Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б БА КАЗ3 дрыс33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203.12 Кб
Скачать
  1. Медиастенит

  2. Қолқаның қатпарлы (расслайвающая) аневризмасы

  3. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

  4. Перикардит

  5. Жараланулар+

  6. Плеврит

  7. Пневмония

  8. Қабырғалардың сынуы+

10. Тізе буынның ревмотоидты зақымдану және туберкулезді генезі екенін ажыратуында ең тиімді ақпаратты әдіске жатады:

A. Манту реакциясы

B. Рентгенологиялық құжаттар

C. Иммунограмма

D. қабырға плеврасының қалыңдауы

E. Лимфаденопатия

Тәжірибелік сабаққа арналған жағдайлық тапсырмалар.

Тапсырма №1

Қабылдауда науқас И., 11 жаста. Анамнезінде 2,5 ай бұрын жәншаумен (типтік түрі, орташа ауыр) ауырған. Антибактериальды терапия қабылдаған. Бір айдан кейін мектепке жіберілді. Сол кезде жазуы өзгеріп, бір орында отыра алмайды, мектепте үлгерімі нашарлаған, жылауықтық байқала бастапты. Артынша мамасы баласында бетінің жыбырлауын, киім киерде, тамақ ішерде қимылының дәл емес екенін байқайды. Арасында дене қызуының субфебрильды болуы, катаральды өзгерістер болған жоқ. Дәрігерге қаралып, қан анализін тапсырды, онда өзгерістер болмаған. Грипп, астеникалық синдром деп диагнозы қойылды. 7 күн бойы оксациллин алғаннан ешқандай нәтиже болған жоқ. Неврологиялық бұзылыстары күшейе бастады: беті жыбырлауы үдеді, өзі киіне алмай, біреудің көмегімен тамақ ішу, жылауықтық сақталды, тынымсыздыққа байланысты станционарға жолданды.

Қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Бала жылауық, қозғыш, тез шаршағыш, бұлшықет гипотониясы, бөліп-бөліп сөйлеуі, координациялық сынаманы дәл орындамауы, фимасничанье жасауы көрінеді. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек аумағында өзгерістер жоқ. Жүрек шектері: оң – төстің оң шетімен, жоғарғы - III қабырғамен, сол – орта бұғана сызығынан 1 см ішке. Жүрек тондары аздап тұнықталған, ортостаз кезінде күші төмендейтін, басқа жерден естілмейтін, систоланың 1/6 алатын жүрек ұшында дөрекі емес систоликалық шу естіледі. Іші жұмсақ, терең пальпацияланады, бауыр және талақ ұлғаймаған.

Қосымша тексеру әдістері:

ЖҚА: Но - 120 г/л, Эр -4,5х1012/л, Лейк -4,5x109/л, п/я - 2%, с - 46%, э - 2%, л - 48%, м - 2%, ЭТЖ- 10 мм/сағ.

ЖЗА: салмағы- 1018, белок - abs, лейкоциттер -2-3 в к/а, эритроциттер -жоқ.

1. Жіктеме бойынша диагноз қойыңыз.

2. Қандай клиникалық қөрініс аурудың даму белсенділігін көрсетеді?

3. Жүректің өзгерістеріне тән диагнозды дұрыс қоюға қандай зерттеу тәсілдерін қоюға болады?

4. Дифференциальды диагноз жүргіңіз.

Науқас И., 12 жаста, стационарға әлсіздікпен, тез шаршаумен, субфебрильды температурамен түсті.

Ауру анамнезі: 2 жыл бұрын митральдық клапан зақымлауымен ревматикалық атакамен полиартритпен ауырды, сол себебінен митральдық клапанның жетіспеушілігі дамыды. Осы жағдайы нашарлауы суық тиіп қалғаннан кейін басталды.

Науқас түскенде тері жамылғысы бозарған, ентігу 26 рет минутына жәй жағдайда. Өкпеде везикулырлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрегінің аумағы өзгермеген. Пальпацияда: жүректің ұшының соғысы күшейген және жайылған, сол жақ IV- V қабырға арасында орта бұғана сызығынан 2 см сыртқа орналасқан. Сол IV-V қабырға арасында систоликалық діріл анықталады. Жүрек шектері: оң – төстің оң шетімен, жоғарғы - II қабырға аралығында, сол – орта бұғана сызығынан 2 см сыртқа.

Аускультацияда: жүрек ұшында 2/3 систолыны алатын, I тонмен байланысты, үрлемелі систоликалық шу естіледі. Шу қолтық астына және арқаға дейін естіліп, түргелгенде сақталады және сол бүйірмен жатқанда үдейді. Төстің сол жағы бойымен естілетін II- III қабырға аралығында протодиастоликалық шуыл естіледі. Жүрегінің соғысы 100 рет мин. АҚҚ 105/40 мм рт.ст. Іші жұмсақ, терең пальпацияланады, бауыр мен талағы ұлғаймаған.

Қосымша зерттеу тәсілдері:

ЖҚА: НЬ - 115 г/л, Эр - 4,Зх1012/л, Лейк -10,0х109/л, п/я - 4%, с - 54%, э - 3%, л - 36%, м - 3%, ЭТЖ- 35 мм/сағ.

ЖЗА: салмағы- 1015, белок - іздері, лейкоциттер - 2-3 к/а, эритроциттер -жоқ.

ЭКГ: синусты тахикардия, жүректің электр өсінің сол жақ ығысуы, интервалы PQ - 0,16 мм, сол жақ жүрекше және қарыншаның шамадан тыс жүктемесінің белгілері. Сол жақ қарынша миокардысының субэндокардиальды ишемиясы.

1. Классификация бойынша диагнозды қойып негіздеңіз?

2. Науқасқа тағы қандай зерттеу жасау керек?

3. Дәнекер тканінің қандай патоморфологиялық сипаттамасы жүректегі патологиялық белгілерді анықтайды?

4. Қандай морфологиялық өзгерістер аурудың жедел ағымын көрсетеді?

Тест сұрақтарының жауабы:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

A

B

C

D

A

B

D

A

E

B

B

B

H

F

1 ситуациялық тапсырманың жауабы

1. Ревматизм I, активті фазасы, белсінділігі II-III дәрежелі, жүрегінде өзгерістер жоқ, жедел ағымдағы хорея.

2. Клиникалық синдром: подострый ревмокардит, айқын белсенді көріністерімен хорея (гиперкинез, координацияның бұзылуы, эмоциональды өзгергіштігі, бұлшықетті гипотония).

3. ЭКГ, ФКГ, ЭХОКГ, қан биохимиясы (СРБ, АСЛО, серомукоид, РФ).

4. Ревматикалық емес кардиттер, токсико-инфекциялық кардиопатия, инфекциялық-аллергиялық полиартрит, ревматоидты артрит, инфекциялық эндокардит, торсионды дистония, Вильсона-Коновалов синдромы, ми ісігі, қайталантын қимыл неврозы.

2 ситуациялық тапсырманың жауабы

1. Ревматизм II, активты фазасы, II-III дәрежесі; қайтымды ревмокардит, митральды клапанның жетіспеушілігі, аортальды клапанның зақымдалуы, жедел ағым, жүрек жетіспеушілігі I-II А дәрежесінде.

2. ЭКГ, ФКГ, УЗИ, БҚА (С-реактивты белок, фибриноген, a2-глобулин, у-глобулин, ДФА-реакция, серомукоид, титры АСЛ-0, АСГ, АСК).

3. Дәнекер тінінің жүйелі дезорганизациясы, гиалуронидаза ферментінің белсенділігі бұзылуы.

4. Аурудың ағымын ауыртпалығын экссудатты қабынудан болады.

Тақырып №5: Созылмалы жүрек шамасыздығы синдромында ажырату диагнозын тиімді анықтау, жүргізуреті, динамикалық бақылау алгоритмі.

1. Жүрек жеткіліксіздігі синдромының жалпы емінің жоспарына қандай дәрілік заттарды қосуға болады: (3)

  1. Перифериялық вазодилятаторлар+

  2. Глюкокортикоидтар

  3. Диуретиктер+

  4. Калий препараттары+

  5. Антибактериалды препараттар

  6. Муколитиктер

  7. Спазмолитиктер

  8. Ноотроптар

2. Жалпы тәжірибелі дәрігердің қабылдауына ұзақ субфебрильді қызуына, әлсіздікке, шаршағыштықа, тәбеті төмендеуіне 9 жасар шағымданып келді. Анамнезінен: 4 аптадан соң тіс жұлғаннан кейін шағымдары пайда болды. Симптоматикалық қызу түсіретін ем нәтиже бермеген. Объективті қарғанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Бала әлсіз, бозғылт, ентігу. Пальпацияда: жүрек ұшының тебісі күшейген, систоликалық діріл. Перкуторлы: жүрек шектері ұлғайған. Аускультацияда: жүректің барлық аумағында естілетін, I тонмен байланысқан, дөрекі, тырнаулы систоликалық шуыл. АД 115/40 мм.сын.бағ. ЭКГ: синусты тахикардия, ЖЭӨ қалыпты, екі қарыншаға шамадан күш түсу белгісі бар. Болжамы диагноз?

A. Жедел ревматикалық қызба

B. Инфекциялы эндокардит

C. Вирусты миокардит

D. Миокардиодистрофия

E. Кардиомиопатия

3. Муковисцидозы бар 18-жасар жасөспірімде, аз қақырықты жөтел, оң жақ қабырға асты ауырсынуы, зәр шығуының азаюы байқалды. Объективті қарағанда: акроцианоз, мойын тамырларының шығуы, эпигастрий аумағындағы пульсация, өкпе артериясында II тонның акценті, тахикардия, бауыр ұлғаюы, ісіктер бар. ЭКГ да мүмкін болатын көріністер:

А) қарынша ішілік блокада

B) сол қарыншаның гипертрофиясы

C) сол жүрекшенің гипертрофиясы

D) оң қарыншаның гипертрофиясы

E) Гис будасысол тармағының блокадасы

4. Қыз бала 4 жаста, ауыр жағдайында жатқылған. 10 күн бұрын жедел бронхитпен ауырған. Қарағанда:тері жамылғысы бозғылт-сұр, цианоз, бетінде ісік, ентігу 60 рет мин. Жүрек аумағы сол жағына көлденең ұлғайған. Жүрек тондары тұнықталған, өкпе артериясында II тонның акценті, топталған экстрасистолалар. I тонға жақын жүрек ұшында және V нүктеде орташа күшімен систоликалық шуыл бар. Өкпеде әр түрлі ылғалды сырылдар естіледі. Бауыр қабырға доғасынан 3 см шығынқы.

Диагноз қойыңыз?

А) вирусты этиологиялы ревматикалық емес кардит, жүрек өткізгіш жүйесінің зақымдану, жедел ағымы, ауыр, Н1 «А»

В) Ревматизм, активты фазасы, кардит, Н1 «А»

С) ревматикалық емес кардит, вирусты –бактериальды этиологиялы, жүрек өткізгішінің зақымдану, жедел ағымды, ауыр, Н2 «Б»

D) ревматикалық емес кардит, идиопатикалық, жүрек өткізгішінің зақымдану, жедел ағымды, ауыр, Н2 «Б»

Е) ревматикалық емес кардит, бактериальды этиологиялы, жүрек өткізгішінің зақымдану, жедел ағымды, ауыр, Н2 «Б»

  1. 7-жасар балада «Ревматикалық емес кардит, идиопатиялық, жүрек өткізгішінің зақымдалу, созылмалы ағымды, ауыр, Н2 «Б» анықталды. Қандай симптом баланың қанайналым жетіспеушілігі бар екенін көрсетеді?

А) Бетте ісік, асцит, жөтел,ентігу, гидроторакс, акроцианоз, гидроперикард

В) Асцит, жөтел, бауыр қабырға доғасынан 4 см шығыңқы, гидроперикард

С) Ентігу, жөтел, тахикардия, акроцианоз, өкпеде әр түрлі ылғалды сырылдар, бауыр қабырға доғасынан 4-5 см шығыңқы

D) аяқта ісік, ентігу, гидроторакс, жөтел, тахикардия, өкпеде құрғақ сырылдар

Е) Асцит, жөтел, ентігу, бауыр қабырға доғасынан 4 см шығыңқы, гидроперикард

6. Науқас физикалық жүктемеден кейін қызғылт көпіршікті қақырық шығуымен, тұншығумен болатын ұстамалы ентігу пайда болды. Қарағанда: өкпеде екі жақта әр түрлі ылғал сырылдар, жыбыр аритмия, бауыр ұлғаюы, аяқтарында ісік бар. Қандай патологияға осы симптомдар тән?

A. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

B. ұстамалы бронх демікпесі

C. жедел сол қарыншаның жетіспеушілігі

D. спонтанды пневмоторакс

E. инфаркты пневмония

7. Ауруханадан тыс пневмониясы бар балада 3 ші күні ентігу, күрт әлсіздік, жіп тәрізді пульс, көпіршікті қақырық жиі жөтел пайда болды. Аускультацияда: екі өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды ұсық көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұнықталған, тахикардия. Рентгенограммада: өкпеде альвеолярлы ісік, ошақты қараю жоқ. ЭхоКГ: сол жақ қарыншаның айдау функциясының төмендеуі. Балада қандай асқыну бар?

A. Жедел сол қарынша жүрек жетіспеушілігі

B. Жедел пневмония

C. Перикардит

D. Жедел оң қарынша жүрек жетіспеушілігі

Е. Тотальды жүрек жетіспеушілігі

8. Жүрек жеткіліксіздігі синдромы келесідей көрсеткіштердің өзгерістерімен расталады: (2)

  1. Ангиография

  2. Эхокардиография+

  3. Электрокардиография+

  4. Реоэнцефалография

  5. Электроэенцефалография

  6. Магнитті-резонансты томография

  7. Компьютерлік томография

  8. Нейро-сонография

9. Қабылдау бөліміне 18 жасар физикалық жүктемеден кейін ентігу, жүрек тұсының шаншуы, оқсын жүрек қағуымен келді. Анамнезінде: бала кезінен бастап жүрек ауруымен ауырады. Аускультацияда: жүрек ұшында 1 тон әлсіз, өкпе бұтағында 2 тон акценті, қолтық астына берілетін, 1 тонмен қосылып естілетін жүрек ұшында систоликалық шуыл бар. АҚҚ 130/80 мм.сын.бағ. ЖСЖ– 76 рет мин. Жүрек ақауын анықтаңыз:

A) аортадағы стеноз

B) аортаның жетіспеушілігі

C) митральды стеноз

D) митральды жетіспеушілігі

E) Үш жармалы клапанның стенозы

10. Сол жақ қарыншалық жүрек жеткіліксіздігі келесідей клиникамен сипатталады: (2)

  1. Өкпеде ылғалды сырылдардың пайда болуымен+

  2. Гепатомегалиямен

  3. «Шоқырақ» ырғақтың (ритм галопа) пайда болуымен

  4. Тахикардиямен+

  5. Брадикардиямен

  6. Брадипноэмен

  7. Артериялық қан қысымының төмендеуімен

  8. Өкпедегі құрғақ сырылдармен

Тәжірибелік сабаққа арналған жағдайлық тапсырмалар.

1 Тапсырма

Отбасылық дәрігер қабылдауында 1 жас 3айлық бала келесі шағымдармен келді (ата-анасының айтуы бойынша): құсуға, іш ауыруына, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, соңғы 2 ай көлемінде дене салмағының 2кг жоғалтуына шағым айтады.

Анамнезден: физиологиялық жағадайда өткен екінші жүктілік және босанудан. 10 ай жасына сай дамыған. 9 айдан бастап жүреді, салмақты жақсы қосқан. Әр кезде қозғалғыш, активті. 1 жас 2 айда ЖРВИ –мен ауырды. Ауруы 5 күн қатарынан катаралды белгілердің салыстырмалы айқын өтуімен (жөтел, мұрын арқылы тыныс алу қиындауы), сол кездерде сұйық ұлы дәрет, температура -37,2-37,5°С 2 күн бойы болды. Осы күннен бастап бала әлсіз, кезең кезең құсулар, көбіне түнгі уақыттарда ылғал жөтел, мазасызданған. «Жүргеннен» тез шаршағыш, тәбеті айтарлықтай төмендеген. Дәрігер астеникалық синдром деп бағаланған.

ЖҚА: НЬ - 100 г/л, лейкоциттер - 6,4x109/л, т/я -2%, с - 43%, э - 1%, б - 1%, м - 3%, л - 40%, ЭТЖ -11 мм/сағ. «Темір жетіспеушілік анемия» диагнозымен бала жатқызылды. Қабылдау кезінде баланың жағдайы күрт төмендеп:өте мазасыз, қайталап құсу, бауыр қабырға доғасынан + 7 гепатомегалия анықталды.

Объективті: жалпы жағдай ауыр, айқын әлсіздік, адинамия, тәбеті жоқ. Терісі бозғылт, ауыз мұрын үшбұрышы цианоз, балтырда ісік. Өкпеде қатқыл тыныс, өкпенің төменгі бөліктерінде ылғал сырылдар. ТЖ- 60рет/мин. Жүректің салыстырмалы тұнықтық шектері сол алдыңғы қолтықасты сызығына дейін. Тондары тынықталған, жүрек ұшында систоликалық шуыл. ЖЖЖ - 160 рет/мин. Бауыр қабырға доғасынан орта бұғана сызығымен +7, көкбауыр +2. Зәрі аз,үлкен дәреті қалыпты.

Қосымша зерттеулер:

ЖҚА: НЬ - 100 г/л, Лейк - 6,Зх109/л, т/я - 2%, с -48%, э - 1%, б - 1%, л - 40%, м- 8%, ЭТЖ - 10 мм/сағ.

ЖЗА: сал.тығыздығы - 1015, белок, глюкоза - жоқ, лейкоцитттер - 1-2 к/а, эритроциттер - жоқ.

  1. Балаға қандай болжам диагноз коясыз?

  2. Аталған ауруда этиологиясы қандай?

  3. ЭКГ да қандай өзгерістер болуы мүмкін?

  4. ЖРВИ фонында абдоминалды синдром даму генезі? Аталған ауруда абдоминалды синдром даму генез?

2 Тапсырма

Ер бала Ц., 1 жас 2 ай, тәбетінің төмендеуі, құсу, ылғал жөтел, салмақ жоғалту шағымдарымен.

Анамнезінен:1 жасқа дейін бала жасына сай дамыған, 10 ай да жүрген. 11,5 ай кезінде катаралды және абдоминалды белгілермен өткен (іш ауруы,іш өту ), субфебрилді температурамен респираторлы аурумен ауырған. Өзгерістер 7 күн бойы сақталған.

Аурудан жазылған соң 2-3 аптадан кейін ата–анасы балада келесі өзгерістерді байқаған: ойнау кезінде физикалық жүктемеден кейін шаршағыштық, ентігу. Жағдайы біртіндеп нашарлаған: кезең–кезең мазасыздық сипмтомдары байқалғантүнде ылғал жөтел, тәбеті төмен, бала салмақ жоғалту, тері жамылғысы бозғылт тартуы болған. Температура жоғарламаған. Участкелік педиатр қабылдауында темір тапшылықты анемия деп бағаланған, ауруханаға жолданған.

Қарау кезінде бала жалпы жағдайы ауыр, тәбеті төмен, белсенді емес. Тері жамылғысы, аран бозғылт-қызғылт түсті. Тыныс жиілігі 44 рет минутына, өкпенің төменгі бөліктерінде аздаған ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек аймағы: визуалды-жүректік солжақтық төмпешік, көлемі 8см2, жайылған. Перкуторлы: жүректің салыстырмалы тынық шектері: оң – төстің оң жақ қыры, сол- алдыңғы қолтық асты сызығында, жоғарғы- II қабырға аралықта, аускультативті: ЖСЖ- 140 рет/мин, тондары тынықталған, жүрек ұшында - I тон, , систоланың 1/3 алатын, I тонымен байланысты орташа тембрлі систолалық шу естіледі. Іші жұмсақ, бауыр+6см, көкбауыр+1см , зәрі еркін, ауырсынусыз.

Қосымша тексеру

ЖҚА: НЬ - 110 г/л* Эр -4,1х1012/л, Лейк - 5,0x109/л,Т/я - 2%, с - 56%, л - 40%, м - 2%, ЭТЖ - 10 мм/сағ.

ЭКГ: QRS комплексі стандарты тіркемелерде вольтажы төмен, синустық тахикардия 140 рет/ минутта, бұрышы -5°. Сол жақ қарынша және сол жақ жүрекше жүктемесі. I, II тіркемеде теріс мәнді Т тісшесі, aVL,V5, V6 тіркемелерде, RV5<RV6.

Рентгенография кеуде клеткасының тіке проекцияда: өкпе суреті күшейген. КТИ - 60%.

ЭхоКГ: сол жақ қарынша және сол жақ жүрекше қуыстарының ұлғаюы, айдау фракциясы 40%.

1. Диагноз негіздеп қойыңыз..

2. Қосымша тексерулерге баға берініз.

3. Баланы сіз тағы қандай тексерулерден өткізер едініз?

4. Дифференциалды диагноз жүргізіңіз.

Тест сұрақтарының жауабы:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

A

B

C

D

A

B

D

A

E

B

B

B

H

F

1 ситуациялық тапсырманың жауабы

1.Ревматикалық емес кардит, вирусты этилогиялы, миокардтын зақымдануы басымырақ, жедел ағымды, СҚЖ II Б дәрежесі, ОҚЖ IIБ дәрежесі.

2. Ауру вирусты этиологиялы

3. ЭКГ: көбіне негізгі өзгерістер барлық тіркемеде QRS комплексі вольтажынын төмендеуі, жүректің ырғақты және өткізгіш жүйесінің бұзылысы (синустық тахи- және брадикардия, экстрасистолалар, жиі политопты , пароксизмальды тахикардия, атриовентрикулярлы блокада) сол жақ жүрекше және сол жақ қарынша жүктемелік көріністері болуы мүмкін, оң жақ қарынша жүктемесі, миокардта диффузды өзгерістер – стандартты немесе кеуделік тіркемелерде Т- тісшесінің теріс мәнді немесе жазылыңқы болуы. Кей жағдайда инфаркт тәріздес өзгерістер болуы мүмкін ЭКГ- де: I тіркемеде Q тісшесі терең, aVL, V5-V6 тіркемелерде теріс мәнді Т тісшесімен қатар және ST сегментінің изо сызықтан көтеріңкі, V1-V4 тіркемесінде R тісшесінің ұлғаюының болмауы.

4. ЖРВИ фонынды: мезентериалды лимфа түйіндерінің ұлғаюы? Кардит фонында: капсуласымен керілумен бауырдың ұлғаюы.

2 ситуациялық тапсырманың жауабы

  1. Ревматикалық емес кардит, вирусты этилогиялы, миокардтын зақымдануы басымырақ, жедел ағымды, СҚЖ II Б дәрежесі, ОҚЖ IIБ дәрежесі.

  2. Қан айналым жетіспеушілік синдромы: СҚЖ II Б дәрежесі, ОҚЖ IIБ дәрежесі, ентігу кардиомегалия (екі қарыншаның ұлғаюы ), ЭКГ- сол жақ қарынша және сол жақ жүрекше жүктемеленуі, миокардта диффузды өзгерістер.

Рентген:кіші қан айналым шеңберінде іркіліс, КТИ. УЗИ: сол жақ қарынша және сол жақ

жүрекше қуысы ұлғаюы,ФВ төмендеуі.

  1. Іш қуысы және жүрек УЗИ, ЭКГ мониторниг, кеуде клеткасы рентгені КТИ анықтаумен, АҚҚ өлшеу, ФКГ, Биохимиялық қан анализі, (ЛДГ1 және ЛДГ2 анықтау, витаминды-оксалатты пероксидаз белсенділігі, КФК белсенділігі ) .

  2. Өкпе артериясынан сол жақ коронарды артерияның аномальды бөлінуі, ( Бланда-Уайта-Гарлянда синдромы). Туа біткен жүрек ақауы. Ревматизм. Функциональды кардиопатии (жүрек ырғағының экстракардиальды бұзылысы, блокадалар атриовентрикулярлы , ST-T өзгерісі және т.б.). Миокардиодистрофия (инфекционлық жүрек). Кардиомиопатиялар. Фиброэластоз.

Тақырып №6: Лимфоаденопатия синдромында ажырату диагнозын тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі

1. Негізінен мойын аймағында шоғырланған, шеткей қанда жалпы лейкоциттер мен лимфоциттердің ұлғаюынсыз, жайылмалы реактивті полилимфоаденопатия тән:

  1. Аллергиялық жағдайларға

  2. Поствакциналды жағдайларға

  3. Созылмалы тонзиллитке

  4. Инфекциялық мононуклеозге

  5. бруцеллезге

2. Шеткей қанда лимфоциттердің ұлғаюымен жүретін жайылмалы полиаденопатия тән:

  1. Поствакциналды жағдайларға

  2. отитке

  3. Инфекциялық мононуклеозге

  4. Созылмалы тонзиллитке

  5. ВИЧ-инфекцияға

3. АИТВ (адам иммунды тапшылық вирусы) жұқтырған кезде қай белгі ең ерте пайда болады?

  1. ОЖЖ (орталық жүйке жүйесі) зақымдалуы

  2. перифериялық жүйке жүйесінің зақымдалуы

  3. тыныс алу жүйесінің зақымдалуы

  4. полилимфоаденопатия

  5. жүрек қан тамыр жүйесінің зақымдалуы

4. Қызамық ауруын диагностикалауға қай лимфа түйіндерінің ұлғаюы маңызды:

  1. мойындық

  2. бұғанаүстілік

  3. шаптық

  4. қолтықастылық

  5. шүйделік

5. Төменде келтірілгендердің ішінен қайсысы лимфоадениттің екіншілік симптомы болып табылады: (3)

  1. Лимфа түйіндерінің ауырсынуы

  2. Көлемі бойынша ұлғаюы

  3. Бүкіл дене температурасының жоғарылауы+

  4. Салмақты күрт жоғалту+

  5. Тердің қатты бөлінуі+

  6. Қозғалыстың шектелуі

  7. Лимфатүйіндері ауырсынбайды

  8. Терінің тыртықты өзгерістері

6. Жалпы тәжірибелік дәрігер лимфоаденопатиясы бар балаға толық қарау жүргізді.Врач общей практики произвел полный осмотр ребенка с лимфоаденопатией. Егер бала мойын лимфа түйіндерінің ауырғандығына шағымданса, ең бірінші кезекте қандай зерттеу әдісін жүргізу керек? (2)

  1. Жалпы қан сараптамасы+

  2. АИВ және гепатитке сараптама жүргізу+

  3. Іш қуысының ультра дыбыстық зерттеуі

  4. Кеуде клеткасының рентгенографиясы

  5. Электрокардиография

  6. Қандағы қантты анықтау

  7. Жалпы зәр сараптамасы

  8. H.pylori-дің тыныс алу тесті

7. Жедел серозды лимфоадениттің ем жоспарына төменде көрсетілгендердің қайсысы абзалырақ: (2)

  1. Цефалоспориндер, жартылай синтетикалық пенициллиндер+

  2. Бронхолитиктер, макролидтер

  3. Құрғақ жылы басу, Вишневский майымен компресс +

  4. Иммуностимуляторлар

  5. Жалпы әлдендіретін препараттар

  6. Зақымданған лимфа түйіндерін алып тастау

  7. Хирургиялық ашу

  8. Іріңді лимфоаденитті біріншілік дренаждау

8. Кеуде iшi лимфатүйiндер туберкулезiн қандай аурулардан ажырату қажет?

  1. бөлік аралық плеврит, лимфогранулематоз

  2. бронхопневмония, бөлік аралық плеврит

  3. бронхопневмония, орталық рак

  4. бөлік аралық плеврит, саркаидоз

  5. лимфогранулематоз, орталық рак, саркаидоз

9. 5 жасар бала әлсіздікке, делсалдылыққа, тыныс алуының және жұтынуының қиындығына шағымданады. Объективті: орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,5°С. Терісі таза, бозғылт. Мойын лимфатүйіндері ұлғайған, ауырсынусыз. Араны қызарған, бадамша бездері ұлғайған, ақ жабындылы. Іші жұмсақ, аздап ауырсынады, гепатоспленомегалия. Алғашқы диагноз?

  1. Аран дифтериясы

  2. Лимфогранулематоз

  3. Аденоидтар

  4. Инфекциялық мононуклеоз

  5. Аденовирусты инфекция

10. 13 жасар қыз бала әлсіздікке, тершеңдікке, кезеңді тері қышуына, субфебрильді дене қызуына шағымданады. Қарау кезінде – мойын лимфотүйіндері ұлғайған. ЖҚА: Hb - 110 г/л, Эр – 3,5·1012/л, Л - 9,0·109/л, п/я – 3%, с/я -75%, лимф – 10%, мон – 7%, Эоз – 3%, Баз – 2%, СОЭ - 35 мм/сағ.

Алғашқы диагнозыңыз:

  1. Жедел лейкоз

  2. Созылмалы лимфолейкоз

  3. Созылмалы миелолейкоз

  4. Эритремия

  5. Лимфогранулематоз

Тәжірибелік сабаққа арналған жағдайлық тапсырмалар.

1 Тапсырма

5 жасар бала дәрігерге қаралуға келгенде шағымы жоқ. Санасы айқын, ұйқысы, тәбеті сақталған. Қарау кезінде баланың шүйде лимфатүйіндері ұлғайған, тығыз эластикалық консистенциялы, ауырсынбайды, көрші тіндермен жабыспаған. Жанұя дәрігерінің тактикасы? ЖҚА, пункция, гематолог кеңесі?

2 бөлімі: анасының айтуынша 2 аптадай бұрын қызбамен катаралды белгілер болып, аздап жөтеліп, коньюктивасы қызарып, денесінің кейбір бөлігінде дақты-папулалы қызғылт бөрпелер пайда болып, өздігінен 4-5 күнде кеткен.

2 Тапсырма

Бала 2 жаста, фактикалық дене массасы 16 кг. Жиі респираторлы аурулармен ауырады. Делсал, апатикалық, пастозды. Тері серпімділігі, жұмсақ тіндер тургоры төмендеген, мускулатура аз дамыған. Барлық шеткей лимфа түйіндері тобы Ш-IV дәрежеге дейін ұлғайған, көрші тіндермен және өзара жабыспаған. Мұрнымен тыныс алуы қиындаған, бадамша бездері гипертрофияланған. Рентгенограммада – тамшылы жүрек, тимомегалия. Жалпы қан зерттемесінде: Нв-120 г/л, Эр.-4,2х1012/л, Л-6,4х109/л, п-22%, с/я-25%, лимф-62%, мон-10%.Қандай диагноз туралы ойлауға болады?

Тест сұрақтарының жауабы:

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

C

A

D

E

C

A

A

E

D

C

D

B

C

E

1 ситуациялық тапсырманың жауабы

Қызамық. Эпиданамнезін анықтап, бақылау.

2 ситуациялық тапсырманың жауабы

Лимфатико-гипопластикалы диатез