Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Б БА КАЗ3 дрыс33.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203.12 Кб
Скачать
  1. Іш қуысының ауырсыну синдромында ажырату диагнозын клиникалық хаттама бойынша тиімді анықтау, жүргізу реті, динамикалық бақылау алгоритмі.

1. 1 Баланы жоғары шаршағыштық, ұстама тәрізді, өткір, аз уақытқа созылатын майлы тағамды қабылдағаннан кейін пайда болатын ішінің ауруы мазалайды. Қарау кезінде тері жамылғысы қызғылт, таза. Іш пальпациясында Мерфи, Кера симптомдары оң. Қан талдауында: гемоглобин-126г/л, эритроциттер- 3,96х10-12/л, лейкоцит-5,0х10-9/л, СОЭ- 2 мм/сағ, эозинофилдер-4, сегментоядерные-67, лимфоциты-29. Дуоденальды зондтау нәтижесінде : өт бөліну жылдамдығы порции-«В» 10 мин, жабылған Орди сфинктірінің уақыты- 9 минут, қайта тітіркендіру әрекеттерінен кейін қайтадан күңгірт өт бөлінеді.Емдеу тактикасы: (3)

  1. Спазмолитиктер+

  2. Физиотерапия+

  3. Холеретиктер

  4. Седативті әсер ететін нейротропты препараттар+

  5. Стимулирлеуші әсер ететін нейротропты заттар

  6. Холекинетик, минеральдысулар

  7. Дуоденальды зондтау, физиотерапия

  8. Физиотерапиятонизирлеуші типті, холеретик, спазмолитик

2. Созылмалы пиелонефритке тән симптомокомплекс:

  1. Жалпы iсiну, гипертензия, протеинурия

B. Аздаған iсiну, протеинурия, микрогематурия

C. гипертензия, iсiну, микрогематурия

D. Iштегi ауырсыну, лейкоцитурия, бактериурия,қабақтын iсiну

E. Қабақтың iсiнуi, iштегi ауырсыну, дизурия, микрогематурия

3 14 жасар қыз балаға үйге дәрігер шақырылды. Дене температурасының жағарылауына, іштегі өткір ауру сезіміне, құсуына шағымданады. Объективті: Шоффар аймағында ,оң жақ қабырға астында ауырғандық, бұлшық ет дефансы. Ортнер, Кера симптомдары оң. Холецистит диагнозы қойылған. Емдеу тактикасы қандай? (2)

  1. спазмолитик+

  2. Нитрофурандар

  3. эубиотиктер

  4. антигистаминды препараттар

  5. өт айдағыш препараттар

  6. антибиотиктер+

  7. гипертензивті препараттар

  8. антипиретиктер

4.Өт жолдарының гипотониялық дискинезиясына тән:

А оң жақ қабырға астында тұракты сыздап ауырсыну

B.кiндiк маңындағы сыздап ауырсыну

C. Iштiң жоғарғы бөлiгiнде қысқа уақытты толғақ тәрiздi ауырсыну

D.іштегі тесіп ауырғандық

E.қанжар сұққандай ауырсыну

5. ОДА аймағында созылмалы панкреатиті бар балалардың реабилитациясына кiредi:

А Ферментотерапия , №5диета жылына 1-2 реттен

B. санаторлы-курортты ем

C. №1 диета жылына 3-4 рет

D. Өт айдайтын препараттар

E. Антибактериальды терапия, курсы жылына 2-3 рет

6. Хеликобактериоз диагностикасының тиімді әдiсі:

  1. ПЦР әдiсiмен сiлекейде микробты табу

B. биоптатпен бiрге уреазалық тес,т оң мәндi болса

B биоптаттан пилорикалық хеликобактердiң таза культурасын бөлу

D. клинико-эндоскопиялық әдiс

E.копрология

7. Гастритте нәтижелi зерттеу болып табылады:

  1. Рентгеноконтрастты зерттеу

B. эндоскопия биопсиямен

  1. Iш қуысын УДЗ ге түсiру

D. ирригодиагностика

E. копрограмма

8. Балаларда іштің ауыруын шақыратын кері әсері бар препараттар:

  1. Антибиотиктер (эритромицин)+

  2. Кофеин

  3. Спазмолитиктер

  4. Темір препараттары+

  5. Абсорбенттер

  6. Пробиотиктер

  7. Минеральды сулар

  8. Айран

9. 12-елi iшек жара ауруында инфекциялық фактор болып табылады:

  1. энтеровирустар

B. клебсиеллалар

  1. хеликобактер

D. «көк iрiң таяқшасы»

E. эшерихия

10. Асказан жарасы немесе 12- елi iшектi бос iш куысына тескенде тан ерте симптом болып табылады :

  1. «қанжар сұққандай » iштегi ауырғандық

B. көп реттi құсу

  1. Жоғары қызба

D. «тақтай тәрiздi» iш

E. Бауыр тұйықталған

2 есеп.

12 жастағы бала , соңғы жылдары эпигастрий аймағының ауырсынуы мазалайды, ащы , қуырылған, көп мөлшерде тағам, газдалған су ішкен соң мазалайды. Сирек төс артының ауруы және бөлікті тамақтарды жұту қиындығы сезімі бар. Қыжылдау,кекіру байқалады. Тамақ арасында ұзақ уақыт үзіліс болғанда ауырсынады.

Баланың анасы (38 жаста) - гастрит;әкесі (40 жаста) - гастродуоденит;атасы (шешесі жағынан ) – өңеш рагі мен ауырады.

Бала 5 айға дейін табиғи тамақтанған. 4 жасқа дейін цитрустарға бөртпе түрінде аллергия болған. Ауыр атлетика - штанга көтерумен айналыса бастаған.

Қарау:бойы 160 см, салмағы 50 кD. Тері , араны, жүрек- өкпе жүйесі – патологиясыз. Іші ұлғаймаған, жумсақ, терең пальпацияда семсер тәрізді өсінді астында аз мөлшерде қыжылдау және ауырсыну, пилородуоденальды аймақта ауырсыну анықталады. Бауыры қабырға доғасының бойында , ауырсынусыз. Үлкен дәреті ретті, қалыптасқан.

Гемограмма: гемоглобин 136 г/л; ТК 0,92, эритроциттер 4,4х1012/л, лейкоциттер 7,2х109/л, таяқша ядролы 3%, сегмент ядролы 54%, эозинофилдер 3%, лимфоциттер 32%, моноциттер 8%, ЭТЖ 7 мм/сағ.

Жалпы зәр анализі: түсі- ақшыл-сары, мөлдір, рН 6,0, меншікті салмағы 1023, белок - жоқ, қант – жоқ, эпителиальды клетка – аз мөлшерде, лейкоциттер 1-2 көру алаңы.

Биохимиялық қан анализі: жалпы белок 76 г/л, альбуминдер 56%, глобулиндер: альфа1 5%, альфа2 10%, бета 12%, гамма 18%, АлАТ 30 бірлік/л, АсАТ 28 бірлік/л, СФ 78 бірлік/л (қалыпты 70-140), амилаза 60 бірлік/л (қалыпты 10-120), тимол сынамасы 3 бірлік., жалпы билирубин 15 мкмоль/л, байланысқан 4 мкмоль/л, темір 16 мкмоль/л.

Жасырын қанға нәжісті зерттеу реакциясы: теріс.

Эзофагогастродуоденоскопия: өңештің төменгі үштен бір бөлігінің аймағы гиперемияланған , ісінген, көлденең ішектің артқы қабырғасында “алауланған от”, типті гиперемиясы бар, артқы қабырғасында 0,3 см-ге дейінгі ірі эрозия бар,кардия толық жабылмайды, көкеттің өңештік тесігінен төмен орналасқан .Қарында өт бар, антральды бөлімнің кілегій гиперемияланған, орташа ісінген. 12-елі ішектің және постбульбарлық бөліктің кілегейі өзгермеген .

Іш қуысы мушелерінің УДЗ-і: бауыры улғаймаған, паренхимасы гомогенді, эхогендігі әдеттегідей. Өт қабы 52x30 мм, оның ішіндегі гомогенді , қабырғасының қалыңдығы 1 мм. Ұйқы безі ұлғаймаған, контуры тегіс, эхогендігі қалыпты.

3 электродты зондпен қуысішілік рН-метрия: өңештің төменгі 1/3 бөлігінде ашқарынға - рН 6,3, кезеңді қысқа уақытта 15-20 секунд 3,3-3,0 дейін төмендеген; Қарын денесінде рН 1,7, антрумда3,8; Гистаминнің 0,1% ерітіндісімен 0,008 мг/кг стимуляциялағаннан кейін - рН 6-6,5 , 30-40 секундтан кейін 2,8-3,3-ке дейін төмендеген; Денесінде - рН 1,3; антрумда 3,6. Helicobacter pylori –инфекцияға биопсиялық тест: теріс.

Сұрақтар:

1. Қосымша зерттеу әдістеріне баға беріңіз.

2. Балада қандай синдромдар анықталады?

3. Клиникалық диагноз құрастырыңыз, ажырату диагностикасы қай аурумен жүргізіледі

4. Науқасқа кешенді ем тағайындаңыз.

5. ЭГДС-мен бақылау мақсатында қайта тексеру керек пе, қай уақытта ?

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

A

D

A

A

A

C

B

A

C

A

B

F

D

D

2 есептің жауабы: Негізгі диагноз: Дуоденогастроэзофагальды рефлюкс шеткі эзофагитпен. Қосарланған диагноз: созылмалы гастрит.

Диафрагманың өңеш тесігінің орталық жырығымен ажырату диагнозын жүргізу керек..