Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zukhra_narko_srs.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
346.95 Кб
Скачать

Тәуелділік дамуының сатылары:

Сатылары

Клинакалық көріністері

Тәуелділік дамуының бірінші сатысы:

Толеранттылық жоғары,тез тәуелділік п. б. Организмнің қорғаныштық қасиеті жоғалады,нәтижесінде: құсу, жүрек айну,сілекей ағу,ықылық,көз қарығуы дамиды; Әрдайым дозаны көбейтіп отыру қажеттілігі артады; Күндізгі уақытта да қолдана бастайды; Психикалық тәуелділік симптомы дамиды: масаймаған уақытта науқас өзін жаман сезінеді және қобалжуға әкеледі.Науқас үшін, бұл жағдайда наркотикалық масаю ғана шешім болып табылады. Бірінші дәреже ұзақтығы 2 аптадан бірнеше жылға дейын созылуы мүмкін.

Екінші сатысы:

Тәуелділік жоғарылайды; Шиеленісу туындауынан қоршаған ортаға қауіп туады; Науқас кеш түсе бастағанда күшейтілген доза қабылдаған болса ғана ұйқысы келеді; Мөлшерден тыс қолдану болғанда да қорғаныш реакциясы теріс болады; Қозғалыс дискоординациясы,сөзді байланыстырып сойлеу қабілетінің бұзылыстары дамиды .

Үшінші сатысы:

Созылмалы ауыр интоксикация белгілері айқын болады:дизартрия,дискоординация,топастық;2 Седативті заттарға төзімсіздік; Науқас қолда бар кез келген препараттарды қолданып,нәтижесінде бірнеше кунге сөнген жағдайға кетеді (запой); Болдырмау синдромы дамыса,аяқ астынан алатын шыдатпайтын ауырсыну сезімі туындайды; Науқас әлсіз әрі мұңлы күйде болады. Транквилизаторлар және ұйықтататын заттар тәуелділікке әкеліп наркоманияны сипаттайтын симптомдар пайда болады: Толеранттылықтың өзгеруі Психикалық тәуелділік; Физикалық тәуелділік .

Абстинентті синдром: 24 сағаттан кейін дамиды, симпиоматикасы шаңға жеткен уақыты 3-4 күн. Науқастар препаратты бір күн қолданбағанда көңіл күйлері мұғайу – қорқу сезіміне ауысады, қорқу сезімі қаттырақ байқалады. Айқын көрінеді: себепсіз ызалану, өкпелегңштік, ашуланшақтық, ұйқысының бұзылуы. 1 – 2 түндері науқастар аз ұйықтайды 5 – 6 сағат, түнгі тершендік болады, қорқу сезімімен оянады. 2 – 3 күні ұйқысы қашады, науқастар мүлдем ұйықтамайды, максимальді аффективті бұзылыстар байқалады: дисфория, ажитация, суицидальді тенденция, демонстрация түрінде қолын немесе денесінің басқа бөліктерін кесу. Кейін тез дамитын әлсіздік , бас ауру, көру бұзылыстары, артериальді қан қысымы қалыпты емес, тез арада түсіп кетеді, коллапсқа дейін. Мұндай жүрек тамыр жүйесіндегі көріністер барбитураттардық үлкен дозасын қабылдағандарда болады. 3 – 4 күні науқас өз денесінің әр жерлерінде ауырсыну немесе ыңғайсыздық сезеді. Ауырсыну үлкен буындарда: тізе, иық, шынтақ. Іш аймағында сыздап ауырсынуы, жүрек айну, құсу, дене массасын жоғалту. Науқастардың барлығында қабақ, созылған кол, тілдің, саусақтардың треморы байқалады. Еріксіз бұлшық ет тартылуы, әсіресе балтыр бұлшықеті.

Абстинентті синдромның ең қаіптісі құрысу ұстамалары және психоздар. Бұл көріністер прапараттардың көп дозасын қабылдағанда болады және олар бір бірімен кезектесіп жүруі мүмкін. Әдетте құрысу ұстамалары 1 – 2 күндері болса, ал психоздар 2 – 3 күндері ( әдете түнде). Зерттеулер бойынша тез әсер ететін барбитураттардың 0,8 г дозасын қабылдағандарда тек құрысулар болса, ал одан көп доза қабылдағандарда құрысу ұстамалары болады.

Психоздар: 3 – 8 күндері әдетте көбірек болады. Олар дилериямен немесе вербальді галлюцинациямен көрінеді. Алкогольді дилерияға ұқсас болады бірақ мұнда қорқу сезімі, науқастардың қатты ашулы болуы, тактильді галлюцинациялар, есту галлюцинациялары, бұлшықеттердің тартылулары көбірек болады. Галлюцинаторлы бред шизофренияға ұқсайды.

Абстинентті синдром әдетте 3 аптаға дейін созыладығ кейде 4-5 аптаға дейін. Көпке дейін көңіл – күйдің бұзылыстары, наркотикқа тартымдылық, дисфориялық реакция, аппетиттің бұзылыстары кетейді. Тамаақа тәбеті 10 – 14 күні пайда болады.

Ауыр жағдайларда абстинентті синдром трансформациялануы мүмкін, 2 айға дейін созылуы мүмкін, бірақ симптоматикасы сондай айқын болмайды. Ауырсыну синдромы ең аз байқалады, дисфория вялоаппатиялық субдепрессияға ауысады. Кейде бірінші планға суицидальді тенденция , тұрақты депрессиямен шығады. Соматикалық бұзылыстары: жүрек тамыр жүйесіндігі бұзылыстар, коллапс, миокардиодистрофия. Құрысу ұстамалары сериалы болады ( күніне 5 – 10 реттен), құрысуға қарсы препараттармен басылмайды. Ауыр дилериялық жағдай бақыланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]