- •І. Жасөспірімдер арасындағы ішімдік ішудің себептері және алдын алу
- •1.1 Ішімдік ішу қоғамның әлеуметтік және медициналық мәселесі ретінде
- •Сурет 2. Ішімдіктің адам ағзасына келтіретін зияндары
- •1.2 Алкоголизмнің даму үрдісі
- •1.3 Алкогольдің денсаулыққа зияны
- •1.3.1 Жасөспірімдердің ішімдікке салынуының себептері
- •1.4 Ішімдіктің оқушылар ағзасы мен психикасына әсері жайлы
- •Іі. Мектеп оқушыларына ішімдіктің зиянын оқыту әдістемесі
- •2.1 Жасөспірімдер арасында ішімдік ішу проблемасы
- •Жасөспірімдердің алкаголді ішімдіктерді қолдануы 2001 мен 2005 жж.
- •Қыздар мен ер балалардың алкаголді ішімдікті қолдануы 2005 ж
- •Жасөспірімдер пайдаланатын ішімдік түрлері
- •2.3 Жасөспірімдердің тәрбиесіндегі ата-анамен педагогтардың жұмыстары
- •2.5 Зерттеуді сипаттау және нәтижелерді талдау
- •2.6 Оқушы жастарға тәрбиелік насихат сабақтарын өткізу
- •Қорытынды
- •Қосымша
Жасөспірімдердің алкаголді ішімдіктерді қолдануы 2001 мен 2005 жж.
|
Қолданғаны Барлығы |
1–2 рет қолдану |
Бірнеше рет қолдану |
10 нан көп қолдану |
Үнемі қолдану |
2001 ж. |
71,3 |
1,4 |
11,9 |
48,0 |
10,0 |
2005 ж. |
86,3 |
7,6 |
18,8 |
50,0 |
9,9 |
Бірақ жасөспірімдерде барлық кезеңдер жылдам және ауыр түрде өтеді. Ересек адамдарда екінші кезең бірнеше жылдан кейін дамыса, балалар мен жасөспірімдерде 1-2 жылда немесе бірнеше айда дамиды.
Бірінші және екінші кезеңдердегі маскүнемдердің 10-15 пайызында өткір алкогольды психоздар дамып, естің нашарлануы, ақыл кемістігі пайда болады (1 кесте).
Кесте 2
Қыздар мен ер балалардың алкаголді ішімдікті қолдануы 2005 ж
|
Қолданғаны барлығы |
1–2 рет қолдану |
Бірнеше рет қолдану |
10 нан көп қолдану |
Үнемі қолдану |
Ер балалар |
84,9 |
6,7 |
16,9 |
46,3 |
15,0 |
Қыздар |
87,5 |
8,4 |
20,4 |
53,1 |
5,5 |
Соңғы жылдарда психиатриялық ауруханаларға алкогольды психозбен түсетін адамдардың саны айтарлықтай артты. Қазір алкогольды психоздардың классикалық түрі көбейді, соның ішінде ми кемістігі пайда болатын Карсоков психозымен ауыратын адамдар саны көбейді (кесте 2).
Кесте 3
Жасөспірімдер пайдаланатын ішімдік түрлері
|
Ер балалар |
Қыздар |
||
cт. доз |
мл |
cт. доз |
мл |
|
Сыра |
2,6 |
1300 |
0,9 |
450 |
Коктейлдер |
0,4 |
132 |
0,7 |
231 |
Шарап |
0,9 |
76,8 |
1,2 |
86,3 |
Күшті шарап |
0,4 |
31,4 |
0,5 |
37,7 |
Арақ, коньяк |
3,5 |
106,2 |
1,3 |
38,7 |
Маскүнемдікті, нашақорлықты медициналық - әлекметтік орталықтарда, наркодиспансерлерде, психиотриялық мекемелерде емдейді.Абститентті симдром /бас жазу/ емдеудің әсерінен жылдам жойылады, ал психикалық құштарлық бірнеше жылдар бойына сақталады. Сондықтан емдеуді тек аурудың өткір кезінде ғана емес, одан кейін де ұзақ уақыт жүргізу керек.(3 кесте)
Жоғарыда айтылған алкоголизм, нашақорлыққа тәуелділіктің алдын алу үшін қоғамда алкоголь мен темекі насихаттауды мүлдем доғару керек [38].
2.2 Ішімдікке қарсы күрес және одан сақтану жолдары
Алкоголизм эпидемиялық сипатқа ие болып барады. Салауатты өмір-салты туралы қалам тартқан кезде алкоголизм (маскүнемдік) проблемасына соқпай кете алмайсың... Бұл өкінішті-ақ. Өйткені арғы ғасырда арақ туралы білмеген халық, кеңестік үкімет тұсында осы бәлеге душар болды. Енді андыздап өре тұрегеліп оны арамыздан аластамасақ, бүған қарсы насихат жүргізбесек бірте-бірте «отты суды» молынан ішкен үндістер тәрізді мүлде азайып кетуіміз мүмкін.
Статистика көрсетіп отырғандай Америкада 17 жастағы әрбір 7-ші жасөспірім ішімдікке салынған, ал Францияда жасөспірімнің 25 пайызы күніне үш стакан шарап ішеді. Ал, Бельгияның ғалымдарының айтуынша жасөспірім ұлдардың 40 пайызы, ал қыздардың 27 пайызы күнінен ең аз дегенде 1 стакан сыра ішеді. Ал, Германияда ішімдікке салынғандардың 10 пайызы 12-15 жас арасындағы жастар.
Қазақстанда 1997 жылғы есеп бойынша маскүнемдік дертіне шалдыққандар саны - 3768, олардың 3295-і әйелдер, жас шамаларына шыққанда 15-17 жас аралығындағылар 2999, 18-59 жас аралығындағылар -34481. Міне көріп отырғандай қазіргі кезеңдегі жағдайда апаттың барлық қаһарлы белгілері бар.
1985 жылдары бұрынғы Кеңес Одағында «құрғақ заң» шыққаны жұрттың есінде, бірақ оның аяғы сиырқұйымшықтанып кетіп, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін мүлде жайына қалды.
Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Араққа үйір адамның семьяда бақытсыз (тек өзі ғана емес), қызметте абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз болатыны белгілі. Олар түрлі ауруларға да шалдыққыш келеді.
Ішімдік жыныс сезімін күшейтеді, жыныс актісінің уақытын созады, адамның жыныстық қызметіне пайдалы әсерін тигізеді деген ұғым бар. Шын мәнінде солай ма? Рас, шамасыздық кейінірек басталады. Дәрігерге жап-жас жігіттерді жетелеп әкелетін қандай жағдайлар? Әрине, маскүнемдік. Өйткені алкоголиктердің жыныс органдары әлсірейді, келе-келе арақ-шарап еркекті белсіздікке апарып соқтырады. Өкінішке орай, белсіздіктің арақтан болатынын не ері, не әйелі біле бермейді.
Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Ол көрсеқызар болады, инабаттылықты ұмытады, дөрекілік көрсетеді. Көрсеқызарлықтың, нәпсі құмарлықтың салдарынан маскүнемдер жыныс ауруларына жиі душар болады [39].
Алкоголь «нерв уы» деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс-қуысына өте тез жайылады да, сонан соң орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады.
Спиртті ішімдіктіктерді аз мөлшерде ішу ағзаға пайдалы деп ойлайтын адамдар бар. Кейбіреулер қандай да бір қабілетін арттыруға алкоголь көмектеседі деп те жатады. Өкінішке қарай, мұндай тұжырымдар – мүлдем адасушылық. Алкогольді қалыпты түрде қабылдау адам ағзасының барлық жүйесіне зиянын тигізеді. Адамның мас болуы соған дәлел. Алдымен көп сөйлеп немесе ашуланып отырса, бір уақытта күліп-ойнап жүреді. Яғни, ол адамның миы алкогольмен уланып жатқанын білдіреді. Алкоголь адам ағзасындағы мембраналардан оңай өте алады. Соның салдарынан адамның қаны сұйылады, содан кейін асқазаны да тез зақымданады.
Біз өзіміз де көптеген тәжірибелер жасап көрген едік. Содан бір ғана қабылданатын спиртті ішімдіктің мидың жұмыс істеуіне зор зақымын тигізетінін анықтадық. Мидағы қан айналымы бәсеңдеп, адамның өзін-өзі ұстай алмауына әкеп соқтырады.
Өмірде шылым, алкоголь, тағы да басқа зиянды өнімдер көп. Әрбір азамат олардың ағзаға қаншалықты қауіпті екенін білуі қажет. Әсіресе, мұны өскелең ұрпақ білсе деймін. Себебі ел болашағы – қазіргі жастардың арасында санасы жетік, ақыл-есі дұрыс, жігері мықты азаматтар өте көп. Соларға сенімім мол. Мектеп кезінен бастап балалармен ата-аналар да, мұғалімдер мен дәрігерлер де жүйелі түрде жұмыс істеуі керек. Әрбіреуі қоғамдық және медициналық тұрғыда дәріс бергені жөн. Сонымен қатар, алкоголь де, шылым да адам баласына бақыт, махаббат немесе сәттілік әкелмейді дегім келеді. Дұрыс жолдан адасып, темекі мен спиртті ішімдікке салынып, өмірінде кездескен күрделі мәселелердің шешу жолдарын іздеп жатады[40].
Отбасындағы психологиялық жағдайдың шиеленуі, ата-ананың ұрыс-керісі, маскүнемдігі сияқты жайсыздықтар да балалардың үйінен қашып, түрлі топтарға үйір болуына ықпал етеді.
Кейде балаларды алкогольге үйрету отбасынан басталады. Ата-аналары, әсіресе әкелері, өгей әкелері, ағалары, аталарының өздері балаға ішімдік береді. Зерттеулерге қарағанда, тіпті 4-8-10 жастағы балалардың ішімдік ішіп көргенін анықтап отыр.
Негізі балалар алғашында алкогольді ішімдікті жай ойнап, ермек ретінде қабылдайды, алайда кейін біртіндеп оған деген тәуелділік туындайды. Ересек балалар туған күн, мектепті бітіру кештерінде, мейрамдар мен салтанаттарда ішімдікке жақын бола түседі.
Сегізінші сыныптағы ер балалардың 75 пайызы және қыздардың 40 пайызы алкогольдің дәмін татып көргендігін әлеуметтік зерттеулердің қорытындысынан байқауға болады. Оныншы сыныпты бітіргендердің 90-95 пайызы алкогольдің дәмін біледі. Маскүнемдікпен ауыратындардың 75 пайызы алкогольдың дәмін 20 жасқа дейін татып көргендер екенін ғылыми зерттеулер нақтылап отыр. Осы маскүнемдікпен қатар қоғамда нашақорлықта орын алуда [41].
Тұрмыстық ішушілік – бұл:
– спиртті ішімдіктердің шағын дозасын тұрақты күн сайын қабылдау (мысалы, жұмыс күнінде 1 бөтелке сыра және демалыс күні екі бөтелке сыра ішу);
– алкогольдің көп мөлшерін эпизодттық қабылдау (мысалы, демалыс күндері және мейрам күндері);
– спиртті ішімдіктердің үлкен мөлшерін тұрақты қабылдау.
Тұрмыстық ішушіліктің сатысынан кейін келесі сатысы – алкоголизм. Өзің бірінші бөтелкені ашпас бұрын ішу үшін жүздеген себептеріңнің бірін қарастыр, ал ішпеу үшін, одан бас тарту үшін сондай себептердің бірін ойлап көр. Міне, барлығы осылай аздап ішуден басталады.
Сыра – әлсіз алкогольды және мүлдем зиянсыз ішімдік деген ой қалыптасқан. Бұл жаңсақ пікір. Сыра – толық мәндегі алкогольды ішімдік. Кез келген алкогольды ішімдікке құмарлық болғандай, сыраға деген тәуелділік де пайда болады. Екі саптыаяқ сыраның құрамындағы спирт 100 грамм арақтың құрамындағы спиртпен тең. Сыра тез сіңуіне байланысты араққа қарағанда жылдам мас қылмайды.
2010 жылы қазан айында жүргізілген сауалнама деректері бойынша ҚарМТУ студенттерінің 39%-ы сыра ішеді екен. Сыраны ішетін қыздар мен ұлдардың саны бірдей. Сыра ішетін жастардың 26%-ы сыраны 15 жасынан бастап ішкен, ал 13% -ы үнемі ішіп отырған.
Адам стаканның шынысы және оның ішіндегі сұйықтық арқылы өзі сөйлескісі келген әлемді көргісі келеді, өзіне жайлы ортаны қалайды. Бірақ бұл әлемді стакан арқылы көру мүмкін емес, ал нақты өмірде барлығы керісінше.
Алкоголь ағзаға түскенде ағзаның өмірлік маңызды мүшелерін қармап алады, «сол мүшелерді лимон сияқты сорып алады», Сіз енді кіммен болса да кез келген тақырыпқа сөйлесуге дайынсыз, бірақ бұл не?! – Сіздің тіліңіз күрмеліп, не айтатыныңызды білмейсіз, «Ол не айтып отыр?» деп сізді ешкім де түсінбейді.
Қорытындысында – өмірі тас-талқан болған, денсаулығы бұзылған, жан-дүниесі жаралы адам. Адамнан барлығын сығып алған, ол спирттелген өлікке айналады.
Ішкілікке салынудың нәтижесі: ТӘУЕЛДІ БОЛУ, ОРНЫ ТОЛМАС ДЕНСАУЛЫҚ, ДЕПРЕССИЯ, БҰЗЫЛҒАН ПСИХИКА.
Алкоголизм неліктен қауіпті?
– «арақ ішсең – өмірің қысқа болады»: өмір сүру ұзақтығын 15 – 20 жылға қысқартады;
– қылмыстың көбісі мас күйде жиі жасалады;
– жыныс жолы арқылы берілетін инфекциялар, 10 жағдайдың 9-ы мас күйде жасалады;
– ақыл-есі кем балалардың 40 – 60 %-ы – ішкіш ата-аналардың балалары;
– алкоголь есте сақтауды және зер салып қарауды азайтады, қолайлы қозғалысты бұзады, жылдам әрекет етуге әсер етеді;
– алкогольді бір реттік көп қолдану мида күрделі өзгерістер тудырады [2].
Алкоголь ағзаға түскенде, ол барлық ағзаға қан арқылы тарайды, ағзаға қолайсыз әсер етеді. Әртүрлі дәрежедегі спиртті ішімдіктердің кез-келген мөлшері жоғары нерв орталықтарына әсер етеді, мидың төменгі бөліктерінің қызметіне де үлкен әсер етеді (адамның бет-бейнесі бұзылады, әрбір мөлшерін ішкен сайын одан әрі қарай бұзылады). Алкогольдің шағын мөлшері жүйке жүйесіне, жүйке импульстарының берілісіне әсер етеді. Бастағы ми тамырларының жұмысы бір уақытта бұзылады: тамыр кеңейеді, қанның өтуі ұлғаяды, миға қан құйылып кетуі мүмкін. Алкоголь көру мен есту қабілетінде төмендетеді. Алкогольді ретсіз қолдану жас ұрпақтың психикасына үмітін сөндіргендей әсер қалдырады – адам интеллектуалды, эмоциялық, моральдық жағынан да «топастанады». Алкоголь бауыр клеткаларының құрылымын бұзады, ал бұл біраз уақыттан кейін бауырдың зақымдалуына әкелуі мүмкін – бауыр циррозы пайда болады.
Өз өміріңнің иесі болу үшін:
– Спиртті ішімдік ішуден, тіпті сыраны ішуден бас тарт, сыра ішкеннен барлығы басталады…
– Дос таңдауда сақ бол және арақ ішуді жақсы көретін адамдардан аулақ жүр;
– Спиртті ішімдіктер ішуге мәжбүрлейтін адамдарға табанды түрде қарсы тұра біл;
– Спиртті ішімдіктер ішу үшін жиналатын кешкі сауықтарға жолама;
– Өмірде сен үшін қызықты болатын істермен айналыс;
Ішімдік – жан-жақты дамыған тұлғаның қалыптасуына зор нұқсан келтіреді. Спиртті ішімдіктерді пайдалану қоғамға, мемлекет экономикасына, отбасына және адамның өзіне зиян келтіреді. Ішімдік адам ағзасында мынадай зиянды, қауіпті аурулар тудырады:
- Ішімдік ауыз, өңеш жұтқыншақ, кеңірдек, асқазан ішек рактары мен тері рагына және қалқанша безі, сүт безі рагына әкеліп соқтырады.
- Бауырды езеді
- Жүрек жұмысы нашарлайды
- Ақылдан адастырады
- Иммунитет төмендейді
- Тамырларды тартады, қуысын бітейді
- Астың қорытылуы азаяды
- Кемтар ұрпақты дүниеге келтіреді және т.б ауруларға ұшыратады.
Ішімдік адамның әртүрлі мүшелерінің жасушалары мен жүйелеріне қатты әсер етеді, сондықтан оның денсаулығы нашарлап, өмір ұзақтығын қысқартады.
