Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zukhra_narko_srs.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
346.95 Кб
Скачать

Ұйықтатқыш заттарды шамадан тыс қолданғанда болатын абстинентті синдромның фазалары және көріністері:

Фазалары

Көріністері

Бірінші фаза

Көз қарашығы үлкейген, өалтырау, гипергидроз, терінің бозаруы, қанағаттанбау сезімі, қобалжу сезімі. Науқас ұйықтай алмайды. Теріде бүртіктер пайда болады. Бұлшықет әлсіздігі айқын. Науқас ызаланған, тітіркенген. Наркотикті алғаннан кейін 20 – 24 сағатқа дейін созылады.

Екінші фаза

Бірінші тәулік біткеннен кейін пайда болады. Балтыр бұлшық еттерінің талтыруы, гиперрефлексия, бұлшықет гипертониясы, жеке бұлшықет талшықтарының тартылуы, тик, бқлшықет әлсіздігі, кішкене тремор, артериальді қан қысымыеың көтерілуы, тахикардия. Науқас дияфорияланған, төсекте жатпайды, жүргенде шайқалады, кейде, құлайды. Екінші күні абстинентті синдром толық көрінеді. Кейбір науқастар қатты шуылды, жарықты, қатты сөйлескенді көтере алмайды.

Үшінші фаза

Үшінші күні байқалады. Жоғарыда айтылған симптоматиканың барлығы қайталанады. Бірақ оған тағыда асқазан аймағындағы ауырсыну, құсу, іш өту және үлкен буындардың ауырсынуы қосылады, бұлшықеттердің тартылуы соедай айқын болмайды. Сенестопия байқалады, белгілі бір ймақта тұрақтанбайтын дене ауырсынуы, ауыру сезімі тарту, қысу типті, жүрек аймағында ауырсыну болады.

Төртінші фаза

Үшінші кұннің соңында пайда болады. Абстинентті синдромның апогеясы болып табылады. Күйзелген дисфорияның басылуы. Кейде ол депрессияға ауысады, қозғалыс және аффективті қозғалыс басылады. Кейбір науқастарда, яны 75 пайызында құрысу ұстамалары болады, күніне 3 – 5 реттен, Ұстамалар кейін 3 күн кейін де байқалуы мүмкін. Ұстамадан шыққанда психоздар байқалады, 60 пайыз науқастарда, 3 – 5 күні.

Передозировка: бұндай жағдай кезде екінші фаза бірнеше минутпен шектеледі немесе мүлдем болмауы мүмкін, тез арады қозғалыс шектеледі, терең ұйқы пайда болады, ал ол комаға ауысады. Соматоневрологияда байқалады: артериальді қан қысымының тез арада құлауы, пульстің компенсаторлы жиілеуі, пульстің әлсіз толуы. Тыныс алуы беткей, команың тереңдеуіне байланысты тынысы ауырлайды, Чейн – Стокс тынысына ауысады. Тересі тез ағарады, дене температурасы 34-35 градусқа дейін төмендейді, тереңрефлекстер жоғалады, пирамидальдң белгілер жоғалады. Өлім себебі: тыныс алу орталығының тежелуі, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, жүрек тоқтауы мен шокты реакция.

Егер адам дозаны 1 – 1,5 грамнан астырмасы және денсаулығы мықты болса онда ол тек терең ұйқымен ғана шектеледі.

Науқас препараттарды қолдануды тоқтатса толеранттылық тез арады бастапқы дозаға түседі, шамамен 2 -3 жұма арасында, осыдан стационардан емнен щыққан соң передозировка. Сонемен қоса оған ұзаққа созылған ұйқысыздық, наркотиктерге құштарлық , интоксикация, науқастың өз – өзін қадағалай алмауы. 4-6 ай наркотизациядан кейін науқас жоғарыда айтылған фазаларда болатын сезім алмайды, науқас тек естен танып амнезияға ұшырауы мүмкін .

Передозировкаға күмәні бар науқастарға зәр және қан сарысуына токсикологиялық сараптама жүргізіледі (Фридман Л. С. 1988 ж).

  1. Қысқа әсерлі барбитураттардың токсикалық дозасы 30 м/л. Ұзақ әсерлілердің токсикалық дозасы 80 – 100 мг/л.

Қанда басқа препараттардың бар жоғын анықтау керек, алкогольді қоса санағанда. Егер алкогольге сынама оң болса, тыныс алудың тежелуы жоғары болады, осыдан науқас өкпе вентиляциасын жасау керек сонемен қоса ұзақ уақыт синдром «отмены» емдеу керек.

Препараттарды переоральді қабылдағанда қышқыл – негізді баланста бұзылыстарды байқау үшін басқа лабороториялық сараптама жасау керек ( бауыр , бүйрек функциясын бағалау үшін, артериальді қанның газдық құрамын бағалау үшін).

Седативті – ұйықтатқыш препараттармен улану кезіндегі көмек:

Седативті – ұйықтатқыш препараттармен улану қазіргі кезде жиі және оның жолы оңай болғандықтан міндетті түрде жедел көмек жоспарын қарастыру керек.

Шамадан тыс доза қабылдағанда комбинерленген көмек жүйесі ұйымдасырылған:

  1. препараттың организмге әсер етуін тоқтату;

АІЖ препараттың сіңірілуін тоқтату

келешекте болатын асқыныстарды алдын алу

Бірінші этап: Препарат әсерін тоқтату. Флумазенил препараты жақсы антогонисттік қасиет көрсетеді. Басында 0,2 мг тамыр ішілік (30 секунд ішінде), кейін 0,3 мг; кейін препарат дозалы қадаммен еңгізіледі 0,5 мг-нан (60 секунд ішінде), препаратты кумулятивті дозаға дейін еңгізу керек 3 мг дейін.

Егер препараттың мөлщері қан сарысуында өте көп болса онда диализ немесе белсендірілген көмірден гемоперфузия жүргізіледі.

Сонымен қоса көмек көрсеткенде тыныс жолдарының өтімдігін қадағалау керек, өкпе вентиляциясы, қышқыл – негізді көрсеткішті коррекциялау, зәрді негізді көрсеткішке жақындату ол бүйрек клиренсы жақсы жүру үшін қажет . Диурезді фуросемид 20 – 40 мг, маннитол 12,5 – 25 мг препараттарын беру арқылы зәр көлемін 3 – 6 мл/кг/ сағатта ұстап тұру керек.

Екінші этап: препараттың организмде сіңуін тоқтату. Егер адам седативті – ұйықтатқыш заттарды жақын уақыт аралығында қабылдаған болса онда одан құсу шақыру керек немесе белсендірілген көмір беріледі. Гегер науқас ес тұссыз болса аспирацияны алдын – алу керек.

Үшінші этап: седативті – ұйықтатқыш заттарды шамадан тыс қабылдағаннан асқыныстарды алдын –алу. Науқасты бақылау, тыныс алу тежелуін,аспирацияны, өкпе ісінуін болдырмау. Аспирация болса антибиотиктер беріліу мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]