- •Мәжбүрлі қалып
- •Пневмония
- •Пневмония
- •Тақырып №7: Ісік синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі
- •8. Ортопноэсыз мойын венасының ісінуі, дененің төменгі бөлімінің ісінуі, гепатомегалия, асцит кезінде не туралы ойлау керек:
- •9. Бауыр циррозынан кейін асцит қай ауруда жиі кездеседі:
- •10. Спленомегалия, өңештің венасының варикозды кеңеюі, сарғаю, асцит, асқазан-ішек жолдарының қан кетуі қай ауруға тән?
- •Тақырып №10: Қысқа уақытқа естен тану синдромында ажырату диагнозын тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі
- •Жүректегі шу синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.
- •Геморрагиялық синдром кезіндегі ажырату диагнозын тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі
- •Өкпелік гипертензия синдромында ажырату диагнозын тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі
- •Халиксол
- •Анықталмаған қызба синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.
- •Менингит
- •Анемия синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.
- •Іш қуысының ауырсыну синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.
- •Сарғаю синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.
- •18.Эндокринді синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.
- •19.Диарея синдромында ажырату диагнозын тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.
- •20. Іш қату синдромында ажырату диагнозын тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.
Тақырып №10: Қысқа уақытқа естен тану синдромында ажырату диагнозын тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі
1. Ортостатикалық коллапс мына дәрінің әсерінен болуы мүмкін:
а) дибазол;
b) престариум;
c) папаверин;
d) анаприлин;
e) Преднизолон.
2. Вегетодистонияның ваготоникалық түріне тән:
а) гипербилирубинемия
b) тахикардия;
c) ақ дермографизм;
d) естен тануға бейімділік;
e) АҚҚ жоғарылауы
3. Балада диабетикалық гипогликемиялық кома. Жалпы тәжірибелік дәрігердің ауруханаға дейінгі сатыдағы іс-әрекеті, (халықаралық стандартқа сәйкес)
а) көк тамырға ағынмен 40% глюкоза ерітіндісі
b) көк тамырға ағынмен 40% глюкоза ерітіндісі, сонан соң 5% глюкоза к/т тамшылатып
c) көк тамырға тамшылатып 20% глюкоза ерітіндісі
d) 40% глюкоза ерітіндісі ішке (per os)
e) глюкаген (глюкагонның синтикалық аналогі ) бұлшық етке
4. Комаға түскен балаға жедел жәрдем шақырылды. Дәрігер, баланың қант диабетімен ауыратынын анықтады, 40% глюкоза ерітіндісін көк тамырға ағындап енгізді. Дәрігердің іс-әрекетін бағалаңыз.
а) Дәрігердің іс-әрекеті дұрыс, өйткені 40% глюкоза ерітіндісін енгізу команың түрін анықтауға көмектеседі(гипогликемиялық немесе кетоацидоздық)
b) Дәрігердің іс-әрекеті дұрыс емес, өйткені кетоацидоздық кома жағдайындағы науқасқа 40% глюкоза ерітіндісін енгізу, гиперосмолярлық команың даму каупін туғызады.
c) Дәрігердің іс-әрекеті дұрыс емес, өйткені 40% глюкоза ерітіндісін енгізу, бас миының ісінуіне әкелуі мүмкін
d) Дәрігердің іс-әрекеті дұрыс емес, өйткені, бұл лактацидоздың дамуына әкелуі мүмкін
e) Дәрігердің іс-әрекеті дұрыс емес, өйткені 40% глюкоза ерітіндісін енгізу гиповолемиялық шокқа әкелуі мүмкін
5. Естен тану кезінде наукаста ең алдымен тексереді:
а) көз қарашығының жарыққа реакциясын
b) артериальды қан қысымын
c) шыбық артериясынан пульсті
d) сіңір рефлекстерін
e) ұйқы артериясындагы пульсті
6. Қан айналым децентрализациясы дәрежесіндегі балалар жарақаттық шогының клиникалық сиптомдарын көрсетіңіз (3)
Қалыпты систолалық қан қысымы
Тахикардия+
Жіп тәрізді пульс, кенет жиіленген немесе брадикардия
Систолалық қан қысымы 60 мм.с.б төмен
Естен тану +
Қозу
Анурия+
Полиурия
7. Бала 10 жаста. Жаттығу басында аздаған қашықтыққа жүгіріп есінен танып қалды. Бұрын соңды ауырмаған. Спортпен үшінші жыл шұғылданады. Осы науқасқа жалпы ем жүргізу қай маманның құзырында? (2)
Травматолог
Гастроэнтеролог
Кардиолог+
Хирург
Невропатолог+
Гематолог
Уролог
Құлақ-мұрын дәрігері
8.Клиникалық хаттама бойынша митральды қақпақтардың пролапсы кезінде жедел госпитализациялауға көрсеткіш
A. ҚАБ (НК) 2-3 дәрежесі;
B. АҚҚ-ң тұрақты немесе жиі көтерлуі мен төмендеуі;
C. жүрек өткізгіштігінің және ритмінің бұзылысы;
D. коллаптоидты және синкопальды жағдайлар
Е.Систолалық артериалық қан қысымы қалыпты.
9. Физикалық жүктеме кезінде талып қалу болса, ең бірінші кезекте тексеру әдістерінің қайсысын жүргізу керек? (2)
Компьютерлік томография
ЭКГ+
МРТ
Жүрек ультрадыбыстық зерттеуі+
Жалпы қан анализі
Қандағы қантты анықтау
Электроэнцефалография
Бас ми тамырларының ультрадыбыстық зерттеуі
10. Гипогликемиялық кома, қанның құрамында, глюкозаның қай көрсеткішінде дамиды
А) 3,0 ммоль/л
B) 3,5 ммоль/л
C) 4,0 ммоль/л
D) 4,5 ммоль/л
E) 5 ммоль/л
№1есеп.
«Жедел жәрдем» реанимация бригадасы мектепке 14 жастағы кыз балаға шакырылды, математикадан бакылау жұмысы кезiнде кенеттен бозарып және есiнен танды. Клоникалык кұрысулар болган. 2-3 минуттан соң кыз бала есiн жинаған және өздiгiнен белгiсiз таблетка кабылдаган. Мұғалiмнiн айтуы бойынша кыз бала жүрек ауруымен ауырады екен,сөмкесiнде изадрин таблеткасын тапқан. Жедел жәрдем келген уакытта естен тану кайталанды.
Қарағанда: терi қабаты бозғылт ,көгерген терi iздерi бар. ТАЖ 30 рет минутына. Тынысы везикулярлы, жүрек шектерi өзгермеген,жүрек тондары ритмдi, тынықталған. АҚҚ 70/40 мм.с.бB. Пульс 40 рет мин. «Жедел жәрдем» дәрiгерi ЭКГ жасады: Р тiсшесi анықталады, Р-Р интервалы тұрақты, Р-R интервалы тұрақты өзгередi, QRS комплексi аздап деформацияланған, ЖСЖ 40 рет мин.
1.Сiздiң диагнозыныз?
2. Жедел жәрдем бригадасының шұғыл көмегi.
3. Алдағы iс- әрекеттер
4. Тасымалдау жағдайы
№2 есеп.
Бала 8 жаста, шағымы: бас ауруы, бас айналу, бiр реттi кұсу, жүрек айну, жалпы әлсiздiк. Анамнезiнде : бала дене шынықтыру сабағында құлап, басын жерге соғып алған, қысқа уақытқа естен тану, ретроградты амнезия болған, неврологиялык статуста: екi жақта да конвергенция бұзылысы, он жақта ауыз-мұрын үшбұрышы тегiс, гипотония, D>S, анизорефлексия, Бабинский симптомы оң жағында анықталады, менингеальды симптомдар жок. 4 - 6 тәулiкке қарай, неврологиялык симптоматика азайды.
Сұрактар:
Сiздiң болжам диагнозыңыз?
Осы аурудың этиологиясы?
Науқасқа ем тағайындыңыз және диспансерлiк бақылау жоспарын анықтаңыз.
Осы науқаста қандай болжам күтуге болады (өмірінің, денсаулығының, әлеуметтік болжамы), болжамы неге байланысты болады?
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
D |
D |
E |
B |
E |
B |
C |
C |
B |
A |
|
|
|
|
|
F |
E |
|
D |
|
|
|
|
|
|
G |
|
|
|
|
№1 есеп.
Атриовентркулярды блокада III дәрежесі. Морганьи-Адамс-Стокс синдромы.
№2 есеп.
Ми қанайналымының өткінші бұзылысы
