- •І. Жасөспірімдер арасындағы ішімдік ішудің себептері және алдын алу
- •1.1 Ішімдік ішу қоғамның әлеуметтік және медициналық мәселесі ретінде
- •Сурет 2. Ішімдіктің адам ағзасына келтіретін зияндары
- •1.2 Алкоголизмнің даму үрдісі
- •1.3 Алкогольдің денсаулыққа зияны
- •1.3.1 Жасөспірімдердің ішімдікке салынуының себептері
- •1.4 Ішімдіктің оқушылар ағзасы мен психикасына әсері жайлы
- •Іі. Мектеп оқушыларына ішімдіктің зиянын оқыту әдістемесі
- •2.1 Жасөспірімдер арасында ішімдік ішу проблемасы
- •Жасөспірімдердің алкаголді ішімдіктерді қолдануы 2001 мен 2005 жж.
- •Қыздар мен ер балалардың алкаголді ішімдікті қолдануы 2005 ж
- •Жасөспірімдер пайдаланатын ішімдік түрлері
- •2.3 Жасөспірімдердің тәрбиесіндегі ата-анамен педагогтардың жұмыстары
- •2.5 Зерттеуді сипаттау және нәтижелерді талдау
- •2.6 Оқушы жастарға тәрбиелік насихат сабақтарын өткізу
- •Қорытынды
- •Қосымша
1.3.1 Жасөспірімдердің ішімдікке салынуының себептері
Балалар маскүнемдігі туралы олар 18 жасқа толғанға дейін белгілері пайда болған жағдайда айтады. Балаларда маскүнемік ересектерге қарағанда бірнеше ерекшеліктері бар:
спиртті сусындарға тез үйреніп кету «бұл бала ағзасының анатомиялық- физиологиялық құрылымымен түсіндіріледі);
– аурудың қатерлі өтуі (жеткіншек шағында организм қалыптасу кезеңінде болғандықтан орталық нерв жүйесінің алкогольге тұрақтылығы төмен);
– бала алкогольді көп мөлшерде ішкен жағдайда (балалардың ішімдік ішуі қоғаммен құпталмайды, сондықтан жасөспірімдер жасырын түрде тіске басарсыз, барлығын бірден ішеді);
– салынып ішудің тез дамуы (жасөспірімдер үшін кез- келген себепке ішу қалыпты жағдай, сонымен қатар олар аздап масайған кезде өздерін сенімсіз сезіне бастайды);
– емдеу тиімділігінің төмендігі.
Жасөспірімдер арасындағы ішкілік оларды ауымалы міне- құлқымен тығыз байланысты. Бұл байланыстың негізінде жасөспірімдерге ең қауіпті маскүнемдіктің қаупі жатыр- ол өзін-өзі бақылауды босаңсытады.
Мас күйде зорлық қылмыстар көптеп жасалынады. Балалар мен жасөспірімдерді спиртті ішімдіктерге үйір болу үш жас ерекшелік кезеңдерде болады: ерте балалық шақ, мектепке дейінгі және төменгі мектеп жасы, балалық және жасөспірім жаста.
Бірінші кезең- ерте балалық шақ, бұл жаста ішімдік ішу санадан тыс және еріксіз сипатта болады. Бұған келесідей негізгі себептер мүмкіндік туғызады: мас күйінде бала біту, емізулі кезде немесе жүктілік кезінде алкогольді ішімдіктерді пайдалану, бұл бала дамуының физикалық және психологиялық ауытқуына әкеп соғады.
Екінші кезең- мектепке дейінгі және төмнгі мектеп жасы. Бұл кезеңде негізігі екі себеп болады- ата- ананың педогогикалық сауатсыздығы, бұл ағзаның алкогольді улануына әкеп соғады және спиртті ішімдікке деген қызығушылығын оятатын отбасылық салт- дәстүрлер.
Ата – аналардың педагогикалық сауатсыздығы алкогольдің емдік қасиеті туралы адасушылық пікірлерінен көрінеді: алкоголь тәбет ашады, қаназдықты емдейді, ұйқыны жақсартады, тіс жарып шығуын жеңілдетеді. Ата-аналар өздерінің педагогикалық сауатсыздықтары үшін алкогольді уланумен төлйді, ол өімге алып келуіде әбден мүмкін [25].
Балалармен жасөспірімдердің алкогольдендіруіне алкогольді орта әсер етеді, бұл орта көбіне ішімдік ішетін туысқандардан тұрады.
Биологиялық зерттеулер көрсеткендей, маскүнемдік гендік жолмен берілмейді, тек оған деген бейімділілік беріледі. Балаларда маскүнемдіктің дамуына ата-аналарының теріс үлгілерімен отбасындағы маскүнемдік шешуі роль атқарады.
Үшінші кезең- жасөспірімдік және жеткіншек жас. Негізгі себептер деп 7 себепті көрсетуге болады: отбасындағы бейберекетсіздік, бұқаралық ақпарат көздеріндегі жағымды жарнама, бос уақытының көп болуы, маскүнемдіктің зардаптары туралы білімінің болмауы, мәселелерден қашу, тұлғаның психологиялық ерекшеліктері, өзін-өзі танытуы. Бұл кезеңде алкогольге тартылудың қалыптасуы жүреді, бұл әдетке айналып, көп жағдайда баланың маскүнемдігіне алып келеді.
Жеткіншек және жасөспірім кезде қалыптасқан маскүнемдік (13 жастан 18 жасқа дейін), негізінен ерте кездегі маскүнемдік деп атайды. Бұл жаста маскүнемдіктің клиникалық белгілері ересектерге қарағанда тез дамып, ауру қатерлі болып өтеді [26].
Баланың немесе жеткіншектің ағзасында алкоголь ең алдымен оның қанына, бауырына, миына енеді. Орталық жүйке жүйесінің жетілмегендігінен ол этонолдың әсеріне осал болып табылады. Бұл әрекеттің нәтижесінде нейрондардың саралау мен жетілуі бұзылып, жеткіншектің тұлғасы, интеллект, есте сақтау қабілеті зардап шегеді. Алкогольдің әсерінен жасөспірімнің ағзасының барлық жүйесі зақымданады. Статистика сүйенсек, балалар улануының 5–7% алкогольді интоксикация болады. Жасөспірімдермен жеткіншектер тез масайып, комаға дейін баруы мүмкін. Қан қысымы мен дене температурасы көтеріліп, қандағы глюкозамен лейкоциттердің деңгейі төмендейді. Алкогольді қабылдағаннан кейінгі мезеттік қозу, терең интоксикациялық түске ауысады, жиі құрысулармен кейде өлімге дейін барады. Кейде психикалық бұзылулармен сандырақтау болған жағдайлар тіркелген.
Балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік шақта алкогольді ішімдікті пайдаланудың психологиялық механизмдерінің бірі психологиялық еліктеушілік болып табылады.
Осы жасерекшелік топтарда маскүнемдіктің дамуының бірнеше кезеңдерін көрсетеді.
Брінші, бастапқы кезеңде алкогольге үйрену басталады. Бұл кезде кішігірім әлеуметтік ортаның, әсіресе отбасының мектептің, қатарластарының маңызы зор. Бұл кезеңнің ұзақтығы 3-6 айға созылады.
Екінші кезең спиртті сусындарды жиі пайдаланумен сипатталады. Алкогольдің мөлшерімен жиілігі өседі. Жеткіншектің мінез құлқы өзгереді. Бұл кезең 1 жылға дейін созылады. Бұл кезеңде алкогольді пайдалануды тоқтатудың жақсы терапиялық нәтижесі болады деп есептеледі.
Үшінші кезеңде психологиялық тәуелділік өрби түседі, бұл бірнеше айдан бірнеше жылдарға дейін созылуы мүмкін. Жасөспірім өзі алкогольді ішімдіктің кез келген кезде, кезкелген мөлшерде, әр түрлі сападағы ішімдіктің насихатшысы болады. Іс әрекетпен сандық бақылау жоғалады. Көп апталық, көп күндік, кейде үнемі алкогольді ішімдікті пайдалануға ұласады, бұл созылмалы маскүнемдіктің бастапқы кезеңі болады.
Төртінші кезең аурудың созылмалы кезеңі болып анықталады. Абстинентті синдром қалыптасқан. Кейде абстинентті синдром вегативті –соматикалық бұзылу түрінде көрінеді. Абстиненция ересектерге қарағанда аздап білінеді, ол алкогольді көп ішкеннен кейін басталады.
Бесінші кезеңде маскүнемдіктің дамуы ересектердікіндей болады. Айырмашылығы деменцияның тез қалыптасуы. Маскүнемдікке шалдыққан балалар тез төмендеп, бейәлеуметтік, дөрекі, әбден тозған, есте сақтау қабілетімен эмоциясының бұзылған болып келеді.
Жасөспірімдердегі маскүнемдік 3-4 жылда қалыптасады. Абстинентті синдром алкогольді үнемі пайдаланып жүрген кезде 1-3 жылда басталады. Ерте маскүнемдіктің ерекшелігі –ауру алды ерекшелігінен үлкен тәуелділігі.
Маскүнемдік көбінесе жасөспірімдермен жеткіншектерде миы зақымданғаннан кейін, орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдалуынан кейін дамйды. Бұл кезде ауру қарқынды дами бастайды. Ерте маскүнемдіктің дамуының жағымсызы түрі психопатия болып табылады, бұған психиканы зақымдайтын факторлар, анасынан ерте айырылу, ата-анасының маскүнемдікке шалдығуы, қаураусыз болуы, отбасындағы кикілжің, педагогикалық және әлеуметтік босаңсыздық жатады. Қозғыш есалаңдарда алкогольді пайдалану көбінесе жаман көңіл күйден арылумен байланысты. Психикасында тежеулігі бар балалар алкогольді қоршаған ортаға үйрену үшін пайдаланады. Жас балалардағы психопатиялық тұлғалардағы маскүнемдік ерте дамиды, ауыр жүреді, кемтарлық секілді алғашқы психотикалық құбылыстарға ерте әкеп соғады. Клиникалық маскүнемдік ауыр улану және қан аздықпен, абсиненттік синдромның тез қалыптасуымен, салынып ішудің ерте басталуымен ерекшелінеді. Осындай кезде әлеуметтік артта қалушылық тез дамиды.
Балалық шақтан ересектік кезеңге өту жекелеген мүшелердің және де барлық ағзаның өсуімен, олардың қызметінің жақсаруымен, жыныстық жетілудің басталуымен аяқталуын сипатталады.
Жасөспірім шақта ішкі мүшелер дамиды. Жүректің салмағы екі есеге өседі, өкпеде сыртқы демнің көрсеткіштері өседі.
Ересектік кезеңнің басында асқорыту мүшелерінің морфологиялық және функционалдық өзгерістері аяқталады, сүт тістердің алмасуы, өңештің, асқазан мен сілекей безінің дамуы аяқталады.
Жасөспірім шақта психиканың дамуы ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Жастық кезеңде жалпы барлық мүшелер мен ағзаның жүйелері функционалдық тұрақсыздықпен ерекшелінеді, осыған орай ұлпалардың сыртқы ортаға әрекет қабілеттілігі де, әсіресе зиян әрекеттерге жоғарылайды. Сондықтан да баланың ағзасы алкогольге осал екендігі кесдейсоқ емес.
Алкогольдің қанға сіңуі негізінен асқазан мен (20%) тоқ ішекте (80%) іске асады. асқазанның шырышты қабатына және тоқ ішекке алкоголь диффузия арқылы енеді, олардың көп бөлігі қанға өзгермей сол күйінде енеді.
Алкогольдің сіңіргіштігі көбінесе асқазан мен ішектің толығуымен анықталады. Аш қарынға алкогольді ішкен кезде оның қандағы максималды құрамы 30-40 минуттан кейін анықталуы мүмкін, кейбір кездері одан да ерте. Егер асқазан тамаққа толы болса алкогольдің сіңірілуі бәсеңдеп, масаю жайырақ өрбиді.
Алкоголь қанға түскенне кейін бірден оның тотығуымен шығарылуы басталады. Көптеген деректер бойынша қанға сіңген алкогольдің 90–95% ағзада ферменттермен көмір қышқылының әсерінен тотығады, ал 5–10% өзгерместен бүйрекке, өкпеге және теріге бөлінеді.
Алкогольдің тотығуымен ағзадан шығарылуы ағзадағы плкогольдің мөлшерңне қарамастан бірдй шығарылатыны жақсы. Көптеген зерттеулердің мәліметтері бойынша алкогольдің тотығуы сағатына 6-10 граммды құрайды. Мысалы 100 мл арақты ішкеннен кейін, ол таза алкогольдің 40 граммынаа тең, олар адам ұлпаларында төрт- жеті сағаттың ішінде анықталады.
Көп мөлшерде алкогольді ішімдікті пайдаланған кезде оның ағзадан шығуы екі үш тәулікке дейін созылуы мүмкін.
Қандағы алкоголь онымен бірге барлық мүшелермен ұлпаларды шайып оларға енеді. Ағзадағы мүшелермен ұлпалардағы алкогольдің шоғырлануы ондағы сұйықтықтың құрамымен анықталады: Сумен ұлпа немесе ағза неғұрлым бай болса, соғырлұм онда алкоголь болады. Алкогольдің көп бөлігі адам миінің ұлпаларында сақталып тұрады.
Қазіргі зерттеулер ағзада алкогольдің улы әсері тимейтін құрылымдық элементтерінің бар екендігін сендіруде. Алкоголь ақуыздардың, көмірсулардың, майлардың синтезіне араласып, ферменттік метабализмін бұзады, митохондрияға әсер етіп, жарғақшаның өткізгіштігін бұзып, жүйке импульсінің өткізгіштігі өзгереді.
Алкогольдің улы әсері ең алдымен нерв жүйесінің жұмысына әсер етеді. Егер қандағы алкогольді 1 деп қабылдаса, онда ол бауырда 1,45 –ке тең болады, ал мида -1,75. Алкогольдің азғана мөлшері жүйке ұлпаларының алмасуымен жүйке импульстарын бұзады. Алькогольдің азғана бөлігі қозу процессін жеделдетеді. Бір мзетте мидың тамырларының жұмысы бұзылады: олардың кеңеюі байқалады, мидың ұлпаларына қан құйылады. Осының барлығы алкогольдің жүйке жасушаларына ағымын жиілетіп, олардың жұмысының бұзылуына әкеп соғады [27].
Неміс психиаторы Э.Крепелин (1856-1926) аз мөлшерден ақыл-ойдың қабілеттілігі нәзік психикалық функциялардың бұзылуына әкелетіндігін анықтаған: оның әсерінен ойлаудың айқындығы, өз іс –әрекетін бағалауы төмендейді.
Қазіргі психиаторлар бір стақандағы арақтағы алкоголь кеңістікте нақты бағдарын, дәлме дәл қимылды орындауды қамтамассыз ететін ағзаның негізігі функционалдық жүйесін төмендетуге жеткілікті екендігін анықтаған.
Велосипедті, мопедті немесе мотоциклді айдап келе жатқан масайған жасөспірім- тек өзіне ғана емес оның жолында кздескендердің барлығына да қауіпті жау екендігін айтпаса да болады; Француз ғалымдары Шардон, Баутин және Богар еріктілермен көптеген тәжірибе өткізгеннен кейін, аздап масайғанда қан құрамында адам денесінде 1 килограмм алкогольдің 0,15-0,25 грамм болғанда көру мен естуі нашарлайтындығы байқалған. Тәжірибеден өтушілердің бесіншісінде бұл әсер кешеуілдеп, ал әр алтыншысында теріңінен көру, яғни алыстағы заттарды көру , олардың қандай қашықтықта тұрғанын ажыратуы қиындаған. Сонымен қатар түсті ажырату (әсіресе қызыл) нашарлаған.
Спирттің басқа да ағзалар мен жүйелерге әсері кем емес.
Алкогольдің бауырға бауыр жасушаларының жарғақшаларының биологиялық еріткіші болады. Жасөспірімдік кезеңде алкоголь бауырды талқандап жібереді, өйткені бұл мүше жасөспірімдерде қалыптасу сатысында болады. Бауыр жасушаларының улануы ақуыздармен көмірсудың алмасуын, дәрумендермен ферменттердің синтезін бұзады [28].
Алкоголь эпителийге, өңешке, асқазанға әсер етіп, асқазан сөлінің құрамымен секрециясын бұзады, ол өз кезегінде асқазанның қорыту қабілетінің бұзылуымен басқа да диспепсиялық құбылыстарға әкеп соғады.
Алкогольдің 10% ағзадан бүйрек арқылы шығарылады, және солар арқылы өте тұрып артынан өзгерген жасушаларды қалдырады.
Өсіп келе жатқан адамның жүрегі де алкогольге әсер етеді. Жүрек соғу жиілігі, ритмі өзгеріп соғысы, айырбас процессі, жүрек бұлшық еттері өзгереді. Мұндай жағдайда жасөспірімде жүректің бұлшықеттік және жүйкелік аппаратының толық және дұрыс қалыптасуы мүмкін емес.
Алкогольдің улы әсері қанға да әсер етеді. Ағзаны қорғауда маңызды роль атқаратын лейкоциттердің белсенділігі төмендеп, ұлпаларға оттегі жеткізетін эритроциттердің қозғалысы бәсеңдеп,қанның ұюында үлкен маңызға ие тромбоциттердің қызметі өзгереді.
Осылайша алкоголь жасөспірім кезінде өзіп келе жатқан организмге кері әсерін тигізеді. Ол барлық ағзалармен жүйелердің дұрыс дамуын тежеп, әлсіретеді.
Ағза неғұрлым жас болса, оған алкоголбдің зардабы соғұрлым көп болады. Бұл балалар мен жасөспірімдердің анатомиялық –физиологиялық және әлеуметтік психологиялық ерекшеліктеріне негізделген[29].
