Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б БА КАЗ3 дрыс33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203.12 Кб
Скачать
  1. Геморрагиялық синдром кезіндегі ажырату диагнозын тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі

1 Геморрагиялық васкулиті бар баланың жалпы қан анализінде келесідей өзгерістер анықталады: (3)

  1. Анемия+

  2. Тромбоцитопения

  3. Нейтрофильді лейкоцитоз+

  4. ЭТЖ жылдамдауы+

  5. Эритроцитоз

  6. Ұю факторларының дефициті

  7. Гипертромбоцитоз

  8. Тіке билирубиннің жоғарылауы

2 Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпураның геморрагиялық синдромына тән: (2)

  1. Бөрітулердің симметриялылығы

  2. Полиморфты бөрітулер+

  3. Терінің құрғақтығы

  4. Симметриялы емес бөрітулер+

  5. Ұнамды(излюбленной) орналасатын жердің болуы

  6. Тұқым қуалауға бейімділік

  7. Элементтердің қосылып кетуіне бейімділігі

  8. Қышудың болуы

  1. Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпураның терілік синдромы сипатталады (2)

  1. Геморрагиялық элементтердің қосылып кетуіне бейімділігі, мономорфизм

  2. Гематомалар, экхимозадар

  3. Полихромдылық+

  4. Кенеттен пайда болу+

  5. Орналасудың асимметриялылығы

  6. Петехиальды элементтер

  7. Гематомалар

  8. Қайталамалы гемартроздар

  1. Өкпелік гипертензия синдромында ажырату диагнозын тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі

1. Қандай жағдайда өкпе гипертензиясы бақыланады: (3)

  1. Ашық артериалды өзекте+

  2. Жүрекшеаралық перденің ақауында+

  3. Өкпе артериясының оқшауланған стенозында

  4. Қарыншааралық перденің ақауында+

  5. Өкпе шеменінде

  6. Кіші қан айналым шеңберіндегі қысымның төмендеуінде

  7. Кіші қан айналым шеңберіндегі қысымның жоғарылауында

  8. Аортаның стенозында

2 Өкпе шемені кезінде шұғыл көмек көрсетудің дәрілк заттары болып табылады (2)

  1. Седуксен+

  2. Қолға бұрау салу

  3. Амброксол

  4. Преднизолон+

  5. Строфантин

  6. Халиксол

  7. Эриспал

  8. Эуфеллин

3. Магистральды тамырлардың транспозициясы:

а) аорта мен өкпе бағанасының тарылуы

b) көкірек аралықтан тыс ірі тамырлар

c) аортаның оң қарыншалықтан,өкпе бағанасының сол қарыншалықтан шығуы

d) аорта мен өкпе бағанасының толық дамымауы

e) өкпе бағанасының стенозы

4. Өкпе гипертензиясы дамуының қауіп факторларына ие:

а) Портальды гипертензия;

b) Өкпенің капиллярлы гемангиозы;

c) Жүрек клапандарының патологиясы;

d) Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы;

e) Аталғанның барлығы.

5. Өкпе гипертензиясы бар науқастарға тән симптом:

а) Тыныштық кезде, болатын ентікпе

b) Қақырықсыз жөтел;

c) Көкіректің , оң жақ қабырға астының ауырсынуы;

d) Аяқтарының ісінуі, асцит;

e) Аталғанның барлығы.

6. Өкпе гипертензиясынын хирургиялык емiнде колданылады :

а) жүрек клапандарынын пластикасы

b) жүрекшелiк баллонды септостомиясы

c) өкпе трансплантациясы

d) жүрек-өкпе комплексi трансплантациясы

e) Аталғанның барлығы.

7. Мына симптомдар қандай туа біткен жүрек ақауына тән: ентігу, жөтел, ерін цианозы, айқын «жүрек томпағы», эпигастрий аймағындағы пульсация?

а) аорта өзегінің стенозы

b) қарыншааралық перденің ақауы

c) жүрек эктопиясы

d) жүрекшеаралық перденің ақауы

e) ашық овальды тесік

8. Өкпе гипертензиясы кезінде сүйемелдеуші терапия (2)

  1. Зәр айдағыш дәрілік заттар+

  2. Жүрек гликозидтері+

  3. Антибиотиктер

  4. Абсорбенттер

  5. Кортикостероидтар

  6. Транквилизаторлар

  7. Спазмолитиктер

  8. Статиндер

9. ІІА дәрежелі сол жақ карыншалық типтік қан айналым жетіспеушілігі:

а) тыныштық кезінде немесе жүктемеден кейін пайда болады

b) ЖСЖ 30-50 және ТАЖ қалыптыдан 50-70% үлкейген, акроцианоз, ұзақ жөтел, өкпеде ылғалды ұсақкөпіршікті сырылдар

c) жүректің соғу жиілігі 15-30-ға және тынысы 30-50% қалыптыдан үлкейген

d) жүректің соғу жиілігі 50-60 және тынысы 70-100% қалыптыдан үлкейген, өкпенің ісікалды және ісігінің клиникалық көрінісі

e) жүректің соғу жиілігі 40-50 және тынысы 60-80% қалыптыдан үлкейген

10. ІІБ дәрежелі оң жақ қарынша жетіспеушілігі симптомдарын көрсетіңіз:

а) акроцианоз, ұзақ жөтел, өкпеде ылғалды ұсақкөпіршікті сырылдар

b) ентігу, жүктемеден кейін пайда болатын тахикардия

c) ісіну, мойын веналарының ісінуі, бауыр қабырға астынан 3-5 см.шығыңқы,ентігу, тахикардия

d) гепатомегалия, ісік синдромы (бетте,аяқта ісіну, гидроторакс, гидроперикард, асцит)

e) өкпеде ылғалды сырылдар

1 есеп

Науқас 3,3 жаста. Анамнезі: Балада туылғаннан бері терінің және кілегейлі қабаттарының жайылмалы цианозы анықталған. 7 күндігінде Рашкинда (жабық атриосептостомия) процедурасы жасалған. 3 айлығынан қазіргі кезге дейін балалар үйінде тәрбиеленіледі.

Объективті қарағанда: тері жамылғысы мен көзге көрінетін кілегейлері шамалы көтеріңкі, акроцианоз «дабыл таяқшасы» тәрізді саусақтар, тырнағы «сағат шынысы», кеуде клеткасының деформациясы көзге түседі. Жүрек тұйықтығының салыстырмалы шегі: оң жақта төс маңы сызығынан 1см сыртқа, сол жағынан – сол жақ қолтық алды сызығы бойынша, жоғарғысы II қабырға.

Аускультацияда: жүрек тондары ырғақты, ЖСЖ – 160рет, төстің сол жақ қырынан III қабырға аралықта орташа қарқынды систолалық шу естіледі, сол жақта II қабырға аралықта II тон акценті анықталады. Т.Ж. 40рет. Тынысы терең, шулы. Бауыры қабырға доғасынан +3,0см шығыңқы.

ЖҚА: Hb-148г/л, Эр-4,9х1012 /л, т.к.-0,9, лейк.-6,3х109 /л, т/я-4%, с/я-21%, э-1%, лимф.-70%, М-4%, ЭТЖ-3мм/сағ.

ЖЗА: түсі-сарғыш, меншікті салмағы 1014, белок жоқ, глюкоза жоқ, жазық эпителий-азғантай, лейк-0-1к/а; эр-жоқ, кілегей-аз.

БХА: жалпы белок-65г/л, мочевина-5,1ммоль, холестерин-3,3ммоль/л, Са-1,8ммоль/л, К-4,8ммоль, Na-143ммоль/л, Р-1,5ммоль/л, АлТ-23б/л (қ-40б/л); Аст-19б/л (қ. 40-қа дейін); серомукоид-180(қ-0,200).

Тапсырма:

1.Алғашқы диагнозды қойыңыз.

2.Диагнозды нақтылайтын қосымша тексеру әдістерін атаңыз.

3.«дабыл таяқша», «сағат шынысы» белгілерінің көрінісін түсіндір.

4.Неліктен диффузды цианоз туылғаннан бері анықталады.

5.Қандай аурулармен ажырату диагнозын жүргізуге болады.

2 есеп

Бала К. 11айлық. Шағымдары: дене дамуының қалыс қалуы (салмағы 7кг), физикалық және эмоциональды жүктеме кезінде ауызмұрын үшбұрышының көгеруі, ентігудің пайда болуы.

Анамнезі: 2 айлығынан бері дене салмағының жетіспеушілігі, тез шаршағыштық байқалған, тіпті емшектен де бас тартқан. Бронхит, пневмониямен ауырмаған.

Объективті қарағанда: тері жамылғысы көгеріңкіреген, перифериялық цианоз, дабыл таяқшасы, сағат әйнегі белгісі бар. Жүрек аймағында көзге көрінетін өзгеріссіз. Жүрегінің салыстырмалы шегі: сол жағы-сол жақ ортаңғы бұғана сызығы, оң жағы-оң жақ төс аймағы сызығы, жоғарғысы-II қабырғааралық. Жүрек тондары қанағаттанарлық дыбысты. ЖСЖ-140рет, ТЖ-40рет. Төстің сол жақ қырынан қатқыл тембрлі систолалық шу естіледі. Сол жақтан II қабырға аралықта II тон әлсіреген, өкпесінде пуэрильді тыныс, сырыл жоқ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр, талағы ұлғаймаған.

ЖҚА: Ht-49% (қ. 31-47%); Hb-170г/л, Эр-5,4х1012/л, т.к.-0,91, лейк-6,1х109/л, т/я-3%, с/я-26%, э-1%, лимф-64%, М-6%, ЭТЖ-2мм/сағ.

ЖЗА: түсі-сарғыш, меншікті салмағы 1004; белок жоқ, глюкоза жоқ, жазық эпителий-азғантай, лейк-0-1к/а, эр-жоқ, кілегей азғантай.

БХА: жалпы белок-69г/л, мочевина-5,1ммоль/л, холестерин-3,3ммоль/л, К-4,8ммоль/л, Na-143ммоль/л, АлТ-23б/л (қ-40б/л); Аст-19б/л (қ. 40-қа дейін); серомукоид-0,180(қ-0,200).

Қанның қышқылдық-сілтілік жағдайы: pO2-62мм сын. бағ. (қ.80-100), pC O2-50мм сын.бағ.(қ.36-40), pH-7.29, BE-8.5ммоль/л (қ.+-2,3).

Тапсырма:

1.Алғашқы диагноз қандай?

2.Осы ақаудың анатомиясы қандай?

3.Диагнозды нақтылау үшін қандай тексерулер жүргізуге болады?

4. Чем объяснить наличие тахикардии и одышки?

5.Бұл науқасқа жүрек гликозидтерін тағайындауға қалай қарайсыз?

6.Емдік тактиканы анықтаңыз.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

A

A

C

E

E

E

B

A

C

C

B

D

B

D

N1 есеп

1.Туа біткен жүрек ақауы, көк ақау, магистральды тамырлардың транспозициясы, қанайналым шамасыздығы, IIБ дәрежесі.

N2 есеп

2. Туа біткен жүрек ақауы, көк ақау, Тетрадо Фало