- •І. Жасөспірімдер арасындағы ішімдік ішудің себептері және алдын алу
- •1.1 Ішімдік ішу қоғамның әлеуметтік және медициналық мәселесі ретінде
- •Сурет 2. Ішімдіктің адам ағзасына келтіретін зияндары
- •1.2 Алкоголизмнің даму үрдісі
- •1.3 Алкогольдің денсаулыққа зияны
- •1.3.1 Жасөспірімдердің ішімдікке салынуының себептері
- •1.4 Ішімдіктің оқушылар ағзасы мен психикасына әсері жайлы
- •Іі. Мектеп оқушыларына ішімдіктің зиянын оқыту әдістемесі
- •2.1 Жасөспірімдер арасында ішімдік ішу проблемасы
- •Жасөспірімдердің алкаголді ішімдіктерді қолдануы 2001 мен 2005 жж.
- •Қыздар мен ер балалардың алкаголді ішімдікті қолдануы 2005 ж
- •Жасөспірімдер пайдаланатын ішімдік түрлері
- •2.3 Жасөспірімдердің тәрбиесіндегі ата-анамен педагогтардың жұмыстары
- •2.5 Зерттеуді сипаттау және нәтижелерді талдау
- •2.6 Оқушы жастарға тәрбиелік насихат сабақтарын өткізу
- •Қорытынды
- •Қосымша
2.6 Оқушы жастарға тәрбиелік насихат сабақтарын өткізу
Тақырыбы:
Алкогольді көңіл көтеру үшін ішеді,
ал қайғы қайдан келеді?!
Мақсаты:
· Оқушыларға алкоголь дегеніміз не;
· Алкоголь тұтынудың керегі бар ма;
· Алкоголь ағзаға қалай әсер етеді;
· Алкогольдің адамға келтіретін зияны;
· Жағымсыз әдеттер мен қателіктерден аулақ болу үшін не істеу керек осылар жайлы ақпарат беру;
· Салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын ұғындыру;
· Денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, карточкалар (сұрақтар, жағдаяттар), жетондар.
Қатысушылар: сынып оқушылары, ата-аналар, бірнеше пән мұғалімдері.
Барысы:
1. «Салауатты өмір салтын қолдаймыз» бөлімі.
2. Алкоголь туралы сөйлесейік? а)мұғалімнің кіріспе сөзі, ә) ойыңды ортаға сала біл (карточкамен сұрақтар беру)
3. Пікірлесейік бөлімі (жағдаяттар шешу)
4. «Мақал – сөздің мәйегі» бөлімі
5. Мектеп дәрігеріне сөз берсек.
6. Слайдқа көз салайық бөлімі
1. Кіріспе. Оқушылар, ата-аналар, ұстаздарды бөлек-бөлек шақырып, жеребе тастату.
2. Салауатты өмір салтын қолдаймыз.
Әркім бірақ бір өзіне сенеді
Сау болады жетсе еркі, жігері.
Ешбір затпен уламай жас денені,
Бағытталған мол қозғалыс керегі
Адам болу ел болудың жолы да,
Оңай емес ойлау керек оны да.
Ел қатарлы тірлік етіп кем болмау,
Бақыт құсын қондыру да қолыңда.
Сондықтан да салауаттылық сабағын,
Шығарма естен басқан сайын әр адым.
Жаман әдет жуымасын жаныңа,
Табиғаттай таза ұлы бол даланың.
Ниетің де, тілегің де, ойыңда,
Сұлу болсын, таза болсын бойың да.
Адал еңбек сені алға бастасын,
Барлық бала спортпенен достассын.
Аналар мен ұстаздарға
Айтарымыз бір тілек:
Берекелі заман болсын,
Балаларыңыз аман болсын,- дей
отырып, бүгінгі сабағымызға кірісейік.
3. Алкоголь туралы сөйлесейік бөлімі. Бүгінгі сынып сағатына бұл тақырыпты таңдаған себебім, мен өзім жасөспірімдер арасындағы ішімдік ішуге үйрену, әдеттену барлық зиянды әдеттердің бастауы деп ойлаймын. Ертеде бір зинақор әйел өте бір тақуа адамды тура жолдан тайдырмақ болып, азғыра бастапты: Менімен әуейі бол немесе күйеуімді өлтір немесе менімен бірге шарап іш деп.Тақуа болса күйеуі бар әйелмен жақын болу күнә, адам өлтіру одан да зор күнә, жарайд одан да шарап ішіп құтылайын деп ойлаған екен. Таңертең есін жиып жан-жағына қараса шарап та ішкен, әйелмен де жақын болған, күйеуін де өлтірген.Міне, шараптың азғыру күші қандайлық.
Алкоголь – бұл әртүрлі ашыған ерітінділерден алынған наркотиктік әсері бар этил спирті. Алкоголь – бүкіл әлемге тараған ежелгі есірткі. Алкогольді тұтыну алдымен адамдардың көңіл-күйін жасанды көтере бастайды, одан кейін бас миына қысым түсіреді, агрессия әкеледі. Ағзадағы алкоголь 4 негізгі әсер береді:
Ағзаны энергиямен қамтамасыз етеді /спирттің жоғары энергетикалық құндылығы бар, бірақ қоректендіру заттары жоқ/
Орталық нерв жүйесінің жұмысын бәсеңдетіп, әрі тиімділігін төмендете отырып, анестезиялау құралы ретінде әрекет етеді;
Несептің жиналуына ықпал етеді.Алкогольді тұтынғанда адам көп су жоғалтады, сондықтан клеткалар құрғайды;
· Бауырдың қызметін уақытша төмендетеді. Спирттік ішімдіктің белгілі бір мөлшерін тұтынғаннан кейін бауырдың үштен бір бөлігінің жұмысы төмендейді, ол әдетте бірнеше күннен кейін ғана қалпына келеді.
1. Карточка сұрағы: Алкоголь тұтынудың керегі бар ма?
2. Жасөспірімнің ішімдікке салыну себептері?
3. Жасөспірімдер алкоголизмінің ерекшеліктері?
4. Алкоголь ағзаға қалай әсер етеді?
5. Алкоголизмнің неше сатысы бар?
6. Алкоголь және зорлық?
7. 3.Пікірлесейік.
1-ші жағдаят. Бір күні сені жан досың бір отырысқа ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстінен түстің.Сені бейтаныс жастар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырды. Досың да солар жағында. Бұған дейін сен досыңның мұндай әдеттерін байқамапсың. Осы жағдайда сен не істер едің, қандай да бір шұғыл шешім қабылдай аласың ба? Басыңнан мұндай жағдай өттіме?
2-ші жағдаят. Сен ағаңмен өте татусың. Бір күні түнде кешігіп келген ағаңнан ішімдіктің иісі шығып тұрғанын байқадың және қалтасынан бір қорап шылым тауып алдың.Ол ат-аналарыңа айтпауыңды өтінді. Сенің әрекетің.
4.Мақалдар.
1. Денсаулығың сай болса, көңілің жай болар.
2. Ішімдік - індет, оны тию міндет .
3. Мастық жоқ та масқара да жоқ
4. Адамға арақ ас болмас,
Ішкен адамда бас болмас.
5. Арақты сағалаған
Моласын жағалаған
6. Арақтың теңізіне алыптар да батады.
7. Араққа сәлем берсең,
Ақылға қош бол де.
8. Тамақтан сорламайсың
Арақтан сорлайсың
9. Есек шарап ішсе, ер-тоқымын сыйға тартар.
10. Маскүнем – өзіне-өзі қаскүнем.
5. Слайдқа көз салайық
6. ИӘ. ЖОҚ. (зиянды, жақсы, жаман әдеттер тізбесін құру)
7. Қорытындылау. Бүгінгі сабағымды өздеріңе жақсы таныс айтыскер, ақын А.Бердалиннің өлеңімен аяқтайын деп отырмын:
Арақ осы қай адамды бай қылған
Талайларды түзу жолдан тайдырған
«Қайран жұртым қайда барып тоқтар?!» -деп,
Құнанбайдың баласы да қайғырған
Арақ ішсең кімге сыйлы боласың
Мас адамның құны төмен маймылдан?!
Ішіп алып, үсіп өлсең, ұл-қызың
Өлігіңді тауып алар қай қырдан?!
Ішімдік – жан-жақты дамыған тұлғаның қалыптасуына зор нұқсан келтіреді. Спиртті ішімдіктерді пайдалану қоғамға, мемлекет экономикасына, отбасына және адамның өзіне зиян келтіреді. Ішімдік адам ағзасында мынадай зиянды, қауіпті аурулар тудырады:
- Ішімдік ауыз, өңеш жұтқыншақ, кеңірдек, асқазан ішек рактары мен тері рагына және қалқанша безі, сүт безі рагына әкеліп соқтырады.
- Бауырды езеді
- Жүрек жұмысы нашарлайды
- Ақылдан адастырады
- Иммунитет төмендейді
- Тамырларды тартады, қуысын бітейді
- Астың қорытылуы азаяды
- Кемтар ұрпақты дүниеге келтіреді және т.б ауруларға ұшыратады.
Ішімдік адамның әртүрлі мүшелерінің жасушалары мен жүйелеріне қатты әсер етеді, сондықтан оның денсаулығы нашарлап, өмір ұзақтығын қысқартады.
2. Алкоголь туралы сөйлесейік бөлімі. Бүгінгі коференциямызға бұл тақырыпты таңдаған себебіміз, 29 қазан — дүиежүзілік алкогольден бас тарту күні болып жарияланғаны белгілі. Қазақстан мен бүкіл әлемге қауіп төндіріп, жүйке-неврологиялық және басқа да инфекциялық аурулардың өршуіне әкеліп соқтыратын, бауыр циррозы, қатерлі ісіктің әр түрлері мен мезгілсіз, ерте өлімнің негізгі себебі боп табылатын «ащы суға» тәуелділіктің алдын алу мақсатында атап өтіліп жүрген даталы күн барын біреу білсе, біреу білмейді. Елімізде жылда тіркелетін кісі өлімінің 11 пайызы осы ішімдіктің әсерінен болатындығын айтып отырған мамандар адамды ақылынан алжастыратын «әзәзілге» қарсы қоғам болып күресуге шақырады. Мен өзім жасөспірімдер арасындағы ішімдік ішуге үйрену, әдеттену барлық зиянды әдеттердің бастауы деп ойлаймын. Ертеде бір зинақор әйел өте бір тақуа адамды тура жолдан тайдырмақ болып, азғыра бастапты: Менімен әуейі бол немесе күйеуімді өлтір немесе менімен бірге шарап іш деп.Тақуа болса күйеуі бар әйелмен жақын болу күнә, адам өлтіру одан да зор күнә, жарайд одан да шарап ішіп құтылайын деп ойлаған екен. Таңертең есін жиып жан-жағына қараса шарап та ішкен, әйелмен де жақын болған, күйеуін де өлтірген.Міне, шараптың азғыру күші қандайлық. Келесі сөз кезегі биология пәнінің мұғалімі Г.С.Зиятоваға беріледі Алкоголь – бұл әртүрлі ашыған ерітінділерден алынған наркотиктік әсері бар этил спирті. Алкоголь – бүкіл әлемге тараған ежелгі есірткі. Алкогольді тұтыну алдымен адамдардың көңіл-күйін жасанды көтере бастайды, одан кейін бас миына қысым түсіреді, агрессия әкеледі. Ағзадағы алкоголь 4 негізгі әсер береді:
• Ағзаны энергиямен қамтамасыз етеді /спирттің жоғары энергетикалық құндылығы бар, бірақ қоректендіру заттары жоқ/
• Орталық нерв жүйесінің жұмысын бәсеңдетіп, әрі тиімділігін төмендете отырып, анестезиялау құралы ретінде әрекет етеді;
• Несептің жиналуына ықпал етеді.Алкогольді тұтынғанда адам көп су жоғалтады, сондықтан клеткалар құрғайды;
• Бауырдың қызметін уақытша төмендетеді. Спирттік ішімдіктің белгілі бір мөлшерін тұтынғаннан кейін бауырдың үштен бір бөлігінің жұмысы төмендейді, ол әдетте бірнеше күннен кейін ғана қалпына келеді.
«Арақ – адамның есін жояды, ұятын қашырады, арамдыққа және қылмысқа итермелейді». Бұл сөзді сонау өз заманында ұлы жазушы Л. Толстой айтыпты. Тағы бірде Толстой : «Шарап адамның тән саулығын құртады, санасын улайды, отбасы шырқын бұзып, дәулетін қашырады, ең сорақысы - адамның жаны мен оның ұрпағын тұншықтырады». Сол заманда ғана емес, бүгінгі қоғамдағы ең күрделі дерттің бірі – маскүнемдік. Күрделі болғаны соншалықты бұл мәселемен, маскүнемдік салдарымен күнделікті бетпе-бет кездесіп те отырғанымыз шындық.
Қоғамның өзегіне түскен осы дертпен күрес әр елде әрқалай жүргізіледі. Мәселен, осы бағытта ізденген ғалымдар маскүнемдікке қарсы вакцина ойлап тауыпты. «Daily Mail» агенттігінің таратқан хабарына қарағанда, вакцина 6 айдан 12 айға дейін әсер етеді екен. Әлгі егілген адамның ішімдікке аңсары аумайды . Егер татып алатын болса, қатты қиналып, азап шегеді. Себебі – вакцина ішімдікті қорытатын бауыр ферменттерінің қызметін тоқтатып тастайды.
Вакцинаның әсерін жоятын дәрі-дәрмек жоқ болғандықтан вакцина егілген адам арақ атаулыны аузына алмауы керек.
Сондай-ақ, ғалымдар Азия тұрғындарының ағзасында ішімдіктің уытын қорытатын геннің жоқтығына көз жеткізген. Қытайдың, Кореяның және Жапонияның әрбір бесінші тұрғыны ішімдік іше алмайтын көрінеді. Ал Қазақстандағы жағдайға келсек, маскүнемдік дерті шынымен алаңдатарлық деңгейде.
Өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Ерген Дошаев дәл осы қоғам дертінің өршуіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, сауал жолдаған еді. Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүкіл жер шарында спирт ішімдіктерін тұтыну деңгейін айқындау үшін 188 елде арнайы мониторинг жүргізеді. Соның нәтижесіне сүйенсек, 2011 жылғы рейтингте Қазақстан 34 орында тұр. Бұл – еліміздің әрбір азаматы жылына 11 литрге жуық таза этил спиртін немесе жарты литрлік арақтың 50 бөтелкесін тұтынады деген сөз. «Нәтижеге үңілсек, Қазақстан бүгінгі күні Орталық Азияда нағыз ішімдікке құмар ел болып табылады. Мысал үшін айтатын болсақ, жоғарыда аталған рейтингте Қырғызстан – 106-шы, Түркіменстан – 114-ші, Өзбекстан – 131-ші, ал Тәжікстан 134-ші орында тұр. Тіпті, көршілес Қытайдың өзі бір жарым миллиард халқы барына қарамастан, 95-ші орында тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықтың жан басына шаққанда алкоголь тұтынуының шекті деңгейін де есептеген. Ол жылына 8 литрден аспауға тиіс. Одан артық тұтыну ұлттың азып-тозуына, тіпті құрып кетуіне әкеп соғады. Осы әлеуметтік кесірлі құбылыстың ауыр салдарын біздің еліміздің мысалынан көруге болады», – дейді депутат Е. Дошаев.
Тағы бір деректерде соңғы бес жылда ішімдікті сылқия сілтеп, мас күйінде жасалған қылмыстар саны екі еседен астам өсіп, 13 мыңнан астам фактіні құраған. Осы уақыт ішінде маскүнем қылмыскерлердің қолынан 3172 қазақстандық қаза тауыпты.
Бұдан бөлек, ішімдікке еліккен күйдегі жүргізушілердің жүгенсіздігі де жағаны ұстатады. Соңғы бес жылда ішімдік ішіп көлік басқаруға отырған 330 мың жүргізуші ұсталыпты. Олар 1814 жол-көлік оқиғасын жасап, соның салдарынан 494 адам қаза тапқан, 2,5 мың адам әртүрлі жарақат алған. Маскүнемдік көптеген төтенше жағдайдың, оның ішінде оқыс жағдайда өрттің шығуына да себеп болып отырады. Соңғы бес жылда 1275 азамат мас күйде осындай өртке оранып, қаза тапқан. Ішімдікке әуестіктің күрт өсуі, әрине, елдегі демографиялық жағдайға және жалпы экономиканың дамуы мен әлеуметтік өмірге де өз кесірін тигізеді. Сондай-ақ, маскүнемдік себебінен жаппай жұмыс орнын тастап кету, өндірістің тоқтап қалуы және басқа да келеңсіз факторлар салдарынан келтірілген орасан зор залалды есептеп шығу мүмкін емес. Бұл ретте депутат Ерген Дошаев, тұрмыстағы маскүнемдік салдарынан тағдыр тәлкегіне түскен ондаған мың отбасыға келтірілген залалды есептеудің күрделі екенін айтып, тастанды жетім балалардың трагедиясын және маскүнемдіктен ауру болып туылған сәбилердің тартып отырған зардабын қалайша бағалауға болмайтынына назар аударады.
Республика Статистика агенттігінің дерегіне сүйенсек, Алматы қаласында әр 100 мың әйелдің 211-ден астамы, ер адамдардың 2330-ы арақ-шараптың кесірінен психикасы мен мінез-құлқы бұзылған. Астанада бұл көрсеткіш 90 және 476-ны құрайды. Еліміз бойынша алғанда еселене түседі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының деректері бойынша, психикалық және тәртіптік ауытқулары бар 249 мың адам есепте тұр. Олардың әрбір 12-сі 25-30 жастағылар, отбасын құрып, еңбекке араласып, қоғамның белсенді мүшелері болатын әйелдер. Ұлттық орталық қызметкерлері бұл мәліметтің толық емес екенін мойындайды. Есепке алынбаған араққа әуестердің қатары одан да көп. Айналымда жүрген статистикалық дерекке сүйенсек, республика тұрғындарының 35% ішімдікке үйір екен. Өкінішке орай, осы дерекке мектеп жасындағы балалар да іліккен. Екінші мәселе – ішімдікке салынушылардың қатарын көбейтуге ынталы компаниялардың бар екендігі. Алкогольсіз, жартылай алкогольді деген жарнамамен дүкендерде, мейрамханалар мен кафелерде самсап тұрған және балалар әуес «кока-кола» секілді сусындарда алкогольге, есірткіге бейімдейтін заттар бар екені әлдеқашан анықталған. Яғни алкогольге бейімдеудің оңтайлы жолын тапқан қаржы-өндірістік топтар әрекет етуде. Арақ-шараптың бағасын өсіру керек дейміз, оларды сататын сауда орындарын балабақшалардан, мектептер мен институттардан қашық болсын дедік, ішімдіктер бейнеқұрал орнатылған дүкендерде ғана сатылсын дедік. Алайда нәтиже ойдағыдай емес. Біздіңше, осы шаралармен бірге әлемдегі кейбір тәжірибелерге ден қойғанымыз жөн. Ресейдің Ростов және Саратов облыстарының думалары жексенбі күндері сыра мен арақ-шарап сатпау туралы шешім шығарды. Тува өлкесі бес жылдан бері ішімдіктен біржола бас тартты. Әлемнің 80 елінде алкоголизм мен маскүнемдіктің алдын алуға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Саха, яғни Якутияда қымыз туралы қабылданған заң арақ-шарапты шектеуге бағытталған. Ал алыс шетелдерге назар аударсақ, Норвегияда аптаның соңғы екі күні – сенбі мен жексенбіде және мереке күндерінде сырадан бастап, спиртті ішімдіктердің барлық түрі сатылмайды. Дүкендерден, мейрамханалар мен кафелерден емге таба алмайсыз. Бұл елде осындай жолмен 102 күн, яғни 3 ай арақ-шарапсыз өтеді. Егер жұрттың арақ-шарапты көбіне демалыс және мереке күндері ермек ететінін ескерсек, сол күндерді ішімдіксіз өткізгендердің оны басқа уақытта іздемейтіні белгілі. Мұның соңы арақтан бірте-бірте алыстауға әкеледі. Біз осындай жолмен ел арасында кейінгі кезеңде етек ала бастаған жақсы дәстүр – үйлену және басқа да тойларды арақ-шарапсыз өткізу дәстүрінің кеңінен таралуына ықпал етер едік. Түйіп айтсақ, норвегиялық тәжірибе біз үшін барынша оңтайлы жол болар еді. Қазақстанда аптаның әр сенбі, жексенбісінде, мейрам күндерінде сауда және қоғамдық тамақтану орындарында алкогольді ішімдіктерді сату мен босатуға тыйым салудың жолдарын қарастырсақ. Бұл ұсынысты Қазақстан халқының 80 пайыздан астамын құрап отырған мұсылмандар қауымы қолдар еді. Арақ-шарап сатуды тоқтатсақ, мемлекеттің бюджетіне түсетін кірістен қағыламыз дейтіндер сандалмасын. Жылда мемлекет қалтасына арақ- шараптан түсіп жататын 47 млрд. теңге – қомақты ақша емес. Арақтың кесірінен зардап шегіп жатқандарға қарағанда, 47 млрд. кірісің түкке тұрмайды. Мемлекеттің басты байлығы саналатын адамдардың арақтан тауып жатқан түрлі кеселдері мен апаттардан алатын жарақаттарын емдеп жазуға мемлекет бұл соманы жүз орайтын шығын шығаруда. Соны неге ескермейміз? Адамдар бірін-бірі өлтірудің түп-тамыры арақта. Ислам тарихына үңілсек, арақтан арылудың үш-төрт кезеңі өткен. Араққа тыйым салудың кезеңдері рет- ретімен келіп отырған. Мысалы, Құран кәрімде арақтың пайдасынан зияны көп болғандықтан шектеу қойылғандығы айтылады. Біздің ҚМДБ-ның басшылары мейрамдарды арақ-шарапсыз өткізуге үндеу жариялағаны белгілі. Мемлекеттің басты құндылығы адам болғандықтан, қоғамдағы оған залалын тигізетін кез келген нәрсеге шектеу қойылмаса болмайды. Ойлап қараңыздаршы, қоғамдағы түрлі зардаптар, орын алып жатқан апаттар, баланың ата-анасына қарсы шығуының артында не жатыр десеңіз, жауап – біреу. Ол – арақ! Қазір кей ағаларымыз ―халал арақ‖ туралы айтып жүр. Бұған келісу қиын. Көршілеріміз Ресей, анау Америка арақ ішуге тыйым салуды күшейте бастады. Мысалы, Америка 1930 жылдары арақ ішуді азайтқан кезде бүйрек қабынуының азайғанын байқаған. Және де елінің әл-ауқатының артып, халқының тұрмысының оңала бастағанын сезінген
