2.2 Кінәсіздік презумпциясы принципінің ерекшелігі
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы тұңғыш рет сот төрелігінің негізгі принциптерін құрады. Сот төрелігі принциптері біртұтас сот жүйесін ұйымдастыру мен жүргізуге тікелей ықпал ететін құқықтық нормалардан тұрады. Бұл ретте сот төрелігі принциптерінің соттар туралы заңдарының қалыптасуында, адам және азаматтардың қүқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын айта кету керек. Сол принциптерінің ішіндегі қарастыратынымыз : "адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп танылады".
Кінәсіздік презумпциясының негізгі ерекшеліктері - оның кылмыстық сот ісін жүргізу принциптері жүйесіндегі орны мен маңызын айқындайды. Кінәсіздік презумпциясын өзге ережелер қатарынан бөліп көрсететін ерекшеліктер мыналар:
адамды мемлекет атынан айпты деп тану - соттың ерекше қүқығы;
адамды алдын ала тергеу барысында айыпталушы ретінде тарту оның кінәлі немесе кінәсіз екені туралы соттың шешім қабылдауына бөгет болмайды;
3. айыпталушының кінәләмен ұқсас еместігі;
адамды кінәлі деп тек соттың заңға сәйкес шығарған үкімі бойынша ғана тануға болады;
5. айыптау үкімін қылмыс жасалуына сотталушының кінәлі екені сотта қарау барысында дәлелденген жағдайда ғана шығаруға болады;
Кінәсіздік презумпциясының маңызы мынада:
а) оны дүрыс түсіну мен дүрыс қолдану, қате пікірге, сыңаржақтылыққа, айыптау бейіміне жол бермеу;
ә) материалдық және іс жүргізу қүқығы нормаларының қалай болса солай қолданылуына жол бермеуі;
б) қылмыстық жазаның тек кінәлі адамға қолданылуына себептеседі .
Жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын заңдардың кері күші болмайды. Егер қүкык бүзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады. Бүл да адамдарға берілетін кепілдіктерді толықтыра түседі.
Осыдан әркімнің қүқық субъектісі ретінде танылу қүқығы және өзінің қүқығы мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін тәсілмен қорғау ға қақылығы туындайды. Қорғалу тәсілдерін азаматтар өз еркімен таңдай алады, мысалы, сотқа жүгіну, жоғарғы сатыларға арыздану, шағымдану, тағы басқа.
Кінәсіздік презумпциясы принципі дегеніміз, өзіне қатысты іс қозғалған адам (әкімшілік құқық туралы), оның кінәсі заңда белгіленген тәртіпте дәлелденбейінше және істі қараған уәкілетті органның (лауазымды адамнын) күшіне кірген қаулысына анықталмайынша кінәсіз деп саналады.
Жауапқа тартылған адам өзінің кінәсіз екенін дәлелдеуге міндетті емес. Бұл тезисті растау үшін Әкімшілік Құқық туралы Кодекстің 273-бабына жүгінейік, онда қүқық бүзушылық жасаған адамның кінәсін анықтау міндеті уәкілетті органға (лауазымды адамға) жүктелген.
Мысалы, қоғамдық бірлестіктің қызметі ол Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бүзған жағдайда немесе өзінің жарғысьшда белгіленген мақсаттар мен міндеттерден тыс әрекетті неше қайтара жасаған жағдайда прокуратура, ішкі істер органдарының үсынысы немесе азаматтық шағымдары негізінде сот шешімімен үш айдан алты айға дейінгі мерзімге тоқтатылуы мүмкін. Біздің алдымызда өз кінәсін дәлелдеуге міндетті емес екендігін көрсететін жағдай тұр. Мұны конституциялық баптар да дәлелдейді: заңды күшіне енген сот үкімі бойынша кінәлі екендігі танылмайынша адам кінәсіз деп саналады1.
Кінәсіздік презумпциясы - зандылық қағидат. Бұл қағида бойынша сот арқылы кінәсі белгіленіп дәлелдейінбейінше, адам қылмыскер деп саналмайды. Сондықтан да, судья заңды қолданған кезде төмендегі қағидаларды басшылыққа алуы тиіс:
1. Әр адам оның қылмыс жасағандығы үшін кінәлілігі Қылмыстытық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен дәлелденбегенге дейін кінәсіз деп саналады;
Ешкім де өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге тиіс емес;
Айыпталушының кінәлілігіне сейілмеген күдік оның пайдасына түсіндіріледі. Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу заңын қолданған кезінде пайда болған күмәндер де айыпталушьшың пайдасына шешілуі тиіс.
Айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды және ол ақиқат дәлелдердің жеткілікті жиынтығымен расталуы тиіс.
Осындай түжырымдардың мазмүны Конституцияның басқа да баптарында айқындала түседі2.
Қазақстан Республикасының жоғарғы сотының "Қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы" 1999 жылы 9 шілдеде қабылданған Қаулысы жеке басқа тікелей қол сұғушылыққа байланысты органдардың заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу жөніндегі азаматтардың құқығын анықтады. Оларға мыналар жатқызылды:
бұлтартпау шараларын немесе заңда көзделген өзге де іс жүргізу мәжбүрлеу шараларын қолдану;
қылмыс жасады деген сезік бойынша немесе қылмыс жасауға әрекет етті деген сезік бойынша немесе қылмыс жасауға әрекет етті деген сезік бойынша ұсталған адамды немесе бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу белгіленген адамды оның өмірі мен денсаулығына қаіпті жағдайларда ұстау;
бұл жөнінде соттың шешімі болмаған жағдайларда сот -психиатриялық
немесе сот - медициналық сараптама жүргізу үшін күзетке алынбаған адамды медицина мекемесіне мәжбүрлеп орналастыру;
зорлық - зомбылық көрсету;
қатыгез немесе адамдардың ар-намысын кемсітетін қарым-қатынас жасау;
іс жүргізу әрекеттерін оларға қатысатын адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларда жүргізу;
- қылмыстық процеске қатысатын адамдардың ар-намысын кемітетін немесе қадір-қасиетін қорлайтын шешім қабылдау немесе іс-әрекеттер жасау;
- адамдардың жеке өмірі туралы, сондай-ақ кұпия сақтағысы келген жеке сипаттағы өзге де мәліметтерді Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінде көзделмеген мақсаттарда пайдалану және тарату.
Кінәсіздік презумпциясы принципі дегеніміз өзіне қатысты іс қозғалған адам (әкімшілік құқық бұзушылық туралы), оның кінәсі заңда белгіленген тәртіпте дәлелденбейінше және істі қараған уәкілетті органның (лауазымды адамның күшіне кірген қаулысымен анықталмайынша кінәсіз деп саналады.
Жауапқа тартылған адам өзінің кінәсіз екендігін дәлелдеуге міндетті емес. Бұл тезисті растау үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 273-бабына жүгінейік, онда құқық бұзушылық жасаған адамның кінәсін анықтау міндеті уәкілетті органға (лауазымды адамға) жүктелген.
Мысалы, қоғамдық бірлестіктің қызметі ол Қазақстан Республикасының Конституциясын және өзінің жарғысында белгіленген мақсаттар мен міндеттерінен тыс әрекетті неше қайтара жасаған жағдайда прокуратура, ішкі істер органдарының ұсынысы немесе азаматтық шағымдар негізінде сот шешімімен 3 айдан, 6 айға дейінгі мерзімге тоқтатылуы мүмкін. Біздің алдымызда өз кінәсін дәлелдеуге міндетті емес екендігін көрсететін жағдай тұр. Мұны жоғарыда айтып өткен Конституциялық баптар да дәлелдейді.
1 Төлеубекова А. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы, Алматы, Жеті- жарғы. 1999ж.
2 Мемлекет және құқық негіздері" Алматы, 2001 ж.
