- •І. Жасөспірімдер арасындағы ішімдік ішудің себептері және алдын алу
- •1.1 Ішімдік ішу қоғамның әлеуметтік және медициналық мәселесі ретінде
- •Сурет 2. Ішімдіктің адам ағзасына келтіретін зияндары
- •1.2 Алкоголизмнің даму үрдісі
- •1.3 Алкогольдің денсаулыққа зияны
- •1.3.1 Жасөспірімдердің ішімдікке салынуының себептері
- •1.4 Ішімдіктің оқушылар ағзасы мен психикасына әсері жайлы
- •Іі. Мектеп оқушыларына ішімдіктің зиянын оқыту әдістемесі
- •2.1 Жасөспірімдер арасында ішімдік ішу проблемасы
- •Жасөспірімдердің алкаголді ішімдіктерді қолдануы 2001 мен 2005 жж.
- •Қыздар мен ер балалардың алкаголді ішімдікті қолдануы 2005 ж
- •Жасөспірімдер пайдаланатын ішімдік түрлері
- •2.3 Жасөспірімдердің тәрбиесіндегі ата-анамен педагогтардың жұмыстары
- •2.5 Зерттеуді сипаттау және нәтижелерді талдау
- •2.6 Оқушы жастарға тәрбиелік насихат сабақтарын өткізу
- •Қорытынды
- •Қосымша
Іі. Мектеп оқушыларына ішімдіктің зиянын оқыту әдістемесі
2.1 Жасөспірімдер арасында ішімдік ішу проблемасы
Адамның өміріндегі 14-25 жас аралығы оның аутоагрессивті әсерлерге жоғары сезімталдығымен сипатталады. Жасөспірімдер кез-келген жаңа нәрсені тез қабылдауға дайын тұрады. Сондықтан жасөспірімдерде девиантты мінез-құлық белгілерінің пайда болуының алдын алушылары – бұл, алдымен, оның отбасы және оқу орны. Бұл кезеңде мінез-құлық белгілерінің көрінуіне әсер етуші бірден бір фактор – оның ата-анасы және отбасындағы жалпы психологиялық ахуал. Ересектер мен жасөспірімдердің қарым-қатынас орнатуының ең тиімді формасы – тұлғалық және сенімділік негізінде құрылған қарым-қатынас. Өз кезегінде жасөспірімдер барлық сфераларда өздерін көрсетуге тырысады. Бұл кезде белгілі бір мінез акцентуациясы айқын көрінетін жасөспірімдерге де назар аудару қажет.
Мінез ауытқушылығының басты себебі бұл тәрбиедегі кемшіліктер және педагогикалық қарым-қатынастың адекватты емес сипаты. Жасөспірімдердің мектептегі қарым-қатынас орнату сферасы оның тұлғалық қалыптасуына, өмірлік позицияларының қалыптасуына, өмірлік жоспарлар құруына мықты әсер етеді. Сондықтан ол білім алатын орында барлығы ынтымақтастық қарым-қатынас негізінде құрылуы тиіс. Егер әрбір ата-ана баласымен сенімділік негізінде құрылған жағымды қарым-қатынас орнатып, тәрбиенің тиімді әрі әділетті әдістерін қолдана отырып, оларды материалды және рухани құндылықтармен қамтамасыз ететін болса, жасөспірімдерде болатын дағдарыстың алдын алуға мүмкіндік туады. Осы мәселелерге қысқаша тоқталып кетсек, ол ең біріншіден жасөспірімде пайда болатын психикалық проблема(6 суретте көрсетілген).
Сурет 6. Ішімдіктің миға зияны
Әрине, бұл зиянды әдеттер баланың тәрбиесіне, көп жағдайда қоршаған ортасына байланысты. Жоғарыда айтылып кеткендей жасөспірім кезінде бала психикасы тұрақсыз болып келеді. Осыған байланысты онда еліктеушілік пайда болады. Демек, темекі шегу, ішімдік ішу, т.б. Солардың бірі – есірткіні қолдану. Қаншалықты жасөспірімдер шылым шегумен ертерек танысып, шылым шеге бастаса, соншалықты олар оған тез үйренеді және болашақта шылым шегуден бас тарту олар үшін өте қиын болады. Және де басқа нәрсені татып көруге қызығушылықтары туады. Яғни, темекіден әлде-қайда зиянды заттар. Жасөспірімдердің темекі тартуы, бірінші кезекте жүйке және жүрек-қан тамырларының жүйесіне білінеді.
Алкоголь - арақ адам организміне өте зиянды зат. Арақ ішкен адамның отбасында береке-бірлік болмайды. Қоғамға да, елімізге де зияны көп. Қарындағы алкоголь 2 минуттан соң қанға өтеді. Қан оны организмнің барлық клеткаларына таратады. Бұдан ең алдымен үлкен ми сыңарларының клеткалары зардап шегеді. Арақтың әсерінен адамның еркін қимылы бұзылып, өзін-өзі ұстай алмайтын болады. Алкоголь ми қыртысының маңдай бөлігіндегі клеткаларға сіңгенде адам эмоциядан «ада болып» жөні жоқ қуанады, орын- сыз күледі, ұстамдықтан, ұяттан айырылып, ол сау күйінде айтпайтын сөзді айтып, істемейтін істі істейді. Спиртті ішімдіктің келесі жаңа үлгісі жоғары дәрежелі нерв орталықтарын жансыздандыра түседі, бейне күрмеп тастағандай оларға мидың төменгі бөліктерінің қызметіне қатысуға мүмкіндік бермейді. Қимылдың мысалы, көз қимылының үйлесімі бұзылады, аяқ алысы ебедейсізденіп, қисалаңдайды, тілі күрмеледі. Ақылмен ойлау қабілетінен айырылады. Алкогольді дүркін-дүркін пайдалану нәтижесінде ішімдікке жаны ауыра құмартып, өзін-өзі ұстай алмай, алкоголизм дамиды. Алкоголизм әдет емес, ол - ауру. Әдет сана-сезім бақылауында болады, одан құтылу оңай. Ап организм уланып кеткендіктен, алкогольге құмарлықты жеңу өте ауыр. Алкогольді пайдаланатын адамдардың шамамен 10 пайызы маскүнем болады. Алкоголизм - организмдегі үрей мен жарымжандықты сипаттайтын ауру. Ұзаққа созылған алкогольмен уланудың 3 сатысы бар. Біріншісі - алкогольге жанын сала құмартумен, орталық нерв жүйесі және ішкі мүшелер жұмысының Аікогольдің адамға тигізер зияны бұзылуымен сипатталатын бастапқы жеңіл сатысы. Екінші сатыда алкогольге жанын сала құмартудың айқын көрінісі, адамның ішкі мүшелері жұмысының едәуір бұзыл- ғандығы, үрейлене бастауы, жеке басының аза бастауы байқалады. Үшінші сатысы мидың нерв клеткалары алкогольге төтеп бере алмай, араққа жанын сала құмартуы күшейе түсетін ауыр саты. Науқас алкогольден есалаңданады, орталық нерв жүйесінің клеткалары қатты зақымданады. Организмге сіңген алкоголь бірден жойылмай, оның зиянды әсері 1-2 тәулікке дейін сақталады. Сондықтан күн сайын жарты литрден жүзім шарабын немесе сыра ішкен адамдар ұзақ уақыт алкогольмен уланған халден айыға алмайды. Сырада алкогольден басқа көптеген көмірсулар болады. Ол лезде майға айналады. Сыраны көп ішетін адамға денесінің толықтығын денсаулық белгісі деуге болмайды. Ішкілікке үйір болып туатын адам жоқ, маскүнемдік тұқым да қуаламайды. Оған көбінесе мол дастарқан басындағы отырыстар, ырду-дырду араласқан адамдар, жүрген орта себеп болады. Маскүнемдіктен сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бұл кімді болса да бейғам қалдыра алмайды. Өйткені алкоголизм мен маскүнемдіктің артында жеке адам, отбасы тағдыры тұр. Оның ауыр зардабы жанашыр жақынды да, бейтаныс адамды да бейғам қалдыра алмайды. Теріс жолға түскен адамға білікті де дұрыс ақылшы керек. Ішімдік салдарынан маскүнемнің жан-дүниесінде болған дағдарыстарды, өміріндегі сәтсіздіктерді көріп, түсіне, түсіндіре білетін, көзін жеткізіп айта білетін шын жанашыр адам керек. Сондықтан да әрбір азамат, ата-ана, мұғалім, тіпті тәрбиешінің өзі жас буынға балабақшадан бастап ішімдіктің зиянын түсінікті тілмен түсіндіріп отырғаны жөн және саламатты өмір салтын ұстанудың жолдарын үйретіп, соған баулу керек. Өйткені, ішімдікті бір рет пайдаланған адамның өзін қайта қайтару, жолға салу оңай шаруа емес. Ұрпағымыз ұлағатты болсын десек, жоғарыда аталған мәселеге байланысты жұмыла күш біріктіріп, белгілі бір жүйеде жұмыс істеуіміз керек [37].
Маскүнемдік, нашақорлық ауруларына қозғыш, иланғыш, мінезі тұрақсыз жасөспірімдер тез бейімделеді. Мұндай аурулар бассүйек-ми зақымданғанда оңай дамиды.
Кез-келген психобелсенді заттарды пайдалану ауруға әкеліп соғады. Маскүнемдік кезінде болатын блохимиялық өзгерістер, фермептативтік кемістік ұрпақтан-ұрпаққа беріледі деген болжам бар. Алкоголь, нашақорлық заттардың химиялық табиғаты әртүрлі болатынына қарамастан, олар мида біртекті биологиялық өзгерістер тудырады. Осыған байланысты біркелгі патогенетикалық механизмі бар наркологиялық тәуелділік қалыптасады. Бұл аурулар үш кезеңнен міндетті түрде өтеді:
Кесте 1
