- •І. Жасөспірімдер арасындағы ішімдік ішудің себептері және алдын алу
- •1.1 Ішімдік ішу қоғамның әлеуметтік және медициналық мәселесі ретінде
- •Сурет 2. Ішімдіктің адам ағзасына келтіретін зияндары
- •1.2 Алкоголизмнің даму үрдісі
- •1.3 Алкогольдің денсаулыққа зияны
- •1.3.1 Жасөспірімдердің ішімдікке салынуының себептері
- •1.4 Ішімдіктің оқушылар ағзасы мен психикасына әсері жайлы
- •Іі. Мектеп оқушыларына ішімдіктің зиянын оқыту әдістемесі
- •2.1 Жасөспірімдер арасында ішімдік ішу проблемасы
- •Жасөспірімдердің алкаголді ішімдіктерді қолдануы 2001 мен 2005 жж.
- •Қыздар мен ер балалардың алкаголді ішімдікті қолдануы 2005 ж
- •Жасөспірімдер пайдаланатын ішімдік түрлері
- •2.3 Жасөспірімдердің тәрбиесіндегі ата-анамен педагогтардың жұмыстары
- •2.5 Зерттеуді сипаттау және нәтижелерді талдау
- •2.6 Оқушы жастарға тәрбиелік насихат сабақтарын өткізу
- •Қорытынды
- •Қосымша
Қорытынды
1. Маскүнемдік- бұл патологиялық күй, созылмалы алкогольдік уланудан туындаған спиртті ішімдіктіерге тәуелділік пен ағзаның зақымдануымен сипатталады.
Этил спирті адамның түрлі мүшелері мен ағза ұлпаларына күшті улы әлеуетке ие. Ағзада этонол тудырған бүлінулер бір жағынан тірі ұлпаларға этил спиртінің улы әсеріне ие, екінші жағынан ағзада алкоголь өнімінің ыдырауынан туындаған улану әсеріне ие. Этил спирті негізінен бауырда қорытылады. Тотығудың аралық өнімінің бірі ол ацетальдегид – әр түрлі мүшелер мен ұлпаларды зақымдайтын улы зат. Этил спирті микроциркуляция процесстерін бұзып, микроторомбтардың пайда болуына әкелетін қан жасушаларының бірігіп қалуын жоғарылатады.
2. Үш жастан бес жасқа дейінгі жас ерекшелік тілдің ары қарай дамуымен және жүйке процесстерінің (олардың күші, қозғалғыштығы, бір қалыптылығы күшейеді) жетілуімен сипатталады, ішкі тежеу процесстері басыңқы мағынаға ие болады, бірақ кешігіп тежелу және шартты тежелу қиындықпен дамиды.
Психосоматикалық бұзылулардың патогенезінде басты орында алкогольдік ішімдіктердің асқазан –ішек жолдары мен бауырға кері әсерін тигізетін полиавитаминоз тұрады.
3. Ұзаққа созылған алкогольмен уланудың 3 сатысы бар Біріншісі- алкогольге жанын сала құмартумен, орталық нерв жүйесі және ішкі мүшелер жұмысының бұзылуымен сипатталатын бастапқы жеңіл сатысы. Екінші сатыда алкогольге жанын сала құмартудың айқын көрінісі, адамның ішкі мүшелері жұмысының едәуір бұзылғандығы, үрейлене бастауы, жеке басының аза бастауы байқалады. Үшінші сатысы мидың нерв клеткалары алкогольге төтеп бере алмай, араққа жанын сала құмартуы күшейе түсетін ауыр саты. Науқас алкогольден есалаңдап, орталық нерв жүйесінің клеткалары қатты зақымданады.
4.Елімізде алкоголизмге қарсы күресте ештеңе істелмей отыр деп айтуға келмейді. 2010 жылғы қарашада Денсаулық сақтау министрлігі дайындаған Қазақстанда денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл құжат – жалпы алғанда, өте маңызды құжат. Бірақ ол елде алкоголизмді азайту бойынша нақты күрес жөнінен бірқатар сұрақ туындатады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары осы әлеуметтік кесірмен күрестің ең тиімді әрі кең таралған құралы экономикалық шаралар екенін айтады. Яғни, ең алдымен, спирттік ішімдіктерге акциздерді арттыру арқылы алкогольді қымбаттатып, халықтың, әсіресе жастардың оған қолы жетпейтіндей жағдай жасау қажет», – деп санайды депутат Ерген Дошаев. Оның пікірінше, өкінішке қарай, бағдарламада алкоголь өнімдеріне акциз ставкалары қай жылы және қандай мөлшерде артатыны туралы нысаналы индикаторлар көрсетілмеген. Ал бұл аса маңызды мәселе. Депутаттың айтуына қарағанда, бүгінгі күні Қазақстандағы арақ – Кеден одағы елдері арасында ең арзаны болып табылады. Оның себебі де қарапайым – Қазақстанда акциз ставкалары төмен. Егер елімізде 2012 жылы бір литр этил спиртін дайындау кезінде акциз түрінде 60 теңге өндіріп алынатын болса, Ресейде бұл мөлшер – 163 теңгеге жуық, ал Белоруссияда 380 – 432 теңге аралығында. Елімізде жарты литрлік араққа акциз 100 теңгені құрайды. Ал Ресей мен Белоруссияда бұл көрсеткіш одан 2,5 есе жоғары. Сыра өнімдері бойынша да осындай жағдай байқалады. Бұдан басқа, депутат құжатта елдегі алкогольді шамадан тыс тұтынуды азайтуға бағытталған басқа тетіктер де нақты көрсетілмегенін, бүгінгі күні айрықша либералдық сипат алып отырған антиалкогольдік заңнаманы күшейту жөнінде де ештеңе айтылмағанын алға тартады.
5. Алкоголь - арақ адам организміне өте зиянды зат. Арақ ішкен адамның отбасында береке-бірлік болмайды. Қоғамға да, елімізге де зияны көп. Қарындағы алкоголь 2 минуттан соң қанға өтеді. Қан оны организмнің барлық клеткаларына таратады. Бұдан ең алдымен үлкен ми сыңарларының клеткалары зардап шегеді. Арақтың әсерінен адамның еркін қимылы бұзылып, өзін-өзі ұстай алмайтын болады. Алкоголь ми қыртысының маңдай бөлігіндегі клеткаларға сіңгенде адам эмоциядан «ада болып» жөні жоқ қуанады, орын- сыз күледі, ұстамдықтан, ұяттан айырылып, ол сау күйінде айтпайтын сөзді айтып, істемейтін істі істейді. Спиртті ішімдіктің келесі жаңа үлгісі жоғары дәрежелі нерв орталықтарын жансыздандыра түседі, бейне күрмеп тастағандай оларға мидың төменгі бөліктерінің қызметіне қатысуға мүмкіндік бермейді. Қимылдың мысалы, көз қимылының үйлесімі бұзылады, аяқ алысы ебедейсізденіп, қисалаңдайды, тілі күрмеледі. Ақылмен ойлау қабілетінен айырылады. Алкогольді дүркін-дүркін пайдалану нәтижесінде ішімдікке жаны ауыра құмартып, өзін-өзі ұстай алмай, алкоголизм дамиды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы (Оқулық). – Алматы, 2008. – 344 б.
2 Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков. - М.: Медицина, 2006.
3 Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы, Жеті жарғы, 2008.
4 Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық).- Алматы, 2008.344 б.
5 Ж.Ж.Жатқанбаев.Валеология.Алматы-2006.
6 Егемен Қазақстан.Анық азап ...арақтан!//Оңғар Өмірбек-8 тамыз 2011.
7 Тайжанова С., Қарақов А. Дене тәрбиесі. – Алматы, «Эверо». - 2010. - 366 б.
8. Валеология, Ордабеков С.О.,Абдрақов Б.Қ.- Қарағанды. «Ақ Нұр», 2012. – 352 б.
9 Егемен Қазақстан.Анық азап ... арақтан!//Оңғар Өмірбек-8 тамыз 2013 жыл
10 Бабаян Э.А., Гонопольский М. Ребенок и алкоголь – М.: Весма-Т, 2007. – 168 б.
11 Братусь, Б.С. Анатомия личности/ Братусь Б.С. – М. Мысль, 2013. – 304 б.
12 Веко А.В. Алкоголизм: избавление от зависимости, лечение, профилактика с. 4. // Современный литератор. 2007. 16.07.
13 Волкова С.В., Бабенко Л.И. Методическое руководство по обеспечению первичной профилактики алкоголизма среди несовершеннолетних. М.: Издательство Твое время, 2008. 31 б.
14 Гоголева А.В. Аддиктивное поведение и его профилактика. М.: Издательство НПО МОДЭК, 2008. 240 б.
15 Гуавин, Дональд Алкоголизм/ Пер. с англ. – М.: Олимп-Бизнес, 2009. – 224 б.
16. Джонсон, Вернон Как заставить наркомана или алкоголика лечиться/ Пер. с англ. – М., 2008. – 193 б.
17 Короленко, Ц.П. Личность и алкоголизм/ Короленко Ц.П., Завьялов В.Ю. – Новосибирск, Наука, 2014. – 165 б.
18 Лекции по наркологии/ Под ред. Н.Н. Иванца. – 3-е изд., перераб. – М.: Мед. Практика, 2009. – 344 б.
19 Лисицын, Ю.П. Алкоголизм: (Медико-социальные аспекты) Руководство для врачей/ Лисицын Ю.П., Свиридов П.И. – М.: Медицина, 2010. – 527 б.
20 Мартыненко А.В. Здоровье молодежи // Советское здравоохранение. - 2012. – С. 15–17.
21. Психология групп несовершеннолетних правонарушителей / Под ред. И.П. Башкатов. М.: Издательство Прометей, 2010. 53 б.
22. Сирота Н.А., Ялтонский В.М. Профилактика наркомании и алкоголизма. М.: Изд. Академия, 2003. 176 б.
23. Такала И.Р. Веселие Руси: История алкогольной проблемы в России. СПб.: Изд. София, 2002. 254 б.
24 Ляпина Е.Ю. Профилактика социально опасного поведения студентов: система работы образовательного учреждения. - 2-е изд., Волгоград: Учитель, 2008. 231 б.
25 Митюхляев А.В. Медико-социальная характеристика подростков женского пола с ранним алкоголизмом // Ж. невропатологии и психиатрии. -2010. - Т. 87. - № 10. - С. 1543-1547.
26 Модели взаимодействия с девушками группы риска: опыт работы социального работника / авт.-сост. Свиридов А.Н.- Волгоград: Учитель, 2010. 184 б.
27 Мудрик А.В. Введение в социальную педагогику. М.: Изд-во: «Академия», 2007. 340 б.
28 Основы первичной профилактики употребления психоактивных веществ в образовательной среде: Методические рекомендации для педагогических работников / Говорин Н.В. [и др.]. Чита, 2010. 48 б.
29 Психология и лечение зависимого поведения / под ред. С. Даулинга. - М.: Академия, 2006. 217 б.
30 Профилактика и коррекция нарушений психического развития при семейном алкоголизме: пособие для психологов и педагогов / Е.М.
31 Мастюкова [и др.]. М.: Гуманитар. изд. центр ВЛАДОС, 2006. 115 б.
32 Рабочая книга социального педагога. Профилактика безнадзорности, правонарушений, охрана здоровья детей / под.ред. Л.В. Кузнецовой. М.: Изд-во «Школьная пресса», 2007. 96 б.
33 Стрельчук И.В. Профилактика наркомании и алкоголизма: учебное пособие для студентов высших учебных заведений. 5-е изд., стер. М.: Изд. центр «Академия», 2009. 176 б.
34 Социальная педагогика: Курс лекций: Учеб.пособие для студ. высш. учеб. заведений / Под общ. ред. М.А. Галагузовой. М.: Гуманитар. изд. центр ВЛАДОС, 2006. 416 б.
35 Хрестоматия по возрастной психологии. Учеб. пособ. для студ: Сост. Л.М. Сименюк. Под ред. Д. И. Фельдштейна. 2-е изд-е доп. М.: Институт практической психологии, 2007. 304 б.
36 Яценко Ю.Т. Двойная жизнь. Пособие для алкогользависимых и членов их семей. М.: Институт общегуманитарных исследований, 2004. 112 с.
37 Джаксыбаева А.Х. Задержка нейропсихического развития у детей: этиология, классификация, клиника //Наука и здравоохранение.- №1.-2008.
38 ДжаксыбаеваА.Х.Изучение патогенетических звеньев нарушений нервно-психического развития детей раннего возраста //Приложение к журналу «Педиатрия и детская хирургия Казахстана»., Сборник научных трудов 4 Международной конференции детских неврологов Центрально-Азиатских стран «Мост между Европой и Центральной Азией- профилактика детской неврологической инвалидности в Казахстане».- Алматы,2007.-С. 18-19 б.
39 Джаксыбаева А.Х. Клинические и биохимические характеристики детей с задержкой нейропсихического развития// Вестник Казахского Национального Медицинского Университета.- Алматы.- 2005.- № 4.-С.63.
40 Джаксыбаева А.Х., Лепесова М.М. Клинические особенности синдрома дефицита внимания с гиперактивностью у детей дошкольного внимания / / Медицинский Евразийский Журнал, 2004.- № 2.- С.74-78 б.
41 Джонсон, Вернон Как заставить наркомана или алкоголика лечиться/ Пер. с англ. - М., 2007. - 193 б.
42 Ерышев, О.Ф. Алкогольная зависимость: Формирование, течение, терапия/ Ерышев О.Ф., Рыбакова Т.Г. и др., - СПб.: Элби-СПб., 2008. - 193 б.
43 Коробкина З.В., Попов В.А. Профилактика наркотической зависимости у детей и молодежи: Учеб.пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. - М.: Издательский центр «Академия», 2009. - 192 б.
