Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
19.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
195.58 Кб
Скачать

1.4. Дыбыс генераторын программалау

Дербес компьютердің дыбыс шығару мүмкіндіктерін программада пайдалану оның дыбыстық жиіліктегі электромагниттік тербелістер шығара алатын дыбыс генераторының жұмысын басқаруға негізделген. CRT модулінде дыбыстарды программалауға арналған 3 процедура бар.

Sound процедурасы берілген жиілікпен дыбыс шығаратын ДК динамигін іске қосады. Процедура тақырыбы:

Procedure Sound (F: Word);

Мұнда F- герцпен берілген дыбыс жиілігі. Процедура программаның орындалуын жалғастыра береді және динамиктің дыбыс шығаруы NoSound процеду-расы орындалғанша тыйылмайды.

NoSound процедурасы динамиктің дыбыс шығаруын тияды.

Delay процедурасы программаның орындалуын берілген уақытқа кідіртеді. Процедура тақырыбы:

Procedure Delay (T: Word);

Мұнда T - миллисекундпен берілген уақыт. Әртүрлі жиіліктегі дыбыстарды белілі бір ұзақтықпен шығару үшін, әдетте, Sound - Delay - NoSound схемаcы пайдаланылады. Мысал:

4 октавадан тұратын музыкалық гамманы ілгері және кейін орындау.

Program Prost_55;

uses CRT;

const

F: array[1..12] of real = (130.8, 138.6, 146.8, 155.6, 164.8, 174.6,

185.5, 196.0, 207.7, 220.0, 233.1, 246.9);

temp=100;

var i, j: integer;

begin

for i:=0 to 3 do

for j:=1 to 12 do

begin

Sound(Round(F[j]*(1 shl i)));

Delay(temp);

NoSound;

end;

for i:=4 downto 1 do

for j:=12 downto 1 do

begin

Sound(Round(F[j]*(1 shl i)));

Delay(temp);

NoSound;

end;

end.

ІІ. ПАСКАЛЬ ТІЛІНДЕ СТАНДАРТТЫ МОДУЛЬДЕР

2.1. Турбо Паскалдың стандарт модулдеріне шолу

Турбо Паскалда көптеген әртүрлі типтерді, тұрақтыларды, процедуралар мен функцияларды жинақтап сақтайтын 8 стандартты модулдер бар. Олар: SYSTEM, DOS, CRT, PRINTER, GRAPH, OVERLAY, TURBO3 және GRAPH3. Турбо Паскаль 7.0 пакетінде GRAPH, TURBO3 және GRAPH3 модулдері бөлек-бөлек TRU-файлдарда жазылған, ал қалғандары TURBO.TPL кітапханалық файлдың құрамына кіреді. Ескеретін бір жағдай, SYSTEM модулінен басқа модулдерді пайдаланғанда міндетті түрде USES анықтауын қолдану керек. Стандартты модулдерді қысқаша сипаттап өтейік.

SYSTEM модулі. SYSTEM модулі Турбо Паскалдің негізгі кітапханасы болып есептеледі. Оған ең негізгілер деп есептелінетін басқару, енгізу/шығару, жолдарды өңдеу, арифметикалық қосалқы процессормен жұмыс және динамикалық жадты пайдалану мүмкіндіктерін іске асыратын 43 процедура мен 50 функция енгізілген. Кезкелген программада (модулде) стандартты SYSTEM модулі автоматты түрде анықталады.

DOS модулі. DOS модулінде MS-DOS операциялық жүйесінің негізгі ішкі программалары, файлдарды өңдеу процедуралары мен функциялары қамтылған. Сонымен қатар, онда көптеген пайдалы типтер, тұрақтылар мен айнымалылар да бар.

PRINTER модулі. PRINTER модулі кез-келген мәтінді матрицалық принтер көмегімен қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді.

GRAPH модулі. GRAPH модулінде монитор экранының графикалық режимін басқаратын 57 процедура, 22 функция жинақталған. Сонымен қатар, оған 132 тұрақты, 7 қосымша тип және 2 айнымалы да енгізілген. Турбо Паскаль графикалық драйверлер деп аталатын арнайы программалардың басқаруымен CGA, MCGA, EGA, VGA, Hercules, AT&T 400, 3270 PC, IBM-8514 видеоадаптерлерінің қалыпты жұмыстарын қамтамасыз етеді (мысалы: 3270 PC.BGI, IBM8514.BGI, т.б.). Көптеген видеоадаптерлер монитордың көрсету мүмкіндіктерін өзгерте алатын бірнеше графикалық режимде жұмыс жасай алады. GRAPH модулінің көмегімен алуан түрлі графикалық кескіндер жасақтауға және стандартты не жасанды шрифтардың көмегімен экранға мәтін жазуға да болады.

OVERLAY модулі. MS-DOS операциялық жүйесі орындалатын программаға негізгі жадтың 580 Кбайт бөлігін ғана береді. Қомақты күрделі программалар жасақтау үшін бұның жеткіліксіз болатындығы белгілі. Сол жағдайда OVERLAY модулінің көмегімен жабынды модулдерді пайдалана отырып, жедел жадты үнемдеу арқылы мақсатқа әбден жетуге болады.

TURBO3, GRAPH3 модулдері Турбо Паскаль 7.0 версиясын оның 3.0 версиясымен үйлестіру үшін қажет.

CRT модулін программада пайдалану

CRT модулі. CRT модуліне монитор экранына мәтін шығаруды, пернетақта-дан оқуды, дыбыс генераторын басқаруды қамтамасыз ететін ішкі программалар мен енгізілген. Сонымен қатар, онда көптеген керекті тұрақтылар мен айныма-лылар да бар.

System модулі мен Read, Readln, Write, Writeln процедураларының кейбір кемшіліктері (типсіз мәліметті енгізуге болмайтыны, арнайы түймелерді басу фактысын анықтауға мүмкіндіктің жоқтығы, мәліметті экранға позициялап және әр түспен шығара алмайтыны, т.б.) Турбо Паскалда CRT модулін енгізу арқылы жойылды.