Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
часть 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

Кіріспе

Өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстан даму өркениетінің сара жолына түсіп, биігіне көтерілу үшін оның қуаты экономикасымен қатар, тәрбиелі өнегелі , білімді, ақылды да зерек, денсаулығы мықты, парасатты да, салауатты азамат болуы керек.

Қазіргі заманға сай, халықтың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуде мемлекет тарапынан қойылатын талаптар ішінен ерекше орын алатыны тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттерден арылу, соның ішінде спирттік ішімдіктерді пайдалануды азайту, темекі шегуді шектеу, наркотиктермен әуестенетін жастардың санын қысқырту мәселелері болып табылады.

Орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой «Егер адам арақ-шарап ішіп, темекі тартып, апиынға әуестеніп өзін ылғи уландыра бермесе, онда біздің өмірімізде арман ететіндей бақытты өзгеріс болар еді» деп айтқан екен.

Тарихи деректерге қарағанда жүзім шырынынан алькоголь алу сонау

V-VI ғасырларда болғаны байқалады. Бұл үрдісті жүзеге асырған көне заманның химиктері арабтар еді. Алкоголь - ес ауыстыратын зат деген мағына береді. Кейде алкоголь- рахаттану орталығы деген мағына береді. Алкоголь ағзаға қуат беретіні сөзсіз. Нерв жүйелерін қоздыратын жасанды зат. Алкоголь миға бірнеше әсер береді: мида арнаулы түрдегі тұйық шеңбер құрылып, қолайсыз сезімдер пайда болады. Адам неше түрлі ойға батып, әр түрлі ауыр қылмыстар жасайды.

Сырада орта есеппен алғанда- 3-6%, кейбір сыраларда бұдан да көп мол жерде алкоголь-спирт болуы мүмкін-10-17%, шарапта-10-14%, виски, арақ, джин, бренди, ром, коньякта 40-50% болады.

Қандағы алкоголдың мәні 0,001-0,002% үлкен әрекетін сездірмейді. Ал бұл мөлшерден алкоголь асса көз көрмей қалады. Адам артық сөз сөйлеуі мүмкін. Мақтанып жүріп неше түрлі айтпайтын сырларды айтып қоюы мүмкін. Алкоголизм себептерінің ішіндегі әсіресе айтарлықтай тұрмысының сұрықсыздығы, экономикалық жайсыздық, әлеуметтік тұрақсыздық, психологиялық, биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, кәсіби сәтсіздік, медициналық-физиологиялық қолайсыздықтар

Қазіргі заманға сай, халықтың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуде мемлекет тарапынан қойылатын талаптар ішінен ерекше орын алатыны тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттерден арылу, соның ішінде спирттік ішімдіктерді пайдалануды азайту, темекі шегуді шектеу, наркотиктермен әуестенетін жастардың санын қысқырту мәселелері болып табылады.

Бүгінгі таңда девиантты мінез-құлқы бар балалардың және нашақорлық пен ішімдікке тәуелді балалар санының өсуі өзекті проблемаға айналып отыр. Бір сәттік құлқынның қызығы үшін көмейге қылғытатын арақтың басты қасіреті – адам денсаулығын күйретуі. Зерттеулер көрсеткендей, кең көлемде жүргізілген насихатқа қарамастан, жұрттың басым бөлігінің алкогольге тәуелділіктің қалыптасу заңдылықтары жөнінде нақты түсінігі болмай шыққан. Өкінішке орай, жұртшылықта «көпшілік орындарда алкогольді аздап, «мәдениетті» пайдалану маскүнемдік дертіне шалдықтырмайды, бұл өз мүмкіндігін және арақ іше білмейтін адамдардың үлесіндегі жағдай»— деген жалған түсінік қалыптасқан .Бүгінгі күнде жас ұрпақты ең жас кезінен дене күштері мен рухани Күштері сайма-сай жетіліп, шынығып өсетіндей етіп тәрбиелеу ісін қамтамасыз етуді мемлекетіміз аса маңызды міндеттердің бірі деп санайды. Кез-келген елдің болашағы оның халқының денсаулығы мен аман-есендігіне байланысты.

Республика Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан жолы – 2050 : Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ бағдарламасында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен ел ауқаты барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен мүмкіндіктерін ұдайы жақсартуын», - атап көрсетеді. Салауаттылық адам бойына туа бітпейді , ол қоғамдық ортаның игі дәстүрлердің білім мен біліктіліктің негізінде қалыптасып, ұрпақтан – ұрпаққа сабақтастықпен жалғасуға тиіс. Біз біршама уақыт ұрпақтар байланысы үзілсе, ұлт мәдениеті мен адамның ұлттық ерекшелігі де өзінің мәнін жояды. Сабақтастықты адамдардың өздеріне бұрынғылырдың ісін, одан әрі ілгері астыруға, олардың жетістіктерін дамытып жетілдіре түсуге бұл жетістіктерді жаңа, неғұрлым жоғары сатыға көтеруге мүмкіндік береді «Өмір салты» деген сөздің мағынасына келетін болсақ, ол жеке адамдардың өмір тіршілігінен бастап, бүкіл бір қоғамның өмір сүру тәсілін зерттеп, анықтайтын әлеуметтік ұғым.

Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.

Зерттеудің мақсаты- Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, ішімдік ішуге қарсы түсініктерді қалыптастыру. Денсаулықты сақтау және нығайту негізінде қоғамда ұзақ және бақытты өмір кешетін дені сау жастарды тәрбиелеу. Қазіргі уақытта алькоголь мәселесі әлемде де, Қазақстанда да шешілмеген мәселе болып отыр. Қазіргі кезде Қазақстанда маскүнемдікке шалыққан адмадардың саны бір миллионға жетіп отыр, осыған орай бұл жеке бастың мәселесінен мемлекет мәселесіне айналып отыр.

Зерттеу нысаны: Жасөспірімдердің алкаголді ішімдікті пайдалануы.

Зерттеу пәні: Валеология, экология және т.б.

Менің дипломдық жұмысымның мақсаты мен таңдап алған тақырыптағы ақпараттың маңыздылығын жеткізу үшін толығымен ашу, өйткені қажетті білім ғана туындаған мәселені дер кезінде анықтап оны шешуге көмектеседі. Бұл ішімдік туралы терең зерттеп, санын бір қалыпта ұстап тұруға арналған бағдарламалар әзірлеу қажет.

Бұл тақырыпты ашу барысында мен көптеген ғылыми әдебиеттерді пайдаландым, бұл әдебиеттер маған керекті ақпаратты қолжетімді жеткізуге көмектесті.

Зерттеудің міндеттері:

-Жасөспірімдер арасында ішімдік ішудің таралыуына әсер ететін негізгі факторларды анықтау.

-Оқушылардың денсаулығын нығайту, мектеп пен жанұя арасындағы байланысты қалыптастыру.

-Ішімдік ішудің зиян жақтарын оқушыларға айта отырып, шығармашылығын арттыру.

-Салауатты өмір салты туралы тәрбиелік сағаттар өткізіп және сауалнама жүргізу.

Зерттеу әдістері:

- Психологиялық – педагогикалық, ғылыми теориялық әдебиеттерге шолу жасау;

- әдістемелік әдебиеттерді жиыстыру, талдау, сұрыптау;

- мектеп тәжірибелеріне талдау жасау, анализдеу;

Болашақ жастардың рухани теріс жолға түсуінің басты себебінің бірі адамзат қоғамы ежелден дәріптеп келген ізгілік – рухани мәдениеттің бастауы болған халықтық педагогика қағидаларының жанұя мен мектеп өмірінен жүйелі түрде жалғасын таппауынан, қоғамдық сұранысқа ие болмауынан деуге болады.Тәрбиесі жетілген ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мектеп қабырғасынан басталады. Салауатты өмір сүру тәрбиесі жүйесін оқыту мазмұнын дұрыс жолға қою, халық тәрбиесімен ұштастырудан тұрады. Халықтық тәрбие, ол ұлтпен бірге дамитын тарихтың көне беті болып есептеледі.

Алынған нәтижелер:

- Елімізде маскүнемдікке шалдыққан адамдар мен жасөспірімдердің саны қанша екенң анықталды.

- Ішімдіктің адам ағзасына зияны туралы мәліметтер жинақталды.

- Мектеп оқушыларына ішімдіктің зияны туралы сауалнама қойылып нәтижелері алынды.

Зерттеу базасы: Алматы қаласы №72 жалпы білім беретін орта мектебі.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері.

Оқушыларды салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, зиянды әдеттерден сақтай отырып, өмір сүру үшін қажеттілігін бағалы байлық екенін түсіндіру, денсаулық туралы түсінік беру. Ішімдікдің зиянды жақтарын аша отырып, одан жиіркенуге, арақ у екенін айту, ұжым болып істеуге тәрбиелеу алған білімін іс жүзінде қолдана білуге үйрету.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздлығы: Тарихи дамуға көз жіберсек, адам тәрбиесінде, жеке тұлғаны қалыптастыруды халықтық педагогика мұрасы шешуші орын алғаны белгілі. Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихының барысында халық ауыз әдебиетінің шығармашылығының негізінде жан- жақты дамыған адамгершілікті салауатты тұлға тәрбиелеуге ерте кезден ақ мән берген. Бұрынғы ата бабаларымыз маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшілік тастанды бала дегендердің заты түгілі, атын да естіп көрмесе, бүгінде мұндай сұмдықтардың өршіп бара жатқандығы мазалайды. Мұндай сорақылардың алдын алу, болдырмау проблемаларын шешуге ат салысу, қазіргі кезеңде әсіресе педагогтар мен психологтардың, тәрбиешілердің алдында тұрған маңызды мәселесі болып отыр.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және тұрады.

Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, нысаны және пәні, зерттеудің әдістері мен алынған нәтижелер негізделеді.

«Жасөспірімдер арасындағы ішімдік ішудің себептері және алдын алу» атты I тарауда зерттеліп отырған тақырып бойынша ғалымдардың еңбектері талданды. Алкогольді ішімдікті пайдалану жекелеген тарихи кезеңдерде әр түрлі формада болған: діни рәсімдер, емдік әдіс, адамдық «мәдениеттің» түрі ретінде сипатталды. Лисицын Ю.П., Алкоголизм Медициналық-әлеуметтік аспектілері кітабының маңыздылығы анықталды.

«Мектеп оқушыларына ішімдіктің зиянын оқыту әдістемесі» атты II тарауда ішімдік тек бір адамның өзіне ғана емес, оның отбасы мүшелеріне, жалпы қоғамға кесірін тигізеді. Қорытындылай келе айтпағымыз, сендіру және қорқытуға қарағанда салауатты өмір салтын қалыптастыру ішімдіктен сақтанудың ең тиімді жолы. Мектеп оқушыларына сауалнама жүргізіліп, тәжірибе жұмысының нәтижелері келтірілді.

Қорытынды алынған нәтижелерге шолудан тұрады, теориялық және практикалық зерттеулерге негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар берiлдi.

І. Жасөспірімдер арасындағы ішімдік ішудің себептері және алдын алу

1.1 Ішімдік ішу қоғамның әлеуметтік және медициналық мәселесі ретінде

Маскүнемдікті алдын алу - бұл ішімдікке теріс қатынастың қалыптасуының әдістерімен кешенді психологиялық тәсілдері. Сонымен қатар осындай өмір салтын қалыптастырудың тиімді әдістері бұл ішімдікке тартылудың туындауының азаюуына әкеледі.

Маскүнемдіктің алдын алудыың үш кезеңі бар:

Бастапқы алдын алу – бұл маскүнемдік белгілерінің адамда пайда болуына дейінгі алдын алу шараларының жиынтығы. Кіші және орта жас- бұл ішімдікке қарсы қою шараларының ең қолайлы кезеңі. Бұл жас ерекшелік шамасының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ішімдіктің беделді болуға еш қатысы жоқ екендігін түсіндіру қажет. Ересектерге арналған ішімдікке қарсы жұмыста ішімдіктің зиянды қасиеттерін және оны пайдаланған кездегі салдарын түсіндіру қажет.

Адамның сан ғасырлық тәжірибесі көрсеткендей, ішімдіктің алдын алу әдісі адамды қорқытып, үркіту емес. Конструктивті әдіс болып табылады. Бұл әдіс ішімдік құндылық болып табылмайтын тұлғаларға бағытталған. Екінші алдын алу ішімдік ішіп жүрген адамдарға арналған. Бұл алдын алудың құрамына ерте диагностикалау, тұлғаның психологиялық сәтсіздігінің ашылуы, кең көлемде психологиялық көмек көрсету (клиникалық әңгіме, әңгімелесу тобы, бұрынғы маскүнемдермен кездесу, анонимді наркологиялық, әлеуметтік –психологиялық көмек көрсету кабинеттері, ішімдік ішетін адамның отбасы мүшелерімен оның айналасындағы адамдармен жұмыс және т.б.) бұл маскүнемдіктің себептерімен тікелей байланысты [1].

Үшінші алдын алу науқастармен ішімдіктен айығып келе жатқан адамдарға білікті көмек көрсету. Бұл мақсатта «Анонимді маскүнемдер» қоғамы, салауаттылық клубтарының құрылуы, сауққандар үшін психологиялық кеңестердің ұйымдастырылуы кіреді.

Қазіргі қоғам маскүнемдікпен күреске бар күшін салуда, қоғамдық тәртіпті бұзушыларды абақтыға қамау мен тұтқындау туралы заңдар қабылдап, алкогольді ішімдіктерді шығаруға және оларды сатуға тыйым салуда. Әр түрлі діни ұйымдардың ішімдіктен тартыну туралы сан түрлі көзқарастары адамдарға алкогольді ішімдікті пайдалану мен ішкілікке салынудың айырмашылығын түсінуге кедергі жасайды. Қазіргі кезде ішімдікке тәуелділер көмек сұрап немесе ықтиярсыз, қандайда бір өмірлік дағдарыстан кейін емдеуге жіберіледі.

Маскүнемдіктің алдын алу мен емдеуді бастапқы кезде бастаса, басқа аурулар секілді, өте тиімді болады.

Бастысы- ішімдіктің адам өміріне кері әсер тигізетіндігі туралы хабардар болуы. Қазіргі уақытта бұл мәселеге көптеген баспасөз беттерінде жазылып, фильмдермен телевизиялық бағдарламалар түсірілуде. Жалпы білім беретін мекемелерде ішімдік ішпеу белсенді түрде насихатталып, балаларды спортпен шұғылдануға шақырады, ал салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін спорт залдар салынып, керекті спорттық құралдар сатып алынуда. Созылмалы аурулардың қатерінің төмендеуіне бағытталған салауатты өмір салтын қалыптастыру қозғалыстары қоғамның алкогольді ішімдіктерді тұтынуда неғұрлым сындарлы қарым-қатынастың қалыптасуына мүмкіндік береді [2].

Маскүнемдіктің себептері мен мәселенің ерекшелігі

Алкогльді ішімдікті пайдалану- бір жағынан әдет –ғұрып пен салт дәстүр, екінші жағынан қоғамдық пікір мен сән секілді әлеуметтік категорияларға байланысты жаппай құбылыс. Сонымен қатар алкогольді ішімдікті пайдалану адамның психологиялық ерекшеліктеріне, ішімдікке «дәрі» ретінде қарау, жылытатын сусын ретінде қарауымен байланысты. Алкогольді ішімдікті пайдалану жекелеген тарихи кезеңдерде әр түрлі формада болған: діни рәсімдер, емдік әдіс, адамдық «мәдениеттің» түрі ретінде (Лисицын Ю.П., Алкоголизм: Медициналық-әлеуметтік аспектілері).

Ішімдікке көбінесе көңіл күйін көтеру, психологиялық қауырттылықты төмендетуге, шаршау сезімін басу, моральдік тұрғыдан қанағаттандырылмағандығын, шынайы өмірдің бітпес мәселелерімен уайымынан алыстау үшін жүгінеді. Біреулерге алкогольді ішімдік психологиялық кедергілерді еңсеруге көмектесетін секілді болып көрінеді. Ал кейбіреулеріне, әсіресе кәмелетке толмағандар үшін ішімдік өзінөзі таныту құралы, «ержүректік» пен «есейгендігінің» көрсеткіші болып көрінеді.

Жүздеген жылдар бойы осы ішімдіктің жойқын әсерінен айығу амалдарымен одан адамдарды араша ұстау жолдары іздестірілуде. Ішкілікпен маскүнемдіктің көптеген зиянды зардаптарын жою әдістері, бірінші кезекте – маскүнемдікке шалдыққан адамдарды қалыпты өмірге әкелу әдістері қарастырылуда. Маскүнемдікпен күрес жолындағы көп ғасырлар бойғы күрес бұл мақсатта көптеген әдістерді пайдаланудың мысалдарын қалдырып кетті. Ішкілікке салынған адамдарды абақтыға қамау, оларды физикалық түрде жазалау, өлімге тарту, спиртті ішімдіктерді шығару мен сатуға тыйым салу секілді әдістер қоладанылған. Осыған қарамастан алкогольді пайдалану жаңа топтармен халық арасына таралуы тоқтамады.

Қазіргі уақытта алькоголь мәселесі әлемде де, Қазақстанда да шешілмеген мәселе болып отыр. Қазіргі кезде Қазақстанда маскүнемдікке шалыққан адмадардың саны бір миллионға жетіп отыр, осыған орай бұл жеке бастың мәселесінен мемлекет мәселесіне айналып отыр. Маскүнемдік мәселесі қазақстандық халықтар үшін ауқымды медициналық – әлеумттік қауіпке айналып отыр [3].

Маскүнемдік- ауыр созылмалы ауру, көп жағдайда жазылуы қиын. Ол ішімдікті үнемі және көп мөлшерде пайдаланған кезде дамып, ағзаның ерекше потологиялық жай-күйімен сипатталады: спиртті ішімдікке тоқтаусыз тартылу, оған көндігу қабілеттігінің деңгейінің өзгерумен тұлғаның тозуы. Маскүнем үшін ішімдікке масаю ең күшті психологиялық күй болып көрінеді (1 суретте көрсетілген).

Сурет 1. Ішімдіктің кесірі

Бұл тарту ішуді тоқтату үшін ақылға қонымды дәлелдерге көнбейді. Маскүнем өзінің барлық энергиясын, қаражатын ішімдік табуға жұмсайды. Бір рет ішкеннен кейін ол толығымен мас болуға ұмтылады. Маскүнемдер негізінен жүрек жалғамай ішеді, өйткені оларда құсу рефлексі жойылып кетеді, сондықтан ішілген ішімдік ағзада қалып қояды.

Осыған орай ішімдікке төзімділіктің жоғары екндігі туралы айтылады. Негізінен бұл потологиялық күй болып табылады, бұл кезде ағза алкогольмен уланумен құсу арқылы күресу мен басқа да қорғаныс механизмдерін жоғалтып алған [4].

Зерттеуші Мартыненко «Тұлға мен маскүнемдік» атты еңбегінде маскүнемдіктің түсінікті анықтамасын көрсетеді.

Европа мен Америка мемлекеттерінде маскүнемдік токсикоманияның кең тараған түрі болып табылады. Францияда адам басына шаққанда 18,6 литр алкогольді ішімдік пайдаланады, созылмалы маскүнемдіктен зардап шеккендер елдің жалпы тұрғындарының санының 4%, және ерлердің 13% құрайды «20 жастан 55 жас аралығында). Канадада бұл сан тұрғындардың жалпы санының 1,6% құрайды. Ресейде 2005 жылғы көрсеткіш бойынша алкогольдің таралуы 1,7% құрады (100 мың тұрғынға 1650,1 жағдай) [5].

Маскүнемдік нашақорлықтың бір түрі болып табылады. Оның негізінде ішімдіктен психикалық және физикалық тұрғыда тәуелділік жатыр.

Маскүнемдік ішкі жіне сыртқы факторлардың әсерінен дамуы мүмкін.

Сыртқы факторларға адамның тұрғылықты жерімен тәрбие ерекшеліктері, елді мекеннің салт-дәстүрі, күй жатады, күйзелісті жағдайлар жатады. Ішкі факторлар маскүнемдіктің дамуына генетикалық жағынан бейімділік жатады. Қазіргі уақытта мұндай бейімділіктің барлығында еш күмән жоқ. Маскүнемдікке шалдыққан адамның отбасында бұл патологияның даму қаупі, отбасында маскүнемдікпен ауыратын адам жоқ отбасыларына қарағанда 7 есе жоғары. Осыған орай маскүнемдіктің екі түрге бөледі:

Маскүнемдіктің I түрі ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен дамиды (генетикалық факторлар). Бұл аурудың түрі ерте баталуымен сипатталады (жас және жасөспірім жаста), ол тек ер адамдарда ғана дамып өте ауыр өтеді.

Маскүнемдіктің II түрі адамның тек генетикалық бейімділігі болған кезде дамиды, маскүнемдіктің 1 түріне қарағанда бұл кейінірек басталып агрессивті мінез –құлықпен криминалды әдетпен жалғаспайды.

Этил спирті адам ағзасына түскеннен кейін жеңілділік пен қанағаттану сезімдердің қалыптасуына жауапты пептидті гармондардың тобы - эндогендік опиоидтық заттардың түзілуіне жағдай жасайды. Голландық Маастрихт университетінің ғалымдары маскүнемдікке бейімділікті тулыратын генетикалық мутацияны анықтады. Мутация бета-эндарфинге (адамның қанағаттану сезімімен байланыстыратын мінез –құлықтық әрекетті қадағалайтын опиоидты гормон) әсер ететін жасушаның мю-опиоидтық құрылымын кодтайтын генге әсер етеді. Бұл мезет алкогольден психологиялық тәуелділіктің қалыптасуында негізгі болып табылады. Көбінесе алкогольді ішімдіктерді іші келесі мақсаттарды алға тартады:нағыз мәселелерден қашу мен уайымнан арылу, адамдармен қарым –қатынас жасаудың жеңілдеуі, өз- өзіне сенімділікке ие болу [6].

Уақыт өте келе этил спирті адам ағзасының зат алмасу процессіне нығайып алады, бұл физикалық тәуелділікті айқындайды. Оның негізгі көрінісі абстиненттік синдром (бас жазу синдромы) болып табылады.

Маскүнемдіктің классификациясы.

Тұтынылатын ішімдіктің санына сәйкес және созылмалы маскүнемдіктің белгілеріне сай құрылған маскүнемдіктің ең қарапайым қолжетімді классификациясы келесі топтарды құрайды: спиртті ішімдіктерді пайдаланбайтындар, спиртті ішімдікті орынды пайдаланатындар және ішімдікті көп пайдаланатындар [7].

Бұл классификация маскүнемдіктің кейбір даму аспектілерін паталогия ретінде қарастырады. Ішімдікті пайдалану уақыт өте келе орынды пайдаланумен асыра пайдалануға дейін өзгереді, бұл созылмалы маскүнемдіктің- патологиялық жағдайдың пайда болу себебіне айналады.

Созылмалы маскүнемдікке психикалық және соматикалық бұзылулардың себептері тән. Бұл күйдің ең жарқын көріністері алкогольге деген сезімталдылық, спиртті ішімдікті көп мөлшерде пайдаланған кезде организмнің қорғаушы әсерінің болмауы (мысалы, құсу), мас күйде болуға ұмтылу болып табылады [8].

Алкогольді пайдаланудың өсуін ынталандыру алғышарттары.

Жер бетінде өмір сүрген мыңжылдықта адамдарда құрамында алкогольі бар өнімдерді пайдалану дәстүрі қалыптасқан. Оны әр түрлі мақсаттарды пайдаланады, тек бір мақсаттан басқа- маскүнем боламын деген мақсаттан басқа.

Барлық ішіп жүргендердің бір ортақ ерекшелік бар: саналы түрде мас еместігін мойындамау, өмір сүру қалыпты жағдайы. Алкогольмен әуес адам дәрігерге өз тарихын айтқан кезде, егер ол барлығының осылай болантындығын білген кезде, егер оны дер кезінде тоқтатқан кезде мұндай жағдайдың болмайтындығын айтады. Қазіргі уақытта алкогольді пайдаланудың зиянды екендігін білмейтін адам жоқ шығар(2 суретте көрсетілген).

Шарап ішудің нәтижесі көрсеткендей, спирттік ішімдікті ішетіндердің барлығы маскүнем бола бермейді. Бірақ алкогольді ішімдік пайдаланған кез келген адам өз денсаулығының бір бөлігімен, өз балаларының денсаулығымен, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуімен, көбінесе – отбасынан айырылу, махаббатынан айырылу мен айналағылардың құрметінен айрылады.

Алкогольді пайдаланудың қайғылы салдары бұрын белгілі болмады деп айтуға болмайды. Адамдар құрамында спиртті заттары бар сұйықтықтарды дайындап, оларды көңіл –күйіді көтеру үшін пайдаланғанда, олардан туындаған «сауық-сайран» және басқада эмоциялардың зардаптары аурулармен қайғылы жағдайларға әкеліп соғатындығына көздері жеткен. Эмоциялардың психологиялық табиғаты сол, оны қайталай бергің келеді[9].