- •І. Жасөспірімдер арасындағы ішімдік ішудің себептері және алдын алу
- •1.1 Ішімдік ішу қоғамның әлеуметтік және медициналық мәселесі ретінде
- •Сурет 2. Ішімдіктің адам ағзасына келтіретін зияндары
- •1.2 Алкоголизмнің даму үрдісі
- •1.3 Алкогольдің денсаулыққа зияны
- •1.3.1 Жасөспірімдердің ішімдікке салынуының себептері
- •1.4 Ішімдіктің оқушылар ағзасы мен психикасына әсері жайлы
- •Іі. Мектеп оқушыларына ішімдіктің зиянын оқыту әдістемесі
- •2.1 Жасөспірімдер арасында ішімдік ішу проблемасы
- •Жасөспірімдердің алкаголді ішімдіктерді қолдануы 2001 мен 2005 жж.
- •Қыздар мен ер балалардың алкаголді ішімдікті қолдануы 2005 ж
- •Жасөспірімдер пайдаланатын ішімдік түрлері
- •2.3 Жасөспірімдердің тәрбиесіндегі ата-анамен педагогтардың жұмыстары
- •2.5 Зерттеуді сипаттау және нәтижелерді талдау
- •2.6 Оқушы жастарға тәрбиелік насихат сабақтарын өткізу
- •Қорытынды
- •Қосымша
2.5 Зерттеуді сипаттау және нәтижелерді талдау
Алкогольдегидрогеназа (Алкоголь: НАД-оксидоредуктаза, КФ 1.1.1.1) — дегидрогеназ классының ферменті, никотинамид-аденин-динуклеотид (НАД) қатысында спирттер мен ацетальдарды альдегидтер мен кетондарға дейін тотығуын катализдейді. Алкогольдегидрогеназдар (алкоголь-НАД+оксидоредуктаздар) димер болып табылады, олар молекулалық салмағы 40000-дай және құрамында мырыш Zn2+ ионы бар суббірліктерден тұрады..
Класс I (ADH1)
Этанол тотықтырғыш белсенділікке ие. ADH1A, ADH1B, және ADH1C үш типті гендер α, β, және γ суббірліктерін кодтайды, олар бауырдың этанолға қатынасындағы тотықтырғыш белсенділіктің көп бөлігіне жауапты гомо- және гетеродимерлер түзе алады. Кейбір зерттеулердің көрсетуі бойынша ADH1B2 аллельі бар (азиаттық популяцияларда 60-80% және алкогольсіз европалық популяцияларда 4 % шамасындағы жиілікте) азиаттардың маскүнем болуы аз қауіптілікте. Сонымен қатар зерттеулер бойынша аллель ADH1C1 алкогольсіз популяцияларда таралғанын көрсетеді.
Класс III (ADH3)
Жоғары консервативті, глутатион-конъюгирленген формальдегидке, сонымен қатар глутатион-NO-ға және бос гидроксилденген майлы қышқылдар мен лейкотриендерге қатысты белсенді. ІІІ класс ферменттері формальдегидтерді жою жолдарына қатысады және прокариоттан көне бастау алады, бірақ соған қарамастан АДГ3 формасындағы ферменттер аз кездеседі.
Класс IV (ADH4)
Ретинол-дегидрогеназды белсенділікке ие, ретиндік қышқылдың түзілуіне қатысады және омыртқалылардың жасушаларының диффенциациясын реттеуге де қатысады.
Орыстар алкогольді шамадан тыс пайдаланады деп есептелінеді: қуанышта да, қайғыда да ішеді. Сылтау болса болды дегендей. Орыстардың маскүнемдігі шет елде «дәстүрлі» орыс еркегінің бейнесін – оянбайтын маскүнемнің құлақшын мен қолғаппен және қолында балалайкасы бар, аюмен құшақтасып отырған – жасауға себеп болды.
Тағы кбісі алкоголизм тұқым қуалайды деген ұғымға сенеді. Бұл тұжырымның дұрыс немесе бұрыс екенін жалпы генетика Институтының РАН ғалымдары ресейлік қалалардың бірінің тұрғындарының мысалы жүзінде алкоголизм мен гендердің байланысын зерттеді.
Алкоголизм гені туралы аңыз.
Алкоголизмге әуестік туқым қуалаушылықпен беріле ме? Бұл туралы «Ресей газетіне» биология ғылымдарының кандидаты, РАН Н.И.Вавилов атындағы жалпы генетика Институтының геном талдауының лабораториясындағы жетекші ғылыми жұмысшы Светлана Александровна Боринская жазды.
«Мұның барлығы аңыз. Табиғат бізге ешқандай «алкоголизм генін» берген жоқ. Алайда адамды алкогольден қорғайтын ген бар. келесіні айта кету керек: арнайы «алкоголизм гені» жоқ болғанымен, спирттік ішімдікті пайдалануға әуестікті тудыратын гендер бар.
Бірақ бұл оның иегерлеріне тағылған айып емес. Ондай гендердің әрқайсысы әлсіз эффектпен «жұмыс жасайды». Олардың ондаған түрлері белгілі, бірақ біреусіде анықталған болып табылмайды» , - ддейді Светлана Александровна «РГ» берген сұхбатында.
Табиғат бізге алкогольді пайдалануға деген әуестікті «сыйлайды», бірақ адамның маскүнем болуы өзіне және өзі тәрбиеленген ортаға байланысты. Егер бала маскүнемдердің отбасында тәрбиеленсе, онда бұл оның болашақта алкогольмен мәселесі болу қаупін жоғарылатады. Ал қалыпты жағжайдағы өмір гендердің сәтсіз жинағының өзін де ұстап қалады.
Маскүнемдіктен қорғайтын гендер
Қорғаныш гендер метаболизмді бақылайтын гендердің арасында болады, берілген жағдайда адамның ағзасындағы алкогольдің ыдырауы процессінде.
Алкоголь ағзаға түскеннен кейін, ол адамның бауырында екі сатыда тотығады: алдымен этил спирті ацетальдегидке (у, спирттен 30 есе улы) айналады, ал кейін – ағзаға қауіпсіз сірке қышқылына айналады. Бұл процесстер екі ферментпен реттеледі – алкогольдегидрогеназа және ацетальдегиддегидрогеназа – бұлардың жұмысын екі ген бақылайды. «Алкогольді» ферменттердің жылдамдығы осы екі геннің нұсқаларына байланысты.
Монғолоидті нәсілді адамдардың жартысынан көбісінде бар гендегі опиоидті реептордың мутациясы антиалкогольді дәрінің жұмысын жеңілдетеді.
Азиаттарды европоидтер мен африкалықтарға қарағанда алкоголизмнен арылу мүмкіндігі жоғары деп Лос-Анджелестегі Калифорния Университетінің зерттеушілері есептейді. Алкогольді тәуелділікті емдейтін ең кең таралған дәрілердің бірі налтрексон. Ол алкоголь үшін бір уақытта нысана болатын жүйке жасушаларының опиоидты рецепторларымен байланысады. Байқағанымыздай, азиаттардың геномында осы дәрінің жұмысын жеңілдететін мутация жиі кездеседі.
Тәжірибеге 35 адам қатысты. Әр қайсысына тамырдан этанолдың анықталған мөлшерін екті, бірақ еріктілердің жартысы осының алдында налтрексон, жартысы – плацебо қабылдады. Налтрексон қабылдаған адамдарда алкогольге деген реакция әр түрлі болды: біреуінде спирттік ішімдік ляззаттану сезімін тудырмады, улану реакциясы күштірек көрінді; сонымен қатар олардың алкогольге деген әуестігі едәір азайды. Бұл нәтижелер ғалымдар еріктілердің алкогольді метаболизмдеуге жауапты гендерді тексерген кезде дәлелденді.
Бұл нәтиже спирттің жылдам ыдырағанынан немесе аллергиялық реакция шақырғанынан пайда болған жоқ. Ғалымдар налтрексон байланысатын опиоидті мю-рецепторлы OPRM1 генде мутацияны байқады. Егер осы генде анықталған жағдайда нуклеиндік негіздер комбинациясы AG (аденин-гуанин) немесе GG (гуанин-гуанин) болса, онда АА (аденин-аденин) болғанда көрсетпейтін налтрексон жоғарғы эффект көрсетеді. Дәрінің эффектісін жоғарылату үшін бір гуаниннің өзі жеткілікті болады.
Ғалмдардың айтуынша, монголоидты нәсілдегі адамдардың жартысы кем дегенде OPRM1 генінде қажетті орында бір G ие. Европалықтардың ішінде мұндай мутацияға ие бақыттылар 20%, африкалықтардың ішінде – 5%. Бұл жұмыстың нәтижелері Neuropsychopharmacology журналында басылып шықты.
Әлемде бірдей ауыратын немесе бір ауруда бірдей белгі көрсететін екі адам жоқ екені құпия емес. Сондықтан мұндай аурудың жеке ерекшеліктерін ашатын зерттеулер қазіргі заман медицинасына ерекше перспективалы болып тұр.
Зерттелер маскүнемдікке ең тұрақты халықты тапты. Бұл оңтүстік амералық үндістер. Олар белсенді фермент ацетальдегидгидрогеназамен бірге алкогольді ыдырататын белсенді ферментке ие, бұл үндістерге масаюды сезбей жатып, сау болуға мүмкіндік туғызады.
Сонда да, әр ұлттың өкілі маскүнем бола алтын айта кету керек. алкоголизмнен генетикалық қорғау отбасының және жақын қарым-қатынас ортасының мәдени дәстүрлерімен байланысты болуы керек.
Алкогольді гендер.
Соңғы бірнеше ондаған жылдарда адам геномының аналитикалық зерттеулері қарқынды өсіп келеді. Соның ішінде, алкогольді гендердің тұқым қуалауына арналады. Әрине, біздің ағзамызда маскүнемдікке жауап беретін арнайы бір ген жоқ, алайда осы ауытқушылықтың дамуына жауап беретін биологиялық көрсеткіштердің бірнеше нұсқасы бар.
Алкоголизм гені деп аталатын гендерді екі топқа бөлуге болады:
Маркерлер, ағзадағы алкогольдің метаболизміне жауап береді;
Гендер тобы, нейропсихикалық қызметке жауап береді.
Метаболизмге жауап беретіндер
Этил спирті адам ағзасына түскен кезде бауыр жасушаларымен - гепатоциттермен- метаболизмденеді. Алкогольдің тотығуы туралы жоғарыда айтылып кеткен: оған екі фермент жауапты – алкогольдегидрогеназа және ацетальдегиддегидрогеназа. Осы екі ферменттің қашалықты белсенді болғандығынан масаю жағдайының басталуы, уланудың ұзақтығы және сауығудың қарқындылығы тәуелді. Солай, егерадамға тұқымқуалаушылық бойынша әкесінен де, анасынан да азиаттық гендер берілсе, онда масаю жылдам болады, ал ацетальдегидтің тотығуы ұзақ уақытқа созылады. Мұндай гендер жиынтығының нәтижесінде адам маскүнем бола алмайды, ол өзін этил спиртінің кез-келген мөлшерінен физикалық нашар сезінеді.
Бұл механизмнің мәнін түсіну үшін этанолдың метаболизмі қандай жағдайда жүретінін түсіну керек:
Алкогольдің адам денесінде ыдырауы екі сатыда жүреді – ең алдымен спирт алкогольдегидрогеназа ферментінің көмегімен күшті у ацетальдегидке айналады. Кейін бұл у басқа ферментпен - ацетальдегиддегирогеназамен шетінен жойылып ацетатқа айналады.
Азиаттарда этанолдың жылдам ферменттелуінен екінші ферменттің белсенділігі жоғары емес. Сонымен, спирт бір сәтте ацетальдегидке айналады, ал удың ыдырауы баяу созылып жүреді. Ал блгілі болғандай, дәл ацетальдегид жасушаларға улы әсер етеді және жаман әсерлер туғызады.
Гендер жиынтығына байланысты азиаттар европалықтар немесе африкалықтарға қарағанда жылдам масаяды, бірақ алкогольге тәуелділікке де бағынбайды. Маскүнем болып кеткен адамдар бұл елдердің ішінде онша болмайды, оларда этанолды тұрақты көтере алмаушылық болады.
Европалық елдерде алкогольдің ыдырауы мүлдем басқа – бірінші кезең ұзақ болып, екінші қысқа кезеңмен жалғасады.
Көптеген ресей халықтары жылдам алкогольдегидрогеназа иегерлері болып табылады, ол халықты алкоголизмнен қорғайды. Мұндай адамдар әсіресе Мәскеуде көптеп кездеседі.
Ұзақ әрі нақты зерттеулер барлық ұлттардың түрлі өкілдерінде жүргізілді: эвенктермен, үнділермен, африкалықтармен, испандармен және т.б. Сібір, Солтүстік Америка, Қиыр Солтүстік, Шығыс Европа халықтарының алкоголизмге генетикалық байланысы жоқтығы анықталды.
Неге кейбір адамдар жас кезінде «ақыл мен зеректігімен» ерекшеленіп, уақыт келе маскүнемдерге айналады? Психологтардың дәлелдеуінше, ол санаға байланысты. Сонымен бұл адамның мәселенің бар екенін түсіну- түсінбеуі маңызды емес.
Алкоголизмді қиын емделетін, тәуелділік деп есептеу қалыптасқан. Медицина пациенттерді түрлі препараттардың, кодтаудың, сұхбаттасудың көмегімен қолдауды көздейді, ал жақсы көретін туыстары үйде оңтайлы жағдайлар жасайды. Алайда мұндай тәсілдер әрқашан жақсы нәтиже көрсете бермейді. Беріліп, маскүнем өткен стресске байланысты одан сайын көп ішіп кетуі мүмкін. Қазір психологтар алкоголизмнің себептері адамның ерте жасынан бастап дамитын мінезінде деген тұжырымда. Мамандар бірнеше осындай «психологиялық» типтерді көрсетеді.
«Құрбандық» маскүнем.Ол үнемі еңсесі түскен және аянышты. Мұндай адамдар бала кезінде ата-анасының тарпынан аз назарда болған, мектепте бөлектеніп жүрген, жасы келген шақта өзінің өмірлік келеңсіздіктерін шөлмектің көмегімен шешкісі келеді. Кейбіруақытқа кездейсоқ сұхбаттастың көмегімен эмоционалды баланс қалпына келеді, бірақ аз уақыттан кейін адам өмірдің сұр әрі бос екенін түсінеді. Мұндай маскүнем үшін шығар жол және емделу – жаңа қызығушылықтар, көбірек сау қарым-қатынас және жақындарының қолдауы қажет, бұл рецедивті болдырмау үшін жасалынады.
«Тәкаппар» маскүнем. Бұл адам бала кезінен көшбасшы болып үйренген. Оған адамдардың одан неге теріс айналатыны, өмір неге оңалмайтынын түсіну қиын. Мұндай маскүнемдіктің себебі отбасындағы әлеуметтік рөлдердің ауысуы. Мысалы: туылғаннан бері ол ата-анасының сүйіктісі болған және оның серіктесі оның әрбір тілегін орындаған, осымен бұл әдетті ары қарай қалыптастырған. Бірақ егер мұндай адамға мәселе туралы айтса қорғаныштық реакция – ашу пайда болады. Мұндай маскүнемге өзінің саналы тілегінің көмегі арқылы емделуге болады.
«Адасқан» маскүнем. Мұндай адамда өмірдегі барлық бағдарын жоғалтқан, ең соңында олардың мүлдем болмағаны анықталады. Сонымен қатар үнемі мас болу, өз денсаулығын құрту және «абыройын түсіру» оны аз қызықтырады. Мұндай маскүнемдер алаяқтардың жемтігі болады, құқық қорғау органдарында мәселелері болады. мұның себебі адамның өмірдің құндылығын түсіну және өзінің ерекшелігін түсіну мақсаты жоқ. Мұндай адамға басқа да жарқын жол бар екенін түсіндіретін қолдау тобы арқылы ғана көмектесуге болады.
Жиі әр алкоголизм жағдайында нақты психологиялық себеп тұрады, оны шешу арқылы шөлмектің қажеттілігі өзімен-өзі жоғалады.
Динамикалық стереотиптер өте оңай қалыптасады, олардың саны күн сайын көбейеді, олардың өзгерістері жоғары өзгерістегі ауытқуға жатпайды. Бейімделу рефлексі мектеп жасындағы балаларға қарағанда сыртқы қоздырғыштарға ұзағырақ және қарқынды болады, бұл балалардың жағымсыз әдеттерін және дағдыларын тежеуде тиімді қолданылады. Физиологияның аздаған мәліметтерінде төменгі мектеп жасы (7 жастан 12 жасқа дейін) – жоғарғы жүйке қалыптасуының «қалыпты» дамуы болып есептелетін кезең. Тежелу процесстерінің күші, қозу, қозғалғыштық, тепе-теңдік және өзара индукция, сонымен қатар сыртқы тежелудің азайған күші баланы оқытуда кең мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді. Бұл «рефлекторлы эмоционалдықтан» «эмоциялардың зияткерлігіне» көшу.
Біз жүргізілген профилактикалық жұмыстарға, Алматы қаласы №72 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушыларына зерттеу жұмысымды жүргіздім. Оқушы жастардың салауатты өмір салтына ынтасын және зиянды әдеттерге бейімділігін анықтау үшін, зерттеу жұмысыма 9-10 сынып окушыларына сауалнама қойып, тәрбиелік сағаттар жүргіздім. Оқушы жастарға жургізілген сауалнаманың қорытындысы. Ішімдік ішудің зияндары жайлы қаншалықты хабардар екенің зерттеу мақсатында психологиялық сауалнама жүргізілді. Барлығы оқушылар саны – 85.
Зерттеу көрсеткші:
Сауалнама
52%
Диаграмма 1. Ішетін балаларға қалай қарайсың?
74.2%
21.1
4.7%
Диаграмма 2. Сенің ата-анаң қалай қарайды осындай әдеттерге?
94.1%
Диаграмма 3. Сенің ата-анаң шылым шегіп, арақ ішеді ме?
94.1%
5.9%%
Диаграмма 4. Сен татып көрдің бе?
83,6%
12.9%
3.5%
Диаграмма 5. Алғаш рет алкогольді ішімдік алған әсеріңіз?
78.8%
8.3%
12.9%
Диаграмма 6. Ішімдік не үшін керек?
74.4%
22.3%
Диаграмма 7. Жанұяңызда кімдер ішімдікке әуес?
79.9%
7.1%
Диаграмма 8. Өзіңіз сыра ішесіз бе?
52.9%
52.9%
Диаграмма 9. Егер сыра ішетін болсаңыз, не себепті?
83.6%
12.9%
3.5%
Диаграмма 10. Ішімдікке әуес достарыңызға қатынасыңыз?
Сауалнаманын сараптамасы.
Психологиялық зерттеу нәтижесі бойынша оқушылардың 99% зиянды әдеттердің денсаулыққа тигізетін жері жайлы хабардар. Оқушы жастарға жүргізілген сауалнама зиянды әдеттерге не себептен бейімделуінің және осы әдеттерді пайда болуын анықтауға көмектеседі.
Бірінші диаграммада Ішетін балаларға қалай қарайсың? деген сауалнамаға А) бәрібір (6 %), Б) сөз қыламын(41 %), В) дұрыс емес (52 %) деп жауап берді.
Екінші диаграммада Сенің ата-анаң қалай қарайды осындай әдеттерге деген сауалнамаға
А) мүлдем қарсы (74.2%) Б) сөз қылады, әңгімелейді(21,1%) В) бәрібір (4,7%) деп жауап берді.
Үшінші диаграммада Сенің ата-анаң шылым шегіп, арақ ішеді ме? деген сауалнамаға А) әке (94,1%) Б) ана (5,9 %) деп жауап берді.
Төртінші диаграммада Сен татып көрдің бе? деген сауалнамаға
А) Ия (94,1%) Б) Жоқ (5,9 %) деп жауап берді.
Диаграмма 5. Алғаш рет алкогольді ішімдік алған әсеріңіз?
А) әлсіздік (3,5%) Б) бастың ауруы(12,9%) В) қолданған жоқпын (83,6%)
Диаграмма 6. Ішімдік не үшін керек?
А) көңіл көтеру (78,8%) Б) мәселе шешу үшін (8,3%) В) қарым-қатынас үшін (12,9 %)
Диаграмма 7. Жанұяңызда кімдер ішімдікке әуес?
А) анам(3,5%) Б) әкем (22,3 %) В) ешкім (74,1 %)
Диаграмма 8. Өзіңіз сыра ішесіз бе?
А) Ия (7,1 %) Б) Жоқ(79,9%)
Диаграмма 9. Егер сыра ішетін болсаңыз, не себепті?
А) Достарым (52,9 %) Б) ешкім (47,1 %)
Диаграмма 10. Ішімдікке әуес достарыңызға қатынасыңыз?
А) Жағымды (3,5 %) Б) Маған бәрібір (12,9 %) В) Жағымсыз (83,6 %)
Алайда, қиындыктар өз бетіме шешілмейді, олардан бәрібір шешу керек және сау баспен мэселе; я^ЯРЧР оңайрак.
