Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арипбай Ш.С. 5035.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39.66 Кб
Скачать

Объективті мәліметтер

Соматикалық статус

Орта бойлы, дене бітімі – гиперстеник.Тамақтануы жоғарлаған. Тері жамылғысы мен шырышты қабат түсі қалыпты. Теріасты шелмайы біркелкі. Дене температурасы – 36,5оС.

Тірек-қимыл жүйесі дұрыс қалыптасқан, мойны дұрыс формалы.

Тынысы ритмді, мұрын арқылы, минутына 16 рет. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ.

Жүрек перкуссиясында ұлғаймаған, аускультацияда тондары анық, ритмі дұрыс. ЖЖЖ – 70р/мин. АҚҚ 120/80 мм. сынап бағанасына.

Пальпация кезінде іші жұмсақ, ауырсынусыз. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Бауыры қабырға доғасының шетімен, көкбауыры пальпацияланбайды, перкуторлы шекарасы қалыпты.

Сол және оң жақ бүйректері пальпацияланбайды, Пастернацкий симптомы теріс.

Неврологиялық статус

Басының ауырсынуы жоқ.. Керниг симптомы теріс. Брудзинский симптомдары теріс мәнді. Көз саңылаулары мен қарашықтары OD=OS, фотореакциясы сақталған.

Ромберг сынамасы: науқас тұрақты, саусақ-мұрын сынамасын орындайды. Координация мен статикасы бұзылмаған.

Рефлекторлы сферасы: сіңірлік және периостальды рефлекстері біркелкі симметриялы. Патологиялық рефлекстер жоқ.

Сезімталдығы бұзылмаған.

Психикалық статус

Санасы

Науқастың уақытта, қоршаған ортада және өзі жайлы түсінігінде ориентациясы бұзылмаған. Сыртқы келбеті ұсқынсыз. Бір орнында тұрмайды.Бірде тұрад,бірде отырад.Күмәнмен жүреді.Көп сөйлейді.Қойған сұраққа жауап бермейді.Сөйлеуі түсініксіз.Өзін мені зорлаған деп айтады,біреулер мені жөзекше деп ойлайды. Мен принцессамын деп айқайлайды.

Қорытынды:сана бұзылыстары анықталды.

Қабылдау

Қабылдау сферасында науқаста галлюцинаторлы ес алаң ойлар анықталды.Науқас дауыс естиді.Осы тақырыпқа сөйлескісі келмейді. Науқастың сезімін детализациялау мақсатымен сұрастырғанда, жауап бергісі келмейді.

Гипер - және гипестезиялар тексеріс кезінде анықталмады. Ішкі мүшелердегі қалыпты емес сезінулерге де шағым білдірмейді.

Қорытынды:қабылдау бұзылыстары анықталады:есту және көру галлюцинациялары

Зейін

Зейіні тұрақсыз. Қойған сұрақтарға ұзақ үзілістен кейін жауап береді.

Қорытынды:зейіннің бұзылысы.

Есте сақтау қабілеті

Балалық шақтағы,жасөспірім кездегі сәттері есінде сақталған.Анасының есімін айтады.Псевдореминисценция және конфабуляция белгілерін көрсетпейді.

Қорытынды: Есте сақтау қабілеті бұзылмаған.

Ақыл-ой

Науқастың негізгі ақыл-ой типі – нақты: науқас сөйлесу уақытында тез жауап берді.Сандырақ ойлар байқалады.

Қорытынды:ойлау мазмұны бұзылуы байқалады.

Интеллект

Анамнез жинағанда науқас жалпы және профессионалды ұғымдарды қолданбады. Оның пікірлері мен қорытындылары тек тұрмыстық, үй ішілік мәселелер жайында болды. Тек оңай күрделі емес сұрақтарға жауаптарды қиындықсыз қайтарды, ал күрделі детализацияны қажет ететін сұрақтарға жауап қайтара алмады. Науқас санай алады, кругозоры төмен. Өмірлік және мектепте үйренген заттарды ұмытпаған. Интеллект науқас алған оқуға сәйкес келеді.

Эмоциялар

Эмоциясы тұрақсыз, өзінің өміріне қауіп сезімі болған. Науқастың көңіл-күйі тұрақсыз, психомоторлы қозған. Науқастың мимикасы аз активті, бірақ көп бейберекет қозғалыс жасайды. Суицидальді ойлары болған.

Қорытынды:Эмоционалді белсенділіктің тұрақсыздығы.

Ерік-жігер қызметі

Науқастың киімі олпы-солпы, шашы таралмаған. Сөйлеуге пассивті қатысады, сұрақтар қоймайды, тек жауап қайтарады, қызығушылық өзінің ауруы жайлы бірнәрсе білуге талпынбайды. Өзінің ауруына критикасы жоқ. Туыстары мен медициналық персоналға эмоциясы бейтараптық танытады. Уақыттың көп бөлігін коридорда мақсатсыз жүрумен өткізеді.

Мінез-қылығы

Науқас палататан гөрі көп уақытын коридорда өткізеді, басқа науқастармен сөйлеседі, көбінесе жалғыз отырады немесе коридорда жүреді.