Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б БА КАЗ3 дрыс33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203.12 Кб
Скачать

Тақырып №7: Ісік синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі

  1. Нефротикалық синдромға тән: (3)

  1. Ірі көлемді ісіктер (анасарка)+

  2. Артериалды гипертензия

  3. 2 г/тәу астам протеинурия+

  4. 2 г/тәу аз протеинурия

  5. Гипофосфатемия

  6. Гипопротеинемия+

  7. Гипокальциемия

  8. Гипербилирубинемия

  1. Протеинурияның селективтілігін ненің жағдайын бағалау үшін анықтайды:

    1. Генле ілмегінің

    2. Дисталды өзекше эпителиінің

    3. Мембрана шумақшаларының

    4. Проксималды өзекше эпителиінің

    5. Барлық аталғандардың

  2. Гиперлипидемия негізінен тән:

    1. Гломерулонефриттің нефротикалық түріне

    2. Гломерулонефриттің гематуриялық түріне

    3. тубулоинтерстициалды нефритке

    4. дисметаболическая нефропатия

    5. тубулопатияға

4. Глюкокортикоидтарды тағайындауға көрсетпелер болып табылады:

  1. Гломерулонефриттің нефротикалық түріне

  2. Гломерулонефриттің гематуриялық түріне

  3. тубулоинтерстициалды нефритке

  4. дисметаболическая нефропатия

  5. тубулопатияға

    1. 6 жасар ер балада қабағында, балтырында ісіктер, аз зәр шығарады.

Қандай емдәм тағайындалады:

      1. Гипохлоридты емдәм

      2. Жемісті-көкөністі

      3. Вегетариандық

      4. Етсіз-тұзсыз

      5. Ақуыз шектелген

    1. Жедел бүйрек жетіспеушілігінің ең ерте белгісі болып табылады:

  1. Қанда мочевинаның жоғарылауы

  2. Зәр тығыздығының ұлғаюы

  3. Қанда кальцийдің жоғарылауы

  4. Қанда калийдің жоғарылауы

  5. Қанда натрийдің жоғарылауы

    1. Нефритикалық синдромның емінде тағайындалады: (2)

  1. Нитрофурандар

  2. Антибиотиктер+

  3. Спазмолитиктер

  4. Глюкокортикоидтар

  5. Цитостатиктер

  6. Бронходилятаторлар

  7. Диуретиктер+

  8. Иммунодепрессанттар

8. Ісіктік синдромның нефротикалық нұсқасы туралы қандай бекітім

дұрыс емес:

  1. Жайылған шеткей ісіктер, асцит, анасаркаға дейін

  2. тәулігіне 2,5-3г-нан жоғары протеинурия

  3. гипопротеинурия

  4. циркуляциялық қанның көлемінің азаюы

  5. нефротикалық ісіктер

  1. Тұқым қуалаушылық нефритке қандай симптом тән:

  1. Жайылмалы ісік

  2. Шеттетілген зәр синдромы

  3. Ерте жастан жоғары гипертензия

  4. Жоғары протеинурия

  5. Жүдеу

  1. Бүйректің негізгі функциялары болып табылады:

  1. Азотты бөлу қызметі+

  2. Осмотикалық концентрациялау+

  3. Газалмасу

  4. Ақуыз синтездейтін

  5. Иммуномодуляциялаушы

  6. Қышқыл-сілтілі тепе-теңдік

  7. Фагоцитарлы

  8. Қан айдау

Тәжірибелік сабаққа арналған жағдайлық тапсырмалар.

1 Тапсырма.

7 жасар қызбала ісікке, бас ауруына шағымданды. Анамнезінде: бала ІІ қалыпты өткен, жүктіліктен, І босанудан. Массасы-3100 г., ұзындығы-50 см, алғашқы дамуы қалыпты. Алдыналу егулері кесте бойынша. Өткерген инфекциялық аурулары: желшешек, эпидемиялық паротит, жиі ЖРВИ. Бұл ауру ЖРВИ-ден соң басталған. Бетінде ісіктер пайда болып, олар біртіндеп ұлғая берген. Емханада істелген ЖЗА протеинурия и эритроцитурия. Объективті: жағдайы ауыр. Араны қызғылт, бадамша бездері гипертрофияланған. Бет, балтыр, тобық, бел аймағында, іштің алдыңғы бетінде ісіктері айқын. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ 30 рет мин. Жүрек тондары

таза, айқын дыбысты, соғысы ырғақты. ЖСЖ 110 рет мин. АҚ 140\90 мм сб. Бауыр 2 см шығыңқы қабырға доғасынан. Пастернацкий сынымасы теріс мәнді. Тәулігіне 200 мл зәр шығарды.

Зерттеулер мәлімнеттері:

ЖҚА: Нв - 130 г/л, эр - 5,2х1012/л, лейк. -9,8х109/л, п/я - 3%, с - 36%, эоз - 6%, л - 54%, м - 9%, СОЭ -40 мм/сағ. ЖЗА: меншікті тығыздығы-1028, ақуыз-6,0 ‰, лейк. -0-1 к/а, эритроциты - 70-80 к/а. Биохимиялық зерттемеде: ақуыз-42 г/л, альбумины - 20 г\л, холестерин – 10,9 ммоль/л, мочевина – 5,1 ммоль/литр, креатинин - 76 ммоль\л, СРБ - ++, К – 4,81 ммоль\л, Na – 137, ммоль\л.

Тапсырма:

1. диагноз қойыңыз.

2. жіктеу диагностикасын жүргізіңіз.

3. Осы аурудың емдәмін жазыңыз.

4. Бүйректің функционалдық жағдайын анықтаңыз.

5. Емдеу жоспарын құрыңыз.

2 Тапсырма.

8 ж. қызбала нефрология бөлімшесіне ісікке, сирек зәр шығаруға шағымдарымен түсті.

Анамнез ерекшеліктері: алғашқы дамуы ерешеліксіз. 1-ші жылында атопиялық дерматит. Жиі респираторлы аурулармен ауырады. Алдынала егулер 3-жасқа дейін кесте бойынша. 3-жкстан бастап егулерден медбұрулар. Балалар ауруларымен ауырмаған. 3 жасында ЖРВИ-дан соң бетінде, аяғында, денесінде, диурездің төмендеуі,осыған байланысты госпитализацияланған. Преднизолонмен ем алған. 5 жыл бойы қызбала бірнеше рет преднизолон тоқтатудан соң госпитализацияланып отырған.

Объективті қарағанда: жағдайы ауыр. Терісі бозғылт. Бетінде, денесінде, денесінде, ісіктері айқын, асцит. Беті «ай тәрізді», салыстырмалы жүдеу аяқтарының фонында мөлшерден көп кеудесі мен ішінде майдың жиналуы, «климактерикалық төбешік», стриялар іші мен жамбасында. Жүрек тондары аздап тұнықталған. ЖСЖ 130 рет мин

АҚ 100\60 мм сб. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТЖ 34 рет мин. Іш көлемі шұғыл ұлғайған, құрсақ қуысында бос сұйықтық. Бауыр 4 см шығыңқы қабырға доғасынан. Тәуліктік диурез-430 мл.

Зерттеулер мәлімнеттері:

ЖҚА: Нв - 110 г/л, лейк. - 13х109/л, п/я - 5%, с - 53%, эоз - 2%, л - 38%, м - 2%, СОЭ -40 мм/сағ СОЭ - 40 мм/час.

ЖЗА: ақуыз-6,5 ‰, лейк. -3-5 к/а, эритроциттер жоқ.

Биохимиялық зерттемеде: ақуыз-32 г/л, мочевина – 6,5 ммоль/литр, креатинин - 60 ммоль\л, СРБ - ++, К – 4,5 ммоль\л, Са"" – 1,1 ммоль\л. холестерин - 12,0 ммоль/л.

Тапсырма:

1. Толық клиникалық диагноз қойыңыз.

2. Бүйрек қызметін анықтау үшін қандай зерттеулер жүргізген жөн?

3. Осы емнің нәтижесі болмаған жағдайда қандай дәрілер тобын тағайындау қажет?

4. Глюкокортикоидты емнің қандай асқынуларын анықтадыңыз?

5. Балаға қандай емдәм қажет?

Тест сұрақтарының жауабы:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

A

C

A

A

D

A

B

D

B

A

C

G

B

F

1 ситуациялық тапсырманың жауабы

Диагноз: жедел гломерулонефрит нефротикалық синдроммен, гематуриямен және гипертониямен.

Диагнозды дәлелдеу: ЖРВИ-ді өткерген соң ісіктердің пайда болуы.

Қарағанда: гипертрофияланған бадамша безі, тыныстың жиілеуі, гипертония синдромы.

Олигоурия, микрогематурия, протеинурия, гипопротеинемия, гиперхолестеринемия.

С реактивті ақуыз- қабыну.

Екшеу диагнозы:

пиелонефритпен- іштің ауырсынуы және зәр шығару кезінде ауырсынуы лейкоцитуриян бактериурия жоқ.

Нефритикалық синдроммен- протеинурия 1,5 промильден жоғары.

Бұл ауру кезінде емдәм: емдәм №7- төменнатрийлі, сүтті-өсімдікті ақуыз квотасымен 2г/ кг тәулігіне.

Бүйрек фильтрациялық қызметі төмендеген (олигоурия).

Ем жоспары:

Иммуносупрессивті ем- преднизолон 2,5 мг кг тәулігіне 4-апта бойы.

Инфузиондық ем + диуретиктер.

2 ситуациялық тапсырманың жауабы

Дз: Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі, толқынтәрізді ағым, белсенді кезеңі.

Бүйрек қызметін анықтау үшін зерттеулер қажет:

Зимницкий зәр зерттемесі.

Ақуыздың тәуліктік экскрециясы.

Бүйрек биопсиясы.

Тағайындалған емнің нәтижесінің болмауына байланысты цитостатикалық дәрілер қажет (циклофосфамид, хлорамбуцил)

Глюкокортикоидты емнің осы баладағы асқынуы:

Иценко-Кушинга синдромы: «ай тәрізді» бет, жоғарғы типті семіру, климактерикалық төбешік.

Балаға емдәм №7- төменнатрийлі, сүтті-өсімдікті ақуыз квотасымен 2г/ кг тәулігіне.

Тақырып №8: Асцит синдромында ажырату диагнозын тиімді анықтау, жүргізу

реті, динамикалық бақылау алгоритмі

1. Жаңа туған балалардағы (анасының инфекциясы) цирроз бен асцит дамуының негізгі қағидалары: (3)

  1. Герпетикалық инфекция+

  2. Токсоплазмоз+

  3. Сифилис+

  4. Сальмонеллез

  5. H.pylori

  6. Гепатит вирусы

  7. Аутоиммунды патология

  8. Гемохроматоз

2. Асцит алдындағы аяқтағы ісіктер тән:

  1. Төменгі қуыс көктамыры синдромына

  2. Порталды гипертензия синдромына

  3. созылмалы перитонит синдромына

  4. Тромбофлебитке

  5. Сол жақ қарыншалық жеткіліксіздігіне

3. Төмендегілердің қайсысы асциттің негізгі үштік белгісі болып табылады: (3)

  1. Ревматоидты артрит

  2. Бауыр циррозы+

  3. Гломерулонефрит

  4. Онкологиялық аурулар+

  5. Бронхопневмония

  6. Жүрек жетіспеушілігі+

  7. Қантты диабет

  8. Тиреотоксикоз

4. Бауыр циррозы кезінде асцит асқынуларының қайсысы жиі кездесетінін көрсетіңіз: (2)

  1. Бауырлық энцефалопатия+

  2. Гепатореналды синдром+

  3. Инфекциялану

  4. Іш қуысына қан құйылу

  5. Сарғаю

  6. Тыныс жетіспеушілігі

  7. Түбіршектік (корешковый) синдром

  8. Кома

5. Оқшауланған асциттің қызбамен, өткір емес шоғырланбаған іш ауырсынуымен, жүдеумен бірге жүруі қай ауруға тән:

  1. Қауіпті ісіктердің ішпердеге метастаздануы

  2. Бауыр циррозына

  3. Туберкулезді перитонитке

  4. Бүйрек ауруларына

  5. Жүрек ауруларына

6. Аурудың қандай белгісі мен асциттің бірігуі, бауыр циррозын, цирроз-рак және

бауыр көктамырларының тромбозын біріктіреді:

  1. Диспепсия

  2. Сарғаю

  3. Қызба

  4. Лимфоаденопатия /ЛАП/

  5. Анемия

7. 14 жастағы науқасты қарағанда бауырдың ұлғаюы, төменгі бөлімдердің ісінуі, цианозы асцит анықталды. Не туралы ойлауға болады:

  1. Бивентрикулярлық жетіспеушілік

  2. Созылмалы оң қарыншалық жетіспеушілік

  3. Созылмалы сол қарыншалық жетіспеушілік

  4. Кеуде-бұғана–емізікше бұлшық етінің аяқшаларының күретамырларды қысуы

  5. Төменгі қуыс венасының синдромы