- •15 Билет
- •2) Жасуша өлімінің түрлері: апоптоз, некроз. Жасуша өлімінің түрлерінің морфологиялық, биохимиялық және молекулалық белгілері.
- •3) Насекомдардың дене құрылысы және олардың туындылары.
- •16 Билет
- •17Билет
- •2) Су алмасу экологиясы. Әр түрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің су алмасуындағы ерекшеліктері (ксерофиттер, мезофиттер, гигрофиттер, галофиттер) және су тапшылығына өсімдіктердің бейімделуі.
- •3) Насекомдардың қанаттары, құрылысы және шығу тегі
17Билет
Инфузориялар типі. Ядролық аппараттың құрылысы және жыныстық көбею (конъюгация, аутогамия) ерекшеліктері. Инфузориялардың систематикасы. Кірпікшелі және сорғыш инфузориялар кластарының негізгі белгілері. Протозоа филогениясы.
Инфузориялар — бұл типке көп ұсақ кірпікшелері бар қарапайым жәндіктер жатады, 7000-нан астам түрі белгілі. Бұлардың ерекшелігі - денесінде екі түрлі ядросының болуы - үлкен вегетативті ядро макронуклеус және кішкене генеративті - микронуклеус.Инфузориялар типі екі класқа бөлінеді. Кірпікшелі инфузориялар - Ciliata және сорғыш инфузориялар - Suctoria. Кірпікшелі инфузориялардың кірпікшелері тіршілік циклының барлық кезендерінде болады, ал сорғыш инфузориялардың даму циклының алғашқы кезеңінде ғана кірпікшелері болады да, содан кейін жойылады. Кірпікшелі инфузориялар тұщы суларда, теңіздерде, планктонды, су түбінде, су өсімдіктерінде немесе теңіз жағасындағы құмның арасында (псаммофильді түрлері) тіршілік етеді.Паразит инфузориялар да кездеседі. Денелерінің ұзындығы 30 - 40 мкм-нан 1 мм-ге дейін.Кірпікшелі инфузориялардың денесін (өмір бойы) кірпікшелер қаптап тұрады. Кірпікшенің құрылысы талшықтың құрылысына өте ұқсас. Кірпікшенің ортасында қалың орталық 2 фибрилла, ал қалған 9 фибриллалар екеуінің айналасында орналасқан.Фибрилдер кинетосомаға жалғасады. Кірпікшелілер жыныссыз және жынысты - конъюгация жолымен көбейеді.Инфузориялардың көп таралған белгілі түрлерінің біреуі - инфузория туфелька немесе парамеция - Paramaecium caudatum. Ұзынша сопақтау болып келген, тұщы суларда өздігімен қозғалып жүретін күрделі құрылысты қарапайым жәндік.
Сорғыш инфузориялар тұщы суларда және теңіздерде субстратқа сабақшасымен тіркеліп тіршілік етеді. Кірпікшелері, ауыз тесігі, жұтқыншағы жоқ, тек дамуының алғашқы кезеңдерінде ғана кірпікшелері болады, кейін олар жойылып кетеді.Денесінде сорғыш таяқшалары немесе қармалауыштары болады, бұлар ұзын, жиырылғыш, қуыс түтіктер. Осы таяқшалары арқылы басқа кірпікшелі инфузорияларды ұстап қоректенеді. Таяқшалары өте сезгіш. Егер кірпікшелі инфузория сорғыш таяқшаға тиіп кетсе, олар сол сәтте оған жабысады. Ұсталған кірпікшелі инфузорияға таяқшалардың бірнешеуі бұрылып келіп, жабысқан жерінің пелликуласын ерітіп жіберіп ішіндегі цитоплазманы сорып алады.
2) Су алмасу экологиясы. Әр түрлі экологиялық топтағы өсімдіктердің су алмасуындағы ерекшеліктері (ксерофиттер, мезофиттер, гигрофиттер, галофиттер) және су тапшылығына өсімдіктердің бейімделуі.
Ксерофиттер-бұл топқа қуаңшылық аймақтарда өсіп-өнетін,топырақ пен ауадағы су тапшылығына төзімді өсімдіктер жатады.олар онтогенездік даму процесінде ауа мен топырақ қуаңшылыққа бейімделеді.жер үстілік органдардың суды буландыратын ауданы өте аз.
мезофиттер-бұл топқа ауа және топырақ ылғалдығы орташа қоңыржай аймақтарда өсіп-өнетін өсімдіктер жатады.
Гигрофиттер-бұл топқа ылғалы мол, ауа және топырақ ылғалдығы жоғары тіршілік ететін өсімдіктер жатады.нағыз гидрофильді шөптесін өсімдіктер және ылғалы мол тропикалық ормандардағы эпифиттер,ауа ылғалдығы шамалы ғана төмендеген жағдайдың өзінде өсіп-дамуы нашарлай бастайды.ауа райы ашық ,жарық жақсы түсетін ,бірақ топырақ ылғалдығы мол аймақтарда-су қоймаларына жақын ,өзен атырауларында өсіп-өнетін өсімдіктерді де гигрофиттерге жатқызуға болады.
Өсімдіктегі су тапшылығы- судың сіңуіне,тамыр қысымына,тұқымның өнуіне,устицалар қимылына,транспирацияға,фотосинтез бен тыныс алуга,ұлпалардың ферменттік,минералдық және органикалық қосындылардың ара қатынасына және т,б қолайсыз әсер етеді.су жетіспеген жағдайда жапырақта фотосинтез қарқындылығы төмендеп моно және дисахаридтердің мөлшері азаяды.
