- •2.1. Бір оқиғаның ақпараты
- •2.1 Сурет. Қарапайым х алфавитінің ақпарат дереккөзі.
- •2.2 Сурет. I(p) символының ақпараты р пайда болу ықтималдығымен.
- •3.1. Дереккөздерді кодтау теоремасы I
- •3.1 Сурет. Кодты дарақ.
- •3.1.1 Теорема. Дереккөздерді кодтау теоремасы I.
- •4.1. Өзара және шартты ақпарат
- •4.1 Сурет. Екі байланысты дереккөздің моделі.
- •4.2. Бірлескен және шартты энтропия
- •4.2 Сурет. Екі байланысқан дискретті дереккөз.
- •4.3. Қорытындылар
- •4.3 Кесте. Символды жадсыз х және y дискретті дереккөздері.
- •5.1. Энтропия
- •5.1 Сурет. Үздіксіз сигнал.
- •5.2. Дереккөздерді кодтау теоремасы 2
- •5.3. Марковтың шекті тізбектері
- •5.3.2. Шекті дискретті марковтық r жадты дереккөздер
- •5.6 Сурет. Марковтың тізбегі кейіпіндегі дереккөз (бірінші қадам).
- •5.4. Стационарлы марковтық дереккөздің энтропиясы
- •5.5. Стационарлы марковтық дереккөздерді кодтау
- •5.6. Қорытындылар
- •5.3 Кесте. Марковтық тізбектер.
- •5.4 Кесте. Марковтық тізбектер. (жалғасы)
- •5.5 Кесте. Стационарлы Марковтық дереккөздер.
- •6.1 Сурет. Неміс әдеби тілінің блок ұзындығының функциясы
- •6.2. Арифметикалық кодтау
- •6.1 Кесте. Әріптер және олардың шамаланған жиіліктері.
- •6.2 Сурет. Арифметикалық кодтау.
- •6.2 Кесте. Арифметикалық кодтаудың алгоритмі.
- •6.3. Лемпель - Зив кодтауы.
- •Каналдар және ақпарат
- •7.2. Екілік симметриялы канал
- •7.2 Сурет. Екілік симметрилы канал арқылы мағлұмат тасымалдау диаграммасы.
- •7.3 Сурет. Шартты I(y1 / x1) және өзара I(y1 ; x1) мағлұматтары
- •7.3. Ақпарат тасымалдау
- •7.4 Сурет. Каналмен байланысқан екі жадсыз дискретті дереккөз.
- •7.5 Сурет. Ақпараттық тасқын диаграммасы
- •7.4. Қорытынды
- •7.5. Каналдың өткізгіштік қабілеті
- •7.5.2. Ақаулы екілік симметриялы каналдың
- •7.12 Сурет. Ақаулы екілік симметриялы канал.
- •7.13 Сурет. Ɛ қате ықтималдықты екілік симметриялы каналдың сеск
- •7.6. Жадсыз дискретті каналдар үшін кодтау
- •8.1 Сурет. Үздіксіз дереккөздің сигналы.
- •8.1. Дифференциалды энтропия
- •8.2 Сурет. Канал арқылы байланысқан екі жадсыз
- •8.3 Сурет. Δ кванттау интервалды үздіксіз дереккөзді бақылау сәтінде цифрлеу
- •8.2. Каналдың өткізгіштік қабілеті және Шеннон шегі
- •8.4 Сурет. Тілкемде шектелген аагш-лы каналдың үлгісі.
- •8.5 Сурет. Сигнал/шу қатынас функциясы ретіндегі өткізгіштік
- •8.7 Сурет. Шектелген тілкемдегі ақ гаусстық шудың спектрі.
- •8.8 Сурет. Ақпарат тасымалдау уақытындағы өткізшіш тілкем
АҚПАРАТ,
ЭНТРОПИЯ ЖӘНЕ
ШЫҒЫН
2.1. Бір оқиғаның ақпараты
Ақпарат алмасу, өзінің материалды емес табиғатына қарамастан, біздің өміріміздің ажыралмас бөлігі болып табылады. Заманауи ақпараттар теориясының негізін қалаушылардың бірі, Норберт Виннер, ақпаратты келесі түрде сипаттады [9]:
“Ақпарат ол материя да емес, энергия да емес, ақпарат ол ақпарат”.
Н. Виннердің пікірінше, ақпарат ол материя және энергия секілді жаңа бір элемент. Ақпарат түсінігі ғылыми түрде қаншалықты күрделі болса, адамзат үшін ақпарат соншалықты маңызды. Біз қандай-да бір дербес оқиғаны мысалға ала отырып: “Бұл мағлұматтың мен үшін маңызы зор” - деп айтамыз. Мұндай субъективті көзқарас ақпараттың техникалық сипаттамасына тура келмейді.
Қатаң ғылыми түсінік болғандықтан, ақпарат техникаға өлшенетін шама ретінде енгізілуі қажет(ұзындықтағы метрге, кернеудегі вольтқа ұқсас).
Біздің күнделікті тәжірибеміз ақпаратты қабылдаған уақытта біз әрдайым қандай-да бір белгісіздікті айқындайтынымызды көрсетеді. Бұл кездейсоқ оқиғалармен тәжірибені еске түсіреді. Мұндай тәжірибелерді өткізіп біз кездейсоқ оқиғаларды бақылаймыз және бұл жүйенің беймағлұмдығын төмендетеді.
Енді ақпараттық теорияның өзіндік мазмұнына өтеміз. Әуелі, қарапайым дереккөздің сипаттамасын берейік, онан соң оның жәрдемімен дереккөзді суреттеу үшін өлшенетін шама ретінде ақпарат саны түсінігін енгіземіз.
Жадсыз дискретті дереккөз
Жәй Х жадсыз дискретті дереккөзі уақыттың әр назар салынған сәтінде
P(xi) = pi ықтималдықпен P(xi) = {х1, х2, ... , хN} ақырғы алфавитінен хі символын береді. Символ талғау бір бірінен тәуелсіз мәртебеде өтеді.
Қарапайым мысал ретінде Х = {x1 = 0, x2 = 1} алфавитті және 0 ≤ р1 ≤ 1 һәм р2 = 1 – p1 ықтималдықты екілік жадсыз дереккөзді келтіруге болады. Келесі сан талғауы бастапқы немесе соңғы таңдаулардан тәуелсіз түрде өтеді. Қарапайым дереккөздің бейнесі 2.1 суретте көрсетілген. Әуелі біріңғай оқиғаларды қарастырайық. Күнделікті тәжірибеміздің нәтижесі жиі орын алатын оқиғалар және олардың ықтималдықтары бізге аз мағлұмат беретінін көрсетеді. Мысал үшін “Ит иесін тістеп алды” деген хабарламаны алайық. Бұл үйреншікті жағдайды барлық газеттер үлкен шрифтпен жазса да оған ешкім назар аудармас еді. Бұдан келесі қорытынды шығаруға болады: жиі болатын оқиғалар өзімен аз мағлұмат алып жүреді және керісінше сирек яғни күтілмеген оқиғаларда көп мағлұмат болады. Демек ақпарат және ықтималдық бір-біріне теріс пропорционалды түрде тәуелді. Мұнан шыға, келесі үш аксиома негізінде өлшенетін шама ретінде ақпарат саны деген түсінік енгіземіз [1].
2.1 Сурет. Қарапайым х алфавитінің ақпарат дереккөзі.
Ақпарат санын анықтауға арналған аксиомалар [1]
1. Жалғыз x1 Є X оқиғасының рі ықтималдығымен болған ақпараты оң мәнге ие
2. Екі тәуелсіз (xi , xj) оқиғаларының бірлескен ақпараты бірлескен P(xi, хj) = рij = рi ∙ рj ықтималдығымен олардық ақпараттарының қосындысына тең
3. Ақпарат оқиға ықтималдығынан үзілмес функция болып табылады.
1 және 2 аксиомалардың тұжырымдамасы бірнеше оқиғаның ақпараты өзара жойыла алмайтындығын көрсетеді. 2 аксиома оқиғаның бірлескен ақпараты түсінігін енгізеді. 3 аксиоманың бойынша оқиға ықтималдығындағы өзгеріс оның мағлұматының да өзгеруіне әкеліп соғады. 2 аксиома екі тәуелсіз оқиғаның ақпаратын анықтайды. Оқиға ақпараты оның ықтималдығының логарифмдік функциясы ретінде анықталатынын (2.2) білеміз. Демек, ақпаратты келесі жолмен анықтай аламыз:
Р ықтималдықпен болып жатқан оқиғаның ақпараты, тең болады
Бұл формулада екілік логарифм қолданылған. Екілік логарифм келесі сипаттарда да берілуі ықтимал: log2(x) = ld (x) = lb(x) , ld дегені дуальды лоагрифм термині, lb – бинарлы. Кейде нат бірлік шамалы натуралды логарифмді қолданады, бірақ ақпараттың кез-келген өлшем бірлігін де қолдануға болады. Сонымен қатар есептеу формуласын қолданып бір бірліктен екіншісіне өтуге де мүмкіндік бар:
.
Бит өлшемі ақпараттық техникада екілік есептеу системасында қолданылады. Келесі тарауларда суреттелетіндей, кез-келген сұраққа екі ғана жауабы бар шешім қабылдау процессін сипаттауда екілік система өте қолайлы: “иә” және “жоқ”. “Бит” түсінігінің көрнекі интерпретациясы [10]-да көрсетілген.
