Есептеңіз:

1г-1000 мг болады.

12 Вариант

Дәріні анықтаңыз.Бұл дәрі циклооксигеназа-1(ЦОГ-1)және циклооксигеназа-2(ЦОГ-2)ферментін тежейді және қолдану мөлшеріне байланысты(0,05-0,25г) тромбоциттердің агрегациясын болдырмайды.Дәрінің әсер механизмін жазыңыз.Қолдану көрсетпесі мен негізгі жағымсыз әсерлерін атаңыз.Осы дәріге рецепт жазыңыз.Дәрінің 1 таблеткасында 0,01грамм зат бар,ол неше грамм болады?

Ацетилсалицил қышқылы циклооксигеназині тежегіші нәтижесінде циклдік эндотераксидтер және олардың метоболиттері тромбаксан мен прастациклиннің синтезі бұзылады,бірақ тромбоциттер циклооксигеназасы тамыр қабырғасының ұқсас ферментіне қарағанда өте сезімтал.сондықтан простациклинге қарағанда тромбоксан синтезі көп дәрежеде тежеледі.Әсерінің осы ерекшелігі әсіресе препаратты аз дозада қолданғанда айқын көрінеді.Нәтижесінде ацетилсалицил қышқылының тромбоциттер циклооксигеназын қайтымсыз тежеумен түсіндіріледі.бірнеше күн сақталатынантиагрегаттық әсері басым болады.Тромбоциттер циклооксигеназасы қайтадан синтезделмейді.Ол тек жаңа тромбоциттер түзілу үрдісінде толықтырылады.

Қолдану көрсеткіштері-гиперкоагуляция синдромды емдеу және алдын алу,созылмалы тәж жктіспеушілігі,ишемиялық энцефалопатия

Фарм әсері-тромбоциттер мен эритроциттердің бір біріне жабысуын жіне бірігуін тежейді.Қанның реалогиялық қасиеттерін қалыпқа келтіреді.

Жағымсыз әсерлері-асқазан ішек жолына теріс әсер, антигепертензивті әсер,жүрек айну,құсу,аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Recipe.:Acidi acetylsalicylici 0.25

Da tales doses №10 in tabulettis

Signa.Ішке күніне 1 таблеткадан 1 рет тағайындау үшін

Шығу түрі:0,75;0,1;0,25,0,5

Есептеңіз:0,01грамм-0,00001 мг ға

(Негізі бұл жерде қанша мг болады деп сұралған қате кетіп қалған)

13 Вариант

Мына дәрілердің ішінен парентеральді жолмен енгізілетін,қаназдықта (анемия)қолданылатын дәріні таңдап алыңыз.Дәрілер:Сорбифер Дурулес,Ферроплекс,Феррум-Лек,Актиферин мальтофер,Венофер.Таңдап алынған дәрінің әсер механизмін және жағымсыз әсерлерін жазыңыз. Ферроплекстің 100 дражесіне рецепт жазыңыз.Есептеңіз:0,5%-10мл новокаин ерітіндісінде неше мг новокаин бар?

Әсері Феррум Лек бұлшықетке енгізуге арналған темурдіңі мальтозамен кешені және көктамырға енгізуге арналған темір сахароды. Препараттың құрамында темірдің 3 валентті гидроксиді полиизомальтозды комплексі түрінде кездеседі. Бұл макромулярлы комплекс тұрақты болып келеді және оның құрамындағы темір иондары босап шыға алмайды . Бұл комплекс құрамындағы темір ферритинге ұқсас және периоксиданттық әсер көрсетпейді. Бұл перапарат темір жеткіліксіздігінің кез келген түрінде ,темір жетіспеушілік анемияда темірдің орнын толықтырып гемоглабиннің деңгейін қалыпқа келтіреді препаратпене ем жүргізген кезде клиникалық (әлсіздік шаршағыштық бас айналу тахикардия аурушаңдық терінің құрғауы және лабараториялық симптомдарды регрессиясы байқалады.

Recipe.: Dragee Ferraplex 0.05

Da tales doses N10

Signa. Ішке 1-2 дражеден күніне 3 рет 3 апта бойына қабылдауға

Есептеңіз

0,5%-10ml

0.5-100

x-10

X=0.5*10/100=0.05 мг новокаин бар

Жағымсыз әсерлері Құсу ,жүрек айну, іш айналасында ауырсыну, іш қату бөртпелер теріде,аллергиялық реакциялар,лимфоидтықтүйіндердің үлкеюі, сүйектердің ауырсынуы болуы мүмкін

14Вариант

Дәріні анықтаңыз.Дәрі қанға сіңетін антацидті дәрілер қатарында, асқазандағы тұз қышқылымен әрекеттесіп көмірқышқыл газын (СО2) түзеді. Дәрінің әсер механизмін, негізгі жағымсыз әсерін жазыңыз. Ішке қабылданатын натрий гидрокарбонатына рецепт жазыңыз. 10миллиграмм затты грамға айналдырғанда, неше грамға тең болады?

Тез әсер ететін антоцитті заттарға натрий гидрокарбонаты жатады бірақ ол асқзанды СО2 түзілуін тудырi

NACHO3 + HCL - - NACL+CO2+H2O

Бұл асқазанның керілуіне әкеледі, сонымен қатар хлор сутек қышқылының екіншілік бөлінуіне себеп болуы мүмкін. Препарат қысқа уақыт әсер етеді. Суда жақсы ериді жеңіл арбсорбцияланады және жүйелік алкалоз болуы мүмкін. Асқазан сүлінің хлор сутек қышқылымен химиялық реакция ға түсіп оны бейтараптайтын негіздер болып табылады.

Жағымсыз әчерлері : Метеоризм, Жүрек айну, ҚҰсу лоқсу Бас айналу алкалоз , тәбеттің төмендеуі іш қаті артериялық қысымның жоғарылауы

Recipe.: Solutionis Natrii hydrocorbanatis 4%-20ml

Da tales doses N10 in ampullis

Signa. Көк тамырға күніне 1 рет енгізуге

Recipe.: Natrii hydrocorbanatis 0.5

Da tales doses N10 In tabulettis

Signa. Ішке күніне 1 таблеткадан 1-2 рет қабылдауға

Есептеңіз 10mg зат -0.01 грам болады

10:1000

15Вариант

Маалокс дәрісі.Құрамы? Дәрінің әсер механизмі. Қолдану көрсетпесі. Маалокстың 250мл суспензиясына рецепт жазыңыз.Анықтаңыз.0,02% ерітіндінің 3 миллилитрінде неше мг дәрі бар?

Маалокс әсері өңештің асқазанның және 12 елі ішектің шырышты қабығын қорғайды.Алюминий мен магний гидроксидінің әсері асқазан сөлінің тұзды қышқылын бейтераптандыруына негізделген алюминий гидорсиді мен магний гидорсидінің сейкестенуі қышқылға қарсы белсенді заттардың жасушалармен әсер етеді. құрамы алюминий мен магний гидроксиді.Қолдану көрсетпесі жедел гепатит(асқазан қабынуы),созылмалы гастрит,асзқазан сөлінің көп бөлінуі асқазан жарасы,язва,12 ішек жаралары ауруларында кофе алькоголь никотинді көп қолданылады.

Recipe.:Suspensionis Maaloxi 250 ml

Da. Signa.Ішке 1 ас қасықпен күніне 4 рет қабылдауға

Есептеңіз.

0,02%-100мл

Х - 3мл

Х=0.0006 мл зат бар

16-билет

Құрамы күрделі жұптастырылған дәрі-Амоксиклав дәрісінің құрамын жазыңыз. Амоксиклавтың әсер механизмін жазыңыз.Зәр шығару жүйесінің патологиясының қай түрінде қолданылады? Амоксиклавтың 28 түймедәрісіне (таблетка)рецепт жазыңыз.Таблетканың құрамындағы 0,0006 грамм дәрі неше миллиграмм болады?

Амоксилав-құрамында амоксициллин мен клавулан қышқылы бар. Амоксициллин бұл бір немесе одан көп ферменттерді тежейтін бактериялық жасуша қабырғасының маңызды құрылымды компоненті болып табылатын пептидиггликан биосинтезине қатысушы пенциллиндер тобына жататын жартылай синтетикалық антибиотик. Пептидогликан синтезін тежеу соңынан жасуша лизисі мен оның жойылуына алып келеді.

Клавулан қышқылы- пенициллиндер мен құрылымдар байланысы бар бета-лактам болып табылады. Ол кейбір бета-лактиазаларды тежейді,срнымен амоксицилиннің белсенділігінің жойылуын болдырмау ж.е оның белсенділік ауқымын кеңейтеді.

Амоксилав- зәр жүйесінің инфекциялық ауруларында қолданылады. Бүйректің жедел ж.е созылмалы жеткіліксііздігінде бүйрек функциясы ауыр бұзылыстарында сақтықпен қолдану кк.

Recipe.: Amoksiklav 0.25

Da tales doses 28 in tabulettis.

Signa.Ішке 1таблеткадан 3рет тағайындау үшін.

Есептеңіз; 0.0006-?

0.0006 *1000=0.6мг болады.

17-билет.

Витаминдер тобының дәрісі,гиперхромды анемияда(қаназдық) қолданылады. Әсер механизмін жазыңыз.Бұл дәрі ағзаның 3түрлі бұзылу синдромында жақсы нәтиже көрсетеді:қан түзілу жүйесінің,асқазан-ішек жүйесінің және жүйке жүйесінің цианокобаламиннің 10ампуласына рецепт жазыңыз.Есептеңіз.Цианокобаламиннің 0,02% ерітіндісінің 1 миллилитрінде неше грамм Цианокобаламин бар?

Цианокоболамин- В12 витамин.Аш ішекте витамин В12 мен ішкі Касл ықпалы кешені эритроциттегі ақуызда рецепторлармен байланыcып пиноцитозбен қанға өтеді.қандағы ақуыз транскоболамин витамин В12ні бауырға,кемікке,көкбауырға тасымалдайды.витамин В12нің коферменті-метилкоболамин ДНҚ және метионин синтезін реттейді,дезоксиаденозилкоболамин жүйке ұлпасының милиннің түзілуі үшін қажет.

В12нің авитаминозының симптомдары макроцитарлы қаназдықтан басқа,ми қыртысы мен жұлынның бүйір қарыншаларынің аксондарының ісінуі,ішек ауруларында,панкреатит,асқазан резекциясында,соқыр ішек синдормында қолданылады.Дәріні парентеральды жібереді.

Recipe:Solutionis Cuanocobalamini 0.01%-1ml

Da tales doses №10 in ampullis

Signa бұлшықетке күніне 1 рет енгізу үшін.

Есептеңіз

0,02-100мл

Х-1мл

Х=0,02\100=0,0002 0,0002гр цианокобаламин бар.

18-вариант

Қант диабетінің І түрінде қолданылатын инсулинге сипаттама беріңіз.Әсер механизмі,дәріні алу жолдары,дәрінің тазалығы және әсер ету ұзақтығы.Инсулиннің Актропид ХМ Пенфилл 3 мл түрінің 30 ампуласына рецепт жазыңыз.Анықтаңыз дәрілік препараттың 1мг мөлшерінде неше мкг дәрі бар.

Инсулиннің-дисульфидті көпіршемен байланысқан 2 полипептидті сақинадан тұратын полипептид.Адам инсулині гендік инженерия қолдану жолымен алынады.Дәрілер зат ретінде адам инсулині және ірі қара малдың ұйқы безінен алыгған инсулин қолданылады.

Инсулин сөліндісі Са иондарына тәуелді,бұл механизмді іске қосатын глюкоза В-жасушаларға еніп глюкоза метаболизденеді және жасуша ішінде АТФ мөлшерін жоғарылатады.Соңғысы АТФ тәуелді К өзектерін тежеп,жасуша мембранасының деполяризациясын шақырады.

Инсулин бауырда инсулиназа фемементімен ыдырайды.Инсулин әсерінен гликогеногенез жоғарылайды.Қант диабетінде инсулинді қолдану қанда қанттың төмендеуіне және гликогеннің ұлпаларда жиналуына әкеледі.Қанда глюкоза азаюы глюкозурияны және соған байланысты жоғарылаған диурезді және шөлдеуді жояды.

Recipe.:Solutionis Actrapid XM Penfilli 3ml-300ӘБ

Da tales doses №30 in ampullis

Signa көктамырға күніне 1 рет енгізуге

Есептеңіз:

1мг*1000=1000 мкг

19Вариант

Бүйрек үсті безінің қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілер. Олардың қолданылатын орташа мөлшерлері.Қолдану кезінде дәрінің мөлшері көбейіп кеткен жағдайдағы болатын әсерлер.Бұлшық етке енгізетін гидрокортизон ацетатының суспензиясына рецепт жазыңыз. Анықтаңыз:2,5% гидрокортизон суспензиясының 1 миллилитрінде неше миллиграмм (мг) гидрокортизон ацетаты бар?

Бүйрек үсті безінің қызметінің жетіспеушілігінде гидрокартизон,преднезолон,метилпреднизалон,дексаметазон жатады.

Глюкортикоидтар қолданылады-олар жасуша ішінде әсер етеді.олап жасуша цитоплазмасында арнайы рецепторлармен әсерлеседі.

Глюкокартикоидтардың минералокартикоидты белсенділігі бар ағзада Na иондарын ұстайды.(бүйрек өзекшеде олардың кері сіңірілуі артады)

Гипаталамус-гипофиз,бүйрек үсті безі жүйесіне тежегіш әсер көрсетеді.Нәтижесінде АКТГ өндірілуі азаяды.Осы кезде дамыған бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі әсіресе глюкортикоидтарды қабылдауда тоқтатқанда айқын байқалады.

Орталық жүйке жүйесінің бұзылыстары дамуы мүмкін.Бұл эйфориямен,психоматорлы қозумен,психикалық серпілістермен көрінеді.

Метилпреднизалон,пренизалон –тәулігіне 1рет

Триамциполон-күніне 1таблеткадан.

Recipe.:Suspensionis Hydrocortisoni acetas 25%-2ml

Da Signa Бұлшық етке аптасына 2-3 рет тағайындау үшін.

Есептеңіз:

2,5%-100мл

Х-1мл

Х=2,5\100=0,025мг

20Вариант

Сульфонилмочевина туындыларының дәрілерін жазыңыз.Әсер механизмі, қолдану көрсетпелері, жағымсыз әсерлері.Глибенкламидтің 20 түймедәрісіне (таблетка) рецепт жазыңыз. Анықтаңыз:0,25%-новокаин ерітіндісінің 5 мл-де неше мг (миллиграмм) новокаин бар?

Сулфанилмочевина туындыларына хлорпропамид,бутамид,глибенгламид,глипезид.

Сулфанилмочевина туындыларының гипергликемиялық әсері олардың АТФ тәуелді К өзекшерін тежеу қабілетіне байланысты.бұл потенципл тәуелді Са өекшелерінің ашылуына жасуша ішінде Са иондары мөлщерінің жоғарлауына және В жасушарыдан инсулиннің босап шығуына әкелуді.Бутамид қан сары суы ақуызымен байланысады бауырда тотығады.Хлорпропамид ағзада белсенді метаболиттер түзіп биотрансформацияға ұшырайды.В-жасушалардың инсулин өндірілуін қуаттандыратын глюкозаға және амин қышқылдарына сезімталдығы жоғарлайтыны анықталған.

Жағымсыз әсерлері:диспепсиялық бұзылыстар бейімділік,сирек ликопения,тромбоцитопения ,бауыр қызметің тежелуі ағзада судың ұсталуы,гипонатримия,іш бұзылғандағы бұзылыстар,терілік аллергиялық бұзылыстар,холестаз,сирек қан жасаудың тежелуі болады.

Қолдану көрсетпелері:Қант диабетінің ІІ типі(инсулинге тәуелді емес),гипогликемияда.

Recipe.:Glibenclamidi 0.005

Da tales doses №20 in tabulettis

Signa.Ішке күніне 1 таблеткадан 1-2 рет қабылдау үшін

Тәуліктік доза-0,0025 0,005

Есептеңіз:

0,25-100

Х-5мл

Х=0,25*5\100=0,025

21Вариант

Цианокобаламин дәрісі, қолданылуы. Әсер механизмі,шығарылатын дәрілік қалыпы. Цианокобаламиннің 1 миллилитрден шығарылатын 10 ампуладағы ерітіндісіне рецепт жазыңыз. Анықтаңыз: Цианокобаламиннің 0,01% ерітіндісінің 1 миллилитрінде неше мг(миллиграмм) Цианокобаламин бар?

Цианокобаламин қант аздықтарда қатерлі пернициозды қант аздықта тағайындалады.Цианокобаламин тапшылағында эритропоэз мегабласттық тип бойынша өтеді.Эритробласттың гиперхромды мегобласт-мегалоцит.Пернициозды анемияның дамуы цианокобаоаминнің сіңірілуінің бұзылуына байланысты.себебі мұндай науқастарда Каслдың ішкі факторы болмайды.Ционокобаламин анемияда қан көрінісін қалыпқа келтіреді.Неврологиялық бұзылыстарды және шырышты қабатының зақымдалуын жояды немесе әсер етеді.Асқазан сөлінің ахлоргидриясы сақталады.

Шығарылатын қалпы ампулада ерітінді түрінде 0,003% -0,01%-0,02% -0,05%-1 мг

Қолданылауы-Қант аздық, өспелерде, гипертириозда,гипотириозда,радикулит салдану.

Recipe.:Solutionis Cyanocobalamini 0.01%-1ml

Da tales doses №10 in ampullis

Signa.Бұлшықетке күніне 1 рет енгізу үшін

0,01-100 т.д 0,0001-0,0005

Х-1

Х=0,01\100=0,0001

Есептениз:

0,01%-100мл

Х-1мл

Х=0,01*1\100=0,0001

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]