Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zukhra_narko_srs.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
346.95 Кб
Скачать

Немесе седативті және ұйықтатқыщ заттарды қолданысы бойынша жіктелуі.

Әсер ету механизмы: Барбитараттар негізінде барбитурат қышқылы жатыр. Барбитураттар ГАМК-рецепторларымен байланысады. ГАМК байланысқаннан кейін ГАМК-рецепторында аллостерикалық өзгерістер туғызады, кейін хлор иондарының көптеп бөлінуін туғызады. Барбитураттар хлор каналын стабилизациялау арқылы ГАМКның рецепторларға әсер етуін жеңілдетеді. Барбитураттар мөлшері өте көп болғанда олар ГАМК-рецепторларына тікелей агонистикалық әсер етеді. Олармен туындайтын нейрональді тежелу ОЖЖ зақымдалу мен тежелуін туғызады, кейін препараттардын передозировка болғанда кома және өлім пайда болуы мұмкін. Сонымен қоса барбитураттар потенциал тәуелді натрий каналдарын тез разрядтауын туындатады, осының нәтижесінен жасушаларға кальций иондары аз түседі.

Әсер ету және организмнен шығу ұзақтығына қарай барбитураттар 3 топқа жіктеледі:

Барбитураттардың әсер етуі олардың липидта еруіне байланысты. Қысқа әсерлілер липидте тез еріп ГЭТ тез өтеді, ұзақ әсер ететіндер ГЭТ ұзақ өтеді.

Барбитураттар переоральді, бұлшықетке, тамыр ішілі қолданады. Қолданудың қандай түрі болмасын олар өте жоғары биожетімді. Препаратты переоральді қабылдағанда олар аш ішекте сіңіріледі, қан түскенде белоктармн байланысады. Бауырда метаболизденеді. Препараттың 25 пайыз өзгермеген түрде зәрмен шығады.

Клиникалық көріністері:

Ғ13.0-Н. Жедел интоксикация. МКБ-10 критерийне байланысты бұл диагноз төменде айтылған көріністерде қойылады:

1)Бір немесе бірнеше психикалық көріністер:

а) эйфория немесе тежелу;

б) апатия, седативті эффект;

в) конфликтті, агресивті болуы; г)

аффективті тұраты болмауы;

д) бір іске мән беріп айналыса алмауы;

е) антероградты амнезия;

ж) психомоториканыі бұзылысы;

з) ойлау қабілеттің төмен болуы

2)Бір немесе бірнеше соматоневрологиялық көріністер:

а) қозғалыстың өзгеруі

б) Ромберг сынамасы теріс болуы;

в) сөйлеудің бұзылысы;

г) нистагм;

д) сана бұзылысы(нистагм, кома);

е)терідегі эритема, пустолалар.

Интоксикация фазалары:

Бірінші фаза: тамыр ішілі еңгізгенде бірден пайда болады(на игле). Бұл фаза бірнеше секундқа созылады, сананың бұзылысымен немесе басқаша айтқанда оның өшуімен көрінеде(раушнаркоз типі бойынша). Науқастарға коөге көрінетін немесе сезілетін көріністер: бас айналуы, көздің қарауытуы немесе көз алдында бары бұлыңғыр болып қозғалуы. Бұл сезімдер науқасқа жағымды болып көрінеді. Қоршаған ортаға науқас мін бермейді. Акоазмалар және фотопсиялар, мидриаз, дененің жоғарғы жағының терінің гиперемиясы, тез пайда болған бұлшықеттік әлсіздік. Переоральді қабылдағанда эйфория фазасы болмайды.

Екінші фаза: бірнеше секундтан кейін пайда болады, алкогольді мастануға ұқсайды (волокуша). Себепсіз бақыт сезімі пайда болады, науқас қозғалғысы келеді, орнында отыра алмайды, қандай да болсые іс-әрекет жасағысы келеді. Қозғалысы бұзылған, эмоциональді жағдайы тұрақты емес, назары тез бұзылады, ойлау қабілеті өте төмен. Мастанған адам бақыт сезімінен өтіп тез себепсіз ызаланады. Маңында болып жатқан іс-әрекеттер тек оған қатысты болып көрінеді, оны адамдар қорлап немесе ұнатып тұрғандай болады. Ауыр неврологиялық бұзылыстар пайда болады: нистагм, диплопия, дизартрия, дизметрия, координация бұзылысы, рефлексттер төмендеген, адам дұрыс , қалыпты тұрып немесе жүре алмайды. Қозғалысы шайқалған, бұрмаланған. Көз қарашығы кеңейген, реакциясы төмен. Гиперсаливация байқалуы мүмкін, склера және бет терісі гиперемияланған, терісі майлы, жылтыр, тілі сұр лас жабындымен жабылған. ЖЖЖ және артериальді қан қысымы төмендеген, науқас шамадан тыс терлей бастайды, дене температурасы 0,5-1 градусқа төмендейді. Екінші фаза ұзақтығы 2 – 3 сағат. Опиоидтармен интоксикацияда болатын өз еркімен мастануда басу бұл типке жатпайды немесе басу өте ауыр.

Үшінші фаза: препарат әсері - ұйқы. Ұйқысы терең, ауып, ондай адамды ояту қиынға түседі. Бұлшықеттері босаңсыған, әлсіз, егерде оны орнынан жылжытқанда ол қарсылық көрсетпейді. Бірақ ұйқысы күндіз болса ол қысқа болады, 3-4 сағатқа созылады, ал түнде ұйықтауға оған ауыр болады.

Төртінші фаза: ояған кезде байқалады. Адам оянғанда әлсіз, ен бір іс-әрекетке шамасы болмайды, ойлау қабілеті төмен, ойын жинай алмай тұрады. Неврологиялық бұзылыстар: горизонтальді нистагм, сіңір рефлекстері төмендеген, тремор, бұлшықеттік әлсіздік. Бас ауру, жүрек айну, құсу байқалады, қатты шөлдейді, тамаққа тәбеті болмайды. Егер науқас алдында препараттың үлкен дозасын қабылдаған болса, онда ол бір стакан ыстық су ішсе мастану сезімі қайтадан басталады.

Жоғарғы фазаларды қорыта айта кетсек препарат екі негізгі этаптан тұрады: бірінші, қысқа – қоздырғыш (стимулдаушы), екіншісі ұзағырақ – седативті. Седативті эффектке біріншіден толеранттылық пайда болады. Осыдан препаратты біраз уақыт қабылдағаннан кейін стимулдаушы эффект ұзаққа созылу мүмкін , осыдан науқас өзіне қажет седативті эффект алу үшін препарат дозасын жоғарлату керек. Кейде препарат дозасы өмірге қауіпті мөлшерге дейін жетеді.

Бір ерекшелік, опиомания кезінде өсіп асып кеткен толеранттылық 100-200 есе болады, алкоголизмде 8-12 есе, ал барбитураттар кезінде 5- 6 есе. Яғни препаратпен улану өте оңай, наркотикалық және өмірге қауіпті доза арасы үлкен емес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]