- •Берілген жағдайда қайсы емдеу тәсілі барынша тиімді?//
- •37. 17 Жастағы жасөспірімде і дәрежелі эндемиялық зоб. Эутиреоидты жағдай. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы://
- •Терісі ылғалды, төменде көрсетілген диагноздың қайсысы болуы мүмкін?//
- •Қд 1 типімен науқаста ақуыз, май және көмірсулардың рациональды қатынасы:
- •Қандай себеп артериялық гипертензияны дамытты?//
- •Келтірілген препараттардың қайсысы барынша тиімді?//
1. 2 типті қант диабеті компенсациясының неғұрлым мүмкін критерийі:
A. HbA1с деңгейі 8,0%//
B. HbA1с деңгейі 9,5%//
C. зәрдегі глюкоза деңгейі 0,5%//
D. қандағы холестерин деңгейі 6,0 ммоль/л//
E. + глюкозаның ашқарынғы қандағы деңгейі 7,0 ммоль/л
2. Науқас 17 жаста, дене салмағының жоғарылауына, бір жыл бойы менструация циклінің бұзылуына шағымданады. Сүт бездерінің, ішінің, санының терісінде қошқыл түсті стриялар. АҚҚ - 140/90 мм с.б.б. Глюкозаға толеранттылық тестті: аш қарынға – 4,5 ммоль/л; глюкозамен жүктеме жасалғаннан кейін 2 сағат өткенде – 8,6 ммоль/л. КТ: екі жақ бүйрек үсті безінің гиперплазиясы. Қандағы кортизол деңгейі сағат 8-де -1060 нг/л (қалыптыда – 260-720 нг/л), сағат 14-те -1250 нг/л. Неғұрлым мүмкін диагноз:
A.церебральды семіздік//
B.+ Иценко-Кушинг ауруы//
C.гипоталамиялық синдром//
D.Штейн-Левенталь синдромы//
E.экзогенді-конституциялық семіздік
3. 35 жас Науқас АҚҚ 300/130 мм с.б.б. дейін көтерілуімен қабылдау бөліміне жеткізілді. Криз тахикардиямен, полидипсиямен, бұлшық еттік дірілдеумен, қорқыныш сезімімен бірге өтеді. Қан анализінде: глюкоза 20 ммоль/л дейін. Неғұрлым мүмкін диагноз://
A.Конн синдромы//
B.Иценко-Кушинг синдромы//
C.+ феохромоцитома//
D.эссенциальды артериялық гипертензия//
E.екіншілікті гиперальдостеронизм
4. К. атты науқас, 24 жаста айқын салмақ тастағанына (бір ай ішінде 9 кг), аузының құрғауына, шөлдеуге, жиі зәр шығаруына, жүрек айнуына, тәбетінің нашарлауына шағымданады. Объективті: терісі құрғақ, алақандары және табандары сарғыш реңді, фурункулез. Зәр анализінде қант - 2,5% және ацетон. Неғұрлым тиімді тағайындау://
A.бигуанидтер//
B.сульфаниламидтер//
C.инсулинді қоспалар//
D.+ қысқа әсерлі инсулин//
E.ұзақ әсерлі инсулин
5. 17 жастағы жасөспірімде І дәрежелі эндемиялық зоб. Эутиреоидты жағдай. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы://
A.левотироксин қабылдау//
B.мерказолил және в-блокаторлар//
C.күніне 100 мкг мөлшерде йод препараттарын өмір бойы//
D.левотироксин және йод препараттары//
E.+ күніне 200 мкг мөлшерде йод препараттарын 6 ай бойы
6. 45 жастағы науқаста АҚҚ 200/110 мм с.б.б. дейін тұрақты көтерілуі, бұлшық еттік әлсіздік, тырысулар, жиі зәр шығару мазалайды. Осы симптомдар мазалағанына бір жыл болған. Компьютерлі томограммада сол жақ бүйрек үсті безінің үлкеюі анықталған. Неғұрлым тиімді тағайындау://
A.конкор//
B.физиотенз//
C.фуросемид//
D.индапамид//
E.+ верошпирон
7. Науқас 36 жаста 6 жыл бойы гипертониялық аурумен зардап шегеді. Шағымдары: ұстамалы бас ауруына, физикалық жүктеме кезінде ентігу. Әкесі қант диабетімен ауырады. Объективті: бойы 170 см, салмағы 96 кг. Пульс 72 минутына., АҚ- 190/110 мм с.б. Жүректің сол шекарасы 1см солға ығысқан. Жүрек тондары әлсіреген, аортада ІІ тон акценті. Бауыр +3см. Науқасқа қант диабетінен біріншілік алдын алуы шаралары ең тиімді?//
A.+ шамадан тыс дене салмағын тастау//
B.артериялық қысымды қалыпқа келтіру//
C.бигуанидтер тағайындау//
D.гепатопротекторлар тағайындау//
E.селективті β-адреноблокаторлар тағайындау
8. Науқас К. 30 жаста, қатты арықтауына, аузының құрғауына, шөлге, кіші дәретінің жиілеуіне, жүрек айнуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Обьективті: терісі құрғақ, табаны мен алақандары сарғыш түсті, фурункулез бар. Зәр анализінде қант анықталған-2,9% және ацетонурия. Науқасқа тағайындау қажет://
A.+ қарапайым инсулинді//
B.сульфаниламидтерді//
C.бигуанидтерді//
D.пролонгирленген инсулинді//
E.гипокалориялы диета
9. 47 жастағы ер кісі, жұмыстан келісімен шаршағанына шағымданған. Диванға жатқан бойынша ұйықтап қалған. Анамнезінде: 5 жыл көлемінде қант диабетімен ауырып, инсулин қабылдайды. Бір сағаттан кейін әйелі күйеуінің бетінің бозарғанын, тер тамшыларын, шынайы ұйқы емес екенін байқаған.
Берілген жағдайда қайсы емдеу тәсілі барынша тиімді?//
A.регидратация жасау//
B.адреналинды тері астына енгізу//
C.актрапидті 10 Б тері астына енгізу//
D.+ 30 мл 40% глюкоза ертіндісін к/т ағызып, енгізу//
E.20 мл 1% метилен көгі ертіндісін к/т тамшылатып енгізу
10.Әйел 22 жаста жиі жүрек қағуларына, эмоциональды тұрақсыздық, агрессивтілік, 2 айда 8 кг дене салмағының төмендеуі. Әйел астеникалық қалыпта, терінің гипергидрозы, «телеграфты баған» симптомы. ЖЖЖ-120 минутына. Қалқанша безінің біркелкі ұлғаюы, аз ғана экзофтальм. Бірінші кезекте төменде аталған препараттардың ең тиімдісі?//
A.+ тиреостатиктер//
B.β – блокаторлар//
C.калия препараттары//
D.тиреоидты препараттар//
E.седативті препараттар
11.Пациент Ж. 48 жаста әлсіздікке, жүрек аймағында периодты түрде болатын күйіп ауыру сезіміне шағымданады. Валидол және седативті микстура қабылдағанда басылады. Жиі ыстық құйылу сезімімен жүретін гиперемия, жоғары дәрежедегі тершеңдік, ауа жетпеу сезімі мазалайды. Аменорея басталғанына 6 ай болған.Тері жабындыларында гиперемия және гипергидроз байқалады. Жүрек тондары тұйықталған, ритм дұрыс, тахикардия. ЖЖЖ – 96 рет мин. АҚҚ- 140/80 мм.с.б. ЭКГ: синусты тахикардия, эос вертикальды бағытта. V1-4 кеуде тіркемелерінде Т тісшесінің инверсиясы.. Анаприлинді сынама оң. Кольпоцитограмма – 100/0/0. Көрсетілген топ препараттарының қайсысын барынша тағайындау керек?//
A.гипотензивті//
B.седативті препараттар//
C.нитраттар//
D.+ эстрогендер//
E.имидазол туындылары
12. 20 - жастағы бойжеткен шөлдеуге, дене салмағының артуына шағымданады. Объективті: бойы - 162 см, салмағы - 94 кг. Дене салмағының индексі - 35,8 кг/м2. Ашқарынға гликемия 5,9 ммоль/л, жалпы холестерин – 5,2 ммоль/л, триглицеридтер – 2,4 ммоль/л. Төмендегі дәрілік заттардың қайсысын тағайындау барынша тиімді?//
A.манинилді//
B.+ метформинді//
C.диабетонды//
D.новонормды//
E.симвастатинді
13. 26 жастағы әйел, жарақат алғаннан кейін басының ауыруына, АҚ 150/90 мм с.б., дене салмағының жоғарылауына шағымданады. Қарап тексергенде: теріасты шел қабаты әркелкі дамыған, беті қызарған. Денситометрияда остеопороз белгілері анықталады. Қандағы кортизол мөлшері - 1500 нг/л (қалыпты жағдайда 260-720 нг/л), ашқарынға гликемия– 6,0 ммоль/л. Бүйрек үсті безінің УДЗ: екі жақты гиперплазия. Төменде келтірілген дәрілердің қайсысы барынша тиімді?//
A. + парлодел//
B. коринфар//
C. метипред//
D. Д3 – кальцийі//
E. глюкофаж
14.Науқас соңғы 1.5-2 жылда дене салмағының ұлғаюы, ауыздың құрғауы, бас ауруы және етеккір ағымының бұзылысына шағымданады. Қарап тексергенде: бойы 160 см, дене салмағы 130 кг, тері асты қабаты диспластикалық тип бойынша орналасқан, іш терісінде созылған сызықтар бар. АҚҚ 170\110 мм.с.б.б. Қант деңгейі-7,05 ммоль\л. Берілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?//
A.+ Иценко-Кушинг синдромы//
B.гипертониялық ауру//
C.қант диабетінің ІІ типі//
D.менопауза синдромы//
E.конституциональды семіру
15. Эндокринологқа 35 жасар әйел адам жалпы әлсіздіктің, шаршағыштықтың үдеуі, тәбетінің төмендеуі, жиі лоқсу шағымдарымен қаралды. Дене салмағының төмендеуі аясында 2 ай аралығында етеккір циклінің аменорея түрінде бұзылысы байқалған. Соңғы айда бірнеше рет есінен тану жағдайлары болған. Анамнезінде туберкулезге байланысты нефрэктомия жасалған. Объективті: дене салмағының жеткіліксіздігі, тері мен ауыздың шырышты қабатының гиперпигментациясы. АҚ – 70/40мм.с.б. Қанда: гемоглобин – 72 г/л, ашқарындық гипогликемия 2,9 ммоль/л дейін. Мүмкін болатын диагноз қандай?//
A.жүктілік//
B.гепатодуоденалды аймақ ісігі//
C.+ бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі//
D.аналық без туберкулезі//
E.нейрогенді анорексия
16. Субтотальды струмэктомиядан кейін 3 күн өткен соң қол – аяқтары, бет, диафрагма бұлшықеттерінің құрысуы (судороги) пайда болды. Қол – аяқтарда айқын парестезиялар мен ұю сезімі. Бір рет есінен танғаннан кейін күнде эпилептиформды талмалар дамыды. Бұл кезде артериялық қысым жиі төмен деңгейде тіркеледі. Төменде көрсетілгендердің қайсысы диагностиканың бірінші қадамы болып табылады?//
A.электроэнцефалография//
B.ТТГ мен бос Т4 деңгейін анықтау//
C.АҚ тәуліктік мониторлау//
D.+ кальций деңгейін анықтау//
E.кортизол деңгейін анықтау
17. Әйел адам, 62 жаста, шамалы жарақаттан кейін пайда болған оң жақ аяқ басының бірінші саусағының дымқыл гангренасы көріністерімен хирургиялық бөлімге түсті. Объективті: тері мен шарашты қабықтардың құрғақтығы, бетінің гиперемиясы. Айқын семіздік, көз көруінің төмендеуі, варикозды аурудың белгілері. Анасы мен апасында қантты диабет. Ашқарындық гликемия 6,2 ммоль/л. Мүмкін болатын диагноз қандай?//
A.+ 2 типті макроангиопатиямен//
B.ашқарындық гликемия бұзылысы жарақаттан кейінгі асқыныстарымен//
C.глюкозаға толеранттылықтың бұзылысы мен варикозды аурудың асқынуы//
D.метаболикалық синдром макроваскулярлы асқынулармен//
E.семіздікпен науқастардағы варикозды аурудың асқынуы
18. Эндокринологқа 32 жастағы науқас қаралды, бір ай бұрын ЖРВИ (ОРВИ) кезінде гипергликемия - 7,8 ммоль/л анықталды. Сауыққаннан екі және үш аптадан кейін бақылау барысында гликемия 6,2 ммоль/л жєне 6,5ммоль/л болды. Анасында қантты диабет. Объективті қарағанда дене салмағының артықтығынан (ДМИ-30кг/м2) басқа патологиялық өзгерістер анықталмады. Қандай диагноз мүмкін болады?//
A.семіздік//
B.ашқарындық гликемияның бұзылысы//
C.симптоматикалық гипергликемия//
D.+ екінші типті қантты диабет//
E.MODY диабет
19. Гинеколог қабылдауына 62 жастағы әйел аралық аймағындағы қышу сезіміне шағымданып келді. Созылмалы панкреатитпен 8 жыл бойы ауырады. Дене салмағы 102 кг, бойы 158 см. Мықын лимфа түйіндері 0,8 см палпацияланады. Терісінде қасыған іздер. Қандағы қант 7,8 мммоль/л. Қандай дәрілік тобын тағайындау ең тиімді?//
A.+ бигуанидтер//
B.сульфанилмочевиналар//
C.инсулинотерапия//
D.тиазалидиндиондар//
E.альфа –глюкозидазаның ингибиторлары
20. Қантты диабетпен науқас коматозды жағдайда қабылдау бөліміне жеткізілді. Бұл жағдай көп рет құсу және сұйық нәжіспен көрініс берген тағамнан уланудан кейін дамыған. Айқын гипотония және олигоуриямен сипатталған дегидратацияның клиникалық көріністері бар. Гликемия 27 ммоль/л, плазма осмолярлығы 380 ммоль/л, зәрдегі ацетонға сынама теріс. Шұғыл көмек көрсетудегі бірінші қадам қандай?//
A.20 бірлік инсулинді болюсті түрде//
B.сағатына 10-12 бірлік инсулинді тамшылап//
C.физиологиялық ерітіндіні сағатына 1 литр есебінен//
D.+ гипотониялық ерітіндіні сағатына 1 литр есебінен//
E. коллоидты ерітіндіні сағатына 500 мл есебінен
21. Әйел 45 жаста тәбетінің төмендеуіне қарамастан дене салмағының ұлғаюына, ұйқышылдық, кардиалгияға шағымданады. Обьективті: терісі құрғақ, мойыны жуандаған, беті ісіңкіреген, АҚ – 80/50 мм с. б., ЖСЖ – 45минутына. Тексеру кезінде: ТТГ – 45,7 мкМЕ/мл (қалыптыда 0,4 – 4,0 мкМЕ/мл). Аталған препараттардың қайсысын қабылдаған дұрыс?//
A.фуросемид//
B.милдронат//
C.мерказолил//
D.верошпирон//
E.+ левотироксин
22. 56 жастағы әйел адамда ашушаңдық,жалпы әлсіздік,ыстық құйылу тәулігіне 20 рет байқалады .Объективті: гипергидроз, ақшыл-қызғылт түсті дермографизм анықталды. АҚҚ - 150/90мм с.б.б. ЖЖЖ -86 рет 1 мин. Қынаптық жағындыда атрофия анықталды. Қай топ препараттарын ем жоспарына қосқан дұрыс?//
A.нитраттар//
B.+ эстрогендер//
C.седативті//
D.тиреостатиктер//
E.антигипертензивті
23. Семіздіктің 3 дәрежесімен зардап шегетін әйел адамды зерттеу кезінде гликемия – 12,5 ммоль/л деңгейінде анықталды. Қайталап тексеру кезінде гликемия деңгейі таңғы астан кейін 2 сағаттан соң 15,5 ммоль/л болды.
Осы жағдайдағы емнің бірінші линия препараты болып табылады?//
A.глипизид//
B.гликлазид//
C.+ метформин//
D.пиоглитазон//
E.глибенкламид
24. 25 жастағы қыз дене салмағының жоғарлауына, бас ауыруына, етеккір бұзылыстарына, бұлшық ет әлсіздігіне шағымданады. Анамнезінде: нейроинфекциямен ауырған. Қарап тексергенде: толық, іш және иық аймағында майдың жиналуы. Беті ай тәрізді, кеудесінде қою-қызыл стриялар, кеудесі ер адамдар типтес жүнді. АҚ 220/130 мм.с.б. Омыртқа тірегінің рентгенографиясы: «балық» омыртқалары. Гликемия-8,2 ммоль/л.
Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау барынша тиімді?//
A.+ парлоделді//
B.аминалонды//
C.фуросемидті//
D.метформинді//
E.церебролизинді
25. Науқаста шөлдеу сезімі, полиурия, сусыздану белгілері. Гликемия деңгейі барлық уақытта қалыптан аспайды, гиперазотемия жоқ. Ацетонға және глюкозаға зәр реакциясы теріс. Тәулік бойы зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1000,0-1004,0-1007,0 шамасында. Келтірілген диагноздардың қайсысы барынша мүмкін?//
A.+ қантсыз диабет//
B.диабеттік нефропатия//
C.тау біткен түтіктік синдром//
D.созылмалы бүйрек жетіспеушілігі//
E.созылмалы бүйрек үсті жетіспеушілігі
26. Ер кісі 32 жаста, 1 жылдан бері бұлшықеттердің ауру сезіміне, полиурияға, бас ауруына шағымданады. Объективті: бойы 180 см, салмағы 76 кг. ЖСЖ 76 мин. АҚ 170/105 мм.с.б. Терісі қалыпты түстес. Ісіну жоқ. Гипокалиемия, гипернатриемия, гипохлоремия. Несептің тығыздығы 1007, реакциясы сілтілі, протеинурия 0,033 г/л. Берілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?//
A. + Конн синдромы//
B. гиперпаратиреоз//
C. гломерулонефрит//
D. Кушинг синдромы//
E. пиелонефрит
27. Иценко-Кушинг ауруына байланысты адреналэктомияны өткерген жас әйелді жалпы әлсіздік, айқын шаршағыштық, тәбетінің жоғалуы, жүрек айну және естен тану мазалайды. Объективті: бойы 165 см, салмағы 42 кг. Тері мен шырышты қабатының гиперпигментациясы. АҚҚ - 70/40 мм сб.б. Қанда: эритр-3,5 млн., НВ-75 г/л, ЭТЖ-13 мм/с, аш қарынға гликемия – 2,0 ммоль/л.
Келтірілген препараттардың қайсысы барынша тиімді?//
A.адренокортикотропты гормон//
B.церукал//
C.сорбифер//
D.+ преднизолон//
E.левотироксин
28. 38 жастағы науқас, ІІІ дәрежелі аралас типтегі уытты зоб бойынша ота жасалынған. Отадан кейінгі 3 күні қысқа уақытқа созылатын тырысулар, 3-4 күндері парестезиялар пайда болған. Қарап тексергенде: терісі сәл ылғалды. Тілі таза, ылғалды. Жүрек тондары ырғақты, пульс 76 р/мин, АҚҚ - 130/70 мм с. б. Хвостек, Труссо, Шлезингер симптомдары - оң. Ең тән диагнозды атаңыз?//
A.+ гипопаратиреоз//
B.полинейропатия//
C.астено-невротикалық синдром//
D.гипотиреоз//
E.гипертиреоз
29. Әйел 48 жас, эпигастрии аймағындағы және сол қабырға астындағы, беліне берілетін ауру сезіміне, метеоризм, тұрақсыз үлкен дәрет, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, шөлдеуге шағымданады. Жақында қынап кандидозын емдеген. Объективті: арық (пониженного питания), терісі құрғақ, «рубин тамшылары», пальмарлы эритема, эпигастрии аймағындағы және сол қабырға астындағы ауру сезімі.УДЗ: Ұйқы безінің ұлғаюы, эхотығыздығының біртекті емес күшейюі. Науқасқа төменде келтірілген қандай лабораторлық тестерді жүргізу керек?//
A.ТТГ, Т3, Т4 деңгейін анықтау//
B.липидті профильді анықтау//
C.+ Гликемия профилін анықтау//
D.кальций деңгейін анықтау//
E.СА19-9, СЕА анықтау
30. Ер адам 26 жаста, шөлдеу, несепке жиі баруы, жалпы әлсіздік, дене салмағының төмендеуі мазалайды. Объективті: терісі құрғақ, екі беті қызыл, тынысы везикулярлы. Жүрек тондары дыбысты. Тілі құрғақ. Ішперденің тітіркену симптомдары жоқ.
Қандай зерттеу әдісі ЕҢ ақпаратты болып табылады?//
A.+ қандағы қант деңгейін тексеру//
B.жалпы қан талдауы//
C.жалпы зәр талдауы//
D.зимницкий бойынша несеп талдауы//
E.бауыр сынамаларын жүргізу
31. 37 жастағы әйел жүрек аймағындағы ауыру сезімі, жүрек қағу, тез шаршағыштықты байқады. Ауыру сезімі үш ай бойы мазалайды, осы уақытта ашушаңдық, жылауықтық пайда болып, 5 кг арықтады. Объективтi: жүдеу, тері гипергидрозы, қалқанша безі қарағанда байқалады. Қолдарында майда тремор, «телеграф бағанасы» симптомдары анықталады. АҚ - 130/60 мм.с.б. ЖСЖ – 120 рет мин.
Диагнозды нақтылау үшін немен сынама жүргізу барынша мәліметті://
A.инсулинмен//
B.клофелинмен//
C.+ тиреолиберинмен//
D.кортикотропинмен//
E.калий перхлоратымен
32. 16 жастағы жасөспірім ЖРВИ кейін 2 аптадан соң салмағының төмендеуін, шөлдеу, жиі зәр шығаруын байқады. Терісі мен тілі құрғақ. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығып тұр. Гликемия ашқарында 12,7 және 16,6 ммоль/л. Зәрдің меншікті салмағы - 1030.
Қандай емдеу әдісі ең тиімді?//
A.сиофор 1 таблетка кешке//
B.диабетон МР 2 таблетка таңертең//
C.6 бірлік қысқа инсулин бір рет//
D.инсулинотерапия 1,0 бірлік/кг дене салмағына//
E.+ инсулинотерапия 0,3 бірлік/кг дене салмағына
33. 25 жастағы қызға диффузды токсикалық жемсау, орташа ауырлық дәрежесі бойынша, ем жүргізілген мерказолил 30 мг тәулігіне, обзидан 60 мг, тәулігіне, феназепам 2 мг тәулігіне қабылдаған. Ем барысында жағдайы жақсарған, бірақ айқын лейкопения дамыған. Лейкопения дамуына БАРЫНША мүмкін себебті атаңыз?//
A.феназепамды қабылдау//
B.+ мерказолилді қабылдау//
C.обзиданның жоғары мөлшері//
D.қалқанша безінің көлемінің ұлғаюы//
E.аурудың ары қарай үдеуі
34. 35 жастағы әйел адам жалпы әлсіздікке, айқын шаршағыштыққа, тәбетінің жоғалуына, лоқсуға, есінен тануға шағымдалып келді. Анамнезінде: Иценко-Кушинг ауруына байланысты адреналэктомия. Объективті: бойы 165 см, салмағы 42 кг. Тері мен шырышты қабаттардың гиперпигментациясы. АҚ - 70/40 мм с.б.б. Қанда: эритр-3,5 млн., лейк-4,5 мың., НВ-75 г/л, ЭТЖ-13 мм/сағ, қанда қант деңгейі 8.00- 2.9 ммоль/л.
Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?//
A.адренокортикотропты гормонды//
B.церукалды//
C.сорбиферді//
D.левотироксинді//
E.+ гидрокортизонды
35. Липогенезді стимуляциялайтын гормон:
A.СТГ
B.Адреналин
C.Глюкагон
D.Инсулин+
E.Тироксин
36. Ұзақ гипогликемия қай жүйедегі қайтымсыз өзгерістерге әкеледі:
A.Миокардта
B.Өкпеде
C.Орталық жүйке жүйесінде+
D.Гепатоциттерде
E.Тегіс салалы бұлшықеттерде
