- •1.Белдеулік уақыт дегеніміз не?
- •2.Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама бер
- •2.Жер асты сулары қандай топтарға бөлінеді?
- •3.Ареал дегеніміз не?
- •1.Қазақстанның қандай биік тауларын білесің?
- •2.Арал теңізінің зерттелу тарихы жөнінде не білесің?
- •3.Биоценоз дегеніміз не?
- •2.Қазақстанда қандай топырақ типтері бар?
- •3.Геодезия дегеніміз не?
- •1.Аласа тауларға жататын тауларды ата,картадан көрсет
- •2.Көлдер қазан шұңқырларының пайда болуына қарай қандай типтерге бөлінеді?
- •3.Геосинклиналь дегеніміз не?
- •1.Сарыарқа тауына сипаттама бер
- •2.Топырақ эрозиясы деген не?
- •3.Геофизика дегеніміз не?
- •3.Тектоника дегеніміз не?
- •1.Өзен суының шығыны және ағыны дегеніміз не?
- •2.Каспий теңізінің зерттелу тарихын әңгімелеп бер
- •3.Айзберг деген не?
- •1.Қ.Сәтбаев қандай кен орындарды ашты ? (картадан көрсет)
- •2.Тұран жазығы қандай пайдалы қазбаларға бай?
- •3.Гербицид деген не?
Экзамен
Билет №1
1.Белдеулік уақыт дегеніміз не?
Белдеулік Уақыт — бүкіл Жер бетін меридиан бойынша 24 сағаттық белдеуге бөлуге негізделген уақытты есептеу жүйесі; сағаттық белдеу ішіндегі ортаншы меридианның жергілікті зайырлық уақыты. Белдеулер Гринвич меридианынан бастап шығысқа қарай әрбір 150 бойлық бойынша саналады. Ал Гринвич арқылы өтетін нөлдік меридианды нөлінші белдеудің орта меридианы деп есептеуге келісілген. Әр меридиандағы орынның өзінің жергілікті уақыты бар. Мысалы, Алматы, Тараз, Шымкент қалалары әр меридианда орналасқан, олардың жергілікті уақыттарында бірер минуттық айырма бар. Бірақ олардың бәрінде де бірдей белдеулік уақыт (5-белдеулік) қолданылады. Ыңғайлы болу үшін сағаттық белдеулердің шекаралары дәл меридианның бойымен емес, мемлекеттік не әкімшілік шекараларымен, өзен, суайрық бойымен, т.б. жерлермен жүргізіледі. Белдеулік уақыт тұңғыш рет АҚШ-та 1883 ж., ал КСРО-да (оның ішінде Қазақстанда) 1919 ж. 1 шілдеде енгізілген. Қазақстан аумағын 2 сағаттық белдеу (4-және 5-ші) алып жатыр. Табиғи жарықты тиімді пайдалану және электр энергиясын үнемдеу мақсатымен 1930 ж. 16 маусымда КСРО Халкомдары кеңесінің қаулысы бойынша Кеңес Одағының барлық жеріндегі сағат тілі 1 сағ ілгері қойылған (қ. Декреттік уақыт). Осыған сәйкес 5-сағаттық белдеудегі Астана, Алматы сияқты қалалардың бәрі көршілес 6-сағаттық белдеудің уақытын пайдаланады.
2.Алаптар бойынша ірі өзендерге сипаттама бер
Ертіс
Ертіс - Солтүстік Мұзды мұхит алабының басты өзені. Оның ұзындығы 4248 км, тек 1700 км-ге жуық бөлігі ғана Қазақстан жері арқылы ағып өтеді. Ол Қытайдан Бала Ертіс деп басталып, Қазақстанда Қара Ертіс деп аталып, Жайсан көліне келіп құяды. Көлден ағып шыққанда өзен Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады да, Ресей аумағындағы Обь өзеніне барып құяды. Ертіс алғашқыда белесті-төбелі жазықпен ағып, Алтайдың Нарын, Қалба жоталары, т.б. тау сілемдерінің аралығындағы тар шатқалдармен Өскемен қаласына дейін ағады. Оған Семей мен Өскемен қаласының аралығында көптеген салалар келіп құяды. Бұлардың ішіндегі суы мол әрі ең ірісі - Бұқтырма өзені. Ертіс өзенінің бойында Бұқтырма сағасынан төменіректе Бұқтырма СЭС-і салынған. Ертіс шатқалында орасан зор бөгет (биіктігі 96 м) салудың нәтижесінде, ағыс бойымен жоғары қарай ұзындығы 600 км-ге созылған су бөгені бар. Бұқтырма бөгенін көлеміне қарай Үлкен Ертіс теңізі деп атауға болады. Бұқтырма бөгенінен төменде, тау аралығындағы тар шатқалда Ертіс өзенінде екінші бөген - Кіші Ертіс жасалған. Ертістің бұл жердегі суын көтеріп тұрған Өскемен СЭС-інің бөгеті. Өскемен мен Семей қалаларының аралығында Шүлбі бөгені орналасқан. Оны Шүлбі СЭС-інің бөгеті бөгеп тұр. Өскеменнен төмен қарай Ертіс кең аңғармен ағады, оның оң жағында - Кенді Алтай, сол жағында - Сарыарқа жатыр. Аңғардың жағалауы едәуір биік әрі тік құламалы, кей жерлері жартасты. Ертіс Семей қаласы тұсында нағыз жазықтағы өзенге айналады. Бұл жерде өзен арнасы ирелеңдеп келеді де, кей жерде тарамдалып кетеді. Өскемен мен Семей қалалары арасында Ертіске бірнеше сала келіп құяды. Олардың ішіндегі ең ірілері - оң жақтан қосылатын Үлбі мен Үбі өзендері және сол жақтан қосылатын Шар мен Қызылсу өзендері.
Ертіс аралас қоректенетін өзендер қатарына жатады. Салаларының біразы Алтайдың бит тауларынан басталады да, мәңгілік қар мен мұздықтардың еріген суымен толығады. Басқа салалары жер асты суы, жауыншашынмен қоректенеді. Ертіс өзенінің деңгейі бүкіл жыл бойы едәуір жоғары болып тұрады. Оның суы сәуір - мамыр айларында және маусымда молаяды. Өскемен мен Семей арасындағы Шүлбі кенті аймағында өзеннің орташа айлық шығыны мамыр айында 2541 м³/сек-қа, ал көп жылдық орташа шығыны кезінде Семей тұсында 960 м³/сек-қа жеткен. Осы ауданда жылдық орташа ағын 28 млрд м3-ден жоғары. Қарашадан сәуірдің ортасына дейін Ертіс қатып жатады. Мұздың қалыңдығы 125 см-ге жетеді. Сең жүру күшті болады да, өзенді кейде сең бөгеп тастайды, соның салдарынан деңгейі көтеріліп, суы тасиды. Ертістің барлық бөлігі кеме жүзуге қолайлы. Жолаушылар және жүк таситын өзен кемелері Қытай шекарасына дейін барады. Ертістің суын электр қуатын өндіруге пайдаланады. Ең ірі СЭС (Өскемен, Бұқтырма және Шүлбі) Кенді Алтайдың өндіріс орындарына электр қуатын береді. Ертіс балыққа бай және онда кәсіптік маңызы бар шоқыр, сыла, бекіре, шортан, сазан, табан балық, алабұға, қара балық ауланады. Жақында көксерке және байқал түркесі өсіріле бастады.
Ертіс өзені республиканың халық шаруашылығы үшін маңызы ерекше, бірақ мүмкіндігі әлі де жеткілікті пайдаланылмай келеді. Ертіс суының көбі текке Обь өзеніне ағып кетіп жатыр. Сондықтан халық игілігіне жарату мақсатымен суының бір бөлігі Ертіс - Қарағанды каналы арқылы Орталық Қазақстанға әкелінді. Орталық Қазақстан пайдалы қазбаларға өте бай, бірақ онда су тапшы. Жазда кеуіп қалатын біраз ұсак өзендер халықтың және шаруашылықтың өсіп келе жатқан талабын қанағаттандыра алмайды. Сондықтан ұзындығы 458 км, тереңдігі 5-7 м-ге дейін жететін Ертіс - Қарағанды каналы 1974 жылы іске қосылды. Канал арқылы Ертістен 75 м³/сек су келеді. Каналдың екінші кезеңі Жезқазғанға дейін тартылады. Павлодар, Қарағанды облыстарын сумен қамтамасыз етуде рөлі зор. Ертістің сол жақ салалары Есіл мен Тобыл өзендері Қазақстанның солтүстік аймақтарын басып өтіп, Ертіске республика шегінен шыққаннан кейін барып құяды.
Каспий теңізінің алабы.
Жайық өзені
Жайық өзені - Орал тауынан басталып, Батыс Қазақстанды солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтіп Каспий теңізіне құяды. Жайықтың ұзындығы 2428 км, республика жеріндегі ұзындығы 1082 км. Каспий маңы ойпатымен аққанда Жайық өзені кең арналы жазықтағы өзенге айналады, кең жайылымдар, ескі арналар, ұсақ көлдер пайда болады. Өзеннің жағалауында құм мен саздан түзілген тік жарқабақтар жиі кездеседі. Өзен құяр жерінде екі тармаққа бөлінеді. Негізінен қар суымен қоректеніп, көктемде тасиды. Орташа жылдық су шығыны 400 м³/сек (Көшім ауылы тұсында), оның 80%-ы көктем айларына келеді. Өзен тасыған кезде деңгейі орта және төменгі ағысында 9-10 м-ге көтеріледі. Басты салалары — Самара, Шаған, Елек, Ор. Ал Өлеңті, Бұлдырты, Қалдығайты, Ойыл, Сағыз деп аталатын салалары Жайыққа жетпей құмға сіңіп, тартылып қалады.
Жайық өзенінен республика жерінде ондаған суару-суландыру жүйелері (Нарын, Бақсай, Приморск, т.б.) арқылы сумен жабдықталған. Жайық өзенінен Жем мұнай кәсіп шілігі су құбыры тартылған. Жайық өзені кеме жүзуге қолайлы. Өзеннен бекіре, шоқыр, майшабақ, көксерке, каспий қаракөзі, табан балық, сазан, жайын ауланады. Каспий теңізі алабына Жем (Ембі) өзені де жатады. Бірақ суы мол кезінде болмаса, ол да теңізге жетпей құмға сіңіп, тартылып қалады.
Арал теңізінің алабы.
Сырдария өзені
Қазақстаннан тысқары жатқан Орталық Тянь-Шань тауларынан басталады. Өзеннің ұзындығы 2212 км. Орта және төменгі ағысында (1400 км) республика жерімен өтеді. Өзен алабында өзен суын толықтырушы 1700 мұздық бар. Таудағы қар мен мұздықтардың көктем мен жаз мезгілінде еруінен деңгейі бірнеше рет көтеріледі. Орташа жылдық шығыны Қызылорда қаласы тұсында 673 м³/сек, оның жаз бен көктемдегі үлесі 47%. Өзен желтоқсаннан бастап қатып, наурыздың аяғында ери бастайды. Су лайлылығы 1200 г/м3, Сырдария - республиканың ең лай өзені. Өйткені өзен жолындағы борпылдақ лессті сазды жыныстарды шайып өтіп, ені 10-15 км жайылмалар жасайды. Бұл уақытта өзен арнасынан асып, қатты тасиды. Су жан-жағын басып, арнасын өзгертеді.
Сырдария (Сейхун) жағалауы сонау ежелгі заманнан бері халық тығыз қоныстанған, суармалы егіншілік кеңінен дамыған мәдениет ошақтарының бірі болып саналады. Бүгін Сырдария аңғары - республикадағы күріштен мол өнім алатын өңір. Өзеннің ағынын реттеп, суын егістік пен шабындықтарды суаруға және суландыруға тиімді пайдалану үшін өзен бойында Қызылорда, Қызылқұм жәнө Қазалы суару жүйелері, Шардара бөгені, т.б. салынған.
Өзен суы халық шаруашылығының мұқтажына толық пайдаланылуына байланысты Сырдария Арал теңізіне 1974 жылдан бері құймайды. Сырдария Қызылқұм, Арысқұм жәнө Арал маңы Қарақұмын кесіп өтеді. Өзеннің кәсіптік маңызы бар көксерке, табан бальқ, ақмарқа, қаяз сияқты балықтары да азайып кетті. Сырдарияға Қазақстан жерінен жалғыз Арыс өзені құяды. Арал теңізінен шығысқа қарай және солтүстігінде бірнеше ұсақ көл бар. Оларға біраз кішігірім өзендер мен жылғалар келіп құяды. Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары: Шу, Сарысу, Торғай жәнө Ырғыз. Қызылқұм құмды шөлінің арасында Жаңадария (ұзындығы 300 км), Қуаңдария (ұзындығы 325 км) сияқты құрғап қалған ескі арналар көп кездеседі.
Балқаш - Алакөл алабы.[өңдеу]
Бұл алаптың ең үлкен өзені - Іле. Іле өзені Шығыс Тянь-Шань тауларынан басталатын Текес және Күнгес (Күнес) өзендерінің қосылуынан пайда болады. Текес өзенінің құяр сағасынан өзеннің жалпы ұзындығы 1439 км, оның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 815 км. Республика шегіндегі ірі салалары:
Түрген
Талғар
Қаскелең
Күрті
Шілік
Шарын
Өсек.
Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің таудан ағып шығар аралығында Қазақстанның ірі қаласы — Алматы орналасқан. Басталар жерінде тау өзені болып табылатын Іле орта және төменгі бөлігінде жазық өңірмен ағады. Қапшағай шатқалы маңында өзен аңғары тарылады да, Күрті өзені құйғаннан кейін аңғары кеңіп, қайтадан жазық өзеніне айналып, Сарыесік Атырау жәнө Тауқұм құмдары аралығымен ағады. Қапшағай шатқалынан төмен Іленің көне атырауы Бақанастың (Шетбақанас, Ортабақанас, Нарынбақанас) құрғақ арналары бөлініп шығады. Іленің аңғары 200 м-ден (Қапшағай шатқалы тұсында) 15 км-ге дейін кеңейеді. Суының молдығы жөнінен Іле республикадағы Ертіс, Жайықтан кейінгі үшінші өзен. Жылдық орташа су шығыны 464 м³/сек (Қапшағай тұсында). Негізінен қар және мұз суымен коректенеді. Өзеннің ең жоғарғы деңгейі шілде - тамыз айларында байқалады. Өзен қарашаның аяғында қатып, сөуірдің басында мұзы ериді. Іле алабындағы тау өзендерінде тасты-лайлы тасқындар (селдер) жиі болып тұрады. Тасқындар жолындағы тау беткейлерін бұзады, өзен арнасын өзгертеді, көпірлер мен құрылыстарды талқандап, халық шаруашылығына көп зиян келтіреді. 1963 жылғы 7 шілдеде болған жойқын сел әдемі Есік көлінің табиғи бөгетін бұзып, көлді жойып жіберді. Соңғы кезде селге қарсы күрес жұмыстары жүргізіліп, түрлі шаралар жүзеге асырылуда. Мысалы, тау беткейлерін бұзылудан сақтау үшін ағаш отырғызылып, шөп өсірілуде, бөгендер салынуда. Алматыдан жоғары, Іле Алатауының Медеу шатқалында селге қарсы тосқауыл мақсатында зор қопарылыс арқылы 1966 жылдың күзінде Медеу бөгеті салынды. Оның биіктігі 100 м-ге, табанының ені 600 м-ге жуық. Ол Алматы қаласын 1973 жылғы шілдеде болған жойқын селден құтқарып қалды. Іле өзені Қытай шекарасына дейінгі бөлігінде кеме қатынасына қолайлы. Іле салаларының суы түгел дерлік егін суаруға пайдаланылады. Үлкен Алматы каналы (Шілік-Шамалған аралығында) Іле Алатауы етегінде ондаған мың гектар жерді суаруға мүмкіндік береді.
Іле өзенінде Қапшағай СЭС-і салынып, Қапшағай бөгені пайда болды. Мұның өзі суармалы жердің көлемін ұлғайтып, кеме қатынасын жақсартты. Қапшағай СЭС-і өнеркәсіптің әр түрлі саласын өркендетуге және ауыл шаруашылығын электрлендіруге мүмкіндік береді. Қапшағай СЭС- ін төменде Іле өзенінің оң жағында Ақдала массиві суландырып күріш егуге пайдаланады. Атырабы қамысты, тоғайлы келеді, балықтардан сазан, шортан ауланады. Қабан, қамыс мысығы, ондатр, жетісу қырғауылы, ақбас тырна, т.б. кездеседі.
3.Аллювий дегеніміз не?
Аллювий (лат. аlluvіо — тасынды, үйінді) — аллювийлі шөгінділер:
1) өзен аңғарларында су ағындары әрекетінен түзілетін шөгінділер. Өзен шөгінділері малтатас, қиыршықтас, құм, саздардан тұрады. Өзен жайылмасына, жағаларына, әсіресе сағаларына жиналады. Тау өзендерінің аллювийі жөне жазық өзендерінің аллювийі деп жіктеледі, шөгу жағдайына байланысты — арналық, жайылмалық жөне өзбойлық фацияларымен сипатталады;
2) төрттік жүйедегі қазіргі заман (голоцен) шөгінділерінің ескірген аты. Аллювийдің гранулометриялық құрамы қойтастар мен малтатастардан сазға дейін айтарлықтай өзгеріп отырады.
Билет №2
1.Туған өлкесін зерттеуге Ш.Уәлиханов қандай үлес қосты?
Шоқан Шьңғысұлы Уәлихановтың (1835—1865) есімі Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық-ғылыми ойының тарихында заңды түрде құрметті орын алды. Осынау бір аса көрнекті ғалым әрі ағартушы Шығыс халықтарының география, тарих, этнография, фольклор салаларында айтарлықтай толымды да жемісті ғылыми зерттеулер жүргізді және сол бір кезде сыры-қыры ашылмаған беймәлім елдерге асқан қауіп-қатерге белді буып, батылдықпен саяхат жасады. Ол өз отандастарының арасынан алғашқылардың бірі болып суырылып шығып, тылсым жатқан қазақ даласында прогресшіл озық идеяларды таратуға кұлшына ат салысты, орыс және қазақ халықтарының шынайы достығын шыңдауға игі істер тындырды. Өзінің ғылыми еңбектерінде, сондай-ақ бүкіл жанқиярлық қызметімен ол «қазақтардың орыстармен қаны да, жаны да бір тарихи туыстырын» дәлелдеп берді.
Ш. Ш. Уәлихановтың география саласындағы саяхатшылық, әрі творчестволық қызметіне ерекше түрғыдан қарауымыздың өзіндік себептері бар. Шындығында да, біз басқа зерттеушілердің қызметін сөз еткенде олардың Қазақстан территориясының белгілі бір бөліктерін ғана географиялық жағынан танып білу ісіне қосқан үлесін баяндаумен шектелсек, ал Ш. Ш. Уәлихановқа жалпы мағынасындағы аса зерделі географ-саяхатшы ретінде қараймыз.
«Европаша толық білімдар тұңғыш казақ» (Ф. М. Достоевский) он тоғызыншы ғасырдың орта шенінен бастап орыстың қоғамдық ой-пікірінің озық идеялары кең тараған Омбыда оқып, білім алды. Мұнда ол жер аударылып келген петрашевшіл С. Ф. Дуровпен, жазушы Ф. М. Достоевскиймен, аса көрнекті географ — ғалым П. П. Семенов-Тян-Шанскиймен, Шығыс зерттеуші ғалымдар И. Н. Березинмен, Н. М. Ядринцевпен және басқа зиялы адамдармен танысты. Сөйтіп олар жас Шоқанның көзқарастарының калыптасуына шешуші ықпал етті.
Шоқан Уәлихановты білімге баулыған Омбыдағы Сібір кадет корпусы сол кездегі ең таңдаулы оқу орындарының бірі болатын. Оның қабырғасынан толып жатқан қоғам қайраткерлері мен ғалымдар шықты. Кадет корпусының бұрынғы шәкірттері В. И. Вагин, Г. Н. Потанин, Н. Ф. Аныенский және т. б. тамаша ғылыми зерттеулер жасап және географиялық жаңалықтар ашып, даңққа бөленді.
Кадет корпусында негізінен жалпы білімге жетік, маман оқытушылар сабақ берді. Оның оқу программасына басқа пәндермен қатар жалпы география, Россия географиясы, геодезия, жаратылыстану ғылымдары және т. б. пәндер кірді. Географияға пәні ретінде сол сияқты этнография мен антропология, түрліше тәсілдерді оқып үйрену, тілдерді саралап жіктеп, оларды негізгі топтарға бөлу, әр түрлі халықтарды діни ұғымдар мен тіршілік харакетіне қарай талдау мәселелері де енгізілді. Россияның экономикалық географиясы үйретіліп, оған статистика, сондай-ақ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері қосылды.(2)
Азия елдерін (Қытайды, Үндістанды, Ауғанстанды, Персияны) Тұранның (Бұқар, Қоқан, Хиуа) хандықтары болып географиялық және саяси бөлінуін оқып-үйренуге баса назар аударылды. Бұл елдердегі халықтардың шығу тегіне, таралуына, діни және тұрмыстағы әдет-ғұрыптарына зер салынды.
Кадет корпусында Қазақстан географиясы негізінен әскери-стратегиялық жоспарда үйретілді. Қазақ далаларының шекаралары, жердің, өзен-көлдердің сипаты, қарым-қатынас жолдары, керуендер өтетін тау асулары, климат және табиғат жағдайлары, қазақтардың саны, олардың шығу тегі, тілі мен діні, қашан және кімге бағынғаны, қазақтарды басқару ісі, далада бекініс жасау сияқты мәселелерге көңіл бөлінді.
Ш. Ш. Уәлиханов кадет корпусына оқуға түскенде орыс тілін білмеген. Бірақ өзінің керемет қабілеттілігі мен зеректігі арқасында ол орыс тілін қиналмай, тез арада үйреніп алған. «Шоқан білімге шапшаң жетілді»,— деп еске алады кадет корпусында бірге оқыған жолдасы әрі досы Г. Н. Потанин,— ол тіпті өзінің орыс жолдастарынан суырылып озып шықты... оған талайлар қызыға қарады... қандай қабілетті, оқу орнына түскенге дейін-ақ сурет сала біледі екен».
Шоқанның туған өлкесін зерттеп білуге деген құмарлығы кадет корпусының қабырғасында пайда болған. Жазғы демалыс кездерінде ол далаға, Көкшетау өлкесінің көрікті жерлерінің бірі — өзінің туған ауылы Сырымбетке барып тұрған. Бұл сапарларынан ол зор қанағат тапқан, қазақ халқының өміріне жітірек зор салып, халық өлендерін, аңыздарын, ертегілерін жазып алған, елдің тұрмыс жағдайы мен табиғатын суретке салған. Табиғатты қаз қалпында суретке түсіруді Шоқан халық өмірін көз алдыңа айна қатесіз елестетудің бірден-бір оңтайлы кұралы деп есептеген. «Демалыс күндерінде ауылда салынған суреттерді» (І847—1852) ол негізінен Құсмұрын мен Сырымбетте жасаған.
Шоқан құс салып, аншылық құрумен де кұмарта айналысқан. «Кадет корпусының ақырғы курстарында,— деп жазды Г. Н. Потанин,— мен казақ даласының географиясы мен этнографиясына қызыға ден қойдым. Сонда Шоқан талай-талай әңгімелерімен менің дәптерлерімді толтыруға жәрдемдесті... біз қазақтардың суңқармен аң аулауы туралы қызықты да мол мағлұматтарды дәптерге түсірдік... ол жалықпай майын тамызып айтып отырды, мен жазып отырдым. Сосын ол менің жазып алғандарымды суреттермен көркемдеп, сұңқардың томағасын, тұғырын, дабылдатқышты, дәрі сауытын, мылтықты және т. б. Салды. Сол бір сәттен бастап екеуіміз айырылмастай дос болдық біздің ғылыми мүдделеріміз де өне-бойы қабысып жатты, екеуіміз де ортақ бір мақсатты — қазақ даласы мен Орта Азияны зерттеуді армандадық».
Г. Н. Потаниннің айтуы бойынша, Шоқан тарихи-географиялық әдебиетті өте құмарта
