- •Мәжбүрлі қалып
- •Пневмония
- •Пневмония
- •Тақырып №7: Ісік синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі
- •8. Ортопноэсыз мойын венасының ісінуі, дененің төменгі бөлімінің ісінуі, гепатомегалия, асцит кезінде не туралы ойлау керек:
- •9. Бауыр циррозынан кейін асцит қай ауруда жиі кездеседі:
- •10. Спленомегалия, өңештің венасының варикозды кеңеюі, сарғаю, асцит, асқазан-ішек жолдарының қан кетуі қай ауруға тән?
- •Тақырып №10: Қысқа уақытқа естен тану синдромында ажырату диагнозын тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі
- •Жүректегі шу синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.
- •Геморрагиялық синдром кезіндегі ажырату диагнозын тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі
- •Өкпелік гипертензия синдромында ажырату диагнозын тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі
- •Халиксол
- •Анықталмаған қызба синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.
- •Менингит
- •Анемия синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.
- •Іш қуысының ауырсыну синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.
- •Сарғаю синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.
- •18.Эндокринді синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.
- •19.Диарея синдромында ажырату диагнозын тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.
- •20. Іш қату синдромында ажырату диагнозын тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.
Анықталмаған қызба синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.
1 Бір жасқа дейінгі бала жедел ауырып қалды. Кентеттен дене температурасы 39,5 градуска көтерілді, мұрын жұтқыншақ жағынан айқын катаральды өзгерістер пайда болды, бір реттік құсу, қозғыштық, тері жамылғыларының бозғылттығы мен мәрмәрлығы, айқын емес менингеальды симптомдар байқалады. Алғашқы диагнозыңыз: (2)
Менингит
ЖРВИ+
Нейротоксикоз+
Токсикалық пневмония
Ішектік токсикоз
Тұмау
Катаральды ангина
Фарингит
2Жоғары қызбамен қатар, тері жамылғысының бозаруы және құрғауы бар науқасқа жүргізілетін іс-шараларды көрсетіңіз: а) қызу түсіретін препараттарды парентеральды енгізу b) спиртпен сүрту c) қызу түсіретін, тамыр кеңейтетін препараттарды енгізу d) салқынмен(салқын сүлгі не төсеніш) орау e) салқын сумен клизма жасау
3. Гипертермия байқалған 3 жасар балаға отбасылық дәрігер шақыртылды. Дене температурасы 38ºС, тері бозарған «мрамор түсті», сонымен қатар тырнақ пен ерінінің цианозы байқалады, «ақ дақ»белгісі оң, аяқ-қолы мұздай, шектен тыс тахикардия, ентігу бар. Бала енжар, ештенеге қызығушылығы жоқ. Жедел көмек шараларына жатады: (2)
Желдеткішпен желдету
Ірі тамырлар аймағына мұздай басу
10-15 мг/кг ішке бірлік дозада парацетамол немесе ректальді 15-20 мг/кг+
5-10 мг/кг бірлік дозада ибупрофен+
2,5% пипольфен ерітіндісі
0,9%NaCl 10 мл в/в
Спиртті ерітіндімен ысқылау
10-20 мг/кг бірілік дозада ибупрофен
4. Емшек жасындағы балаларда қызу түсіру үшін қолдануға болмайтын препарат:
а) анальгин;
b) диклофенак;
c) ацетилсалицил қышқылы;
d) парацетамол;
e) ибупрофен.
5. 4 айлық бала, анамнезінде фебрильді құрысулар. Балада жедел респираторлы аурудың белгілері байқалады. Осы клиникалық жағдайға қатысты қолданылатын антипиретикалық терапияның тактикасы:
а) дене қызуы 39,0 градус болғанда түсіру
b) дене қызуы 38,0 градус болғанда түсіру
c) дене қызуы 38,5 градус болғанда түсіру
d) феврильді құрысу қайталанған жағдайда ғана дене қызуын түсіру
e) Антипиретикалық емді дене қызуы 39,0 градустан асқанда жүргізу
6. 4 айлык балада жедел респираторлы ауру фонында температуралық реакцияның фебрильдi түрi байқалады. Катаральды белгiлердiң айқын фонында бозару мен терi қабаттары мраморлы, жалпы милық симптоматика, құрысулар аныкталды. Болжам диагноз:
а) Менингит
b) ЖРВИ, нейротоксикоз
c) Токсикалық пневмония
d) Iшектiк токсикоз
e) тұмау
7. Стафилакокк этиологиялы деструктивті пневмонияға тән:
а) жоғары қызба
b) екі жақты қабыну
c) лейкопения
d) сырылдың болмауы
e) құрғақ жөтел
8. Үй жағдайында жалпы тәжірибелік дәрігермен 3 жасар бала қаралды. Ауырғанына 3 күн, дене температурасы 38 градус, аздаған жөтел, мұрынының бітелуі. Жағдайы түнде күрт нашарлады, мазасыздық пайда болды, дауысы қарлығып, ит үрген тәрізді жөтел пайда болды. Тынысы шулы, дем алуы алыстан естіледі, мұрын үшбұрышының көгеруі, жұтқыншақтың кілегей қабаты гиперемияланған. Қабырға аралық бұлшықеттердің тартылуы байқалады, сырылдар естілмейді, пульсі минутына 120 рет. Алғашқы диагнозды таңдаңыз:
Бронхопневмония
Обструктивті бронхит
Бронхиалды астма ұстамасы
Бронхтардағы бөгде зат
ЖРВИ+
Ларинготрахеит+
Жалған круп+
Фарингит
9. 3 айлық балада, ЖРА фонында дене қызуы 38,9°С дейін көтерілген. Дене қызуын түсіру үшін не тағайындау қажет?
а) Сұйықтық ішу, парацетамол - 0,01г
b) физикалық салқындату әдістері, парацетамол - 0,025г
c) Сұйықтық ішу, физикалық салқындату әдістері, парацетамол - 0,05г
d) Сұйықтық ішу,физикалық салқындату әдістері,к/т физраствор 0,9%,парацетамол 0,1г
e) Сұйықтық ішу, физикалық салқындату әдістері,к/т 5% глюкоза, парацетамол - 0,2г
10.Бала 5 жаста, ауырғанына 3 күн, шағымдары: дене қызуының 39С көтерілуі, көптеген папуло-везикулезді бөртпе, энантема, терінің қышуы. Осы вирустык аурудың тиімді емдеу схемасын таңдаңыз:
а) Гигиеналық тазалық сақтау, қызу түсіретін дәрілер, В тобының витаминдері
b) Гигиеналық тазалық сақтау, қызу түсіретін дәрілер, вирусқа қарсы ем
c) Гигиеналық тазалық сақтау, қызу түсіретін дәрілер, антигистаминдік препараттар
d) Гигиеналық тазалық сақтау, қызу түсіретін дәрілер, антигистаминдік препараттар
вирусқа қарсы ем
e) Гигиеналық тазалық сақтау, антибиотиктер, қызу түсіретін дәрілер
N 1 есеп
4 жасар балаға дәрігер шақырылды (салмағы 20 кd). Шағымдары: дене қызуының 39,8 градусқа дейін көтерілуі, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, тершеңдік, тамағының ауруы.
Анамнезден анықталды: бала екі күн бұрын ауырды, ауруы жедел түрде басталды, дене қызуы көтерілді, әлсіздік пайда болды, сонан соң тамағының ауырғаны қосылды, жағдайы нашарлады.
Объективті қарағанда: баланың жалпы жағдайы ауыр. Бала енжар, мазасыз. Тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Көзге көрінетін кілегей қабаттары ақшыл қызыл, таза. Араны қызарған, бадамша бездері ұлғайған, лакуналарда іріңді жабынды. Жақасты аймақта лимфа түйіндері үлкейген, аздап ауырсыну бар. Өкпесінде везикулярлы тыныс, перкуторлы өкпелік дыбыс. Жүрек тондары анық, ритмі дұрыс, ЖСЖ= минутына136. Пульс ритмді, сипаты қанағаттандырарлық. Іш қуысы палпациялағанда жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры, талағы ұлғаймаған. Физиологиялық бөліністері қалыпты.
1.Алдыңғы қатарлы клиникалық синдромды анықтаңыз?
2.Болжам диагнозды негіздеңіз?
3.Мүмкін болатын асқынулары?
4.Сіздің іс-әрекетіңіз?
5.Тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз.
N2 есеп
Медициналық бөлімшенің дәрігері науқас балаға келді (жасы 4-те, салмағы 20 кd). Баланың дене қызуы 38,2 градусқа дейін көтерілген, дөрекі үрмелі жөтел, тыныс жиі, жиі түшкіру, мұрнынан кілегейлі бөлініс.
Анамнезінен анықталғаны, бала бір тәулік бұрын ауырған. Ауруы жиі түшкіруден, мұрнынан кілегейлі бөліністен, жөтелден басталған. Сонан соң дене қызуы көтеріліп, жөтелі үдеген, дөрекі, үрмелі жөтел пайда болды, бір сағат бұрын тыныс алуы жиілеген.
Объективті қарағанда: баланың жалпы жағдайы ауыр, мазасыз. Тері жамылғысы ақшыл қызыл, таза. Көзге көрінетін кілегей қабаттары ақшыл қызыл, ылғалды. Араны: бадамша бездері, жұтқыншақтың артқы қабаты гиперемияланғае. Риниттің белгілері бар. Аускультативті: өкпеде қатқыл тыныс, өткінші сырылдар естіледі. Шулы дем алу, дем алуы қиындаған, дем алуы қосымша бұлшық еттердің қатысуымен. ТАЖ минутына 40. Перкуторлы тимпаникалық дыбыс. Жүрек тондары анық, ритмі дұрыс, ЖСЖ= минутына118. Пульс ритмді, сипаты қанағаттандырарлық. Іш қуысы палпациялағанда жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры, талағы ұлғаймаған. Физиологиялық бөліністері қалыпты.
Сұрақтар:
1.Алдыңғы қатарлы клиникалық синдромды анықтаңыз?
2.Болжам диагнозды негіздеңіз?
3.Мүмкін болатын асқынулары?
4.Сіздің іс-әрекетіңіз?
5.Тексеру және емдеу жоспарын құрыңыз.
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
B |
C |
C |
C |
B |
E |
A |
E |
C |
D |
C |
|
D |
|
|
|
|
F |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
G |
|
|
N1 клиникалық есептің жауаптары:
1.Гипертермиялық синдром.
2. Лакунарлы ангина.
3. Жұтқыншақ арты абсцесі, іріңді регионарлы лимфоаденит.
4. -антипиретикалық терапия: б/етке литикалық қоспасын (50% анальгин мөлшері 0,4 мл, 2% папаверин 0,4 мл, 1% димедрол 0,4 мл). Салқындатудың физикалық әдістері: баланың денесін киімнен босату, маңдайына сулап сүлгі қою, Бас жағына мұз салынған құты қою, магистральды тарырлар бойына мұз қою, вентилятормен желдету, баланың денесін жартылайспирт ерітіндісімен сылау, салқын сумен клизма (18 градусоc). Жасалған шаралардың әсерін 20 минуттен соң бағалау. Дене температурасын 37,5 градустан төмендетпеу.
-оральды детоксикация: көп мөлшерде сұйық ішкізу (минеральды су, шәй, жеміс морстары, жеміс шырыны).
-парентеральды детоксикация: көк тамырға екпіндеп, жәймен 20% глюкоза ерітіндісі 40,0 мл, 1,0 мл 5% аскорбин қышқылымен бірге және кокарбоксилаза 50 мD.
-жергілікті ем: аранына және бадамша бездеріне "Ингалипт" шашу немесе Люголь ерітіндісімен сүрту, егре де ол дәрілер болмаса тамағын фурацилин ерітіндісімен не ас содасымен шаюға болады.
-антибактериальды терапия: ампициллин, оксациллин ішке 0,5 х 4 рет күніне
5. –аранынан BL- ге жұғынды алу, ЖҚА ЖЗА, оториноларинголог дәрігерінің консультациясы.
-антибиотикотерапия: б/етке ампициллин 500 М/Б 4 рет
- антипиретикалық және дезинтоксикациялық емді жалғастыру.
-жергілікті емді жалғастыру.
N 2 клиникалық есептің жауаптары:
1. Жедел тыныс жетіспеушілік синдромы
2. ЖРВИ, жедел ларинготрахеит, Көмей стенозы II дәрежесі.
3. Асфиксия, гипоксиялық кома.
4. -седативті терапия: б/етке седуксен немесе реланиум 2,0 мл.
-қабынуға қарсы терапия: преднизолон (1 мг/кг салмағына) 20 мD.
-десенсибилизация: димедрол немесе супрастин 0,4 мл.
-спазмолитикалық терапия: папаверин 2% 0,4 мл.
-оральды детоксикация: көп мөлшерде сұйық ішкізу
- ингаляция.
- балалар ауруханасының интенсивті терапия бөлмшесіне
5. –аранынан BL- ге жұғынды алу, ЖҚА ЖЗА, оториноларинголог дәрігерінің консультациясы.
- әрбір 2 сағат сайын 10 минуттен ингаляция жүргізу
-қабынуға қарсы терапия: преднизолон 2 мг/кг тәулігіне,
-десенсибилизациялық терапия: димедрол немесе супрастин 0,4 мл б/е 2 рет
-спазмолитикалық терапия: папаверин 2% 0,4 мл 2 рет
-парентеральды детоксикация: көк тамырға 10% глюкоза 200,0 мл, аскорбин қышқылы 5% -1,0 мл, кокарбоксилаза 50 мг, 7,5% калий хлориді 20,0 мл,
- диурезді бақылау.
-көп мөлшерде сұйық ішкізу
-жөтелге қарсы препараттар
