Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
часть 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

1.4 Ішімдіктің оқушылар ағзасы мен психикасына әсері жайлы

Маскүнемдікке бейім келетін ең қиын кезең — жасөспірім кезеңі. Бұл кезеңде жасөспірімдер тіршілігінде бірқатар маңызды өзгерістер болып жатады. Біріншіден, организмнің психо-эндокриндік қайта құрылуы қалыптасады, екіншіден жаңа көзқарас, қажеттіліктер қалыптаса бастайды. Психологиялық қайта құрылу дискамфорттық жағдайлардың пайда болуының себебінен қиын қалыптасады. Жасөспірімдердің мінез-құлқы тұрақсыздықпен, жылдам жәбірленгіш, өкпешілдікпен сипатталады. Осы кезеңде жолдастар тауып, топ құрып жүру қажеттілігі жоғары болады. Сонымен қатар, жасөспірімдер тобында өздерінің бағалайтын бағыт, пікірлері, демалыс уақыттарын өткізу, көптеген қиын жағдайларды шешу тәсілдері қалыптасады. Сондықтан бұл кезеңде топтармен бірге арақ-шарапқа үйрену қауіпі артып, ата-аналары мен педагогтардың ескертпелері оның еркіндігіне, құқығына қарсылық көрсету сияқты қабылданып, көбінесе олардың мінез-құлқына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан, оларды бір жақты тыңдауға мәжбүр ету олардың қарсылығын туғызып, өз бетімен кетуіне әкеліп соғады.

Шынайы өмірдің қиыншылығынан қашу да балаларды алкогольдік топтарға әкелуі мүмкін. Яғни, негізгі іс-әрекеттеріне (оқу-жұмыс) қанағаттанбау, істеген жұмыстардың нәтижесінің шықпауы т.с.с. Осындай жағдайлардан өте маңызды психологиялық механизм жасауға болады: тіршілік түйткілдері мазасыздандырып, күткен жетістіктеріне жете алмаған жасөспірімдер алкогольдік топтарға «ауысу» арқылы қалыптасқан нормалар мен құндылықтарға өзінің қарсылығын көрсетеді. Сонымен қатар, ішімдікке қойылған қарсы талаптарды да бұзады.

Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады. Бірте-бірте организм спиртті ішімдікке дағдыланады. Бұрынғы ішіп жүрген мөлшер ешқандай әсер етпейді, мастық күйге жету үшін әлдеқайда көп ішу қажет болады. Мас адам ашушаң,кінәшіл, тым батыл келеді. Ішпей сау жүргенде бей-жай, көңілсіз күйде болып, сергу үшін қайтадан ішуге құмартады. Бара-бара адам ішпесе тұра алмайтын халге жетелі.

Ішімдікке салыну мынадай дең­гейлерден тұрады:  бірінші ке­зеңі, физиологиялық тұрғыдан ішім­дікке тәуелділік пайда бо­ла­ды. Сол тәуелділік ақыр ая­ғын­да маскүнемдікке әкеп соқтырады. Ағзада бір нәрсенің жет­кі­ліксіздігі байқалады, көңіл-күй­дің пәстігі, бас ауруы, бір ыс­тықты, не бір суықты сезінуі байқалады. Интеллектуалды жағынан жа­ды сыр бере бастайды, пси­хикасының күрт өзгеруі сияқ­ты адам бойында ыңғайсыз жағ­дайлар орын ала бастайды. Ақыр соңында маскүнемді үнемі ішім­дікті қайдан және  қалай та­бу туралы ой қажайды. Үйдегі бар нәрсені сатып, тапқан 5-10 тең­гесін «араққа» жұмсайды. Ақыл-есін жоғалтқан кезде өзін қа­раудан қалып, отбасы туыс-жа­қын­дарынан айырылып, далада қаң­ғып қалады. Осының бәрі оты­рыс, туған күн, той думан, ме­рекелерде арақты жиілетуден бас­талады [30].

Ішімдікке бойы үйренген адамда тоқтау болмайды (ішкен сайын құмартып, ішкен үстіне ішкісі келіп тұрады). Ұдайы ішуге салынған адам әйтеуір бір сылтау тауып ішуді көздейді, өзінде болмаса, кім көрінгеннен сұрап ішуге арланбайды, оқшау тұрып та, кез келген бөтелкелестері мен бірлесіп те іше береді, барған сайын «сау» жүруі азаяды. Мұндай адамның мінез-құлқы өзгереді, ол дөрекі, алдамшы бола бастайды, жанұя мүддесін ойламайды.

Алкоголизмнің алғашқы сатысы шамамен 5-7 жылға созылады. Ішкілік дертіне шалдығудың екінші сатысы — бас жазу. Алкоголизм өршіген сайын ішімдіктің қолайсыз әсері күшейе түседі: мастығы тарқағанда қолы қалтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз-өзінен үрейі ұшып, мазасы кетеді. Басын жазғаннан кейін мұндай белгілері басылып, жадырағандай болады. Әуелі басын жазу үшін бір саптыаяқ сыра, не бір рюмка арақ жеткілікті, бірақ бара-бара мұның өзі көбейіп, тоқтаусыз, бірнеше күн қатарынан ішушілікке айналады. Маскүнемдер бірнеше айлап, тіпті жылдап күн сайын ішіп, мас болады, ертеңіне міндетті түрде басын жазады. Мұндайда (бірнеше күннен екі-үш аптаға дейін) спиртті ішімдіктерді өлшеусіз ішеді (күніне 1 литрге дейін,не 2 литрдей шарап), суррогаттарды да (әтір, политура) ішеді. Бірте-бірте мұндай жағдай жиілей түседі.

Алкоголизмнің екінші сатысында ішкі органдар мен нерв жүйелері едәуір зақымданады, қатты және созылмалы алкоголь психоздары пайда болады — еліреді, көзіне әр нәрсе елестейді. Алкоголизмнің екінші сатысы 10—15 жылға созыл ып, үшінші сатысына ауысады да, мидың нерв клеткалары тұтастай зақымданады — алкаголь энцефалопатиясына ұшырайды. Мұндайда адам алкогольді көтере алмайды, спиртті ішімдіктің шағын дозасының өзі мас етеді. Еңбекке жарамайды, ақыл-есінен айырылады [31].

 Әдетте, ішімдікті ер адам мөл­шерден тыс пай­да­ла­на­ты­ны­на көзіміз үйренген.Темекі, адам­ды мас қылатын алкогольді ішім­діктер сияқты ағзамызға зиян­ды, мүлдем қажеті жоқ ке­рек­сіз заттарды көбінесе ер адам­дар қолданады деген ой қа­лыптасқан. Алайда, бүгінде әйел адамдар да алкогольді ішім­діктерді мөлшерден тыс қа­был­дауды әдетке айналдырған. Әйел нәзік жанды болғандықтан іш­кіш деген сөзді айтудан бұрын оны ойлауға да бара бермейміз.

Қазіргі кезде жас қыздардың  ішкілікке бой алдырғандары да бар. Бір­қа­тар бойжеткендер еріндеріне шы­лым қыстырып,  алкоголь қа­­былдауды ерекше бір сәнді жағ­дай, керемет дүние деп санайды. Ал, осының бәрі әйел затына жат, өрескел екендігі айтпаса да түсінікті. Соңғы жылдардағы ден­саулық сақтау мекемелері қыз­меткерлерінің пікірінше, ішім­дікке үйір адамдардың жа­сы әдеттегіден 15-20 жылға кем болады екен. Дәрігерлер елі­міз тұрғындардың басым бө­лігі алкоголь ішімдіктерін жиі пайдаланады деп дабыл қа­ғу­да. Статистикалық деректер олар­дың  54,5% жастар, 48% әйел, 37% жас жеткіншек, 7% балалар еке­нін көрсетті. Ең қиыны әйел адам көбінесе ішімдікке тәуелді еке­нін айтуға ұялады. Жақын адам­дар көмегіне жүгінуден бас тартады. Мамандардың ай­­туынша көбіне ішімдіктен «ары­лам, емделем» деп ағынан ақ­та­ры­лушылар көбіне ер адамдар кө­рінеді. Ал нәзік жандылар қан­шалықты ауыр дертке шал­дық­қандарын әлі күнге түсіне ал­май жүр.

Бірақ шын мәнінде ерлерге қа­рағанда әйел адамдарды ем­деу әлдеқайда қиын. Көп жағдайда әйелдер жан күй­зе­лісіне ұшырайды, өмірдегі сәт­сіз­діктеріне емді  алкогольден із­дейді. Ағзаға түскен алкоголь аз уақыт аралығында бастағы ми жасушаларына тарайды. Мөл­шерден тыс қабылдаған жағ­дайда ми, жүйке жүйесі, бұл­шық ет, бауыр ауруларына ұшы­ратады. Ойлау, есту қабілеті тө­мен­дейді. Денедегі күллі ағзалар жұ­мысы бұзылады.

Алкоголь ағзада тұрған кез­де тірі клеткалар тез жойылады, ткань жаңармайды. Ішімдік әйел адам­ның жыныстық қызмет ат­қа­ру органдарының жұмысын тоқ­татады. Осының зардабынан әйел бедеулік  ауруына ұшырауы ық­тимал. Ал жүкті болған жағ­дай­да ішімдік  қолданатын әйел­дердің болашақ сәбилерінің 40-60%-ы ақыл-есі кем болып туы­луы мүмкін. Тұрақты тұтынған кезде ал­коголь әйелдердің бетін дом­бықтырып, оның табиғи әсем­ді­гін жояды.  Көз қарашығының оты кетеді,  бет үнемі қызарып тұ­рады, шаштың түсуі, керісінше мұрт­тың шығуы байқалады [32].

Ағзада пайда болатын ау­ру­лар жүрек, қан айналым жү­йе­сі­нің бұзылуына соқтырады. Ең қа­уіптісі – бүйректің жұмысын бұ­зады. Ішімдікті күнделікті ке­мін­де 800 грамнан ішетін адамда ағ­зада ақуыздың жетіспеушілігі бір­те-бірте байқала бастайды. Бұл ауруды емдемеген жағдайда  бүй­ректің бір бөлігі өледі.

Жүйке жүйесі әлсіз бол­ған­дық­тан емдеу уақыты ұзаққа со­зылады. Ер адамға қарағанда әйел­дер емделіп болған соң да,  ішімдікке бой алдыруын тоқ­татпайды. Өзін-өзі қорғау инс­тин­кті әйел адамда жоғалып ке­теді. Өкінішке орай әйел адам ішім­дікке бой үйрете бастаған бас­тапқы кезеңінде көмекке жү­гінбейді.  Ауру дендегесін  мас­кү­немдіктен емделу өте қиынға со­ғады.

Теріс жолға түскен адам­дар­дың кейбірі саламатты өмірге қай­та түсуі мүмкін. Ал біздің айт­пағымыз дер кезінде білікті ма­мандар көмегіне жүгінудің пай­дадан өзге зияны жоқ. Әйел адамдардың, болашақ жас ұр­пақ­ты дүниеге әкелетін  қыз­дар­дың спиртті ішімдіктерге  жо­ламағаны дұрыс.

Емшекте баласы бар әйелдердің маскүнемдігі тіпті өрескелдік. Олар арақ түгіл, сыра ішуге де болмайтынын естерінде сақтаулары керек. Ана сүтімен нәрестенің организміне енген алкоголь баланы тынышсыздандырады, ұйқысын нашарлатады, ақыл-есінің жетілуіне кедергі келтіреді. Сайып келгенде, ішкіліктің зияны мол екенін есте ұстаған семья мұны ұмытпағаны жөн. Талай адамның түбіне жеткен ішімдік кімнің жанын азапқа салмады дейсіз. Соған қарамастан арақ ішу дәстүріміз ғой деушілер де табылып қалуы мүмкін. Бұдан былай бұл зиянды «дәстүр» халық ұғымынан шығып, кейінгі ұрпақтың сөздік қорында болмауға тиіс. Партия мен үкімет қазір бізден осыны талап етіп отыр.

Балалар мен жасөспірімдер мінез-құлқындағы ауытқушылықтар деп – тәрбиешілердің, ата-аналардың, педагогтардың, қоғамның сақтығы мен назарын өзіне аударатын тәртібінің ерекшеліктері мен олардың көріністері деп түсінеміз. Тәртіптің осындай ерекшеліктері жалпы қабылданған нормалар мен талаптардан жай ауытқу ғана емес, сонымен қатар болашақ моральды, әлеуметтік, құқықтық нормаларды бұзу мен тәртіп субьектінің өзіне, тұлғасының дамуына, қоршаған адамдарға, жалпы қоғамға төнетін болашақ қауіпті көрсетеді [33].

Бөлек қылықтар өздерімен-өзі мәнді емес, олардың ар жағындағы тұлғаның ерекшеліктері мен даму қарқындылығы жасырынғаны мәнді. Сөйтіп, баланың, жасөспірімнің тәртібі мен қылықтарына бағыттылық, мазмұн, мән беріп, біз сол арқылы олардың қасиеттері мен адамгершілік және басқа да сапалар негізінде жатқан механизмдер мен үрдістерінің дамуына мақсатты, жанама әсер етеміз. Және керісінше, кейбір тәртіптер мен қылықтарға қарсы шығып, біз бала, жасөспірім тұлғасына сай сапалары мен қасиеттерінің дамуына кедергі келтіріп, кешеуілдетеміз.

Осылайша, балалар мен жасөспірімдердің ауытқыған тәртібі, бір жағынан тұлғаның сәйкес ерекшеліктерінің дамуы мен туындауының белгілі, сигналы немесе белгісі ретінде қарастырылуы мүмкін, өзгеше айтсақ, тұлға дамуына тәрбиелік әсер, оны қалыптастыру әдісі немесе оның дамуына мақсатты түрде әсер ету (яғни, тәрбиелік әдістер) сипатында көрінеді.

Жасөспірімдер мен балалар тәртібіндегі ауытқушылық көріністері, сондай-ақ, адамгершілік және әлеуметтік дамуындағы ауытқулар жеке дара және тұлғалық ерекшеліктеріне, өмір мен әрекет шарттарына және нақты жағдайларына байланысты. Әдетте, оларды келесідей топтарға бөледі: жағдайлы, уақыттылы реакциялар, арандатқыш жағдайлармен байланысты, тәртіптегі ауытқудың тұрақты формалары, олар белгілі бір тип бойынша дамып, өмір мен әрекеттің жалпы жағымсыз жағдайымен белгіленген.

Тәртіптік реакциялар – бір рет немесе жүйелі түрде әрекет ететін жағымсыз жағдайлар немесе өмір қалпымен байланысты. Жүйелі түрдегі тәртіптегі өзгерістер, белгілі бір реакцияға алып келу, жиналып бірте-бірте көрініс табады немесе кенеттен шығады. Мысалға, бас тарту, келіспеу, кетіп қалу, агрессия реакциялары. Осындай реакциялардың көрініс формалары әр түрлі болуы мүмкін. Олар үнемі белгілі бір психологиялық реакцияларға жауап ретінде пайда болып, оны жойғанда жоғалып отырады. Егер реакциялар жиі-жиі қайталанып, қатпарланып жатса, реакциялар бекітіліп, тұрақты психологиялық құбылыстар (комплекстер) пайда болады, олар тәртіптің белгілі бір түрінің дамуына әкеліп соғады [34].

Сөйтіп, белсенді-үйреншікті және белсенді емес – үйреншікті тәртіп қалыптасады: деструктивті - агрессиялы, топ әрекеті мен топтағы өзінің тәртібін өзгертуге бағытталған революциялық қайта құру; деструктивті-компенсаторлы, бұл кезде топ әрекеті мен өз тәртібін қайта құру шартты орындау әрекетіне көнуді талап етеді. Ерекше орында тәртіптің компенсаторлы-иллюзорлы формасы тұрады, бұл кезде жасөспірімнің тұрақты психологиялық дискомфортты, қанағаттандырылмаған қажеттіліктер мен талғамдары жасанды қызығушылықта шешіледі, мастық, өзін-өзі тежеусіз қарым-қатынас, музыка, би, никотин, ішімдік, наша, токсикалық және дәрілік заттар арқылы жынды қылу.

Істің мәнінде әңгіме компенсаторлық тәртіп жайлы, бұл жерде конформизм немесе нонконформизм түсініктері анық байқалады.

Девианттық тәртіптің әр қилы түрлерін бөліп шығаруға болады, олардың формасы әлеуметтік дезадаптацияның түрлі нұсқалары болып табылады.

Адаптивті тәртіп адамның әлеуметтік ортаның талаптарына, заттық және әлеуметтік әрекетке үйренуге көмектеседі. Тәртіптің бұл түрі сыртқы комформдыққа байланысты. Адаптивті емес тәртіп комформдығына ғана бағытталмай, әрекет және қарым-қатынасына бағытталған.

Оның нәтижесі көп жағдайда ішкі комформдылық болады. Бұндай бала немесе жасөспірім жағдайлар ағымымен жүрмей, оларды жеңуге тырысады. Адаптивті емес тәртіп-ауытқу синонимі болмайды, бірақ кей кездерде және кей жағдайларда адам өзінің бет әлпеті, пікірі, қылықтарымен әрекеттері бар субьект болуы тиіс. Бұндай тәртіп-алғашқы кезде дезадаптацияға алып келіп, баланың құрбылар тобында интеграциясына, оның өзіндік көрсету мен өзін тұрақтатуына көмектеседі.

Балалар мен жасөспірімдер тәртібіндегі ауытқу келесідей себептер топтарымен белгіленген:

А) Әлеуметтік-педагогикалық азғыру, бұл кезде бала, жасөспірім тәртібінің дұрыс еместігі тәрбиесіздігіне, жағымды дағды, білім, біліктердің жоқ болуына немесе дұрыс емес тәрбиесінің болмауы, жағымсыз тәртіп стереотиптерінің қалыптасуына тәуелді.

Ә) Терең психикалық дискомфорт, ол отбасылық қарым-қатынастағы бақытсыздық, отбасылық жағымсыз психологиялық микроклимат, жүйелі оқу табыссыздығы, сынып ұжымындағы құрбылармен қарым-қатынасының құрылмауы, ата-ана, мұғалімдер, сыныптағы құрбылар және т.б. тұрғысынан дұрыс емес (әділетсіз, дөрекі) қатынасы.

Б) Психикалық және дене саулығы мен даму жағдайындағы ауытқу, жасерекшелік дағдарыстар, мінез акцентуациялары мен физиологиялық және психоневрологиялық қасиеттер себептері т.б.

В) Өзін-өзі көрсету жағдайларының болмауы, сыртқы және ішкі белсенділікті таныта алмау; іс-әрекеттің пайдалы түрімен шұғылданбау, жағымды және мәнді әлеуметтік пен өзіндік өмірлік мақсаттары мен жоспардың болмауы.

Г) Бақылаусыздық, қоршаған ортаның теріс әсері және осы негізде дамыған әлеуметтік-психологиялық дезадаптация, әлеуметтік және өзіндік мақсаттардың жағымсыз түрлерге ауысуы.

Осы себептердің ішіндегі ерекше орын алатыны балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік-педагогикалық қадағалаудан тыс қалуы, айналадағылардың немқұрайлы, зейінсіз қатынасы нәтижесінде дамиды. Үлкендерге деген қарсылық білдіру, шеттету, жақтырмаушылық сезімдері, ортақтасуға, кооперацияға, өмірлік қызығушылықтардың жалпылық негізінде өзін-өзі ұйымдастыруға бағыттылық пайда болады[35].

Әлеуметтік жағымды тәжірибенің жеткіліксіздігі, ой-өрістің, құндылық бағдар жүйесінің, этикалық нормалары мен этникалық талғамдардың қалыптасуы мен дамымауы, жасөспірімдердің өз белсенділігін теріс, құқыққа қарсы салаларына жіберуге әсерін тигізеді, бұл олардың тәртібіне, тұлғаның қалыптасуына әсер етеді. Бұл үрдісте балалар мен жасөспірімдерге берілетін уақытылы, қажетті педагогикалық, психологиялық және медициналық көмектің болмауы аса маңызды рөл атқарады.

Қазіргі жасөспірім араласатын микроорта, өте теріс әсер береді. Ол ауытқыған тәртіп түрлерімен белгілі бір мөлшерде мектепке барарда, аулада, көпшілікті жерлерде, тіпті үйде де (отбасында), мектепте де кездеседі.

Мораль мен тәртіп саласында ауытқу пайда болуына ерекше сәтті жағдайды қалалық орта тудырады. Қалалық өмір ононимді, адамдар арсындағы қарым-қатынастың аз, еркіндік көп беріледі, жағымсыз әсер ететін экономикалық, әлеуметтік және мәдени факторлардың кең өрісі байқалады. Дәстүрлі құндылық нормаларынан босану, тәртіптің қатаң үлгілері мен адамгершілік шекараларының болмауы әлеуметтік қадағалаудың әлсіздігі жасөспірімдер ортасында ауытқыған және өзін-өзі қирататын тәртіптің өсуіне әсер етеді.

Құндылық жүйелерінің дағдарысы, тәртіптің жалпы қабылданған ережелері мен нормалардың жойылуы қоғамда табыс белгісі ретінде байлық жинауға аса зор мән беріле бастауына әкеліп соқты. Өсіп келе жатқан ұрпақтың құндылық бағдарлары, қажеттіліктері нақ осы бағытта қалыптасып дамиды (әсіресе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жедел жүреді).

Сурет 5. Алкагольдің адам ағзасына тигізер әсері

Сол себептен, бүгінгі мектепте ауытқыған тәртіпті тудыратын, жасөспірімнің санасын деформалайтын жағдайлардан еркін орта құру қажет. Жасөспірім тұлғасының қалыпты дамуы үшін мектеп оған жағымды әлеуметтік тәжірибесі мен оң қасиеттерін өзіне сәйкестендіретін ересек адамның қарым-қатынас мүмкіндігін беруі қажет. Жеткіншек өзінің ішкі дүниесіне сүйікті, әрі құрметті адамдардың құндылықтары мен нормаларын енгізіп, еліктеудің осы элементтерінен өзінің идеалын қалыптастырады, қандай болғысы келетіні жайлы ішкі пікірітуындайды. Жоғарғы адамгершілік қағидалары бар гуманды құндылықтар мен идеалдарды бөле алатын адамдармен қарым-қатынас – жасөспірімнің өз тәртібіне деген қатынасын өзгертуге көмектеседі(5 суретте көрсеілген).

Жасөспірімдік агрессияда келесі ерекшеліктер анық көрініс береді:

- тәртіптік реакциялар аффективтілігінің жоғарылылығы;

- фрустрациялы жағдайға реакцияның импульсивті сипаты;

- стимуляцияның төмен деңгейі;

- реакцияның талданбаған бағыты;

- агрессияға дайындығының жоғары деңгейі.

Адам онтогенезіндегі девиантты тәртіп тән кезең - жасөспірімдік шақ. Осы кезеңде қалыптасқан психологиялық құрылымдар өзгереді және жаңа құрылымдар, саналы әрекеттің негізі қолданады. Көп жағдайда агрессивтіліктің ашық және жасырын түрлері алдыңғы қатарға шығудың жолы ретінде қарастырылады.

Агрессивтіліктің бірден-бір себебі тәрбиенің жеткіліксіздігі. Оны әртүрлі әлеуметтік институттар жүзеге асырады. Оған отбасы мен мектептен басқа бұқаралық ақпарат құралдары жатады.

Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың себебі педагогикалық назардан тыс қалуына да байланысты. Мектеп жасына дейінгі дамуда мінез-құлықтық деңгейде пайда болып, бастауыш сынып кезінде дидактикалық деңгейдегі жаңа құрылымдық сипат алатын педагогикалық назардан тыс қалу - жасөспірімдік шақта әлеуметтік-психологиялық қызметтің жандануымен бірге, педагогикалық назардан тыс қалған балаларды қатарға қосуының кешенді жолдары белгіленуде. Бірақ, осы игілікті шара жолында ұстаздар қауымы мен ата-аналар, балалардың өздері белсенділік танытса, психолог қызметіне қосалқы, маңызды қадам болар еді [36].